Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 23:26, реферат
Бюджеттің экономикалық тұрғыдан арналуы, оның қоғамдық ұдайы өндірудегі орны мен рөлі, сондай-ақ Конституцияда белгіленетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы Қазақстанның бюджеттік құрылысы үшін негіз құрайды.
Жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер коммуналдық меншіктен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түскен түсімдерден; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алу өткізуден ақша түсімдерінен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдардан, өсімақылардан, санкциялардан, алымдардан түсетін кірістерді; облыстық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдерді білдіреді.
Мыналар:
- аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен облыстық бюджетке трансферттер;
- республикалық бюджеттен трансферттер жергілікті бюджетке трансферт түсімдері болып табылады.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінде тұрған мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарыздарынан түскен түсімдер есептеледі.
Мыналардың:
- облыстың;
- республикалық маңызы бар қаланың;
- астананың,
- ауданның (қаланың),
- қаладағы ауданның,
- аудандық маңызы бар қаланың,
- кенттің, ауылдың (селоның),
- ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары жергілікті болып табылады.
Облыстық бюджеттің шығыстары облыстық деңгейдегі билік органдарының функцияларына сәйкес шығыстардың бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
Облыстық деңгейдегі жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың жұмыс істеуіне; облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлауға; облыстың деңгейінде бюджеттік жоспарлауға; облыстық бюджеттің орындалуын ұйымдастыруға; облыстық коммуналдық меншікті басқаруға жұмсалатын шығындар жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз ететін шығыстарға жатады.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қарау және бекіту рәсімі
Республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі Парламентке ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей енгізеді. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Сенатының жалпы отырыстарында республикалық бюджет туралы заңның жобасын қарау Үкімет өкілеттік берген тұлғаның, ол қазіргі сәтте Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болып табылады, республиканың әлеуметтік дамуының болжамы және республикалық бюджет туралы заңның жобасы жөніндегі баяндамаларының негізінде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджетті бекіту ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан кешіктірмей әуелі Мәжілісте, содан кейін Сенатта дәйекті түрде қарау жолымен Парламент палаталарының жеке отырыстарында жүргізіледі.
Егер Парламент ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаса, Президенттің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлық шығаруға құқығы бар, ол Қазақстан Республикасының Парламенті республикалық бюджет туралы заңды бекіткенге дейін қолданыста болады. Президенттің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны іске асыру туралы қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.
Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі.
Қаржы жоспары бекітілген жағдайда осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.
Бұл ретте осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі.
Нәтижелерге бағдарланған бюджет жасау қағидаттарына сәйкес қосымшаларымен бірге Республикалық бюджет туралы заң, қосымшаларымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ұсынады.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін тиісті мәслихаттар Президент республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімінен кешіктірмей бекітеді.
Егер мәслихат белгіленген мерзімде жергілікті бюджет туралы шешім қабылдамаса, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы шешім шығаруға құқығы бар, ол мәслихат жергілікті бюджетті бекіткенге дейін қолданылады. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.
Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары республикалық бюджет сияқты ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі. Жергілікті қаржы жоспарын бекіту кезінде осы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары аудандық (қалалық) мәслихаттар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін бекіту туралы шешімдерді қабылдағаннан кейін бір апта мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде сәйкестендірілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жоспарлы жылға арналған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін ұсынады.
Қосымшаларымен және жергілікті атқарушы органдардың кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы шешімімен бірге жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі республикалық бюджет сияқты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.