Банктік емес несие мекемелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 19:51, реферат

Описание работы

Нарықтар ресурстардың сұраныс пен ұсынысқа сәйкес оңтайлы түрде пайдалануы үшін оларды бөлу арқылы экономикалық тиімділікке қол жеткізді. Қаржы нарықтары мен жақсы жолға қойылған мекемелер жүйесі қаражаттары бұл процестің бір бөлігі ретінде табыстылығы жоғары инвестицияларға аударады. Қаржы жүйесі бұл жүйенің әлсіз дамыған елдермен салыстырғанда, жоғары дәрежеде дамыған елдерде тезірек өсетінін және экономикалық жағдайлардың аяқ асты өзгерісіне де тез үйренетінін әлемдік тәжірибе көрсетеді. Сондықтан да экономикасы дамушы барлық елдер үшін қаржы жүйесінің ажырамас бөлігі – банктік емес қаржы институттары жедел түрде дамыту маңызды.

Работа содержит 1 файл

Банктік емес несие мекемелері.docx

— 24.41 Кб (Скачать)

Банктік емес несие мекемелері

   Нарықтар ресурстардың сұраныс пен ұсынысқа сәйкес оңтайлы түрде пайдалануы үшін оларды бөлу арқылы экономикалық тиімділікке қол жеткізді. Қаржы нарықтары мен жақсы жолға қойылған мекемелер жүйесі қаражаттары бұл процестің бір бөлігі ретінде табыстылығы жоғары инвестицияларға аударады. Қаржы жүйесі бұл жүйенің әлсіз дамыған елдермен салыстырғанда, жоғары дәрежеде дамыған елдерде тезірек өсетінін және экономикалық жағдайлардың аяқ асты өзгерісіне де тез үйренетінін әлемдік тәжірибе көрсетеді. Сондықтан да экономикасы дамушы барлық елдер үшін қаржы жүйесінің ажырамас бөлігі – банктік емес қаржы институттары жедел түрде дамыту маңызды.

   Бюджеттен тыс қорлар – мемлекет оларды белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тарта отырып, оперативтік дербес негізінде жұмсайтын қаржылай қаражаттарды қайта бөлу және пайдалану нысандардың бірін білдіреді. Бұл қорлар қаржы нарығының инвесторлары және қатысушылары ретінде бола алады, себебі, біріншіден, ақшалай қаражаттарды пайдалану, оларды жинау уақытымен дәл келмейді, ал екіншіден, инвестициядан түсетін табыстар сол немесе басқа қордың шығынын қаржыландыратын қосымша табыс болып табылады.

   Қазақстандағы  мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға  жататындар:

  • Зейнетақы қоры;
  • Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қоры;
  • Әлеуметтік сақтандыру қоры;
  • Міндетті медициналық сақтандыру қоры (ММСҚ);

   Зейнетақы қоры. Оның басты міндеттері:

  • Зейнетақы мен балаларға жәрдемақы төлеу үшін мақсатты алым және қаражат жинақтау, оларды қаржыландыруды ұйымдастыру;
  • Халықты әлеуметтік қолдауға байланысты республикалық және аймақтық бағдарламаларды қаржыландыруға келісім – шарт негізінде қатысуы;
  • Өзін – өзі қаржыландыру қағидаларының негізінде қор қаражаттарының ұдайы өндірісін ұлғайту.

   Бұл қор  1993 жылдан бастап  Әлеуметтік қорғау министрлігіне бағынады. 1994 жылы Зейнетақы қоры бюджеттің құрамына біріктіріліп,төрт айдан соң қайтадан бөлінген. 1995 жылдан бастап Зейнетақы қоры бюджеттен тыс болып саналады.

   Зейнетақы  қорының қаражаттары меншік формаларына  және қызметіне байланыссыз жұмыс  беретін кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, сондай – ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдардың сақтандыру жарналарының аударымдары есебінен құралады. Зейнетақы қорлары мен Әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын жарналар еңбекақы төлеу қорының 30% - ын құрайды. Жинақталатын жарналардың 85% қаражаты – Зейнетақы қорына, ал 15% - Әлеуметтік сақтандыру қоры мен Міндетті медициналық сақтандыру қорына тиесілі.

   Қор бюджетінің  жобасын Әлеуметтік қорғау министрлігі  жасайды және оны қордың басшыларына  береді, оның құрамына: Қаржы министрлігінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық  банкісінен, Үкімет және Президент  әкімшілігінен өкілдер кіреді.

   Әлеуметтік сақтандыру қоры – аумақтық және салалық деңгейде бөлінетін, мемлекеттік маңыздылығы бар ресурстардың орталық қоры болып табылады. Әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың қаражаттарының міндетті түрде қатысуымен сақтандыру әдісі арқылы құрылады. Әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты еңбекақы төлеу қорынан – мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға аударымдар жасау есебінен қалыптасады. 1993 – 1995 жж. бұл қорға барлық аударымдардың 15% – зы түскен.  1996 жылы 1 қаңтарынан бастап бұл көрсеткіш 5%  – ға азайған. Әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаттары әр түрлі жәрдемақылар төлеуге (уақытша жұмысқа жарамсыздарға, бала тууына және бала туған кезде бір мезеттік жәрдемақы түрінде және т.б.), емдеу – демалыс орындарын қаржыландыруға жұмсалынады. Бұл қордың шығындарының басым бөлігін жәрдемақы төлеуге жұмсалатын қаражаттар алады.

   Еңбекпен қамту мемлекеттік қоры. 1991 жылы мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің төңірегінде дербес жүйе ретінде құрылған және мемлекеттің жұмыспен қамтуға байланысты саясатын іске асыру бойынша шараларды қаржыландыруға бағытталған. Қаулымен анықталғандай, оның қаражаты мемлекеттік бюджеттен тыс қор болып табылады. Соған қарамастан 1993 жылы оның қаржылық жағдайының жақсаруы және артық қаражаттарын бюджеттің қажетіне жұмсау мүмкіндігіне байланысты ол бюджетке біріктіріледі. 1995 жылдың мамыр айынан бастап Еңбекпен қамту мемлекеттік қоры қайтадан бюджеттен тыс қор болып шығады.

   Оның қаражат көздеріне:

  • Меншік және шаруашылық жүргізу түріне байланыссыз кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және басқа да жұмыс берушілердің еңбекақы төлеу қорынан белгілі мөлшерде міндетті аударымдар жасау (2%);
  • Мемлекеттік бюджеттен бөлінетін дотация;
  • Отандық және шетелдік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың және азаматтардың ерікті жарналарынан, коммерциялық қызметтен түсетін табыстардан және басқа да түсімдерден.

   Міндетті медициналық сақтандыру қоры. 1995 жылы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы үкіметінің №1295 қаулысымен Қазақстан Республикасы үкіметі қарамағында Міндетті медициналық сақтандыру қоры құрылды. Бұл Қор Қазақстан Республикасы заңдарында көзделгендей, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандырылған азаматтардың сол облыстағы мемлекеттік қаржы саясатын қарастырып, сондай – ақ ол жүйенің қаржылай тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланысты шараларды дайындап жүзеге асыруға, Қазақстанның барлық аумағында сақтандырылған азаматтарға медициналық көмек ретінде жағдай жасауға бағытталған.

ҚР  бюджеттен тыс  қорға аударымдар пайызы  
 
 
 
 
 
 

   Қр үкіметі  қарамағындағы Міндетті медициналық  сақтандыру қорының қаржылай  қаражаттары мемлекеттік медициналық  сақтандыру меншігінде бола отырып, бюджеттік құрамына және басқа да қорларға кірмейді.

   Олар келесі  көздердің есебінен құралады:

  • ҚР үкіметінің белгіленген мөлшерде жұмыс берушілерді міндетті медициналық сақтандыруға төленген сақтандыру төлемдерінің бір бөлігінен;
  • Қордың қаржылай қаражаттарының нормаланған сақтандыру запасынан;
  • Қордың уақытша бос қаржылай қаражаттарын пайдаланудан түскен табыстардан;
  • Заңды және жеке тұлғалардың өз еркімен жарна қосуы және сый тартуынан;
  • ҚР заңдарынан тыйым салынбаған басқа да түсімдерден.

   Мемлекеттік емес зейнетақы қоры (МЕЗҚ) – бұл қоғамдағы әлеуметтік ауыртпалықты азайтуға, мемлекеттің өз міндеттерін орындаудағы шығындарын қысқартуға, қаржы нарығының тұрақтылығын арттыруға, ұзақ мерзімді инвестициялауға арналған «арзан ақшаларды» тартуға мүмкіндік беретін әлеуметтік – экономикалық институт болып табылады.  МЕЗҚ - келісім – шартқа сәйкес жарнамаларды жинақтап, зейнетақы төлейтін коммерциялық емес ұйымдар ретінде құрылды. Қор жинақталған қаражаттарды көбейту мақсатында оларды зейнетақы қорының  активтерін басқаруға байланысты арнайы компанияға (ЗАБК) береді. Бұл қор банктік шотын кастодиандық қызметпен айналысуға лицензия алған катодиан банкте ғана ашады.

   Кастодиан – бұл бағалы қағаздар мен ақшалай қаражаттар мәмілесін жүргізетін және өзіне сеніп тапсырылған бағалы қағаздарды сақтандыру және есепке алуға байланысты кәіби қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

   Қор қызмет  ететін кастодиан банк пен  зейнетақы активтерін басқаратын  компаниямен бірге ақпаратты  үнемі салыстырып отыруы тиіс. Кастодиан  -  банк: зейнетақы және корпоративтік активтердің жалпы сомасын, инвестицияланған қаражаттар сомасын, қаржы инвестиция құнының өзгеруін, бағалы қағаздарды сатудан түскен түсімдер сомасын, комиссиондық сыйақы сомасын тексереді.

   Зейнетақы  активтерін басқару компаниясымен:  зейнетақы жарнамаларының түскен  сомасы, зейнетақылық жиналымдарға  төленген төлемдер сома, инвестиция  түрлері бойынша инвестицияланған  қаражаттар сомасы, алынған инвестициялық  табыс сомасы, басқа қорларға  ауысқан салым иелерінің саны  және олардың сомалары салыстырылады.

   Инвестициялық қор (инвестициялық компания) – тартылған қаражаттарды бағалы қағаздарға инвестициялау мақсатында, өзінің акцияларын шығару және ашық түрде орналастыру арқылы ақшалай қаражаттарды тартуға байланысты қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғам формасында құрылатын заңды тұлға. Акционерлермен өзара қатынасына байланысты инвестициялық қорлар келесідей түрде бөлінеді: өзара біріккен қорлар – ашық инвестициялық қор және инвестициялық компания – жабық инвестициялық қор.

   Инвестициялық  қордың келесідей құқықтары болады:

  • Сол инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфеліне тиісті акциялары бойынша акционерлік қоғамның басқаруына қатысуға;
  • Басқарушылар мен бағалы қағаздар портфелін басқару туралы келісім – шарт жасауға;
  • Басқа тұлғалардың барлығымен, соның ішінде тіркеуші және кастодиандық келісім – шарт жасауға, өзгертуге және қарым – қатынасты тоқтатуға;
  • Инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфелін басқаруға байланысты қызметті жүзеге асыруға кез – келген сұрақтарды инвесторлық басшысынан талап етуге және алуға;

   Инвестициялық  қордың мына салаларына тыйым  салынады:

  • Акциядан басқа бағалы қағаз түрлерін шығаруға;
  • Банктерден инвестициялық қордың таза активтерінің құнынан он пайыздан астам мөлшерде, алты айдан асатын уақытқа заемдық қаражаттар алуға;
  • Акцияның бақылау пакетін сатып алуға күшті шектеу қоюға;
  • Кез – келген тәсілде заемдар беруге;
  • Қайта сатып алу шартымен өзіне тиісті бағалы қағаздарды сатуға (РЕПО операциясы).

   Инвестициялық  қорға қойылатын ең маңызды  шектеу – бұл оны өзінің  бағалы қағаздар портфелінен  басқарудағы қызметін тәжірибе  жүзінде айыруды сипаттайды. Бағалы  қағаздар портфелін басқаруға  қатысты барлық қызмет инвестициялық  қорды басқарушыға жүктеледі. 

   Инвестициялық  қорды басқарушы – инвестициялық  қормен оны басқару туралы  келісім – шарт негізінде әрекет  етуші және бағалы қағаздар  портфелін басқаруға байланысты  кәсіби қызметті жүзеге асырушы  заңды тұлға. 

   Инвестициялық  банктерден басқаларының басқарушы  қызметін атқаруға құқығы жоқ. 

   Несиелік серіктестік дегеніміз – банк болып табылмайтын, өзінің қатысушыларына несие беру және қызмет көрсету мақсатында құрылған, өз қызметін Ұлттық банктен қарыздық және басқа да банк операцияларын жүргізуге берген лицензиясы негізінде жүзеге асырушы заңды тұлға. Несиелік серіктестік жабық акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде құрылатын және өз қызметін жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылады. Несиелік серіктестіктің қатысушылары жарғылық қорының елу пайыздан астамы мемлекетке жататын өкілетті атқарушы және сот билігінен, қаржылық капиталы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардан, сондай – ақ, оны тіркеген мемлекеттің заңымен сәйкес келетін оффшорлық аймақтағы компания статусы бар заңды тұлғалардан басқа жеке және заңды тұлғалар (резиденттер және резидент еместер) болуы мүмкін.

   Несиелік серіктестіктердің  Қазақстан Республикасының аумағында,  сондай – ақ одан тысқары  жерлерде филиалдарын, өкілеттіліктерін  және еншілес серіктестіктерін  ашуға құқығы болмайды.

   Несиелік серіктестік  келесі операцияларды жүзеге  асырады:

  • Кассалық операциялар;
  • Қарыздық оаерациялар;
  • Аударымдық операциялар;
  • Сенім (трастылық) операциялар;
  • Несиелік қатысушылар үшін клирингтік операциялар;
  • Сейфтік операциялар;
  • Несиелік серіктестікке қатысушы заңды және жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау;
  • Несиелік серіктестікке қатысушыларының банктік шоттары олардың тапсырмасы бойынша есеп айырысу.

   Аталған операциялардан  басқа, несиелік серіктестіктер  Ұлттық банк лицензиясы болған  жағдайда төменде көрсетілгендей  операцияларды жүзеге асыруға  құқылы:

    • Факторингтік операциялар;
    • Форфейтингтік операциялар;
    • Келісім – шарттың бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде жалға берілетін мүлікке жалға берушінің меншік құқығының сақталуымен мүлікті жалға беру (лизинг).

   Қолданыстағы  банктік заңдармен қарастырылған  банктік және басқа операциялар  несиелік серіктестік Қазақстан  Республикасының ұлттық валютасы  – теңгемен жүргізіледі. Несиелік  серіктестік Ұлттық банктің оның  рұқсатымен немесе екінші деңгейлі  банктерде корреспонденттік шот  аша алады.

   Сақтандыру компаниялары. Сақтандыру дегеніміз – белгілі бір сақтандыру жағдайлары кезінде сақтандырушылардың сақтандыру төлемдерінен, сондай – ақ заңмен тыйым салынбаған басқа да көздерден құралатын сақтандыру өтемдері ақшалай қорлардың есебінен төленетін жеке және заңды тұлғалардың (сақтандырылғандардың) мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі қарым – қатынас болып табылады.

   Сақтандыру түрлері. Сақтандыру төменде берілгендей бөлінеді:

  1. Міндеттілік дәрежесі бойынша:
    1. Ерікті;
    1. Міндетті;
  1. Сақтандыру объектісі бойынша:
    1. Жеке;
    2. Мүліктік;

   Міндетті сақтандыру – заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын сақтандыру. (Өз денсаулығын сақтандыру міндетті азаматқа жіктелуі мүмкін емес).

Информация о работе Банктік емес несие мекемелері