Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 13:44, реферат
Бұл тақырыпта біз ұсыныс қатынастары тарапынан болатын өндірушілердің нарықтағы мінез – құлықтары мен олардың экономикалық шешім қабылдау заңдылықтарын қарастырамыз. Жалпы нарықта тұтынушылардың сатып алатын кез келген тауарлары мен қызметтерінің саны мен сапасы оларды өндіруге жұмсалатын сол өндіріс үрдісіндегі ресурстардың немесе факторлардың саны мен сапасына және қолданылатын технологияға байланысты және тәуелді болып келеді. Сол себепті өндірістік ресурстар мен солар арқылы өндірілетін тауарлар мен қызметтердің арасындағы байланысты талдай отырып қана біз нарықтағы өндіруші субъектілердің дербес әрекеттерін түсіне аламыз.
Бұл тақырыпта біз ұсыныс қатынастары тарапынан болатын өндірушілердің нарықтағы мінез – құлықтары мен олардың экономикалық шешім қабылдау заңдылықтарын қарастырамыз. Жалпы нарықта тұтынушылардың сатып алатын кез келген тауарлары мен қызметтерінің саны мен сапасы оларды өндіруге жұмсалатын сол өндіріс үрдісіндегі ресурстардың немесе факторлардың саны мен сапасына және қолданылатын технологияға байланысты және тәуелді болып келеді. Сол себепті өндірістік ресурстар мен солар арқылы өндірілетін тауарлар мен қызметтердің арасындағы байланысты талдай отырып қана біз нарықтағы өндіруші субъектілердің дербес әрекеттерін түсіне аламыз.
Өндіріс дегеніміз бұл тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану үрдісі немесе басқаша сөзбен айтқанда, сол өндірістік ресурстарды адамның шексіз қажеттіліктерін тікелей және жанама түрде қанағаттандыруға қажетті игіліктерге айналдырудың үрдісі. Кез келген өндірістің түрі белгілі бір игіліктерді жасау мақсатындағы іс-әрекет ретінде анықталуы тиіс. Өндірісті жүзеге асыру үшін әртүрлі ресурстар қолданылады. Сол ресурстар өндірістік үрдіске тартыла отырып өндіріс факторлары формасына ие болады. Өндіріс факторлары (экономикалық теориядан білетініміздей) әдетте, іріленген түрінде: 1) еңбек өндіріске тартылатын жұмыс күшінің жиынтығы ретінде; 2) капитал өндіріс құрал-жабдықтарының жиынтық кешенінің материалдық формасы ретінде; 3) жер табиғи ресурстардың жиынтығы ретінде; 4) кәсіпкерлік қабілет өндірісті ұйымдастыру және оған бақылау жасау бойынша шешуші әрекет ретінде қарастырылады. Енді осы өндірістен пайда болған нәтижелер материалдық (тауарлар) және материалдық емес (қызметтер) формаға ие болады. Кез келген өндіріс үрдісінің өзіндік ерекшелігі болады, яғни белгілі бір технология арқылы қолданылатын факторлардың сандық және сапалық жағынан тиімді әдісін анықтауға болады. Ал технология дегеніміз бұл өндірісте қолданылатын өндіріс факторларының өзара тиімді және тұрақты үйлесімділіктері. Сол бір өнімнің түрі әртүрлі технологиялық әдіспен өндіріле алады. Өз кезегінде технология дамыған сайын өндіріс факторларын аса тиімді түрде қолдануды қамтамасыз ететін өндірісті ұйымдастыруда жаңа әдістерді анықтауға мүмкіндік туады. Бір технологиялық әдісті қолдану аясында ресурстардың көлемі мен шығарылатын өнім көлемі арасында әрқашанда тұрақты байланыс болады. Бұл байланысты өндірістік функция сипаттайды.
Өндірістік функция – өндірілетін өнімнің максималды көлемі мен берілген технология деңгейіндегі өндіріс факторларының физикалық көлемі арасындағы тәуелділікті сипаттайтын функционалдық өзара байланыс. Өндіріс көлемі қолданылатын ресурстардың көлеміне байланысты болғандықтан, олардың өзара тәуелділігін мына функционалдық байланыста жазуға болады:
Q = f (L, K, N, M),
мұндағы Q – берілген өндіріс факторларымен өндірілген өнімнің максималды көлемі; L – еңбек; K – капитал; N – жер; M – басқа да ресурстар; f – функция.
Берілген технология бойынша өндірістік функцияның бірқатар қасиеттері болады, олар өндіріс көлемі мен қолданылатын факторлардың саны арасындағы арақатынасты анықтайды. Өндірістің әр түрі үшін өндірістік функция да әртүрлі болып табылады, бірақ оларға тән ортақ жалпы қасиеттері бар. Сонымен, өндірістік функцияның негізгі қасиеттері мыналар болып табылады:
Өндірістік функцияны өндірістік кесте арқылы сипаттауға болады. Ал өндірістік кесте дегеніміз – бұл факторлардың әрбір үйлесімінде жүзеге асырылуы мүмкін өндірілетін өнімнің барынша үлкен көлемін анықтау үшін өндірістік функцияны сипаттайтын өндірістік тор. Кестеде капитал мен еңбек шығындарының (сағатпен есептелген) альтернативті үйлесімділіктері мен олардың көмегімен өндірілетін өнім көлемі көрсетіледі (кесте 4.1). Кестенің шетінде сағатпен өлшенетін машина мен еңбек шығындары, ал оның ішінде сол шығындардың көмегімен өндіруге болатын өнім көлемі көрсетілген. Мысалы, бір айда қолданған 400 машина сағатының шығыны мен 100 еңбек сағатының шығынын қолдану 38 дана өнім береді. Осы нұсқаны А деп белгілеуге болады. 38 дана өнімді өндіру үшін 200 машина сағатының шығыны мен 200 еңбек сағатының шығынын қолдануға да болады. Оны енді Ә нұсқасы деп белгілеуге болады. 100 машина сағатының шығыны мен 300 еңбек сағатының шығыны да 38 дана өнім көлемін бере алады. Оны біз Б нұсқасы деп белгілейміз. Осы өндіріс кестесіне сәйкес, оның ішінен бірдей өнім көлемін беретін әртүрлі өндіріс факторларының үйлесімділіктерін табуға болады.
Осы кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, өндірістік функцияны график арқылы да көрсетуге болады. Яғни, өндірістік функцияның графиктік көрінісін изокванта қисығы сипаттайды (Сурет 4.1).
Изокванта (латын тілінен iso – тең және quant – көлем, яғни, тең көлемді өнімдер қисығы дегенді білдіреді) дегеніміз – бұл бірдей көлемдегі өнім шығаруды қамтамасыз ететін ресурс шығындарының әртүрлі комбинацияларын көрсететін қисық. Бұл жерде тек екі факторлы өндірісті және өндірістік функцияны ғана қарастырамыз: Q = f (K, L). Төмендегі суретте 38 дана өнімнің изоквантасы берілген.
Өндірістік кестедегі 64 дана өнімді беретін капитал мен еңбектің үйлесімін алатын болсақ, ол 38 дана өнімді көрсететін изоквантаның сыртында орналасады. Ал 30 дана өнім беретін екі фактор үйлесімінің изоквантасы 38 дана өнімді көрсететін изоквантаның төменгі жағында координаттардың басына жақындайды. Яғни, екі өлшемді графиктегі жазықтықтың ішін бір бірімен қатар орналасқан изокванталар қисығымен толтыруға болады. Оны изокванталар картасы деп атайды (Сурет 4.2). Яғни, изокванталар картасы дегеніміз – бұл өндірісті жүзеге асырудың барлық қол жетімді нұсқаларын көрсететін мүмкін болатын изокванталардың жиынтығы.
Изокванталар өндірістік функцияны сипаттаудың графикалық формасы бола отырып, сол өндірістік функция сияқты бірнеше қасиеттерге ие болады:
Технологиялық үрдіс кезінде факторларды өзара алмастырудың шекті нормасын (MRTS) изоквантаның көлбеуімен анықтайды. Алмастырудың технологиялық шекті нормасы (MRTS) – бұл өндіріс көлемін өзгерпей отырып, бір фактор (K) санының өзгеруінің екінші бір фактор (L) санының өзгеруіне деген қатынасы, яғни біздің мысалымызға сәйкес, капиталды еңбекпен алмастырудың технологиялық шекті нормасы өзгеріссіз өнім көлемі кезінде әрбір еңбек бірлігімен алмастыруға болатын капиталдың санын көрсетеді.
Төмендегі суретте 200 дана өнім көлемінің изоквантасы көрсетілген. Еңбек шығынымен алмастырылатын капиталдың шығыны біртіндеп төмендейді. Мысалы, А нүктесінен В нүктесіне ауысқанда 100 сағатқа тең еңбек шығыны 100 сағатқа тең капитал шығынын алмастырады. В нүктесінен С нүктесіне ауысқанда 100 сағатқа тең еңбек шығыны 60 сағатқа тең капитал
| |||
|
Информация о работе Бұл байланысты өндірістік функция сипаттайды