Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 08:12, реферат

Описание работы

Бухгалтерияның табысты және тұрақты жұмыс істеуінің шарты - сауатты ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп болып табылады. Ретсіз, жүгенсіз жүргізілген бухгалтерлік есеп жүйесі бухгалтерлердің қатасы мен есептік деректерді өңдеуге кететін уақытты тиімсіз жұмсауға алып баруы мүмкін. Бухгалтерлік есеп жүргізудің мақсаты – ең аз шығындармен бастапқы құжаттарды өткізіп, есептілікті алуға мүмкіндік беретін ең қолайлы есеп схемасын әзірлеу және ендіру болып табылады.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру келесі құжаттарды әзірлеуді білдіреді:

Работа содержит 1 файл

бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.docx

— 20.28 Кб (Скачать)

     1.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

     Бухгалтерияның табысты және тұрақты жұмыс істеуінің шарты - сауатты ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп болып табылады. Ретсіз, жүгенсіз жүргізілген бухгалтерлік есеп жүйесі бухгалтерлердің қатасы мен есептік деректерді өңдеуге кететін уақытты тиімсіз жұмсауға алып баруы мүмкін. Бухгалтерлік есеп жүргізудің мақсаты – ең аз шығындармен бастапқы құжаттарды өткізіп, есептілікті алуға мүмкіндік беретін ең қолайлы есеп схемасын әзірлеу және ендіру болып табылады.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру келесі құжаттарды әзірлеуді білдіреді:

Бухгалтерлік есеп және салық салу мақсаттарына арналған ұйымның есептік саясаты

  • Бастапқы құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалар тізімі және олардың қолтаңбаларының үлгісі
  • Кәсіпорын басшысының бекітілген лауазымды тұлғалар тізімінде көрсетілмеген тұлғаларға бастапқы есептік құжаттарға қол қою құқығын беруі туралы бұйрық жобасы
  • Түзету өткізулері туралы бухгалтерлік анықтама формасы
  • Өкілдік мақсаттарға арналған қаражатты есептеу және шығындау тәртібі туралы Ереже
  • Касса қалдықтары лимитін бекіту туралы бұйрық жобасы
  • Типтік шаруашылық шарттар альбомы
  • Бухгалтерлік қызмет туралы ереже
  • Жұмысшылардың лауазымдық нұсқаулары
  • Материалдық жауапкершілік туралы шарттар.
  • Құжаттарды ағымдағы мұрағаттау тәртібі туралы ереже
  • Өзге де құжаттар

      2. Бухгалтерлік есепті жүргізу

     Бухгалтерлік есеп дегеніміз – мүлік, ұйым міндеттемелері және олардың қозғалысы туралы ақпаратты ақшалай көріністе, барлық шаруашылық амалдарды біртегіс, үнемі және құжатты есепке алу арқылы жинау, тіркеу және жалпылаудың реттелген жүйесі. Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында субъект мыналарды қамтамасыз ету керек:

  • есеп беру кезеңі барысында жекелеген шаруашылық амалдарды көрсету және активтер мен міндеттемелерді бағалауды есепке алу бойынша қабылданған саясатының айнымас болуын
  • есеп беру кезеңі бойынша барлық шаруашылық амалдардың есепке алынуында толық көрсетілуін
  • есеп беру кезеңдеріне сай кіріс және шығындардың дұрыс көрсетілуін

     Бухгалтерлік  сүйемелдеу және ұйымға қызмет көрсету  бойынша қызмет кешеніне мына қызмет түрлері кіреді:

  • бастапқы есептік және салық құжаттарының бар екендігін, дұрыс рәсімделгендігін және заңнама талаптарына сай екендігін тексеру
  • жетпейтін бастапқы есептік және салық құжаттарын жасау, алынған шот-фактураларды өңдеу және ұсыну ҚР-ның Салық Заңнамаларына сәйкес салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлем тапсырмаларын төлеуге дайындау
  • барлық немесе жекелеген есеп учаскелерінің талдау және синтездік есептерін жүргізу
  • банк және касса амалдарын рәсімдеу және өңдеу, банк көшiрмелерін, кадрлық құжаттарды өңдеу, типтік шарттарды әзірлеу, клиенттермен қатынасты рәсімдеу, есеп беретін тұлғалармен есептерді жүргізу және өңдеу,жабдықтаушылармен және сатып алушылармен есептерді жүргізу және өңдеу, тіркелген активтерді есептеу, жалақыларды есептеу, ішкі қаржы есептерін жасау
  • барлық бухгалтерлік (қаржы) және салық есептілік формаларын жасау, бухгалтерлік және салық есептерінің регистрлерін жасау

     3. Бухгалтерлік есепті  қайта қалпына  келтіру оның мәні келесідей – толық немесе жарым жартылай берілген бастапқы құжаттар негізінде синтездік, аналитикалық және салық регистрларын, ұйым есептіліктерін қалпына келтіру. Ол бастапқы құжаттар ұйымның көшуі немесе бухгалтерлерді ауыстыруға байланысты, кәсіпорынның белгілі бір жұмыс кезеңінде есепті дұрыс жүргізбеуіне және т.с.с. байланысты жоғалуы мүмкін.

     Бухгалтерлік есепті қайта қалпына келтіру процедурасы қолда бар бастапқы құжаттар бойынша синтездік және аналитикалық бухгалтерлік және салық регистрларын, және сонымен қатар өткен уақыт кезеңдері бойынша ұйым есептілігін жандандыруға мүмкіндік береді. Салықты азайту схемаларын (сұлбаларын) пайдалана отырып барлық есеп регистрлары қалпына келтіріледі және жасалады, тоқсан және жылдық есептілігі түзіліп, салық инспекциясына тапсырылады, ары қарай бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша консультациялар беріледі.

     4. Кәсіпорын қызметін  қаржылық талдау  мыналардан құралады:өнім шығару ауқымы мен өндіріске кеткен шығындарды талдауөнімді сатудан түскен кірісті, дебиторлық және кредиторлық қарыздарды, тауар қорларын, ұзақ мерзімді активтер мен қаржылық салымдарды талдау, шығын құрамын және кәсіпорын ерекшелігін ескере отырып заңды түрде салықтар мен бюджеттен тыс қорларға қаржы аударымдарын азайту мүмкіндіктерін егжей–тегжейлі талдау, қаржы ахуалын жалпы бағалау, қаржы тұрақтылығын талдау, баланс өтімділігін талдау, қаржы көрсеткіштерін талдау, қаржы–экономикалық ахуалын болжау.

Информация о работе Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру