Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 14:27, реферат
Нарықтық экономикалы дамыған шетел елдерде кәсіпорында бизнес-жоспар ең басты элемент болып табылады. Қазақстан енді ғана бизнес-жоспарды қарастыруда тәжірибе жинауда. Көбінесе қызығушылықты мекемелер мен ұйымдардың жеке формалары танытуда.
Бизнес жоспар қазақстандық кәсіпкерліккі стратегиялық жоспарлау құралы ретінде кірді, сондай-ақ инвесторлармен, кредиторлармен және мемлекеттік басқару органдарымен келіссөздерді жүргізу үшін қажетті құжат болып табылады.
І. КІРІСПЕ................................................................................................................3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
Бизнес жоспарлау туралы жалпы түсінік....................................................4
Бизнес жоспарлауды құру ерекшеліктері....................................................6
Бизнес-жоспар мен стратегиялық жоспар арасындағы ерекшеліктер......8
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................10
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................................................11
9. Ұйымдастыру құрылымы және оны басқару – бұл жерде басқармадан ең төменгі статусты адамдардың қызмет бойынша топ генеалогиясы жүргізіледі. Оларды ынталандыру, әлеуметтік қажеттліктерін қамтамасыз ету көрсетіледі.
Егер басқарма өзгеретін болса, онда жаңа акционерлер құрамы көрсетіліп, кәсіпорынның басшысы көрсетіледі. Олардың кәсіпорында алатын жаңа ролі және қызметі қарастырылады.
10. Қаржылық жоспар– бизнес-жоспардың ең тартымды бөлігі болып табылады. Ол инвестициялық проетіге қажет ресурстар көрсетіп, қай уақыт периодында жүргізіледі және маркетингтік сараптаманың қорытындысы көрсетіледі. Қаржылық жоспарда компанияға қайдан қаражат түседі, оның қаржыландыру көздері және мақсаттары сипатталады.
11. Проектінің тәуекелділік анализі– бұл бөлімде проектінің кейбір тәуекелділік жағдайлары көрсетіледі: характеристикасы, оларды минимизациялау жоспары құрылады.
12. Бизнес-жоспарға қосымша құжаттар – бұл бөлім бизнес-жоспар маркетингтік зерттеулері, спецификасы және құрылымы, бәсекелестер менолардың тауарлар мен қызметтерінің мазмұны, жарнамалық материалдардың көшірмесі, прайс-лист, каталог, сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің хаттары, контрактілер, басшылардың резюмесі және эксперттердің сараптамасы міндетті түрде көрсетіледі.
Бұл бизнес-жоспарды
жасаудың негізгі талаптары.
3. Бизнес-жоспар мен стратегиялық жоспар арасындағы ерекшеліктер.
Бизнес-жоспар мен стратегиялық жоспар арасында бірқатар айырмашылықтар бар.
Стратегиялық жоспарды жалпы кәсіпорын бойынша құрастырады және барлық мақсаттар мен міндеттерді қамтиды. Бизнес-жоспар негізінде жаңа бизнесті құру мен дамыту үшін нақты мақсаттар мен міндеттер бейімделеді.
Бизнес-жоспар қатаң горизонтальдық жоспар болса, стратегиялық жоспарда кең ауқымды болып келеді.
Осыдан бизнес-жоспар бұл стратегиялық жоспардың нақты бір мәселесінің қарастырылуын көрсетеді.
Бизнес-жоспарға
ұқсас құжат болып технико-экономикалық
негіз болып табылады, өйткені
мұның бағыты бизнес жоспардағыдай,
бірақ технико-экономикалық негіз
шағын болып келеді. Бизнес жоспар
- бұл кәсіпкерлік жобаның
Нарықтық щаруашылық жағдайында бизнес-жоспар кәсіпкерліктің әр түрлі саласында қолданады және кәсіпорынның мәселелерін шешуге көмектеседі.
Бизнес-жоспар берілген бизнестің шағын, нақты, түсінікті анықтамасы болып табылады.
Бизнес-жоспар көптеген мәселелерді шешеді, ол бизнестің мақсаттарын анықтауға және бизнесті құруға, мәселелердің шешу жолдарын анықтайды және тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Бизнес жоспарлауды логикалық түрде бірінен бірі туындайтын алты өзара байланысқан басқарушылық процестердің динамикалық жиыны ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар, тұрақты кері байланыс та бар.
Бизнес жоспарлау процесі төмендегілерді қамтиды:
Бизнес жоспарды басқару процесі, сондай-ақ мыналарды қамтиды (жоспарлаудан басқа):
Суретте бизнес-жоспарды басқару процесінің сызбасы ұсынылған.
Суреттен көрініп тұрғандай, бизнес жоспарлау стратегиялық басқарудың құрамды бөліктерінің бірі болып табылады. Бизнес-жоспарды басқару кейде «бизнес жоспарлау» терминінің синонимі ретінде қарастырылады. Алайда, бұл олай емес. Бизнес-жоспарды басқару бизнес жоспарлаудан басқа шешімдерді жүзеге асыру механизмін қамтиды.
Қорытынды
Бүгінгі тақырыпта біз бизнес-жоспарлау жайында жалпылама біраз мәлімет жинап, бизнес жоспарлаудың басқа жоспарлау түрлерінен немен және қалай ерекшеленетінін оқып үйрендік. Сонымен қатар біз Бизне-жоспар деген не? Ол қалай жасалады? Оның құрылымы қандай болады? Және басқа жоспарлардан немен ерекшеленеді деген сұрақтарға жауап алдық. Келесідей ақпараттарды иелендік:
Жоспарлау жүйесінде бизнес-жоспар әр түрлі құқықтық ұйымдастыру үлгісіндегі кәсілкерліктің жалпы қабылданған құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында субъектілердің пайда табуға бағытталған экономикалық қызметін бизнес дейтін болсақ, субъектілердің (кәсіпорындардың) өндіріс немесе қызмет көрсетулер бойынша мақсаттары мен табысқа жету жолдарын айқындау бизнес-жоспар деп аталады.
Бизнес-жоспар өдетте 3-5 жылға арналып құрылады. Бизнес-жоспар жасау кәсіпкерлерге мыналарды білу үшін қажет:
Біріншіден, бизнес-жоспар жасау кәсіпорындарға қызмет барысында барлық ұсақ-түйекке дейін есепке алуға, күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, сөйтіп тиімді бағыт таңдауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, бизнес-жоспар кәсіпорынның қызметін басқару құралы болып табылады. Сонымен бірге жоспарланған нәтижеге жетуге, туындаған мәселелерді айқындап, оларды шешудің кешенді шараларын анықтауға көмектеседі. Сөйтіп, ол «Нені, кім үшін өндіру қажет» деген сұраққа жауап табады.
Үшіншіден, бизнес-идеяны жүзеге асыруға қажетті қаражат кәсіпкерде барлық уақытта бола бермейді. Әріптестерін қызықтыру үшін, керекті несиені алу үшін немесе инвесторларды тарту үшін - оларға толық бизнес-жоспарды ұсыну қажет. Ал, іскер әріптес қашанда болашақта шынайы негізделген нақты есепті талап етеді.
Бизнес-жоспар құру жұмысының негізгі бөлігін мекеме басшысы немесе жаңа іс бастағалы отырған адам алуы керек. Біраң олар бизнес-жоспар үшін міндетті түрде қажетті салалар бойынша мамандар шақырып, олардың пікірлері мен бағалауларын есепке алуы тиіс, сондай-ақ өз қарамағындағыларын да қатыстыруы қажет.
Шаруашылық салаларының ерекшеліктеріне байланысты және нақты жағдайларға қарай (өндіріс көлемі, өнім және қызмет түрлері) жоспардың құрамы мен құрылымында айырмашылықтар болуы мүмкін, бірақ мазмұны біртектес болуы керек екеніне көз жеткіздік.
Әдебиеттер тізімі:
Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6