Бағытталған шығындар калькуляциясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 08:49, контрольная работа

Описание работы

Материалдарды басқару процесі. Материалдардың типтері. Негізгі және жанама материалдар. Материалдармен қамтамасыз ету және оларды сақтаудың есебі. Материалдық шығындар есебі. Жөнелткен шикізат құнын есептеу. Материалдардың өндірісте жұмсалуын бақылау. Материалдардың тасымалдануы мен орын ауыстыру шығындарының есебі. Өндірістік қалдықтар есебі. Еңбекке ақы төлеу және еңбекке ақы төлеуден есептелетін аударымдар шығындарынның есебі. Еңбекке ақы төлеу шығындары есебінің мақсаты.

Работа содержит 1 файл

басқару есебі 2.docx

— 24.42 Кб (Скачать)
  1. Бағытталған шығындар калькуляциясы 

Материалдарды басқару процесі. Материалдардың типтері. Негізгі және жанама материалдар. Материалдармен қамтамасыз ету және оларды сақтаудың есебі. Материалдық шығындар есебі. Жөнелткен шикізат құнын есептеу. Материалдардың өндірісте жұмсалуын бақылау. Материалдардың тасымалдануы мен орын ауыстыру шығындарының есебі. Өндірістік қалдықтар есебі. Еңбекке ақы төлеу және еңбекке ақы төлеуден есептелетін аударымдар шығындарынның есебі. Еңбекке ақы төлеу шығындары есебінің мақсаты. Өндірістік жұмысшылардың негізгі және қосымша жалақысының есебі. Үстеме шығындар құрамына кіретін еңбекке ақы төлеудің есебі. Еңбекке ақы төлеуден есептелетін аударымдар есебі. Ұйымдардың әкімшілік қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу шығындарының есебі. Еңбекке ақы төлеу шығындарын калькуляциялау объектілері бойынша бөліп тарату. Үстеме шығындардың есебі және үлестірілуі. Машиналар және жабдықтардың жұмысына байланысты өндірістік үстеме шығындардың құрамы және есебі. Оларды үлестіру әдістері мен объектілері. Өндірістік цехтарды басқару және ұйымдастыруына байланысты жалпы цехтық шығындар құрамы және еске алу тәртібі, оларды үлестіру процедурасы. Үстеме шығындарды үлестірудің нормативтік ставкалары, оларды есептеу тәртібі. Үстеме шығындардың кем және артық болуын толықтыру. Басқа шығындардың есебі. Өндірістегі ақаулар есебі. Ақаудың құжатталуы, пайда болу себептері мен орындары бойынша ақаулар есебі. Ақауды түзету бойынша шығындардың есебі. Түзетілмейтін ақаудан шеккен шығындар (зияндар) есебі. Бос тұрып қалудан шеккен шығындар есебі. Нормативтік және нормативтен тыс шығындар (зияндар) мен қалдықтар. Ақауды сатудан түскен табыстар есебі. Алдағы кезең шығындарының есебі және үлестірілуі. Басқа алдағы кезең шығындарының есебі: еңбек демалысының резерівін, негізгі құралдарды жөндеуге және т.б резервтерді құру.

Шығындар және олардың  жіктеуінің жалпы түсінігі. Шығындар түсінігі, шығындар есебінің объектілері, калькуляциялау объектілері. Шығындардың  жіктелуәі, оның мақсаттары мен мәні. Шығындарды жіктеудің негізгі бағыттары. Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын, табысты анықтау, запастарды бағалау  үшін өндірістік шығындардың жіктелуі. Негізгі шығындар, үстеме шығындар, тікелей, жанама, кіріс, өткен, шақтың шығындары, өндірістік, өндірістік емес шығындар. өндіріс шығындарын экономикалық элементтері, шығындардың пайда болу орындары, жауапкершілік орталықтары және шығындар орталықтары бойынша топтастыру. Өнімнің өзіндік құнына кіретін  шығындар құрамы. Калькуляция баптары  және олардың сипаттамасы. Шешімдер қабылдау және жоспарлау үшін шығындардың  жіктелуі. өндіріс көлеміне қарай  шығындар динамикасы: өзгермелі, тұрақты, жартылай өзгермелі, жартылай тұрақты  шығындар. Есепке алынатын, есепке алынбайтынт  шығындар мен табыстар (алдағы кезең  шығындары және өткен кезең шығындары). Қайтарылмайтын (өткен кезең) шығындары. Жойылатын және жойылмайтын шығындар. Қабылданған баламалық бағыт нәтижесіндегі жорамалдағы (вмененные) шығындар. Инкерементті (өспелі) және маржиналды (шектеулі) шығындар (табыстыр). Бақылау және реттеу процесін жүзеге асыру үшін шығындардың жіктелуі. Реттелетін және реттелмейтын шығындар, бақыланатын және бақыланбайтын, тиімді, тиімсіз шығындар.

 

  1. Өндірістегі жоғалтулар есебі.

Өндірістегі ақауларға –  өзінің сапасы бойынша белгіленген  стандарттарға немесе техникалық талаптарға сәйкес келмейтін және өзінің тікелей  бағыты бойынша пайдаланылмайтын не болмаса, ондағы бар ақауларды қалпына  келтіру үшін қосымша шығындар жұмсағаннан  кейін ғана қолдануға болатын  өнімдер (бұйымдар, шалафабрикаттар, бөлшектер  және конструкторлар) жатады.   Ақау байқалған орнына байланысты ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Өнімдерді тұтынушыларға (тапсырыс берушілердің жұмысын тапсырғанға дейін) жеткізгенге дейінгі өндірістін кез-келген бөлімшесінде анықталған ақау ішкі ақау деп аталады. Ал, сыртқы ақау тұтынушылардың тапқан ақауы. Ақаудың анықталу сипатына байланысты түзетілетін және түзетілмейтін   (түпкілікті)  болып  бөлінеді. Түзетілетін   ақауға жөндегеннен кейін техникалык және экономикалық мақсатқа лайықты болатын және өзінің тікелей бағыты бойынша пайдаланылуы мүмкін болатын бөлшектер, жалғауыштар (узлы), бұйымдар және жұмыстар жатады.  Түзетілмейтін ақауларға техникалык және экономикалық мақсатқа лайықты түзету мүмкін болмайтын өзінін тікелей бағыты бойынша пайдаланылуы мүмкін емес бөлшектер, шалафабрикаттар, бұйымдар және жұмыстар жатады.    

Өндірістегі ақаулар, ақау пайда болған өнімдердің аты, оның техникалык нөмірі, операцияның аты және нөмірі, ақау түрінің коды және ақауға көнілінің  себептері жазылған, ақау жөніндегі  актіде (хабарламада) көрсетіледі.  Егер жұмысшының кінәсінен ақау анықталатын болса, онда оны жұмысшы түзетеді, актіде «Түзетілді» деген белгі қойылады.   Бұл акті бухгалтерияға бағытталмайды, ол тіркеліп, техникалык бақылау бөлімінде (ТББ) сақталады. Жұмысшыға еңбекақы наряды жазылмайды. Егер бұл ақауға жұмысшы кінәлі болмаса, онда бұл жұмыстарға «Ақауды қайта түзеу» деген белгімен наряд толтырылып, ұйымның бухгалтериясы беріледі. Жабдықтаушылардың кінәсінен материалдар мен бұйымдардың ақауы анықталған жағдайда ақау жөніндегі актіге қосымша жабдықтаушы жақтың қатысуымен екі жақты арнайы актісі жасалады. Бұл акт сапасыз тауарларды жеткізгені үшін, зиянның орнын толтыруда жабдықтаушыларға шағым айтудың негізі болып табылады.    

Ақауды көрсететін құжаттар олардың  ТББ-нін жедел есебінен кейін, кінәлілер, өнімнің түрлері және олардың  пайда болу орны бойынша ақаулық  шығындар есебі жүзеге асырылатын бухгалгерияға  беріледі. Ақау  жөніндегі актіде өзіндік құнның тікелей баптары бойынша шығындар көрсетіледі. Сонан соң актілер бұйымдар топтарының калькуляциясы, ал онын ішінде цехтар және учаскілер бойынша, сонымен бірге ақауға нақты кінәлілер бойынша топтастырылады. Ары қарай бухгалтерия жұмысшылары ақаудың құнын пайдаланудың мүмкін болатын бағасымен және ақаудан болған жоғалтуларды  анықтайды, ал  кәсіпорынның басшысы нақты кінәлілермен ақаудан болған зиян жөніндегі сұрақтарды шешеді. Бастапқы  құжаттардың негізінде ай басынан бастап өспелі жиынтықпен тәуліктік ақау жөніндегі жедел есеп жасалады. Ол ақауды болдырған бөлімшелерге, сонымен бірге жұмыстағы кемшіліктерді жою жөнінде шарттар қолдану үшін мүдделі ұйымдарға беріледі. Одан ары цехтар бойынша жиынтық есептің негізінде тұтас ұйым бойынша есеп жасалады. Түзетілмейтін ақаудың өзіндік құны өнімдердің (орындалған жұмыстардың) өзіндік құны калькуляциясының барлық баптары бойынша нақты шығындар негізінде есептеледі. Олар: «Материалдар», «Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы», «Еңбекақыдан аударылатын аударымдар», «Үстеме шығыстар» баптары.   Көп номенклатуралы бұйымдары (бөлшектер) және шалафабрикаттары бар ұйымдарда ақауларды жоспарлы (нормативтік) өзіндік құнымен бағалайды.  Ішкі түзетілетін ақаудың өзіндік құны ақаулы өнімдерді түзетуге жұмсалған материалдар және шалафабрикаттар, жұмысшылардың еңбекақысы, еңбекақыдан аударылатын аударымдар, сонымен бірге үстеме шығыстардың сәйкес үлесінің қосындысынан тұрады. Түзетілген ақау болып табылатын, бұйымдардың (бөлшектердің) және шалафабрикаттардың өзінің өзіндік құның ақаудан болған шығындар енгізілмейді. Ақаудан болған шығындарды азайтатын сомаға жататындар: пайдалану мүмкін болатын баға бойынша жарамсыз деп танылған өнімдердің құны, ақаудың пайда болуына кінәлі жұмысшылардан ұсталған нақтылы сомалар, сапасыз материалдарды және шалафабрикаттарды жеткізудің нәтижесінде ақаудың пайда болуына байланысты жабдықтаушылармен соттасу немесе оларды жазалауға кеткен нақты сомалар.  Ақаудан болған шығындар ай сайын өндірістің сәйкес түрінің шығындарына жазылады және ақау табылған бұйымның немесе жұмыстын өзіндік құнына енгізіледі. Ақаудан болған шығындар аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына жақтайды. Тек қана жеке және сериялы өндірістерде ақаудан болған шығындар толық аяқталмаған белгілі бір тапсырысқа қатысты болған жағдайда аяқталмаған өндірістін өзіндік құнына жатқызылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Есептің басқару жүйесіне орта өзгерісінің әсері.

 

Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде  алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын  қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім  қабылдаудың  негізі  болып т абылады. 
 Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп Бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспарында белгіленген жалпы принциптер мен ережелер және Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыныс, талаптарға сай жүргізіледі. 
Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек коллективтері шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс қалдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын кемітуді көздейді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті көрсетіп қана қомай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның мыңызы  мен  рөлі  артпақ. 
 Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігіретінде, кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау, ресурстарын тиімді пайданалып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қантамасыз етеді. Бухгалтерия қызметкерлері нарық жағдайында тез әрі дұрыс бағыт алу үшін, бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін жақсы меңгеруі қажет. Сондықтан бухгалтерлік есептің теориялық негіздері мен әдістемелік қағидаларын жас мамандарың жақсы менгеруі олардың кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілеттерін  қалыптастыруда  маңызы  зор  болмақ. 
 Екінші рет қайта өңделіп баспаға ұсынылып отырған «Бухгалтерлік есеп» атты оқулық «Бухгалтерлік есеп» пәнінің жұмыс бағдарламасына сәйкес мемлекеттік тілде дайындалған оқулық. Оқулық автордың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Маркетинг және жалып экономикалық пәндер», «Қаржы және аудит» кафедраларында қызмет істеп жүрген кездегі жинақтаған бірнеше жылдық дәрістік материалдары негізінде дайындалып, отандық және шетелдік әдебиеттерде жарияланған, теориялық және практикалық жағынан өте бай материалдарды пайдаланған. 
Оқулықта «Бухгалтерлік есептің» теориялық негіздері: бухгалтерлік баланс құрылымы, шоттар мен екі жақты жазу жүйесі, құжаттама, бағалау мен калькуляциялау, сонымен қатар бухгалтерлік есеппен есеп бегуде қолданылып жүрген нысандар тереңдетіліп көрсетілген. Сонымен қатар оқу қуралында жаңа Типтіқ шот жоспарына сәйкес негізгі құралдар, материалды емес активтер, тауарлы материалды запастар, ақша қаражаттары есебі, есеп беретін адамдармен есеп айырысу есебі, есеп айырысу операцияларының есебі, еңбекақы бойынша есеп айырысу есептері корреспонденциялары келтірілген. 
 Материалдарды мұндай мазмұндау процесінде Қазақстан Республикасының кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттармен жақындасуындағы негізгі бағыттарды қарауға қолайлы мумкіндіктер  жасалады. 
 Ұсынылып отырған оқулық, бухгалтерлік есепті жаңадан бастап үйреніп жатқан, бухгалтерлік есеп курстарындағы тыңдармандарға, жоғары оқу орындарындағы студенттер мен колледж оқушыларына, сонымен қатар кәсіпорындарда жаңадан үйреніп жүрген бухгалтерлерге арналған.  
Бухгалтерлік есептің міндеті және оған қойылатын талаптар. 
Бухгалтерлік есеп- басқарудың аса маңызды функцияларының бірі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде оны бизнестің, кәсіпкерліктің тілі деп санайды.

 

  1. Басқару есебінің функциялары.

             Басқару есебінің функциялары.  Баскару есебін ұйымдастыру мен  әлеуметтік аспетілері. өнім циклі  мен бәсекелестік отрасының өзгерісі. Тұтынушылар қажеттілігін қанағаттандыру  және менеджментке жаңа жолдар. Орта өзгерісінің басқару есебіне  жүйесіне әсері.

Шығындар функцияларын анықтаудағы  жалпы қстанымдар. Ең аз квадратты  әдіс. Оқыту қисық сызығы. Көптеген регрессия талдауы. Шығындар функциясын бағалаудағы қткен мәліметтерді пайдалануда ескертетін факторлар. Қосалқы қызметтер шығындарын өндірістік бөлімшелерге бөліп тарату. Қадамдық әдіс. Теңестіру әдісі. Өңдірістегі  жоғалтулр есебі.  Өзіндік құнның функционалды калькуляциясы. Қоралардың тиімді мөлешрін есетеу. Дәл мерзімде жүйелері. Тапсырыс мөлшерін анықтау. Стратегиялық басқару есебі. Теңестірілген  есеп тізімдемесі.

Бюджеттік жүйе түрлері. өзіндік  құнды функционалды калькуляциалау. Негізінде  сметалар құру. Нөльдік  нүкте бюджеті. Ауытқуды талдау: шығындар бойынша, сату көлемі бойынша, өндірістік негізгі материалдар ассортименті және өнімнің  шығыны бойынша. Жауапкершілік  орталықтары есебі. Трансферттік бағаның  құрылуы. Бөлімшелер қызметінің қаржылық көрсеткіштері: қаржы салымдары  пайдасы, қалған пайда, экономикалық қосылған құн(EVA). Шешімдер қабылдауды талдау.

 

 

 

 

 

 

 

Ұсынылатын әдебиеттердің  тізімі

 

    1. Аксененко  А.Ф.,  Бобижанов  М.С.,  Таримбаев  Ж.Ж.  Управленческий  учет на предприятиях   в   условиях   формирования   рыночных   отношений.-   М.:   ООО «Нонпарель», 1994г.
    2. Апчерч  Алан   Управленческий   учет:   принципы   и практика  /  Пер.   с   англ. И.А.Смирновой. М., Финансы и статистика, 2002. - 952с.
    3. Би Вандер Вил. Управленческий учет ( с элементами финансового учета)
    4. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет (перевод с англ. Под. Ред. Н.Д. Эрнашвили) М. Аудит, ЮНИТИ,2000
    5. Дюсембаев К.III., Сатенов Б.И. «Директ-костинг»: теория, методология и практика. Алматы, 2002г. - 190с.
    6. Карпова Т.П. Управленческий учет. М. Аудит. ЮНИТИ, 1998
    7. Керимов В.Э. Управленческий учет. М., Изд.-торг.корпорация «Дашков и К», 2003. -416с.
    8. Кеулимжаев К.К.  Отдельные вопросы учета производственных затрат// ББ -Отраслевые и иные особенности налогообложения и учета. 2004г. - №7.- с.4-11.
    9. Кондратова И.Г. Основы управленческого учета. - М.:Финансы и статистика, 1998. -756с.
    10. Нидлз. Б. И др. Принципы бухгалтерского учета (перевод с англ. Проф. Я.В. Соколова)

 

 


Информация о работе Бағытталған шығындар калькуляциясы