Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 14:06, курсовая работа
«Баланс» сөзі француз тілінен алынған. Бұл сөз қазақ тіліне аударылғанда «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кестеге ұқсас болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі мүліктері мен шығындары көрсетілсе (орналастырылған болса), оң жағында, яғни пассив бөлімінде осы ұйымның қорлану көздері
Кіріспе ....................................................................................................................3
1. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы..........................4
2. Бухгалтерлік баланстың түрлері.......................................................................7
3. Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы..................................................................................................................9
Қорытынды............................................................................................................12
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................13
Міне осы жоғарыда
қарастырылған мысалдардан
Қорытынды
Әдетте кәсіпорынның
бухгалтерлік балансы есеп беретін уақытқа
қарай негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдың
басына жасалады. Баланстың актив бөлімі
ұзақ мерзімді активтер және ағымдагы
активтер деп аталатын екі тараудан турады.
Ұзақ мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның
материалдық емес активтері, негізгі құралдары,
ұзақ мерзімді қаржы салымы (инвестициялары),
ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары жатқызылады.
Ал ағымдағы активтер тарауында ұйымның
материалдық құндылықтары, тауарлары,
дайын өнімдері, аяқталмаған өндірісі,
қысқа мерзімді дебиторлық борыштары,
қысқа мерзімді қаржы салымы, алдағы кезең
шығындары, ақша қаражаттары және басқа
да ағымдағы активтері қарастырылады.
Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі
үш тараудан тұрады. Оның бірі меншікті
капитал деп аталып, онда кәсіпорынның
жарғылық қоры, резервтік қоры, бөлінбеген
пайдасы немесе жабылмаған зияны көрсетіледі.
Пассив бөлімінің екінші және үшінші тараулары
тиісінше ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді
міндетгемелер деп аталады. Ұзақ мерзімді
міндеттемелер қатарына кәсіпорынның
ұзақ уақытқа алған несиелері мен қарыздары
жатқызылса, қысқа мерзімді міндеттемелер
тарауында ұйымның алдағы кезеңдерінің
табыстары, бюджетке қарызы, бюджеттен
тыс мекемелерге қарызы, жабдықтаушы-мердігерлерге
қарызы, жұмысшылар мен қызметкерлерге
еңбекақы бойынша қарызы, зейнетақы
қорларына қарызы және басқа да кредиторлық
борыштары көрсетіледі.
Қолданылған әдебиеттер
тізімі
Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңы
Қ.К.Кеулімжаев, Н.А.Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп теориясы мен негіздері. Оқулық.- Алматы: Экономика, 2006.
Мырзалиев Б.С., Әбдішүкіров Р.С. Кәсіпкерлік қызметте бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Оқу құралы, Алматы. 2006.
В.К.родостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин, В.В.Родостовец, О.И.Шмидт, Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2003
Мырзалиев Б.С.,
Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есеп
жүргізудің тәжірибелік әдістемелері,
Практикум, Алматы. 2006.
Информация о работе Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы