Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2012 в 14:16, курсовая работа
Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
КІРІСПЕ 2
1-тарау. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 4
§ 1. Шаруашылық етуші субъектілердің түрлері және олардың қызметін ұйымдастыру 4
§ 2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясаты 9
§ 3. Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру. Құжаттау және есептік регистрлер 18
Пайдаланған әдебиеттер 30
-
өндіріс ішіндегі есеп беру. Ішкі
есеп беруді жүргізудің барлық
мәселесін кәсіпорынның өзі
-
бухгалтерлік қызметтің
- есепті орталықтандыру деңгейі. Кәсіпорынның нақты қызметінің жағдайына байланысты есеп орталықтандырылған нысанда ұйымдастырылуы мүмкін, ол кезде кәсіпорынның барлық бөлімшелері біртұтас есептік жұмысқа біріктіріледі; ал орталықтандырылмаған жағдайда, кәсіпорынның жекелеген құрылымдық бөлімшелері дербес бухгалтерия құрып, балансқа дейінгі есеп жұмысының барлық циклын толығымен аяқтап, кәсіпорынға тек балансты жасауға тиісті мәліметтерді береді;
- ішкі өндірістік бақылау. Кәсіпорын ішкі өндірістік бақылау жүйесінің қандай болуын және олардың басты элементтерін анықтап, олардың ішінен алғашқы есептік құжаттарды жасап және рәсімдеп отыратын жауапты тұлғаларды белгілеп бөліп отыруын, олардың есеп қызметіне дер кезінде берілуін және т.б. осы сияқты мәселелерін шешеді. Әрбір қызметкерлердің жауап беретін аясы мен міндеттері айқындалады.
Есеп саясатын негіздеу және таңдау кезінде барынша жалпы танылған талаптар мен қағидалар басшылыққа алынады және оны сақтаған жағдайда кәсіпорын үшін де, жалпы республика бойынша да шаруашылық жағдайына бейімделген есеп саясатын қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Есеп саясатын құрудың негізгі қағидалары мен талаптары №1 БЕС жан-жақты берілген.
Атап
айтқанда, есеп саясатын әзірлеген
кезде кәсіпорын өз мүліктері
мен міндеттемелерін басқа
-
шаруашылық қызметінің барлық
фактілерін бухгалтерлік
- сақтық жағдайын ұстау керек, яғни бухгалтерлік есепте жоғалту (шығыстар) мен пассивтерді көрсетуге дайын болуы тиіс, активтер мен табыстарға қарағанда;
-
шаруашылық нысанының
- қайшылықсыз деп әрқилы есеп түрлерінен қалыптасқан мәліметтердің сәйкестілігін, бухгалтерлік есеп беру көрсеткіштерінің және синтетикалық, аналитикалық есеп мәліметтерінің ұқсастылығын айтады.
- ұйымдылық (рационалдық) кәсіпорынның көлемімен, оның қызмет масштабына лайықты келетін есепті жүргізудің қолайлылығын білдіреді.
Аталған қағидалар мен талаптар кез келген кәсіпорынның есептік саясатын әзірлеу барысында оның негізін қалайды. Егер де олар толығымен сақталмаса, онда бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыс еместігі ретінде танылуы және кәсіпорынның мәліметтерінің бұрмалануы мүмкін.
Шаруашылық жүргізуші субъектісі өзінің нақты жағдайына, көлеміне және қызмет түріне қарап бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асырады: бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру нысандарын дербес белгілейді; есептік саясатын қалыптастырады; қаржылық пен өндірістік есептері бойынша қызмет ету аясын белгілейді; шаруашылық операцияларына бақылау тәртібін әзірлейді, сондай-ақ бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін басқа да қажет шешімдерді жасайды.
Субъектіде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға, шаруашылық операцияларын орындаған кезде оның заңдылығын сақтауға кәсіпорынның басшысы жауапты болып келеді.
Субъектінің құрылымдық бөлімшелерінде бухгалтерлік есепті жүзеге асыруға кәсіпорынның бас бухгалтері басшылық етеді. Егер де кәсіпорынның дербес бухгалтерлік қызметі болмаса, онда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру арнайы мамандандырылған фирмалардың немесе келісім-шарттың негізінде жұмыс істейтін мамандардың көмегімен жүзеге асырылады.
Бас бухгалтерді қызметтің босатқан кезде ол жаңадан тағайындалған бас бухгалтерге субъектінің басшысы бекіткен тәртіпке сай істерді өткізіп береді, өткізу барысында бухгалтерлік есептің жағдайына және есеп мәліметтерінің дұрыстығына тиісті актілер жасалады.
Субъект активтердің, меншік капиталының, міндеттемелердің және олармен жасалатын шаруашылық операцияларының қосарлана немесе екі жақты жазылатын жазу тәсілімен бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспарымен сәйкестендіріліп бухгалтерлік есебін жүргізеді.
Бухгалтерлік қызметтің басты мақсаты субъектіні жедел басқару үшін қажет ақпараттармен, субъектінің қаржылық нәтижесі мен шаруашылық процестері туралы дұрыс және толық ақпараттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ инвесторларға, жабдықтаушыларға, сатып алушыларға, кредиторларға, мемлекеттік органдарға, банктерге және басқа да мүдделі тұлғаларға бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес қаржылық есеп беруді жасау болып табылады.
Бухгалтерлік есепті жүргізген кезде субъекті мына жайларды қамтамасыз етуі керек:
- есеп беру кезеңінің ішінде міндеттемелер мен активтерді бағалау мен кейбір шаруашылық операцияларын көрсету кезінде қабылданған есеп саясатының өзгермейтінідігі, 1БЕС белгілеген ережесімен сәйкес келетіндігі;
- қаржылық міндеттемелерімен мүліктерді түгендеу нәтижесін және есептік кезеңде жүзеге асқан барлық шаруашылық операцияларының есепте толығымен көрініс табуы;
- тиісті есептік кезеңіне шығыс пен табьтстын дұрыс жатқызылуы ;
-
әрбір айдың басына
Жасалған шаруашылық операцияларын тіркейтін алғашқы құжаттардың мәліметтері бухгалтерлік есептің регистрлеріне жазу үшін негіз болып табылады.
Бухгалтерлік құжаттарда жасалған шаруашылық операциялары мәліметтердің айғақтылығын немесе жасалған операцияға жазбаша түрінде берілген жарлығы екендігін көрсетеді және осы соңғыларды бухгалтерлік есептің шоттарында көрсету үшін ол негіз болып табылады. Кез келген шаруашылық операцияларын тиісті есеп шоттарында көрініс таппауы, олардың тиісті құжаттармен рәсімделуімен байланысты болып келеді.
Операцияларды құжаттармен рәсімдеу процесі бухгалтерлік есептін. алғашқы сатысы болып саналады, сондықтан аталған процесті құжаттау деп те аталады.
Құжаттардың арналымы мен мазмұнын дәл және толық түсіну үшін, оларды біршама белгілері бойынша жіктейді: арналымы бойынша, жасау тәсілі бойынша, мазмұны бойынша, жасау орны, сандық позициясы, толтыру тәсілі бойынша (1 сызба).
Құжаттар арналымы бойынша мына топтарға бөлінеді:
-
тәртіп орнататын (басқара
Көптеген жарлық ретіндегі құжаттар, операция жасалғаннан кейін барып, ақтаушы құжаттарға айналады;
- ақтаушы (атқарушы) — жасалған шаруашылық операцияларының фактісін растайды (куәландырады), яғни жасалған операция ретінде рәсімделеді. Құжаттардың бұндай типі шаруашылық операциялары ретінде бухгалтерлік есепте көрсетуге негіз болып табылады;
- бухгалтерлік рәсімдеу — тәртіп орнататын және ақтаушы құжаттардың негізінде жасалатын құжаттар, бірақ олардың дербестік мағынасы болмайды;
- қиыстырылған (қарастырылған) — жоғарыда келтірілген құжаттардың бірнеше түріне тән қызметті, бір мезгілде атқаратын құжаттауларды құрастырылған құжаттау деп атайды; олардың пайдалануын жеңілдетеді, ықшамдайды және есептік құжаттауды аса көрнекті етіп көрсетеді.
Құжаттар жасау бойынша мына топтарға бөлінеді:
- бір жолғы — жасалған бір немесе бірнеше шаруашылық операцияларын рәсімдеу кезінде пайдаланады;
- жинақтаушы — біртектес шаруашылық операциялары жасап біткеннен кейін, оларды рәсімдеу үшін пайдаланады. Олардың бір жолғыдан айырмашылығы құжаттарды рәсімдеу уақытын және олардың санын қысқартады. Олар есепте тек ең соңғы операциясы жасалғаннан кейін барып көрініс табады және барлық жазулар осы жерде қосылып жинақталады.
1-сызба. Бухгалтерлік құжаттардың жіктемесі
Құжаттар мазмұндық көлемі бойынша мына топтарға бөлінеді:
- алғашқы (бастапқы) — шаруашылық операциялары жасалған кезде тікелей рәсімделеді;
- жиынтық — алғашқы құжаттардың негізінде жасалады; олар барлық алғашқы құжаттарды біріктіріп және есепке алынған операциялардан қосымша мәлімет алу мақсатында сол мәліметтерді топтастырады.
Құжаттар жасалу орны бойынша мына топтарға бөлінеді:
- ішкі — кәсіпорынның өзі жасайды;
- сыртқы — басқа кәсіпорындардан, ұйымдардан, жеке тұлғалардан түседі. Құжаттар толтырылуы бойынша бөлінеді:
- типтік — халық шаруашылығының барлық салаларында, өзгеріссіз және қосымшасыз пайдаланады;
- арнайы — халық шаруашылығының кейбір салаларында, нақты кәсіпорын үшін жеке әзірленген жағдайында пайдаланады.
Шаруашылық операцияларын рәсімдеу үшін қолдан алғашқы құжаттардың нысаны кәсіпорынның өзінде әзірленіп бекітіледі, егер де оларға аса үлкен талаптар қойылмаса. Алғашқы құжаттар мынадай міндетті реквизиттерден тұрады:
- құжаттың атауы (нысаны);
- жасаған күні;
- субъектінің атауы, яғни кімнің атынан құжаттардың жасалғанын білдіреді;
-
шаруашылық операциялардың
-
қызмет бабындағы тұлғаның
- жеке қолдары және олардың аты-жөні, қызметі.
Құқықтық актілердің нормативтік талабына және операцияның сипатына, сондай-ақ есеп ақпараттарының өңделу тәсіліне байланысты алғашқы құжаттардың реквизиттері енгізілуі мүмкін.
Бухгалтерлік құжаттарды жүргізу әдісіне біршама талаптар қойылады, олардың негізгілері болып: құжаттылығы, жазулардың қысқа әрі түсініктілігі, жазуларды өзара бақылау жасау мүмкіндігі және т.б. жатады (жазуды корреспонденцияланған шоттары бойынша тексереді).
Құжаттардағы жазулар, цифрлар барынша анық, әрі түсінікті болуы тиіс. Ондағы мәліметтердің дұрыстығына, оған қол қоятын тұлғалар жауап береді.
Кәсіпорын басшысы құжаттарға қол қоюға құқы бар тұлғаларды анықтайды. Электрондық қол қоюды пайдаланушы субъектілер электрондық қол қоюды пайдалануға қатысты құқын, бақылауға және тиісті сақтық шараларын белгілеуі тиіс.
Бухгалтерлік есепте алғашқы құжаттардың қозғалысы (жасау немесе басқа субъектілерден алу, есепке қабылдау, өңдеу, архивке беру сияқты құжат айналымын) кәсіпорын басшысы бекіткен графигімен белгіленеді (регламентацияланады).
Информация о работе Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады