Банкроттықты талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 21:52, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында соңғы жылдары еліміздің экономикалық нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты түбегейлі өзгерістер орын алуда. Нарықтық экономикаға өту біздің қаржы саясаты үшін кәсіпорынның банкроттығы ұғымының пайда болуына әкелді. Тұрақсыз экономикалық даму, жоғарғы инфляция, салық саясатының тұрақсыздығы, саяси тұрақсыздық, кәсіпорын менеджерлері біліктілігінің жеткіліксіздігі жағдайында банкроттықтың мәні артады. Банкроттық дағдарыстық жағдай және оны жою үшін қаржылық басқарудың арнайы әдістері қажет.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3
І КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ МЕН ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні......................5
1.2 Кәсіпорын банкроттығы мен төлемқабілетсіздігінің пайда болу себептері.......................................................................................................................9
ΙΙ «КӨКТАС» АҚ-НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУЫҚТЫРЫЛУЫ МЕН БАНКРОТТЫҚ МҮМКІНДІГІНЕ ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның қаржылық қабілетсіздігін бағалау шараларын талдау...........17
2.2 Қабілетсіздік қатынастары мен қаржылық сауықтыру процестерін реттеу..........................................................................................................................24
2.3 «Көктас» АҚ –ның банкроттыққа ұшырау қаупі және қаржылық жағдайын талдау..........................................................................................................................30
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫЛЫҒЫННЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БОЛДЫРМАУ САЛДАРЫ....................................................................................38

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................47
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................49

Работа содержит 1 файл

к Кәсіпорынның банкроттығын талдау..doc

— 419.50 Кб (Скачать)

Мазмұны

 

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

 

І КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ МЕН ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТСІЗДІГІНІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ

1.1 Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні......................5

1.2 Кәсіпорын банкроттығы мен төлемқабілетсіздігінің пайда болу себептері.......................................................................................................................9

 

ΙΙ «Көктас» АҚ-ның қаржылық сауықтырылуы мен банкроттық мүмкіндігіне талдау

2.1 Кәсіпорынның қаржылық қабілетсіздігін бағалау шараларын талдау...........17

2.2 Қабілетсіздік қатынастары мен қаржылық  сауықтыру процестерін реттеу..........................................................................................................................24

2.3 «Көктас» АҚ –ның банкроттыққа ұшырау қаупі және қаржылық жағдайын талдау..........................................................................................................................30

 

ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫЛЫҒЫННЫҢ ҚАЗІРГІ  МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БОЛДЫРМАУ САЛДАРЫ....................................................................................38

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................47

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................49

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында соңғы жылдары еліміздің экономикалық нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты түбегейлі өзгерістер орын алуда. Нарықтық экономикаға өту біздің қаржы саясаты үшін кәсіпорынның банкроттығы ұғымының пайда болуына әкелді. Тұрақсыз экономикалық даму, жоғарғы инфляция, салық саясатының тұрақсыздығы, саяси тұрақсыздық, кәсіпорын менеджерлері біліктілігінің жеткіліксіздігі жағдайында банкроттықтың мәні артады. Банкроттық дағдарыстық жағдай және оны жою үшін қаржылық басқарудың арнайы әдістері қажет.

Қазіргі уақытта кез келген кәсіпорынның шаруашылық субъектісі ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта билікті серіктерін таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болды. Дегенмен, шаруашылық субъектілер мен кәсіпорындардың көпшілігі төлемқабілетсіз және дәрменсіз болуы экономиканың дамуының ұзақ мерзімді перспективасы жолында күрделі кедергі болды.

Жалпы әрбір кәсіпорын үшін кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңыздылығы дағдарысқа қарсы басқарудың рөлін атқарады. Осыған сәйкес кәсіпорындар өндірген өнімдердің бағасын төмендету, өткізу көлемін көбейту, әрі нарықтағы тауарлардың сапалық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін өнім түрлерін өндіру арқылы нарықтағы жағдайын нығайтуға ұмтылады.

Жоғары денгейдегі бәсеке жағдайында әрбір кәсіпорын мақсаты төлемқабілетті және қаржылай тұрақты болу. Дегенмен, кейбір кәсіпорындар сот шешімі бойынша төлемқабілетсіз деп танылып, банкротқа ұшырайды.

Банкроттық-кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу денгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық дағдарысы жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның жағдайын жақсартуға бағыттылған бағдарлама жасау керек.

Банкроттық – нарықтық экономика жағдайында объективті экономикалық құбылыс болғандықтан Қазақстанда ол оны сауықтырудың құралына айналмады.

Сондықтан бұл жұмыстың мақсаты – кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы, төлемқабілетсіз болу себептері, оның салдары және оның алдын алу бағыттарын анықтау, дағдарысқа қарсы басқарудың рөлі мен маңызын зерттеу болып табылады.

Қойылған мақсатқа сәйкес және мәселенің зерттелу маңыздылығына қарай міндеттері:

-«банкроттық ұғымының әлеуметтік-экономикалық, экономикалық-құқықтық мазмұнын ашу;

-кәсіпорындағы дағдарыстық жағдайлардың пайда болу себептері мен белгілерін анықтау;

-кәсіпорын дәрменсіздігінің даму кезеңдерін сипаттау;

-дағдарысқа қарсы басқарудың кәсіпорында дамуын жетілдіру;

Зерттеу объектісі ретінде банкроттыққа ұшыраған кәсіпорындарды атауға болады.

Зерттеу пәні банкроттықтың алдын алу шаралары бойынша теориялық және практикалық мәселелер жиынтығы және Қазақстан кәсіпорындарда оны шешудің жаңа бағыттарын талап ететін мәселелер.

Зерттеу жұмысының әдістемесі мен әдістеріне негізінен отандық және шетелдік ғалымдардың осы мәселе бойынша еңбектері мен ғылыми мақалалары, сонымен бірге ғылыми семинарлар мен конференциялар материалдары, баспа жариялымдары, т.б. жатады.

Зерттеу әдістемесі жүйелілік, салыстырмалық, болжау, талдау, т.б. әдістерге негізделген.

Жұмыстың зерттелу барысындағы ақпараттық негізі Қазақстанның заңшығарушылық актілері мен нормативтік құжаттары, банкроттық кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын сауықтыру сұрақтары бойынша мәліметтер, сонымен қатар әсіресе орыс ғалымдарының кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау мен банкроттыққа жол бермеу шаралары бойынша ғылыми еңбектері мен оқу құралдары.

Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы. Зерттеу барысында жаңа қорытынды деп танылған ұсыныстар көрініс тапты, атап айтсақ:

-отандық және шетелдік ғалымдардың көзқарастарын талдау мен жүйелеу негізінде «банкроттықң ұғымының нарықтық экономиканың объективті экономикалық феномені ретінде мәні анықталды;

-кәсіпорынның «дағдарыс алдындағың жағдайының пайда болуын негіздейтін факторлары мен белгілері сипатталды;

-кәсіпорындағы дағдарысқа дейінгі кезеңнің тұрақтылығын сақтау мен дағдарысқа қарсы басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстардың жүзеге асуы;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ МЕН ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні

 

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі оның қаржы-экономикалық тұрақтылығы болып табылады. Бірақ бірқатар отандық кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуы ойдағыдай қолданыс таба алмай, дәрменсіз немесе банкроттық жағдайға душар болуда.

Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы ретінде соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралың 07.04.1995 жылғы № 2173 Заңына сәйкес, ол қарызын төлей алмайтын, ақшалай міндеттемелер талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады /1,12б/. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, мідеттемелердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағаттанарлықсыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді.

Баланстың қанағаттанарлықсыз құрылымы борышкердің мүлкі мен міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланысты кредитордың алдында мүлік есебінен міндеттемелерін дәл уақытысында төленбеуі жағдайында орын алады. Мұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.

«Банкроттықң ұғымы экономикалық және құқықтық қатынастардың өзара тығыз байланысқан кең саласын қамтиды. Құқықтық тұрғыдан, банкроттық – кәсіпорынның жойылуына (ликвидация) негіз болатын төлемқабілетсіздігінің құқықтық танылуы болып саналады. Совет энциклопедиялық сөздікте банкроттық (итальян сөзі Banco – банк және gotto – құлдырау) – дәрменсіз, кәсіпорынның немесе азаматтың қаржысыз болуы, осыған орай өз міндеттемелерін төлеуге дәрменсіз болуы /6,49б/.

Дәрменсіздік (банкроттық) орыс ғалымдарының көзқарастары бойынша – борышкердің төлемқабілетсіздігінің сотпен анықталуы немесе баланс құрылымының қанағаттанарлықсыз болуы.

Ал қазақстандық ғалымдар өз анықтамасын ұсынды: банкроттық – шаруашылық субъектісінің экономикалық дәрменсіздігі, оның қарыз міндеттемелері бойынша төлемқабілетсіздігі, шаруашылық соттың шешімімен жариялануы.

Жалпы банкроттық өзінің мәні бойынша – нарықтық экономиканың қалыпты құбылысы, бәсекелік күрестің табиғи процесі. Банкроттық бәсекелік күрес нәтижесі ретінде өндірістің дамуын, іскерлікті ынталандырады.

Банкроттық-кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу денгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық дағдарысы жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның жағдайын жақсартуға бағыттылған бағдарлама жасау керек.

Дегенмен көптеген ғалымдар банкроттықты құқықтық қатынастарды сипаттайтын категория ретінде қарастырады. Құқықтық тұрғысынан банкроттық – ол сот шешімімен немесе борышкердің жариялауы бойынша борышкердің қаржы міндеттемелері бойынша кредиторлардың талабын толық қанағаттандыруға дәрменсіздігі. Банкроттық – кәсіпорынның жойылуына негіз болатын оның төлемқабілетсіздігінің құқықтық танылуы болып табылады. Құқықтық бағыттың негізі соттың дәрменсіз деп тануы.

Сонымен бірге қазақстандық зеттеушілер төлемқабілетсіз және дәрменсіз түсініктеріне нақты жауап берген: төлемқабілетсіз – деп борышкердің өтеу мерзімі бойынша қаржы міндеттемелрі мен басқа да қарсы сипатындағы талаптарын орындай алмауы, ал дәрменсіз – деп кәсіпорынды банкрот деп тану мақсатында тауарлар (жұмыс, қызмет) төлемі бойынша кредиторлар талабын қанағаттандыра алмауы/2/.

Жалпы әрбір кәсіпорын үшін кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңыздылығы дағдарысқа қарсы басқарудың рөлін атқарады. Осыған сәйкес кәсіпорындар өндірген өнімдердің бағасын төмендету, өткізу көлемін көбейту, әрі нарықтағы тауарлардың сапалық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін өнім түрлерін өндіру арқылы нарықтағы жағдайын нығайтуға ұмтылады.

Экономика-құқықтық тұрғыда банкроттықты қарастыруда оны таза экономикалық, немесе таза құқықтық деп бөлуге болмайды.

Банкроттықты экономикалық тұрғысынан қарастырғанда негізінен шаруашылық субъектісінің дәрменсіз болуының себептерін зерттеуге бағытталады. Сонымен бірге, банкроттық макро-, микроэконмикалық түрде қарастырылады, яғни бірінші бағыт бойынша нарық теориясының қорытындыларына негізделсе, екінші – фирмалар теориясына негізделеді.

Басқаша айтқанда, экономикалық бағыт кәсіпорынның банкроттығын экономикалық механизмдерін, яғни оны қаржы дағдарысы ретінде қарастырады, ал құқықтық бағыт-кәсіпорынның төлемқабілетсіз, яғни банкроттық жағдайға душар болғанын мойындағаннан кейінгі кәсіпорындардың жоюлуы. Ұйымдастырушылық – құқықтық механизмі, банкроттықтың күрделі табиғатынан туындайды, яғни ол макроэкономикалық, микроэкономикалық және қоғамдық аспектіге ие: экономика тұрғысынан банкроттық және ликвидациялық процесс ретіндегі банкроттық.

Сонымен, банкроттық деп кредиторлар мен борышкерлер арасындағы соңғылардың төлемқабілетсіздігі мен міндеттемелері бойынша уақытылы қарызын төлей алмауы бойынша қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория болып табылады.

Кез келген басқару қызметі өз деңгейінде тәуекел сипатына ие болады. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы басқару шешімдерінің қабылдау күрдешілікті мен олардың нәтижесін болжау күрделілігімен сипатталады. Коммерциялық ұйымдар пайданы максимализациялауға ұмтылуда заңдылыққа сүйенеді: пайда көп болған сайын, тәуекел де көп болады. Мұндай жағдай үш мүмкін болатын экономикалық нәтижесінен сипатталады: теріс (жеңілу, жоғалту, банкроттық, зиян), нөлдік, оң (жеңіс, пайда, табыс).

Кәсіпкерлік және тәуекел екі ажырамас түсінік. Дағдарыс жағдайында кәсіпорынның банкроттыққа ұшырау ықтималдығы жоғары болады.

Кәсіпкерлік процестің қозғаушы күші (тәуекелге бару тілегі) Макконел К.Р. мен Брю бойынша жеке қызығушылық: «әрбір экономикалық бірлік өзіне тиімді іске ұмтылады. Сондықтан кәсіпкерлер мақсаты кәсіпорынның пайдасын максимализациялау немесе жоғалтуларды максимализациялау болып саналады. Осыған байланысты кәсіпкер пайда табу үмітіне қарай баруға мәжбүр.

Кәсіпкерліктің соңғы нәтежиесі-өндірілген өнім мен қызмет болып табылады. Жалпы кәсіпорынның табысты дамуын қарастыруға болады,ол 4 сатыдан тұрады /12,14б/:

1) Жаңа идеяларды іздеу мен бағалау.

Барынша көп табыс келтіру-кәсіпкерліктің ең қозғаушы факторы. Кәсіпкерлер өзіне тиімді өзгерістер,яғни жұмыстарына жаңалықтарды енгізеді, мақсаты-пайда табу. Нарыққа жаңа тауар ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі бір уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және іске шығармашылықпен қарау іскерлік әлемінде жоғары бағаланады.

2) Бизнес-жоспарды құру.

Бизнес-жоспарды құру -күрделі мәселелердің бірі, яғни өзіне нарық сегменттерін қосатын, оның қөлемін және негізгі сипаттамаларын, маркетинг жоспарын, өндірістік және қаржылық жоспарларды қамтамасыз ету болып табылады.

3) Қажетті ресурстарды табу.

Бұл ең бастысы қандай ресурстар қажеттігін нақты бағалау; бастапқы деңгейден қаталама деңгейді ажырата білу; ресурстар жетіспеушілігімен байланысты теріс зардаптарды бағалау жұмыстары жүзеге асырылады.

4) Құрылған кәсіпорынды басқару.

Әрбір кәсіпорынды басқару мәселесі - нақтыланған өнім стилінің басқарушысынан тұрады, ұйымдық құрылым құруды ұйымдастыру, табыстың шешуші тетіктерін және де әлсіз жақтарын табу арқылы шешім қабылдаудан тұрады/5/.

Ал жалпы жаңа кәсіпорын құру процесі 3 негізгі кезеңнен тұрады:

1-ші кезеңді дайындық кезеңі деп аталады, мұнда кәсіпкердің қызмет түрін және көлемін анықтау және ұйымдастырушылық- құқықтық формасын таңдайды;

2-ші кезең, яғни құрылтайшылық кезеңде құрылтайшы құжаттарды дайындау процесиері мен мемлекеттік тіркелу және кәсіпорынның атрибуттарын енгізу мәселелері шешіледі,

3-ші ұйымдастырушылық кезеңінде жаңа шағын кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын құру мәселесі қарастырылады, яғни негізгі өндірістік құрылымын, басқару құрылымы, персоналдық құрылым және өндірістік инфрақұрылым.

Нұсқалармен салыстырғанда табыс ала алмау немесе зиян шегудің ықтималдығы. Шаруашылық тәуекелдің негізінде мүмкін болатын және шығындар мен нәтежиелердің ара-қатынасы жатады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлікті тиімді ұйымдастырудың мәнді сипаттамалары да бар және олар келесідей:

1) Мақсатты анықтау.Ол пайдалылықтың негізін енгізуде маңызды болады. Кезінде Барух Спиноза әлемді билейтін мүдде деп атап көрсеткен екен.Ал Аристотельде мүдде туралы: игілік барлық жерде екі шартты сақтауды талап етеді Біріншісі-қандай қызмет болмасын ең соңғы мүддені дұрыс табу. Екіншісі-сол түпкі мүддені іске асыру үшін керекті құралдарды табу.

2) Мақсатқа жету жолдары. Мақсатқа жету жолында кәсіпкер жету құралдарын, әдістерін анықтауы қажет. Бұл тұрғыда пайда алу мен басқару сапасының өзара үйлесуінің қамтылуы қажет.

3) Мадақтау мен жазалау жүйесінің болуы. Мұнда жұмысты ұйымдастыруда шығармашалақ ықылас көрсеткені үшін марапаттау туралы айтылады. Жазалау-ықыластың жоқтығы үшін мәселені қою жөнінде болады. Кәсіпкер алдына жаңа мәселелерді іздеп қояды және оларды шешудің жолдарын іздейді. Бұл жағдайда ғылыми тәсіл қолданылады.

4) Басқару стилі. Мұнда кәсіпкерге төнетін қаіп-қатер де, адамдарды жұмысқа жұмылдыру, оларды марапаттау және тағы басқа факторлар да жатады.

5) Ұйымдастырушылық құрылым. Бұл жерде оның икемділігі туралы сөз болады,яғни оның негізгі объектісі-өндіріс болып табылады. Құрылым өндіріске қарағанда екінші болып, рынок жағдайына байланысты бағытталуы тиіс.

6) Кәсіпкерлік кәсіпорындардың айырмашылығы, яғни сонымен қатар, сандық сипаттары бары: жұмыскерлер саны, капиталдың жылдық айналымы, кәсіпорындардың шамалары.

7) Кәсіпкерлікті сипаттайтын негізгі қасиеттері- ол қызмет еркіндігі, субъектілердің тәуелсіздігі, сонымен қстар, кәсіпкерлік қызмет өрісінде тәуелсіздік.

8) Қандай басқару тәсілін таңдау қажеттілігі. Еркіндік өндіріс бағдарламасын қарастыруда көрінеді,мысалы бағдарлама, өндіріс жоспары.

9) Тәуекелдікке қатынасы. Жасағыштық тәуекел және тәуекелдік түрлерінің жиынтығының тепе-теңдігі болып саналады /15,36б/.

Енді кәсіпкерге тән сипаттарды анықтайтын болсақ ол келесідей болады:

1)     қызмет өрісін кәсіпшілік біліммен басқару;

2)     өндірістік-маркетингтік қызметті басқару үшін басқарушы білімі мен тәжірибесі болу;

3)     өзінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білу және рыноктағы жағдайды ескеру, қаржы құралдарын тарта білу,

4)     экономикалық ойлау қабілеттілігі, құзыретті болу, іскерлік мәдениетті, тәжірибелі болу,

5)     өндірісті ұйымдастыруды білу, қойған мақсатқа жету үшін тәуекелге бару,

6)     талдай білу және рыноктің мүмкіндіктерін пайдалану, жаңашыл ойлар болуы.

Сонымен қатар кәсіпкерлік бірнеше белгілер мен қызметіне байланысты жіктелінеді:

біріншіден, көлемі бойынша:-шағын,орта,ірі;

екіншіден, меншік түріне қарай:-жеке, мемлекеттік және аралас;

үшіншіден, аумағы бойынша:-жергілікті, аймақтық, республикалық, халықаралық;

төртіншіден, салалық бағыты бойынша:-өнеркәсіптік, аграрлық, құрылыс, көліктік, саудалық, инфрақұрылымдық;

бесіншіден, атқаратын қызметтеріне байланысты:-өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңестік;

                  алтыншыдан, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы бойынша:

                  индивидуалды кәсіпкерлік, өндірістік кооперациялар;

                  толық серіктестіктер; -сенім серіктестіктері;

                  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер;

                  біріккен кәсіпорындар формалары;,

                  акционерлік қоғамдар.

Ал жалпы экономикасы дамыған елдерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың үш негізгі нысанан кездестіруге болады: жеке шаруашылық, серіктестік, корпорациялар.

1) Жеке шаруашылық дегеніміз әрбір меншік иесі жеке өзі ғана шешім қабылдап, шаруашылықтың барлық ісіне жкек жауапкершілікті алатын, өндірісті ұйымдастыру болып табылады. Мысалы, 80-жылдар ортасында АҚШ-та 7 миллионға таяу жекеше шеруашылықтар болған.

Артықшылығы: барлық істің жүруіне меншік иесі -қожайынның толық бақылауы.

Кемшілігі: капитал мөлшерінің аздығы, шығын, зиян және тағы басқалары үшін жеке жауапкершілік.

2) Серіктестік дегеніміз-екі немесе бірнеше кәсіпкерлер кәсіпорын үшін бірге шешім қабылдап, бірге жауап беретін өндірісті ұйымдастыру түрі болып саналады.

 

1.2 Кәсіпорын банкроттығы мен төлемқабілетсіздігінің пайда болу себептері

 

Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.

Жалпы абсолютті төлемқабілетті кәсіпорын деп міндеттемелері жоқ және капиталының құрамы толық өзіндік капитал болып табылатын төлемқабілетті кәсіпорындар жатады. Кәсіпорынның төлемқабілетсіздігі міндеттемелердің мөлшеріне тура пропорционалды және пайда көлеміне кері пропорционалды болады.Сондықтан кәсіпорынның төлемқабілетсіздігінің негізгі себептеріне, 1-ден, пайда көлемінің төмендеуіне әсер ететін факторлар, 2-ден, міндеттемелердің өсуіне әсер ететін факторлар жатады /2,41б/.

Пайданың өсу деңгейінің бәсеңдеуі немесе оның абсолютты азаюы орын алады, егер:

-тауарбастылық жағдайда, яғни өнімнің сапасы қанағаттанарлықсыз, бағасы жоғары және оған қажеттілік деңгейі төмен болса, рынокта ол өніміне деген сұраныс азаяды;

-жіберілген өнімге төлемнің қайтарылмауының (невозврат) өсуі, яғни кәсіпорын сенімсіз сатып алушылармен байланыста болып немесе сатып алушыларды еріксіз таңдағанда орын алады;

-тыйым салу, квота, кедендік кедергілер, т.б. шектеулер орнату арқылы рынокты шектеу;

Ал міндеттемелердің озып өсуі келесі жағдайларда орын алады:

-кәсіпорынның тиімсіз ұзақмерзімді қаржылық салымдарды жүзеге асыруы;-кәсіпорынның өндіріс көлемі мен табысының өсуіне әкелмейтін, жұмыс істемейтін қорлармен жүктеуі; -кәсіпорын құралдары пайдаға қатысы жоқ есеп айырысулармен жүзеге асырылуы; -кәсіпорынның зиян шегуі;

Жоғарыдағы аталған төлемқабілетсіздіктің жалпы себептерінің жиыны мемлекет өндірісі мен нарыққа тәуелсіз өз міндеттемелері бойынша уақытылы есептесу қыиндықтарына душар болған барлық кәсіпорындарға тән.

Сонымен бірге, ақшалай ағымдарды жоспарлау мен басқарудың болмауынан жағдай қиындайды.

Жалпы төлемқабілетсіздіктің ерекше себептеріне 1-ден, нарық тапсырысынан артта қалушылық, яғни ұсынылатын ассортимент, сапа, баға, т.б. туралы айтуға болады; 2-ден, кәсіпорынның қанағаттанарлықсыз қаржылық басқарылуы, яғни оның міндеттемеге жүктелуі. Бұл жағдайда қаржылық басқару дертіне ұшырайды /4/.

Сонымен қатар, банкроттықтың пайда болуының объективті және субъектвті себептері бар.

1.                  Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:

-экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;

-инфляцияның аса жоғары деңгейі;

-фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;

-бәсекелестіктің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі және сәйкесінше өндіріс шығынының төменемеуі;

2.                  Шаруашылық жүргізуіне тікелей қатысты субъективті себептер:

-банкроттықты уақытында болжап және келешекте сақтану;

-жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы сұранысты толық зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;

-өндіріс көлемінің төмендеуі;

-ұқсас бірақ сапасы жоғары өнімдерінің бағасына кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;

-ақталмаған жоғары шығындар;

-өнімнің төменгі рентабельдігі;

-өндіріс циклының өте көлемді болуы;

-үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;

-ескі басқарма басшыларының нарықты құруға бейімделе алмауы, сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік танытпауы, инвестициялық, бағалық, қаржылық саясаттың тиімділік таңдай алмауы;

Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі мезанизмі қалыптасқан. Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:

-банкроттықты құқықтық реттеу;

-кәсіпорынның банкроттығы жайында актілерді жүзеге асыруға шешім қабылдау процестерінің нормативтік-әдістемелік, экономикалық, ұйымдық қамтамасыз етілуі;

-келешегі бар (перспективалы) тауар өндірушілерді қолдау мақсатында төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек шаралары;

-банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;

-кең ауқымды қоғам үшін банкрот жайында ақпараттар жариялылығын қамтамасыз ету;

Ресейлік зерттеулер жоғарыдағы аталған факторлар жиынынан, яғни кәсіпорын дамуына кедергі келтіретін факторларды екі топқа бөледі: сандық және сапалық /36,53б/.

1)     Сандық, тәжірибеде сандық индикатор қолданылады, ол дағдарысты болжауға мүмкіндік беретін – «z-есебің, оның негізінде қаржылық көрсеткіштердің қатынасы өлшенген салмада болады:

“Z есебі” = айналым капиталы/активтер * 1,2 + бөлінбеген пайда/активтер *1,4 + өндірістік пайда/активтер * 3,3 + акцияның нарықтық құны/активтер * 0,6 + сату көлемі/активтер * 1; (1)

Банкроттықтың ықтималдығы:

“Z есебі” = 1,80 немесе аз жағдайда - өте жоғары;

“Z есебі” = 1,81-2,7 жағдайында жоғары;

“Z есебі” = 2,8 – 2,9 – мүмкін,

“Z есебі” = 3,0 және одан жоғары болса – ықтималдығы аз.

Z<1,81 – банкроттықтың жоғарғы ықтималдық аймағы;

Z>3,0 – банкроттықтың төмен ықтималдық аймағы;

2)     Банкроттықты болжайтын сапалық факторларға:

-қаржы есебінің нашарлығы және шығындарды қадағалау қабілетсіздігі;

-өнеркәсіптің құлдырауы;

-компания басшылығының тәжірибемсіздігі;

-ұзартылған міндеттемелерді өтей алмауы;

-кәсіпорынды қосымша қаржыландыруға қабілетсіздігі;

-коммерциялық тәукелдің жоғары деңгейі;

-нарықтық өзгерістерге жылдам бейімделуге қабілетсіздігі;

-коммерциялық тәуекелдің жоғары деңгейі;

-нарықтық өзгерістерге жылдам бейімделуге қабілетсіздігі;

-жеткіліксіз сападағы бухгалтерлік және қаржы есебі жүйесі;

-тұтынушылардың талап-тілектерінің өзгеруіне сәйкес өндірісті бейімдеуге қабілетсіздігі;

Кәсіпорынның банкроттық ықтималдығын болжау үшін нарықтық экономикасы дамыған шет елдерде жай және айрықша акциялардың нарықтық құны, қаржылық шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп және кәсіпорын балансының негізінде есептелетін Э. Альтманның көп факторлы моделі кеңінен қолданылады.

Бұл модель 1968 жылы болжаудың бас факторлы моделі ретінде пайда болған. Осы модельді жасау барысында Э. Альтман 66 өнеркәсіп орындарын зерттеген, оның жартысы банкроттыққа ұшырап, жартысы табысты болған. Ол мүмкін болатын банкроттықты болжау үшін ұжымды болып келетін 22 талдау коэффициентін зерттеген /3/.

Банкрот болған америка фирмаларының қаржылық жағдайын, гүлденіп оөсіп келе жатқан кәсіпорындар көрсеткіштерімен салыстыра отырып, олардың банкроттық ықтималыдығына байланысты дәрежесін және салмақтық коэффициентісін анықтап, бас негізгі көрсеткішті шығарған. Э. Альтманның жалпы түрдегі моделі (несие қабілеттілік индексі) мынадай:

Z = 1,2 + К1 + 1,4К2 + 3,3К3 + 0,6К4 + 1,0К5 (2)

Мұндағы; К1 = меншікті айналым қаражаттар/активтер;

              К2 = бөлінбеген табыс/активтер;

              К3 = пайыз бен салық төлуге дейінгі табыс/активтер;

              К4 = акцияның нарықтық құны/активтер;

              К5 = өткізуден түскен табыс/активтер;

Z индексінің шекті мәні статистикалық сұрыптау мәліметтері бойынша Э. Альтманның есептеуінше 2,675 болды. Осы өлшеммен нақты кәсіподақ үшін есептелген несие қабілеттілік индексінің мәні салыстырылады.

Бұл кәсіпорындар арасында шек коюға және болашақта (2-3 жыл) біреулерінің банкроттыққа ұшырап (z < 2,675 болғанда) және (z>2,675 болғанда) басқалардың қаржылық жағдайы тұрақтануы жөнінде пікір айтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар 1977 жылы Э. Альтман 7 факторлы моделін ұсынды, ол модельдің дәлдігі 70% дейін болды және банкроттықты бос жылға жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл жеті факторлы модель келесі көрсеткіштерді қамтиды /4,17б/:

-активтердің рентабельбілігі;

-пайданың динамикасы;

-несие бойынша пайызды өтеу коэффициенті;

-ағымдағы өтімділік коэффициенті;

-автономия коэффициенті;

-жиынтық активтер;

Бұл модельдің құндылығы өте дәлдігінде, бірақ қолданылуына ақпараттық жетіспеушілігі қиындық туғызады (талдау есебінің мәліметтері қажет, ал ол сыртқы пайдаланушыларда жоқ).

Сонымен бірге банкроттыққа сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. Сыртқы факторларға халықаралық, ұлттық, рыногтық, ал ішкі факторларға фирманың бәсекелестік ортасы, қызмет принципі, ресурстар мен оларды пайдалану, маркетингтік стратегиялар мен саясаты және қаржы менеджменті жатады. Сыртқы факторлар:

1.Халықаралық факторлар.

1.1.Жалпыэкономикалық: -экономикалық даму циклдылығы;

-дүниежүзілік қаржы жүйесінің жағдайы;-транұлттық банктердің қаржы саясаты;

1.2.Халықаралық саясаттың тұрақтылығы:-халықаралық келісім-шарт жасасу; -еркін экономикалық аймақтар құру;-тарифтік келісімдер;

-халықаралық маркетингі.

1.3.Халықаралық бәсеке:-бірлескен кәсіпорындар құру;-лицензиялық сауда;-фирмлық бәсекенің нарықтығы үлесін арттыру;

2.Ұлттық факторлар.

2.1.Саяси:-қаржы жүйесінің жағдайы;-меншікке деген қатынас;-мемлекеттік жер саясатының принциптері;-мемлекеттің кәсіпкерлікке қарым-қатынасы;-салық саясаты;-монополизмді шектеу;-бәсекені қолдау;-тұтынушылар мен кәсіпкерлерді құқын қорғау шаралары;

2.2.Экономико-демографиялық факторлар:-халықтың табысының деңгейі;-сатып алушылардың қабілеттілік денгейі;-несие алу мүмкіндігі;-кәсіпкерлік белсенділігі;

3.Рыногтық факторлар.

3.1.Психологиялық:-тұтынушылардың таңдауы, талғамы, әдеттері мен дәстүрлері, тұтынушы нормасы;

3.2.Ғылыми-технологиялық:-технологиялық жаңалықтар;-өнімнің бәсекелік қабілеттілігі; (денгенмен банкроттықтың ең күшті сыртқы факторы технологиялық өзгерулер-ірі ғылыми-технологиялық қозғалыстар болып саналады). Ішкі факторлар:

1.Фирманың бәсекелік ортасы:-саланың қызметінің мақсаты;-дәстүрлер, репутация және имидж;-персоналдың біліктілік құрамы;-нарықтағы үлесі және циклдық кезеңдері.

2.Қызметтің принциптері:-меншік формасы;-басқарудың ұйымдастырушылық формасы;-инновациялық қызмет;-өндірісті басқару жүйесін ұйымдастыру;-өндірістің диверсификациясы.

3.Ресурстар мен оларды пайдалану:-өндірісітің әдістері мен құрылымын жетілдіру;-өндірістік циклдың ұзақтылығы;-өндірістік қорладың денгейі;-қаражаттар айналымы.

4.Маркетингтік стратегиялар мен саясаты:-нарықты сегменттеу;-тауар саясаты;-баға саясаты;-өткізу, сату саясаты;-стратегиялық мақсаттар мен сатуды болжау.

5.Қаржы менеджменті:-баланстың құрылымы;-төлемқабілеттілік;-өтімділік;-капиталдың құны.

Сонымен қатар келесі сызбада ұйымдағы дағдарыстың субьективті және обьективті себептері көрсетілген.

 

 

Дағдарыс сепептері

 

 

 

Субьективті Обьективті

 

Сыртқы Ішкі

 

 

 

Білім Даму Табиғат

деңгейі қажеттіліктері өзгерістері

 

 

 

Жетілмеген Қызмет

басқару қателіктері

 

 

Жұмыстың

күрделенуі

 

Сызба-1 Ұйымдағы дағдарыстың субьективті және обьективті себептері

 

Жалпы төлемқабілетсіздіктің ерекше себептеріне 1-ден, нарық тапсырысынан артта қалушылық, яғни ұсынылатын ассортимент, сапа, баға, т.б. туралы айтуға болады; 2-ден, кәсіпорынның қанағаттанарлықсыз қаржылық басқарылуы, яғни оның міндеттемеге жүктелуі. Бұл жағдайда қаржылық басқару дертіне ұшырайды /5,9б/.

Кәсіпорынның дәрменсіз, төлемқабілетсіз қызмет атқаруы келесі факторларға байланысты:

1. Акция қаражаттырының қозғалысының жалпы міндеттемелерге қатынасын көрсететін көрсеткіштің айтарлықтай шамасы;

2. Төмен рентабельдік

3. Тұрақсыз табыс

4. Акционерлік қоғамдық акциясының бағасы бірден төмендеуі;

5. Дивиденд төлемдерінің азаюы;

6. Тұрақты шығындардың жалпы шығындарға қатынасының жоғарғы көрсеткіші;

7. Акцияның нарықтық құны мен оның баланстық құны арасындағы айырмшылықтың орны алуы;

8. Айналымнан тыс активтердің қажетті деңгейін қолдауда қабілетсіздік таныту

9. Қарыз міндеттемелерінің жоғарғы мөлшері;

Ал сапалық факторларына:

1.Қаржы есебі жүйесінің нашарлығы және шығындарды бақылауға қабілетсіздігі;

2. Басшылық тәжірибесіздігі

3. Міндеттемелерін уақытылы өтей алмау;

4. Заңсыз іс-әрекеттердің орын алуы;

5. Кәсіпорынды басқаруда бөліксіздік таныту;

6. Қосымша қаржылану көздерін алуға кәсіпорынның қабілетсіздігі;

7. Басшылықтың сыртқы ортадағы өзгерістерге тез бейімделе алмауы;

8. Бухгалтерлік және қаржы есебінің жеткіліксіз сапалы жүйесі;

9. Қарыз келісім-шарттарын жиі қарау;

10. Жалға беру мен жалға алу келісім-шарттарын жиі құрастыру;

Америка Құрама Штатында кәсіпкерлікті тұрақты түрде мемлекеттік қолдауға ие. Әр түрлі мемлекеттік реттеулер мен қолдау шаралары құқықтық базаға негізделген. Солардың бірішағын бизнес туралы заң”. Америка Құрама Штатының когрессінде шағын бизнес проблемаларымен екі комитет айналысады.

Федералдық деңгейде шағын бизнес әкімшілігі қызмет атқарады. Әкімшіліктің басты функциясы-шағын бизнесті жан-жақты қолдау.Әрбір штатта әкімшіліктің аймақтық бөлімдері жұмыс істейді. Аймақтық бөлімшелер шағын бизнес субъектілеріне нарық туралы ақпарат береді, оның мәселелерін шешуге көмектеседі.

Сонымен қатар, Америка Құрама Штатының кәсіпкерлік саясатының негізгі бағыттарының бірі-ол қаржы түсімдерін реттеу болып табылады. Ол екі бағытта жүзеге асырылады:

1)бюджеттен мақсатты бағытталған субсидиялар;

2)қаржыландыру үшін жеке капиталдарды тарту;

Бұл бағытты іске асыруда АҚШ-та Шағын Бизнестің Әкімшілігі құрылған және ол шағын кәсіпкерлікке қаржылық,кеңестік,материалдық көмектеседі, кәсіпкерлерді оқыту мен дайындауды жүзеге асырады.Шағын Бизнес Әкімшілігі шеңберінде келесі бағдарламалар жүзеге асырылады:

1) халықаралық саудада көмек;

2) ғылыми-техникалық зерттеулер;

3) әйел-кәсіпкерлерге көмектер;

4) ардагер-кәсіпкерлерге көмек көрсету жұмыстары;

5) ұлттық кәскерлікті дамыту және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ΙΙ «Көктас» АҚ-ның шаруашылық қызыметі мен банкроттық мүмкіндігіне анализ

2.1 Кәсіпорынның қаржылық қабілетсіздігін бағалау
шараларын талдау

 

«Көктас» акционерлік қоғамы Ақтөбе облысы бойынша ірі компаниялардың бірі болып табылады. Негізгі қызметтері: лицензиялау, іздеу- барлау, пайдалы қазбаларды өндіру, ауыл шаруашылық өндірісі  болып табылады. Құрылымы АҚ «Көктас»,

- Мұғалжар қиыршық тас зауыты;

- Анастасьевка әк кені;

- Кварц құмының каерьері;

- Силикат тас зауыты;

- Шолақсай құрылыс құмы;

- Технологиялық матералдар өңдеу цехы;

- Шалқар минералды су құю цехы;

- «Ақ құс» құс фабрикасы;

- Литографиялық бұйымдар бойынша капсула өндіру зауыты;

- Баспахана кешені;

- Спорт-сауықтыру кешені;

Соның ішінде мысалға өндіріс объектілеріне құрылыс тастары (диабаз, известняк), кварц құмы, құрылысқа арналған құм, құм-қиыршық тас қоспасы, каолин, диатомит, минералды су, мал шаруашылығы, элеватор және дермен сияқтылар жатады. Бұлар негізінен шикілей жеткізуге жатады. Содан соң  шикізаттарды қайта өндеп, объектілерге апарады. Бұл объектілерге мыналарды, яғни Мұғалжардағы қиыршық зауыты, Шалқардағы минералды суды құю цехы сияқты қайта өндеу объектілері жатады. Көптеген жұмыссыз қалған адамдарды және имигранттарды жұмыспен қамтамасыз етті. Бұл шамалы болса да, жұмыссыздық жағдайын азайтты. Бұл кәсіпорынның броллер тауықтары Ақтөбе каласы мен облысындағы дүкендерде ең алғашқы Қазақстандық броллерлік тауықтар болып шықты. Бұл тауықтарды шығару алдында, оларды жұмыртқа түрінде Қарағанды қаласынан сатып алып, содан соң 45 күн ішінде бұл жұмыртқалардан тауық шығарады.

2010 жылы дүкендерге 55 тоннадан астам тауық еті өткізілді. Бұл фабриканың күштілігі 1 жылда 3,5 млн. броллер, немесе 6300 тонна тауық етін шығара алады. Бұл фабриканың технологиялық  жағдайы тауық өндірісінің барлық кезеңдерін қарастырады. Тауықтарды өсіру және тамақтандыру үшін арнайы құрал-жабдықтары Германиядағы «БичДачмен» және голландиялық «VanDerPloeg» сияқты шетел компанияларынан әкелінеді. Әсіресе арнайы тауық өсіру құрал-жабдықтары германиялық «E.M.F» компаниясынан алынады.

Көп жылдар бойы бұл акционерлік қоғам үлкен экономикалық жетістіктерге қол жеткізіп отырды. Бұл қоғам Ақтөбе облысындағы жақсы дамыған кәсіпорындардың бірі болып табылады. Кәсіпорын Ақтөбе облысында жұмыссыздық деңгейін азайтуға үлкен ықпалын тигізді.  Мысалға алғанда 1999 жылы жұмысшылар саны 600-ден астам болса, 2008 жылы 870-тен астам жұмысшы жұмыс жасаса, ал 2009 жылы бұл көрсеткіш 2008 адам санына жетті. Бұл кәсіпорын сонымен қатар Ақтөбе облысын тамақпен қамтамасыз етеді, сонын ішінде тауық өнімі және ауыз, минералды су жақсы дамыған.  Тамақ өнеркәсібінен басқа бұл кәсіпорын Ақтөбе облысындағы әрбір шағын қалаларда көптеген зауыттар ашқан, мысалға Қандыағаш қаласында әйнек шығару және құрылыс каолинді фабрикасы зауыттары,   Мұғалжар станциясында кварц құмын өндеу зауытын қайта қалыптастырған.

Кәсіпорын басшысы бас директор болғандықтан, оған директор, бас бухгалтер, бухгалтер, қаржы менеджері, менеджерлер бағынады. Кәсіпорын басқарудың сызықтық – функционалдық құрылымы қолданылады. Таблицада кәсіпорын басқаруының жалпы ұйымдастырушылық  сызбасы келтiрiлген.

Негiзгi басты мiндеттерi: көрсетілген мақсатқа жету үшін, кәсіпорынның қызмет түрі:

-  Лицензиялау;

-  Ауылшаруашылық өндірісі;

-  Бирудалы материалдар шығару;

-  Өнім өндіру, өңдеу, өткізу;

-  Қайта өндіру;

-  Тамақ өнімдерін өндіру;

-  Ауыз су өнімдерін щығару;

-  Ойын-сауық отауларын ашу;

-  Кұрылысқа қажетті материалдар шығару және т.б;

Қаржы және экономика бойынша менеджер экономикалық талдау және қаржы бөлімі  сонымен қатар бухгалтерияға қарасты болып келеді. Ал қалған менеджерлер маркетинг, кызмет көрсету және тағы басқа жұмыстармен айналысады. Директор барлық жұмыстарға қажетті құралдардан бастап, қаржы менеджердің, бас бухгалтердің және басқа жұмысшыларының үстінен қарап отрырады.

Кәсіпорынның  бөлімдері  компьютерлік жоғары технологиямен жабдықталған. Барлық қызметтердің  жоғарғы сапада болуы арнайы белгіленген  қызметкерлердің міндеті. Бөлім  4 бөлімшеден тұрады:

-  Алдын – ала енді кұрылатан   инвестициялық проектілерді алдын-ала анализдеу.

-  Сол инвестициялық проектілер іске асыру бойыншы алдын-ала шараларды қарастыру.

-  Компьютерленген түрде сол проектілерді жүзеге асыруда әр түрлі жабдықтармен қамтамасыз ету, жабдықтау бөлімшесі.

-  Осы проектілерді нақты жүзеге асыру бөлімшесі.

Денсаулық сақтау пунктінде кызметтен жарақат алғандарға бірінші көмек көрсетіледі. Жұмысқа түсетін адамдарды медициналық тексеруден өтуді, жылына бір рет флюрография өтуін қадағалайды.

Кәсiпорын еңбек ресурстарымен толық қамтылған. Жұмысшылардың жалпы санының 160 – басқарушылар, 600 адам - мамандар және 145 адам – қызмет көрсетушiлер мен басқалар. Сонымен қатар 20 адамнан тұратын өрт сөндiру  қорғанысы. Қалған жұмысшылар 1220 адам санында жұмысшы құрамын құрайды. Жұмысшылардың орташа жалақысы қазiргi кезде 30000 теңге.

Бөлімшелер басқарушыларының функционалдық міндеттер. Қарамағында-ғылардың басқару қызметін бас директор атқарады. Ал бухгалтерлік  есепті негізінен бас бухгалтер басқарады.

Негізінен кәсіпорынды бас директор басқарады. Одан кейін директор. Директорға қарасты төрт қызметкер  бар. Олар:

-       Қаржы менеджері

-       Бас бухгалтер.

-       Менеджер

-       Жұмысшылар бригадасының басшылары

Директор қарамағына техникалық лаборатория, тасымалдау және кұрастыру бөлімі кіреді. Қаржы менеджері  ол коммерциялық және қаржылық сұрақтарға жауап беруші. Ендігі менеджерге, оған мыналар қарасты: маркетинг бөлімі, қызмет көрсету, сауда бөлімі, ас бөлме. Ал мамандар бөлімі тікелей директорға  жауап береді.

Кез келген коммерциялық кәсіпорынның негізгі мақсаттарының бірі максималды пайда табу. Бұл маркетинг арқылы жоспарланады, басқарылады. Маркетинг – кәсіпорынды басқару жүйесінің спецификалық элементі.

Оның негізгі сұрақтары:

-       нарыққа қатысушылар туралы ақпараттың міндетті түрде алынуы;

-       өндірісті жоспарлау және тауарды өткізу;

-       баға жасау жүйесін өңдеу;

-       қызмет көрсетуді  ұйымдастыру және сатып алу мен сату;

-       өнімді өткізуден көбейту жөнінде болжам және бағыт жасау.

Сонымен қоса нарықтағы алатын көлемін белгілеу.

Кәсіпорынның нормативтік - құқықтық құжаттары. Қарастырылған кәсiпорын ұйымдастырушылық – құқықтық формалардың классификациясы бойынша ашық акционерлік қоғам болып табылады. Кәсіпорынды «Ашық акционерлік қоғам туралы» ҚР заңының 2 пункті 10 бабына сай, жалпы жиналысқа қатысушылардың құзырына  жататын барлық шешімдер жеке қатысушының жеке дербес түрде қабылданатын, жазбаша түрде рәсімдейтін кәсіпорын директоры. Кәсіпорын директоры ағымдағы жұмыс бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етіп отырады, құрылтайшы шешімнің орындалуы мен дайындығын ұйымдастырады, есептің орындалуы жөнінде ұсыныс білдіреді, кәсіпорын атынан сенім хатсыз шарт жасасып және олардың орындалуын қамтамасыз етеді, банктен өз есеп шоттарын ашады, бұйрықтар мен өкімдер шығарады, еңбекшіл ұжым серіктестігінің міндетті орындауында кәсіпорын жұмысшыларын қабылдау мен босатуға өз құқығын жүргізе алады,сенім хаттар береді, кәсіпорынның басқа заңды тұлғалармен қарым-қатынасында кәсіпорын мәселесі жөнінде ұсыныс білдіре алады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Жалпы қаржылық жоспарлау – бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі. Қаржылық жоспарлау- бұл қаржы жоспарларын әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі.

Қарастырылып отырған кәсіпорында қаржылық жоспарлаумен  қаржы және экономикалық талдау бөлімі шұғылданады. Бұл бөлім кәсіпорында жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтайды, кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау сияқты шараларды жүзеге асырады.

Кәсіпорында қаржылық жоспарларды жасау негізінен 3 кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланыста жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, ішкі шаруашылықтық резервтерді табуға мүмкіндік береді. Екінші кезеңде көрсеткіштер негізінде кірістер мен шығыстардың нақтылы түрлерінің есеп- қисаптары жасалады. Үшінші кезеңде қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.

2010 жылдың маусым айынан бастап “Көктас” АҚ-ның қызметкерлері еңбекақысын банкоматтан карточкалар арқылы алады. Кәсіпорын мен Халық Банкі арасында тиісті келісім шарт жасалған. Бұл кәсіпорынның ақшаны тасымалдау, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты шығындарды азайтуға және бухгалтердің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік жасайды.             

Әлеуметтік салық - мемлекетте алынатын салықтардың бірі. Ол 1999 жылдан бері бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орындарына енгізілген. Кәсіпорында әлеуметтік салықты төлеу, салық төлеушінің тіркеу алынған жері бойынша есепті айдан кейінгі айдың 15- інен кешіктірілмей жүргізіледі. 2009 жылы 420 400 мың теңге сомасы шамасында бюджетке төленген. Жер салығын анықтау үшін алаңы салық базасы болып табылады. Салық мөлшерлемесі жердің сапасына, тұрған орнына, сумен қамтамасыз етілуіне қарай сараланған және жер алаңының бір өлшеміне- гектарға, шаршы метрге белгіленген. 2009 жылы “Көктас” АҚ иелігіндегі жер үшін 6 458 000 теңге мөлшерінде салық төледі.

Кәсіпорынның негізгі қорларының құраушы бөліктерінің бірі болып көлік құралдары мен тасымалдау шараларына пайдаланылатын көлік құралдары табылады. Салық мөлшерлемесі көлік құралдары двигательдерінің көлеміне, қуатына немесе жүк көтергіштігіне қарай айлық көрсеткіштерге белгіленген және көлік құралдарының түрлері бойынша сараланған.2009 жылы иелігіндегі көлік құралдары үшін “Көктас” ААҚ 325200 мың теңге сомасын бюджетке төледі.Мүлікке салынатын салық тура нақты салыққа жатады, оның мөлшері  мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады, мүлік салығы 2009 жылы 9 22 888,8 мың теңге сомасында төленді. «Көктас» ААҚ 1999 жылы жұмысшылар саны 450 адам, өндіріс көлемі  450 (мың м³), жылдық айналым 128,3 (млн.тг) болса. 2008 жылы жұмысшылар саны 480 адам, өндіріс көлемі  505 (мың м³), жылдық айналым 140 (млн.тг)болды. Ал 2009 жылы жұмысшылар саны 590 адам, өндіріс көлемі  640 (мың м³), жылдық айналым 177,0 (млн.тг) болды.  Ал «Көктас» ЖАҚ-да 1999 жылы жұмысшылар саны 370 адам, өндіріс көлемі  750 (мың м³). 2008 жылы жұмысшылар саны 520 адам, өндіріс көлемі  825 (мың м³), жылдық айналым 9600 (млн.тг) болса. Ал 2009 жылы жұмысшылар саны 780 адам, өндіріс көлемі  104 0 (мың м³), жылдық айналым 13 900 (млн.тг) болды.

2009 жылы “Көктас” АҚ 79 723 996 мың теңге сомасында корпоративтік табыс салығы төленді. Корпорациялық табыс салығының мөлшерлемесі 30 пайыз болып есептелінеді, ол белгілі бір мөлшерде ағымдағы айдың 20- сынан кешіктірмей ай сайын төлеп тұруға міндетті.

Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы енгізілген  қосымша құн салығы болып табылады. ҚҚС дүние жүзінің 40-тан астам елдерінде пайдаланылады. Жоғарыда келтірілген кестенің мәліметтері бойынша кәсіпорын ол 2009 жылы 29 175,7 мың теңге мөлшерінде бюджетке төленді.              Ал енді диаграммалар бойынша анализге келсем:

Кәсіпорынның салық периодының басы және аяғынның қаншалықты теңгеге төленгені бойынша қөрсетілген (Сурет-1) Яғни салық кезеңінің басында 43%  пайызы ғана төленген. Ал салық периодының аяғында калған 57% толығымен төленген.

 

Сурет 1 -Кәсіпорынның 2010 жылғы салық төлемі

*Дерек көзі: «Көктас» АҚ  қаржылық есептемесі.

 

Материалдық емес активтердің жыл басы мен жыл аяғындағы салыстырмалы көрсеткіші көрсетілген (Сурет-2). Салық кезеңінің басында материалдық емес активтердің 5 636 533 теңге (50%) құраса, салық кезенінің аяғында ол 5 698 533 теңге (50%) құрады.

 

 

Сурет 2 - Материалдық емес активтердің 2010 жылғы көрсеткіші

 

Тауарлы-материалдық қорлардың жыл басы мен жыл аяғындағы салыстырмалы көрсеткіші көрсетілген (Сурет-3). Салық кезеңінің басында тауарлы-материалдық қорлар 2 02 470 911 теңге (32%) құраса, салық кезеңінің аяғында ол 428 587 920 теңге (68%) құрады.

 

 

Сурет 3 - Тауарлы материалдық қорлардың 2010 жылғы көрсеткіші

    *Дерек көзі: «Көктас» АҚ  қаржылық есептемесі.

 

Материалдық емес активтер мен тауарлы-материалдық қорлар бойынша, 2010 жылғы салық кезеңінің басы мен аяғы арасында, қаншалықты салық төлегендігі көрсетілген. Мысалы, 2010 жылғы салық кезеңінің басында, материалдық емес активтер 5 636 533 ( 3%), ал тауарлы – материалдық қорлар  2 02 470 911 теңге (97%) құрады. Немесе мысалы, 2010 жылғы салық кезеңінің басында, материалдық емес активтер 5 698 533 теңге  (1%), ал тауарлы-материалдық қорлар салық кезеңінің аяғында 428 587 920 (99% ) құрады.

Дебиторлық қарыз бен ақша қаражаттарының  арасындағы 2009 жылдың басында, дебиторлық қарыз 882 701 223 теңге (77%), ал ақша қаражаттары    270 903 276 теңге (23%) құрады. Немесе мысалы, дебиторлық қарыз бен ақша қаражаттарының  арасындағы 2010 жылдың аяғында, дебиторлық қарыз  913 908 385 теңге ( 82%), ал ақша қаражаттары  194 330 517теңге (18%) құрады.

Жеке меншік капитал мен міндеттемелердің салық кезеңінің басы мен аяғынның қаншалықты тенгеге төленгені бойынша қөрсетілген. Яғни салық периодының басында 3 066 747 186 теңге (43%)  пайызы ғана төленген. Ал салық периодының аяғында 4 135 337 299 теңге (57%) толығымен төленген.

Жеке меншік капитал, ұзақ мерзімді міндеттемелер және ағымдағы міндеттемелердің салық кезеңінің басы мен аяғының қаншалықты теңгеге төленгені бойынша қөрсетілген. Яғни салық периодының басында жеке капитал  2 541 222 220 теңге (17%)  пайыз, ұзақ мерзімді міндеттемелер 0 теңге (0%), ағымдағы міндеттемелер 525624968 теңге (83%)  пайызын құрайды. Ал салық периодының аяғында жеке капитал  2 849 991 979 теңге (33%)  пайыз, ұзақ мерзімді міндеттемелер 130 000 теңге (0%), ағымдағы міндеттемелер  1 385 345 320 теңге (67%) пайызын құрайды.

 

       

Сурет 4 - Дебиторлық қарыз бен ақша қаражаттарының  арасындағы

2010 жылдың аяғында көрсеткіші

         *Дерек көзі: «Көктас» АҚ  қаржылық есептемесі.

 

Материалдық емес активтер мен тауарлы-материалдық қорлар бойынша, 2009 жылғы салық кезеңінің басы мен аяғы арасында, қаншалықты салық төлегендігі көрсетілген. Мысалы, 2010 жылығы салық кезенінің басында, материалдық емес активтер 5 636 533 ( 3%), ал тауарлы – материалдық қорлар 202 470 911 теңге (97%) құрады. Немесе мысалы, 2009 жылғы салық кезеңінің басында, материалдық емес активтер 5 698 533 теңге  (1%), ал тауарлы-материалдық қорлар салық кезеңінің аяғында 428 587 920 (99% ) құрады.

Дебиторлық қарыз бен ақша қаражаттарының  арасындағы 2009 жылдың басында, дебиторлық қарыз 882 701 223 теңге (77%), ал ақша қаражаттары   270 903 276 теңге (23%) құрады. Немесе мысалы, дебиторлық қарыз бен ақша қаражаттарының  арасындағы 2010 жылдың аяғында, дебиторлық қарыз 913 908 385 теңге ( 82%), ал ақша қаражаттары  194 330 517теңге (18%) құрады

Жеке меншік капитал мен міндеттемелердің 2009 жылғы салық кезеңінің басы мен аяғының қаншалықты теңгеге төленгені бойынша қөрсетілген. Яғни салық периодының басында 3 066 747 186 теңге (43%)  пайызы ғана төленген. Ал салық периодының аяғында 4 135 337 299 теңге (57%) толығымен төленген.

Жеке меншік капитал, ұзақ мерзімді міндеттемелер және ағымдағы міндеттемелердің 2009 жылғы салық кезеңінің басы мен аяғының қаншалықты теңгеге төленгені бойынша қөрсетілген. Яғни салық периодының басында жеке капитал  2 541 222 220 теңге (17%)  пайыз, ұзақ мерзімді міндеттемелер 0 теңге (0%), ағымдағы міндеттемелер 525 624 968 теңге (83%)  пайызын құрайды. Ал салық периодының аяғында жеке капитал  2 849 991 979 теңге (33%)  пайыз, ұзақ мерзімді міндеттемелер 130 000 теңге (0%), ағымдағы міндеттемелер          1 385 345 320 теңге (67%) пайызын құрайды.

Сонымен қатар, Қазақстанда бұл компанияның көптеген өндіріс объектілері, қайта өндіру объектілері, тұтынушы өнімдер шығаратын объектілері бар.

Отандық кәсіпорындардың дамуының тигізетін әсері:

- Отандық кәсіпорындардың дамуы еліміздегі жұмыссыздық деңгейінің азаюына;

- Отандық кәсіпорындардың құрылыс-материалдарын  оңай, әрі тез алуға;

- Еліміздің экологиялық жағдайын экологиялық  жақсартуға;

- Тамақ өндірісін дамытуға;

- Денсаулық жақсартуға;

- Ауыл шаруашылығын дамытуға;

Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайы жылдан-жылға жақсара түсуде. «Көктас» АҚ 2008 жылы жұмысшылар саны 450 адам, өндіріс көлемі  450 (мың м³), жылдық айналым 128,3 (млн.тг) болса. 2009 жылы жұмысшылар саны 480 адам, өндіріс көлемі  505 (мың м³), жылдық айналым 140 (млн.тг)болды. Ал 2010 жылы жұмысшылар саны 590 адам, өндіріс көлемі  640 (мың м³), жылдық айналым 177,0 (млн.тг) болды.  Ал «Көктас» ЖАҚ-да 1999 жылы жұмысшылар саны 370 адам, өндіріс көлемі  750 (мың м³). 2009 жылы жұмысшылар саны 520 адам, өндіріс көлемі  825 (мың м³), жылдық айналым 9 600 (млн.тг) болса. Ал 2010 жылы жұмысшылар саны 780 адам, өндіріс көлемі  1 040 (мың м³), жылдық айналым 13 900 (млн.тг) болды. Кәсіпорынның тұрақтылығы орташа жағдайда екенін қарауға болады.

 

2.2 Қабілетсіздік қатынастары мен қаржылық  сауықтыру процестерін реттеу

 

Нарықтық жағдайда кәсіпорын табыстылығы мен тұрақтылық жағдайының негізі болып оның қаржылық тұрақтылығы табылады. Егер кәсіпорын қаржылық тұрақты және төлемқабілетті болса, онда ол несиені алу, инвестицияларды тарту, жабдықтаушыларды таңдау, мамандандырылған кадрларды іріктеуде қызметі ұқсас кәсіпорындар алдында бірқатар артықшылықтарға ие болады. Неғұрлым кәсіпорын тұрақты болса, соғұрлым нарық конъюнктурасының оқыс өзгерістерінен тәуелсіз және банкроттыққа ұшырау тәуекелі төмен болады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы дегеніміз қаржыландыру көздерінің құрамында меншікті капиталдың жеткілікті үлесімен қамтамасыз етілетін кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығы немесе кәсіпорынды кездейсоқтықтан және кенеттен болатын өзгерістерден сақтап тұратын белгілі бір беріктік қорлардың болу нәтижесі.

Қазақстандық автор Жүйріков К.К. бойынша кәсіпорын қаржылық жағдайының өзгерісінің күрделі себептерін анықтау үшін кәсіпорын қызметінің барлық жақтарын сипаттайтын көптеген көрсеткіштерді зерттеу қажет. Себебі кәсіпорынның тұрықты қаржылық жағдайы─ оның үздіксіз және тиімді қызметінің басты шарты болып табылады. Оған жету үшін субъектінің тұрақты төлемқабілеттілігін, баланс өтімділігін, қаржылық тәуелсіздігін және шаруашылықтың жоғары табыстылығын қамтамасыз ету қажет. Кәсіпорын қаржылық тұрақтылығын кешенді талдау жеке көрсеткіштерді басқару үшін және сәйкесінше, қаржылық климаттың жақсаруына олардың әсерінің күшеуі үшін нақты алғышарттарды туғызады.

Кәсіпорын қаржылық жағдайының тұрақтылығын талдау экономикалық ахуал болған кезде ғана емес, сонымен қатар оларды алдын-ала болжау, қашқақтау, ұзақ мерзімді, материалдық емес, ағымдық активтерді, меншікті және қарыз капиталын неғұрлым тиімді қолдану үшін жүргізіледі. Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық субъектісінің шаруашылық, инвестициялық және басқа да кәсіпкерлік қызметтерінің негізгі талаптары капиталдың нақты құнын сақтау мен көбейту, экономикалық потенциалдың тиімді қолданылуын жоғарлату болып табылатыны белгілі.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту және жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Алдыңғы бөлімде атап кеткеніміздей «Көктас» АҚ жалпы алғанда қаржылық жағдайы тұрақты кәсіпорын болып саналады. Десек те, оның нарықтық экономикаға ауысу жылдары қаржылық тұрақсыздықтарды басынан өткергені талдау барысында белгілі болды. Сондықтан, зерттеу тақырыбына орала кәсіпорынның сол кездегі қаржылық жағдайын талдау объектісі ретінде алайық.

Кәсіпорынның қызметін мүмліктік бағалау тұрғысынан келсек 2008-2010 жж. «Көктас» АҚ жағдайы келесідей болды. Демек, бұл жылдары кәсіпорын ыңғайсыз қаржылық жағдайды басынан өткерді. Күрделі құрылымдық өзгерістер оның тұрақсыз қызмет еткендігін көрсетеді. Кесте-2 көргеніңіздей «Көктас» АҚ айналымнан тыс активтерінің дені негізгі құралдар болып тұр.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау. Шетелдерде бұл көрсет-кішті талдау үшін Альтмана, Лиса, Таффлера, Тишоу модельдері қолданылады екен. Соның ішінде Альтман моделі көп таралған:

                         Z=0,717X1+0,847X2+3,107X3+0,42X4+0,995X5                               (13)

мұндағы X1жеке айналым капиталы / активтер суммасы;

              X2бөлінбеген (реинвестицияланған) пайда / активтер суммасы;

              X3пайыздар төленгенге дейінгі пайда / активтер суммасы;

              X4жеке капиталдың баланстық құны / заемдық капитал;

              X5сату (түсім) көлемі / активтер суммасы.

Салыстыру константасы – 1,23. Егер, Z кіші 1,23, онда банкроттыққа ұшырау ықтималдығы жоғары, ал Z тең немесе үлкен 1,23 банкроттыққ ұшыраудың төмен ықтималдығын білдіреді. Осыған сәйкес «Көктас» АҚ қаржылық жағдайына талдау жасасақ:

 

 

 

Кесте-1 «Көктас» АҚ қаржылық жағдайына талдау

Көрсеткіштер

2008 ж

2009 ж

2010ж

 

2009 ж. абсолютті ауытқу

 

2010 ж. абсолютті ауытқу

2009 ж. өсу

қарқыны

%

2010 ж. өсу қарқыны %

1

2

3

4

5

6

7

8

Өз құралдарының қайнар

көзі (ИС)

171 640

158 350

159 590

-13 290

1 240

92,26

100,78

Айналымнан тыс активтер (F)

138 360

135 950

139 650

-2 410

3 700

98,26

102,72

Жеке айналым құралдарыС)[1-2]

33 280

22 400

19 940

-10 880

-2 460

67,31

89,02

Ұзақ мерзімді несие және заемдық құралдар (КТ)

-

-

-

-

-

-

-

Запастар мен шығындардың қалыптасуына жеке айналым құралдары және ұзақ мерзімді заемдық қайнар көздер (ЕТ) [3+4]

33 280

22 400

19 940

-10 880

-2 460

67,31

89,02

Қысқа мерзімді несиелер мен заемдар (Кt)

53 518

54 930

51 680

1412

-3 250

102,64

94,08

Запастар мен шығындардың қалыптасуының негізгі қайнар көздерінің жалпы мөлшері (EΣ) [5+6]

86 798

77 330

71 620

-9 468

-5 710

89,09

92,62

Запастар мен шығын мөлшері (Z)

41 218

53 980

39 460

12 762

-14 520

130,96

73,10

Запастар мен шығындардың қалыптасуына жеке айналым құралдарының артықшылығы (жетіспеушілігі) (±ЕС) [3-8]

-7 938

-31 580

-19 520

-23 642

12 060

397,83

61,81

Запастар мен шығындардың қалыптасуына жеке айналым құралдары мен ұзақ мерзімді заемдық құралдардың артық-шылығы (жетіспеушілігі) (±EТ) [5-8]

-7 938

-31 580

-19 520

-23 642

12 060

397,83

61,81

Запастар мен шығындардың қалыптасуына негізгі қайнар көздердің жалпы мөлшерінің артықшылығы (жетіспеушілігі) (±EΣ) [7-8]

45 580

23 350

32 160

-22 230

8 810

51,23

137,73

Қаржылық тұрақтылық типінің үш мәрелік көрсеткіші (9;10;11)

(0; 0; 0)

-

-

-

-

-

-

*Дерек көзі: 2008-2010 жылдар аралығында «Көктас» АҚ  қаржылық есептемесі.

 

Кестедегі мәліметтерді талдай келе, «Көктас» АҚ 2008-2010 жж. қаржылық жағдайы тұрақсыз болды деп бағалаймыз. Өйткені:

- Запастар мен шығындар жеке айналым құралдарымен жабылмайды (ЕС). 2008 ж. запастар мен шығындарды жабуға жеке айналым құралдарының 23,85% жетпеді ((41 218/33 280)*100%), 2009 ж. – 40,98%, 2010 ж. – 97,89%, яғни жыл сайын айналым құралдарының жетіспеушілігі өсіп отырды;

- Көрсетілген жылдары «Көктас» АҚ қаржылық жағдайының орнығуының ең негізгі себебі – бұл запастар мен шығындар өсуі қарқынының олардың қалыптасу қайнар көздерінін өсуінен артық болуы. Қалыптасу қайнар көздерінің жалпы мөлшері (EΣ) 2008 ж. 10,91% төмендеген, 2009 ж. 7,38%, 2009 ж. жеке айналым құралдары 32,69% азайған, 2010 ж. 10,98%, ал запастар мен шығындар құны 2009 ж. өскен, ал 2010 ж. 26,90% төмендеген;

- «Көктас» АҚ сыртқы заемдық құралдарды пайдаланбайтындығы келеңсіз қаржылық жағдай болып тұр. Ұзақ мерзімді несиелер мен займдар тартылмаған. Қысқа мерзімді міндеттемелер есептілікте тек кредиторлық қарыздар ретінде берілген, бірақ 2009 ж. ол 2,64% ұлғайса да, 2010 ж. 5,92% төмендеп кетті, яғни «Көктас» АҚ сол жылдары өндірістік-шаруашылық мақсаттарда заемдық құралдарды пайдалануға ынтасы болмады;

- «Көктас» АҚ жеке айналым құралдарының жетіспеушілігі байқалуда. Ол шаруашылық іс-әрекетте запастарды жабуға жетіспеуде. Жеке айналым құралдарыны ұлғайту қажет.

Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның қаржылық жағдайын нақты бағалайтын мақсатты ерекшелігі болып табылады, ал ішкі шаруашылық мүмкіндіктерді, қаражаттарды және оларды тұрақтандыру жолдарын іздестіру экономикалық талдаудың жүргізілуі мен мазмұнының ерекшелігін анықтайды. Соныменен, қаржылық тұрақтылық─ қаржылық ресурстардың тиімді қалыптастырылуы, бөлінуі мен пайдаланылуы бойынша қызметінің нәтижесінде кәсіпорынның кепілді төлемқабілеттілігі мен несиеқабілеттілігі. Сонымен қатар ол─ қорлардың меншікті қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуі, және кәсіпорын активтерін өтеу көздері болып табылатын меншікті және қарыз қаражаттарының қатынасы.

Жалпы жағдайда, кәсіпорын қаржылық тұрақтылығы дегеніміз  кәсіпорынды кездейсоқтықтан және кенеттен болатын өзгерістерден сақтап тұратын белгілі бір беріктік қорлардың болу нәтижесі.

Кәсіпорынның шаруашылық жағдайы, оның тұрақтылығы мен қалыпты қызметі оның өндірістік, коммерциялық, қаржылық қызметінің нәтижелеріне тәуелді болады. Егер кәсіпорынның өндірістік және қаржылық жоспары ойдағыдай орындалса, онда ол оның қаржылық жағдайына жағымды әсер етеді. Және, керісінше, өндіріс пен өнімді өткізу бойынша жоспардың соңына дейін орындалмауы нәтижесінде өнімнің өзіндік құнының ұлғаюы, табыс пен пайда соммасының төмендеуі және олардың салдары ретінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның төлемқабілеттілігінің нашарлауы. Сондықтан тұрақты шаруашылық жағдай кездейсоқтан пайда болмайды, ол кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелерін анықтайтын барлық факторлар кешенін тиімді басқару арқылы жүзеге асады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдай түсінігі кәсіпорынның өз қызметін қаржыландыра алу қабілетін білдіреді. Ол кәсіпорынның қалыпты қызметіне  қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілеуін, оларды орналастырудың мақсаттылығы мен пайдаланылуының тиімділігін, басқа да жеке және заңды тұлғалармен қаржалақ қарым-қатынасын, төлемқабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын ерекшелейді.

Жалпы алғанда кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау шектеулі ғана әдістермен жүргізілмеуі тиіс. Мұндай тәсіл белең алатын болса, онда қаржылық дағдарыс жағдайын нақты бағалау мүмкіндігі нашарлайды, сондықтан нәтижеге жету ықтималдығы төмендейді. Сол себепті де, «Көктас» АҚ қаржылық тұрақтылығын бағалау көптеген салыстырмалы қаржылық коэфициенттер арқылы жүргізілді.

Кесте 2 - «Көктас» АҚ қаржылық тұрақтылығының салыстырмалы коэфициенттері мен талдануы

Көрсеткіштер

Оптималды мәндер интервалы

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2009 ж. абсолют. ауытқу

2010 ж. абсолют. ауытқу

2009 ж. өсу қарқыны, %

2009 ж. өсу қарқыны, %

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Кәміпорын мүлкі (В)

-

225 158

213 280

211 270

-11 878

-2 010

94,72

99,06

Жеке құралдар қайнар көзі (капитал және резервтер) (ИС)

-

171 640

158 350

159 590

-13 260

1 240

92,26

100,78

Қысқа мерзімді пассив-терt)

-

53 518

54 930

51 680

1 412

-3 250

102,64

94,08

Ұзақ мерзімді пассивтерТ)

-

-

-

-

-

-

-

-

Барлығы заемдық құрал-дарtT)

-

53 518

54 930

51 680

1 412

-3 250

102,64

94,08

Айналымнан тыс актив-тер (F)

-

138 360

135 950

139 650

-2 410

3 700

98,26

102,72

Айналым акт/рі (Ra)

-

86 798

77 330

71 620

-9 468

-5 710

89,09

92,62

Запастар мен шығындар (Z)

-

41 218

53 980

39 460

12 762

-14 520

130,96

73,10

Жеке айналым шығын-дарыС) [2-6]

-

33 280

22 400

19 940

-10 880

-2 460

67,31

89,02

Автономдара) [2/1]

>0,5

0,76

0,74

0,76

-0,02

0,02

97,37

102,7

Заемдық және жеке құралдар қатынасыЗ/С) [5/2]

<0,7

0,31

0,35

0,32

0,04

-0,03

112,9

91,43

Жеке құралдармен қам-тамасыз етілуО) [9/7]

01

0,38

0,29

0,28

-0,09

-0,01

76,32

96,55

ИкемділікМ) [9/2]

0,2-0,5

0,19

0,14

0,12

-0,05

-0,02

73,68

85,71

Мобильді және мобильді есе құралдар қатынасыМ/И) [7/6]

-

0,63

0,57

0,51

-0,06

-0,06

90,48

89,47

Өндірістік мақсаттағы мүліктерП.ИМ) [(6+8)/1]

>0,5

0,80

0,89

0,85

0,09

-0,04

111,3

95,51

Банкроттықты болжауПБ)

-

0,15

0,11

0,09

-0,04

-0,02

73,33

81,8

*Дерек көзі: 2008-2010 жылдар аралығында «Көктас» АҚ  қаржылық есептемесі.

 

 

Осылайша, кестеге сәйкес «Көктас» АҚ қаржылық жағдайын талдау және бағалау нәтижесінде оның дағдарысты жағдайда болғанын көре аламыз және бұл жағдай 2008-2010 жж. айқын байқалған. 2008 ж.запастар мен шығындарды жабуға жеке айналым құралдарының 23,85% жетіспеді, 2009 ж. – 40,98%, ал 2010 ж. – 97,89%.

Соныменен, қаржылық тұрақтылық, қаржылық тұрақтылықтың жалпы ерекшелігін көрсететін және негізін толықтыруды талап ететін, меншікті капитал мен қарыз капиталы және кәсіпорын активтерінің қатынасымен сипатталады. Қаржылық тұрақтылық түсінігін толық ашу үшін қосымша көрсеткіштер мен сипаттамаларды пайдалану қажет. Қалыптасқан пікір бойынша, қаржылық тұрақтылық─ төлемқабілеттілікті сақтаумен байланысты пайда мен капиталдың ұлғаюы мақсатында ұйымның үдемелі дамуын қамтамасыз ететін ресурстардың бөлінуі мен пайдаланылуы барысында кәсіпорынның экономикалық және қаржылық жағдайы.

 

2.3 «Көктас» АҚ –ның банкроттыққа ұшырау қаупі және қаржылық жағдайын талдау

 

Бұл бөлімде «Көктас»АҚ – ның банкроттыққа ұшырау мүмкіндігі және қаржылық жағдайына диагностика жүргіземіз.

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын анализдеу маңызды роль атқарады. Бұл мынаған байланысты, кәсіпорын тәуелсізденеді және жеке меншіктер ,жұмысшылар, комерциялық серіктестіктер алдында өндірістік кәсіпкерлік қызыметі бойынша жауапкершілікте болады. Нарық жағдайындағы қаржылық анализдің көп тараған әдісі - әртүрлі қаржылық коэффициенттерді төрт топта қарастырамыз:

                  мүліктік жағдайын бағалау

                  жұмыс белсендігін бағалау

                  қаржы тұрақтығын бағалау

                  кәсіпорынның табыстылығын бағалау

Кәсіпорынның қаржы тұрақтығын бағалау үшін объективті , ғылыми негізделген және оптималды басқармашылық, өндірістік және әсіресе қаржылық жағдайын талдау керек. Терең және нақты талдау базасы болған жағдайда ғана кәсіпорынның қызыметін объективті бағалауға, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығынкүшеитетін және оның жұмыс белсенділігін арттыратын басқармашылық шешімдер беруге болады.

 

Кесте 10 - Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау

Көрсеткіштер

2009 ж

2010 ж

Нормалық мәні

1

Өндістік мүлік коэффициенті

1,6812

1,6219

>=0,5

2

Активтердің мабилділік және мобилді құралдар коэффициенті

0,4222

0,4541

<0,5

3

Негізгі құралдардың құн коэффициенті

0,7306

0,8319

<0,5

4

Негізгі құралдардың тозу коэффициенті

0,5778

0,5459

<0,5

5

Мобилді активтер коэффициенті

0,6054

0,6055

>0,5

 

Бесінші кестеде кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау көрсетілген. Мұнда 1– ші өндіріске бағытталған мүлік коэффициенті қарастырылған :

0.57. Талданып отырған кәсіпорында бұл коэффициент деңгейі 2009 жылы 1,6812, 2010 жылы 1,6219 –ды көрсетті. Бұл көрсеткіштің мәні талданып отырған кезеңнің нормативті деңгейіне тең.

Бұл көрсеткіштен кейін баланыс валютасын дағы ағымды активтердің бөлігін анықтау қажет.Кәсіпорын активтерінің мобилділік коэффициентінің өсуі ол ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасына тең. /7/

Біздің кәсіпорында бұл коэффициент деңгейі 2009 жылы 0,4222, ал 2010 жылы 0,4541-ді құрағанын көрсетеміз. Бұл коэффициент сәл ғана өсті. Кәсіпорын активтерінің орналастыру тиімділігін көрсететін келесі көрсеткіш – кәсіпорын активтерін орналастыру коэффициенті болып табылады. Ол мабилді және мобилденген құралдар қатынасымен есептелінеді.

Ол ұзақ мерзімді активтер құны мен сонымен ағымдағы активтер құнының айырмашылығымен анықталады. Өндірістік кәсіпорындарда бұл коэффициент деңгейі 0,5 – тен кем болмауы керек . Талданып отырған кәсіпорында оның деңгейі 2009 жылы 0,7306; 2010 жылы 0,8319 . Бұл коэффициенттің деңгейінің өсуі мобилденген құралдарға қарағанда мобилді құралдар қарқынының өсуіне байланысты болады.Біздің кәсіпорында бұл коэффициент аптималды мәнге ие, бірақ 2010 жылы сәл төмендегенін көреміз . Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын қызыметі және оның дамуы жеке капитал, яғни өзін - өзі қаржыландыру көздеріне байланысты жүргізіледі. Жеке капиталдың жетіспеушілігіне баиланысты жағдайда ғана кәсіпорын заёмды құралдарды тартады. Бұл жағдайда сыртқы заёмдық бұлақтардан қаржының тәуелсіздігі маңызды. Бірақ ол мүмкін емес жеке капиталдың фактылық мөлшерін құру ғана емес, капиталдың жалпы соммасының шекті салмағын анықтау қажет. Бұл көрсеткіш әр түрлі аталады(жекеменшік коэффициенті, тәуелділік коэффициенті, автаномдық коэффициент) , бірақ оның мағынасы біреу ғана – ол бойынша бірнеше кәсіпорын , заёмды құралдардан тәуелсіз, жеке құралдармен қызымет ете алады. Бұл коэффициенттің жеткілікті деңгейі 0,5 – 0,6 – ға тең. Біздің жағдайда бұл коэффициент деңгейі 2009 және 2010 жылдары олардан асады, яғни 0,8833 -0,758. Ол кәсіпорынның қаржысының тұрақты екенін көрсетеді. Зерттелініп отырған кәсіпорында ол коэффициент 2009 жылы 0,1167, 2010 жылы 0,242 –ге тең. Бұл тәуелділік коэффициенті мөлшерленген мәннен едәуір төмен .

Осы кәсіпорынның қаржы тұрақтылын көрсететін басқа да коэффициенттер , 8 – шы кестеде көрсетілген.

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын мінездейтін келесі көрсеткіш – қаржыландыру коэффициенті болып табылады. Бұл коэффициент деңгейі жоғарлаған сайын банктер және инвесторлар үшін қаржыландыру сенімдірек болады. Бұл коэффициент кәсіпорынның қай бөлігі жеке құралдармен және қай бөлігі заёмдық құралдармен қаржыландыратынын кқрсетеді. Бұл коэффициенттің бірден төмендеуі, кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің төмендегенін көрсетеді,яғни кредит алуды қиындатады. Біздің кәсіпорынның қаржыландыруы коэффициенті 2009 жылы 7,7525, 2010 жылы 3,1329 – ға жетті.

 

Кесте 11 - «Көктас»АҚ қаржы тұрақтылығын бағалау.

Көрсеткіштер

2009 ж

2010 ж

Нормалық мән

1

Тәуелсіздік коэффициенті

0,8833

0,7580

0,5-0,6

2

Тәуелділік коэффициенті

0,1167

0,2420

0,4-0,5

3

Қаржыландыру коэфициенті

7,5725

3,1329

>1

4

Заёмды және жеке құралдар коэффициенті

0,1321

0,3192

<1

5

Инвестициямен жабылу коэффициенті

0,8833

0,7580

Қалыпты 0,9 ; қатерлі 0,75

6

Инвестициялау коэфициенті

0,6032

0,5479

>=0,5

7

Ұзақ мерзімді заемді құралдар тарту коэффициенті

0,0000

0,0000

 

8

Икемділік коэффициенті

0,3459

0,2799

>=0,5

9

Жеке көздермен құрылған запастар коэффициенті

1,2193

0,7771

>=0,6-0,8

10

Қысқа мерзімді қарыздар коэффициенті

1,0000

1,0000

-

11

Кредиторлық қарыздар коэффициенті

0,0386

0,0520

-

12

Дебиторлық және кредиторлық қарыздар қатынасы коэффициенті

28,9686

7,7034

2\1

 

Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентіне қарсы көрсеткіш заёмды және жеке құралдардың қатысты коэфицентті кеңінен қолданылады. Бұл коэффициент жеке құралдардың бір теңгесіне салынған, қанша заёмды құралдар тартылғанын көрсетеді. Бұл көрсеткіштің мөлшері шектеулі - 1 . Зерттеліп отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш 2009 және 2010 жылдар бойынша оптималды мағынаға ие.

Кәсіпорынның дербестілігін сипаттайтын тағы бір маңызды көрсеткіш – қаржы тұрақтылық коэффициенті . Бұл коэфицент кәсіпорынның жеке және ұзақ мерзімді заёмдық құралдарының көлемін көрсетеді. Мөлшерлі мағынасы 0,9. Оның 0,75 – ке төмендеуі оның критикалық шегі болады. Талданыып отырған кәсіпорында бұл коэффициент критикалық деңгейден сәл төмен.

Капитал құрылымының оптималды қалыптасуын анықтау үшін инвестициялау коэффициенті қолданылады. Ол жеке капиталдың негізгі құралдарға қатынасына тең. Біздің мысалда ол 2009 жылы 0,6032, 2010 жылы 0,5479 – ға тең. /7/

Талдау барысында жеке капиталдың абсолюттық көлемін анықтап қана қоймай , оның жеке капиталдағы үлес салмағын да анықтау керек . Ол кәсіпорынның жеке капиталының қай бөлігі мобилді формада екендігін көрсетеді. Бұл коэффициенттің оптималдық мөлшері 0,5 – ке тең. Біз қарастырып отырған кәсіпорында бұл коэффициент 2009 жылы 0,3459 , 2010 жылы 0,2799 – ға тең , бұл мөлшерлі мәнге мүлдем сәйкес емес.

Енді кәсіпорынның табыстылығын бағалайтын көрсеткіштерді талқылайық. Бұл көрсеткішке кәсіпорын қызыметінің тиімділігін мінездейтін көрсеткіш - табыстылық көрсеткіші болып табылады.

 

Кесте 12 - «Көктас»АҚ –ның табыстылығын бағалау

Көрсеткіштер

2009 ж

2010 ж

1

Кәсіпорын активтерінің табыстылығы

 

-0,1558

 

-0,0842

2

Негізгі өндірістік қорлар табыстылығы

 

-0,0267

 

-0,0151

3

Сату көлемі табыстылығы

-0,1478

-0,0827

4

Өткізілген өнім табыстылығы

-0,5569

-0,2225

5

Негізгі қызымет табыстылығы

-0,4164

-0,2658

6

Біріктірілген капитал табыстылығы

-0,1558

-0,0842

7

Жеке капитал табыстылығы

-0,1764

-0,0842

8

Перманентті капитал табыстылығы

-0,1764

-0,0842

9

Заёмды капитал табыстылығы

-1,3358

-0,3479

Олар кәсіпорынның табыстылығын әр түрлі тұрғысынан өлшейді және нарықтық алмасу, экономикалық процеске қатысушылардың ойласуымен топталады. Табыстылық коэффициенті кәсіпорын табысының құрылуына бірден-бір әсер етуші фактор болғандықтан, олар салыстырмалы талдаудың және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың негізгі элементі болып табылады. Зерттеліп отырған кәсіпорында табыстылық коэффициенті 2010 жылы айтарлықтай өсті. Бірақ сату көлемінің табыстылығының өзі 0,0827 – ге дейін жетті. Бұл кәсіпорын қызыметінің тиімділігін және жұмыс белсенділігінің төмендегенін көрсетті.

Кәсіпорынның жұмыс белсендігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың соңғы этапы болып табылады.

 

Кесте 13 - «Көктас»АҚ – ның жұмыс белсенділігін бағалау

Көрсеткіштер

2009 ж

2010 ж

Ауытқу %

1

Капитал айналымдылық коэффициенті

0,2798

0,3784

135,2

2

Жеке капиталдың айналымдылық коэффициенті

0,3168

0,4992

157,6

3

Негізгі капиталдың айналымдылық коэффициенті

0,1911

0,2735

143,1

4

Ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті

0,6628

0,8333

125,7

5

Ағымдағы активтердің күндік айналымы

543,1

432,0

79,5

6

Материалды айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті

0,4209

0,5020

119,3

7

Дебиторлық қарыздардың айналымдылық коэффициенті

1,6452

2,8259

171,8

8

Дебиторлық қарыздардың орташа мерзімі

0,5422

0,8552

157,7

9

Кредиторлық қарыздардың айналымдылық коэффициенті

664,0

420,9

63,4

10

Кредиторлық қарыздардың орташа мерзімі

5,1131

11,2184

219,4

11

Ақша қаражаттарының айналымдылвық коэффициенті

70,4

32,1

45,6

12

Ақша қаражаттарының айналым ұзақтығы

0,7291

1,5326

210,2

13

Пермонентті капиталдың айналым жылдамдығы

493,8

234,9

47,6

14

Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті

0,3168

0,4992

157,6

 

Құралдардың айналымдылық жылдамдылығына байланысты кәсіпорынның жұмыс белсенділігінің анықталады. Жұмыс белсенділігін талдау әртүрлі қаржы айналымдылық коэффициенті және деңгейлерін зерттеумен тікелей байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған құралдардың қаншалықты тез айналатындығына тікелей тәуелді.

13 – ші кестеде жұмыс белсенділік көрсеткіштері есептелген .

Біріншіден, капитал айналымдылық коэффициенті көрсетілген . Ол кәсіпорынның барлық капиталының айналым көлемін, барлық ресурстарды қаншалықты тиімді пайдаланғандығын көрсетеді. Біздің кәсіпорында капитал айналымдылығы 2009 жылы 0,2798, 2010 жылы 0,3784 рет айналған.

Негізгі құралдар айналымдылығы кәсіпорынның негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін көрсетеді. Біздің кәсіпорын бойынша қор қайтарымдылық коэффициенті 43,1 %-ке өсті, 2009 жылы 0,1911, 2010 жылы 0,2735. Коэффициент жоғарлаған сайын, есептеу кезеңіндегі кемшіліктер төмендейді.

Айналымдағы активтердің немесе айналым құралдарының айналымдылық коэффициентін талдайық. Бұл коэффициент 2009 жылы 0,6628, 2010 жылы 0,8333 – ке тең, сонда айналым активтерінің айналымдылығы 0,17-ге өсті.

Айналым активтерінің бір айналым ұзақтығы , қарастырылып отырған кәсіпорында 2009 жылы 543,1 күн, 2010 жылы 432 күн.

«Көктас»АҚ –ның қаржылық коэффициенті айтарлықтай жақсы емес. Сондықтан біз «Көктас»АҚ –на банкроттық кезеңнің басталуын талдайық.

 

Кесте 14 - «Көктас»АҚ – на банкротқа ұшырау қаупі

Көрсеткіштер

Екі фактолық модель

Z – Альтман есептеуі

Таффлер әдісі

Сайфуллин әдісі

Зайцева әдісі

Кавалев әдісі

Вищняков әдісі

2009 жыл

-3,4910

4,7845

0,3484

1,4047

0,1907

250

64,3242

2010 жыл

-2,3887

2,3366

0,3156

0,9412

0,2258

127

34,0354

 

Екі факторлы жәй әдіске байланысты , (Z) нәтиже кері, 20092010 жылдарға банкротқа ұшырау қаупі үлкен емес. Z мәні банкротқа ұшырау қаупінің аз екендігін көрсетті. Егер Z <0 болса, банкротқа ұшырау қаупі 50% - ке төмен 2009 жылы «Көктас»АҚ – да ол 2010 жылға қарағанда төмен болды.

Альтман есептеу әдісі бойынша 2009 жылы банкротқа ұшырау қаупі төмен, 2010 жылы ол айтарлықтай жоғары.

Таффлер әдісі бойынша кәсіпорынның 2009 және 2010 жылдары да ұзақ мерзімді перспективалары айтарлықтай жаман емес.

Саифуллин әдісі бойынша 2009 жылғы нәтиже қанағаттандырарлықтай, бірақ 2010 жылы ол айтарлықтай төмен.

Зайцева әдісі бойынша банкроттықтың кешенді коэффициентінің мөлшерімен салыстырады. Осыған байланысты 20092010 жылдар бойынша банкротқа ұшырау қаупі өте жоғары.

Кавалев әдісі бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсы, егер ол жүзден асса, ал егер 100 төмен болса, ол қауіп төндіреді. «Көктас»АҚ – ның қаржылық жағдайын мына әдіспен есептеу қолайлырақ.

 

Кесте 15 «Көктас» АҚ – ның 2010 жылдың басы мен соңына баланс құрылымын бағалау

Көрсеткіштер

Жыл басына

Жыл соңына

Коэффициент мөлшері

Мүмкін шешімдер

 

1

Ағымдық ликвидтік коэффициент

 

3,6191

 

1,8769

 

2,0

Баланс құрылымы жыл басында қанағаттандырады, ал жыл соңында қанағаттандырмайды

 

2

Жеке құралдармен қамтамас етілу коэффициенті

 

0,7237

 

0,4672

 

0,1

 

3

Төлем қабілеттілігінен айырылу коэффициенті

 

1,8471

 

Х

 

Кәсіпорын үш айдың ішінде төлем қабілеттілігінен айрылмайды

 

 

4

Төлем қабілеттілігін қайта қалыптастыру коэффициенті

 

 

Х

 

 

0,349

 

 

1

Кәсіпорында 6 айда

Төлем қабілеттілігін қайта қалыптастыру мүмкіндігі жоқ

 

Бұл кестеден кәсіпорынға банкроттық қауіп төнгенін көреміз. 2010 жылдың басына кәсіпорынның баланс құрылымы қанағаттанарлықтай, өйткені ликвиттік коэффициенті 2 - ден жоғары, жеке құралдармен қамтамассыз етілу коэфиценті 0,1 –ден төмен . Сондықтан кәсіпорын үш айдың ішінде төлем қабілеттілігінен айрылмайды.

2010 жылдың соңына кәсіпорын баланстық құрылымы қанағаттандырарлықтай емес. Өйткені ликвиттік коэффициенті 2 – ден төмен. Кәсіпорында 6 айда төлем қабілеттілігін қайта қалыптастыру мүмкіндігі жоқ.

Осы көрсеткіштердің нәтижелері бойынша кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің төмендегенін көреміз.

Келесі кестеде төлем қабілетсіз кәсіпорынды көрсетеміз. Бұған: таза табыстың кері мөлшері, құралдардың тозу деңгейі, ағымдағы ликвиттік коэффциенті, айналым құралдарымен қамтамассыз етілу коэффициенті, аяқталмаған өндіріс деңгейі кіреді.

 

 

 

 

Кесте 16 Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсететін қызмет көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2009 ж

2010 ж

Ауытқу %

1

Таза табыс

Мың. тг

(-10036,2)

(-5687,0)

-

2

Құралдардың тозу деңгейі

%

60,5

60,5

100

3

Ағымдағы ликвидтік коэффициент

2

3,6191

1,8769

50

4

Жеке айналым капиталы мен қамтылу коэффициенті

0,1

0,7237

0,4672

65,3

5

Аяқталмаған өндіріс

Мың.тг

159,2

2815,2

1768,3

 

«Көктас»АҚ –ы өзінің төлем қабілеттілігін қайта қалпына келтіру мүмкіндігі жоқ, бухгалтерлік баланс құрылымы қанағаттандырылмаған, төлем қабілетсіз кәсіпорындар қатарына жатады. Сондықтан «Көктас»АҚ – ның басшылығына кризиске қарсы басқару шараларын жедел және қарқынды түрде жүргізу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫЛЫҒЫННЫҢ ҚАЗІРГІ  МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БОЛДЫРМАУ САЛДАРЫ

 

Банкроттықтың алдын алумен байланысты кәсіпорынның шаралары оның қаржылары мен өндірісін тиімді басқарумен оларды жүзеге асыру үшін стратегиялық мақсаттар мен тактиканы дұрыс анықтаумен байланысты.

Санация - сотқа дейінгі және соттау түрінде оның төлем қабілеттілігін орнына келтірумен байланысты шараларды білдіреді. Мұның барлығы белгілі бір мөлшерде кәсіпорынды реформалаумен байланысты. Бұл оны бақарудың жетілгенін, өндіріс тиімділігі мен шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілгі жоғарлағанын, еңбек өнімділігінің жоғарлағанын, өндіріс шығындарының төмендегенін, қаржы –экономикалық нәтижелердің жақсарғанын білдіреді. Осыған байланысты кәсіпорынды реформалау табысы факторлардың екі тобымен анықталады; мемлекет жасайтын жағдайлар тиімділігімен немесе экономикадағы кризистік құбылыстарды жоюмен, сондай-ақ кәсіпорынның нарықтық механизім мен құралдарды негіздеу және пайдаланумен байланысты қабылданған шаралар тиімділігімен.

Кәсіпорынның антикризистік стратегясының мақсаттары:

-   меншік немесе зайымдау қаржы көздерін оңтайлы біріктіру негізінде олардың өтімділігі мен төлемқабілеттелігін қамтамасыз ету.

-   негізгі, инвеститциялық және қаржылық қызметте барлық қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажет пайда мен рентабельділіктің сәйкес деңгейін алу.

Бұл үшін мемлекет өзінің басты мақсаты деп макроэкономикалық реттеумен инфляциямен күрес екенін жариялау керек. Бұл үшін қажет:

-   барлық деңгейдегі экономикалық және қаржылық көрсеткіштер жүйесі, сондай-ақ экономиканың базалық салаларын қолдау жасау керек;

-   кәсіпорынға өзінде жоқ меншікті айналым қорларын табуға жағдай туғызу;

-   займ қаражаттарын пайдалану бойынша кәсіпорын мүмкіндіктерін кеңейтетін экономикалық шараларды қабылдау. Бұл үшін ҚР Ұлттық банкінің есептік ставкасын әлемдік деңгейге дейін төмендету керек;

-   төлемсіздікті қысқарту немесе осымен байланысты есеп айырысулардың тиімсіз формаларын қысқарту бойынша коммерциялық несие, вексель, чек сияқты нарықтық құралдарды енгізуі керек;

-   салықтық саясатты өндіріс пен инвеститцияны ынталандыруға бағыттау керек;

-   кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттілігін анықтау керек;

-   кеден саясатын ұлттық өндіруші мен бәсекелестік қабілеті бар тауарларды қорғауға бағыттау керек;

Банкроттықтың алдын алу стратегиясын таңдау мен кәсіпорынның нарықтық механизімді енгізу шараларының тиімділігі кәсіпорындағы қаржыларды басқару жүйесінен тәуелді болады.

Бұл жүйенің негізі- қаржылық талдау, оның қорытындысы бойынша кәсіпорын өзінің қаржылық жағдайына үнемі баға береді. Бұл талдаудың негізгі бағыттары келесідей:

-         кәсіпорын мүлкінің және оның қалыптасу көздерінің сондай- ақ капитал құрылымы көрсеткіштерін бағалау;

-         айналым қорларының жағдайын бағалау, оның жеткіліктілігін анықтап , осы негізде қаржылық жағдайды бағалау;

-         кәсіпорын өтімділігі мен төлемқабілеттелігінің дәрежесін анықтау;

-         рентабельділік тенденциясын көрсеркіштер жүйесі негізінде анықтау;

Кәсіпорын банкроттығының алдын-алу стратегиясында өтімділік пен төлемқабілеттілігі прблемаларын шешуде бастысы болып айналым қорларын кәсіби деңгейде басқару болып табылады. Бір жағынан бұл айналым қорларын ынталандыруға бағытталса, екінші жағынан бұл қорларды материалдық активтер арасында орналастырылады. Бұл жерде қаржылық тетік ретінде пайдаланылатын несиемен байланысты дұрыс таңдаған несие саясаты маңызды роль артқарады.

Айналым қорларын басқарудың бір бөлігі болып дебиторлық және кредиторлық қарызды басқару табылады. Мұндай басқарудың маңызды элементі болып тауарлық вексельдерді белсенді пайдаланады.

Кәсіпорынның қаржылық стратегиясының бір мақсаты пайда алу мен рентабельді жұмысты қамтамасыз ету. Мұның негізінде «шығын, түсім, пайдаң өзара байланысының талдауы жатыр, ал бұл кәсіпорында басқарушылық есепті кеңінен пайдалануды білдіреді.

Шығындарды өнімнің өзіндік құнына енгізудің екі негізгі әдісі бар: калькуляциялық және маржиналды. Екінші дәстүрлі емес әдіс біріншісінен шығындардың өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты айналмалы және тұрақты болып өзгерумен ерекшеленеді. Сонымен бірге, онда тек айналмалы шығындар негізінде өнім бірлігінің толық емес өзіндік құны анықталады. Мұның барлығы кәсіпорынның талдаушылық мүмкіндіктерін кеңейтіп, шығарылатын өнімнің жекелеген түрлерінің табыстылығы туралы түсінік береді. Маржиналды әдіс операциялық тетікті пайдалануға, яғни маржиналды табыстың өткізуден түскен пайдаға қатынасымен анықталады. Кәсіпорынның қаржылық қызметінде ақшалай ағымдарда басқаруға көп көңіл бөлінуі керек. Бұл жерде негізгі, инвеститциялық және қаржылық қызметтегі ақшалай қорлардың барлық келуі мен кетуін дәл анықтап, олардың ұлғаю, кему себептерін талдауы керек. Бұл облыстағы маңызды факторлардың бірі болып қаржылық нәтижеге міндетті түрде әсер ететін уақыт факторы.

Жоғарыда аталған кәсіпорынның стратегиясындағы бағыттардан басқа амортизациялық, инвеститциялық, дивиденттік саясатқа, бағалы қағаздар нарығында саясатқа ерекше көңіл бөлу керек.

Белгілі бір қаржылық қолдауда төлемсіз кәсіпорындарды санациялаудың негізгі шаралары келесідей:

-   басқарудың жаңа формалары мен әдістерін енгізу;

-   конверсия, диверсификация, жаңа өнімді шығаруға көшу, оның сапасын жоғарлату;

-   маркетинг тиімділігін жоғарлату;

-   өндірістік шығындарды төмендету;

-   дедитор-кредиторлық қарызды төмендету;

-   айналым активтеріндегі меншіктік қаржылардың үлесін жоғарлату;

-   артық құрал-жабдық, материал, аяқталмаған өндіріс, дайын өнімді, сондай-ақ еншілес формалар мен капитал үлесін сату;

-   капиталдық құрылысты уақытша тоқтату;

-   қарыздарды конверсиялау;

-   экспорт тиімділігін жоғарылататын мүмкіндіктерді іздестіру;

-   жұмыс бастылар санын қысқарту;

-   басқа да шаралар

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау немесе баланстық қанағаттанарлықсыз құрылымын анықтау кезінде кәсіпорынның қаржылық жағдайына болжамды түрде талдау жүргізілді, оның мақсаты кәсіпорынның төлемқабілеттілігін оның балансының құрылымы негізінде анықтау.

Баланыстық қанағаттанарлықсыз құрылымы- бұл мүлік есебінен кредитор алдында міндеттемелерді өз уақытында орындай алмаған мүлік құны қарызгердің міндеттемелерінің сомасын тең немесе одан асуы мүмкін.

Ең алдымен екі коэфициент анықталады: ағымдағы өтімділік (К1) мен меншік қаржылармен қамтамасыз етілуі (К2). Біріншісі кәсіпорынның жедел міндеттемелері бойынша өз уақытында есеп айырысу қабілетін, ал екіншісі кәсіпорында қаржылық тұрақтылық үшін қажет меншікті қаржылардың жеткілікті көлемін сипаттайда.

Ағымдағы өтімділік коэфициенті келесі түрде анықталады:

 

К1=АП/(ЗС+КЗ)

 

Мұндағы,               АІІ – баланс активінің екінші бөлімі

                                                        3C – займ қаржылары

              К3 – кредиторлық қарызы

 

Бұл көрсеткіштердің алымында айналым қаржыларының барлық сомасы, ол бөлімінде оның ең көп жедел міндеттемелері – қысқа мерзімді несиелер мен займдар, кредиторлық қарыздар көрсетілген.

Меншіктік қаржылармен қамтамасыз етілу коэфициенті келесі түрде анықталады:

К2=(Tvv-A1)/Ап

  Бұл соманың алымы кәсіпорынның меншікті қаржыларының қандай сомасы айналым активтеріне бағытталғанын , ал бөлімі барлық айналым қаржыларының сомасын білдіреді.

Бұл коэфициенттердің минималды мөлшері шартты түрде 2 немесе 0,1-ге тең деп алынуы мүмкін, бірақ салалық ерекшеліктерді ескере отырып.

Нормативтіден төмен коэфициенттің іс жүзіндегі мәндерінде үшінші коэфициент – 6 ай мерзімге қалпына келтіру (КЗ- В) есептелінеді.

К3-в1=(K1ф + (6/Т)*(К1ф-К1п)) /2

 

Мұндағы, К1ф – ағымдағы өтімділік

                 К1 коэфициентінің іс жүзіндегі мәні (есепті кезең аяқталғанда)

              К1П - ағымдағы өтімділік коэфициентінің кезең басындағы мәні

              6 - төлем қабілеттілігін қалпына келтіру кезеңі, ай

              Т - есепті кезең, ай

              КЗ- В 1- ден көп болғанда оның төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге нақты мүмкіндік туады.

      К1 мен К2 нормативті мәндерден көп болғанда 3 ай мерзімге төлем қабілеттілігін жоғалту коэфициенті есептелінеді.

      К З-У 1- ден көп болғанда кәсіпорында төлем қабілеттілігін жоғалтпаудың нақты мүмкіндігі бар. Бұлай болмаған жағдайда кәсіпорын жақын арада төлем қабілеттілігін жоғалтады.

Үлкен дебиторлық қарыз әсіресе мемлекеттік коэфициенттерге теріс әсер етеді.

Кәсіпорын мемлекеттік және басқа да қарыздарды, олардың пайда болу мерзімін және қызмет ету шығындарын анықтайды.

 

ОНЗ= (НЗ*(Т/12)*УС)/100

мұндағы ОНЗ – негізделмеген дебиторлық қарызға қызмет ету шығындары.

              НЗ - негізделмеген қарыз сомасы.

              Т - қарыз мерзімі, ай.

              УС – қарыз пайда болған кездегі ҰБ-тың жылдық есептік ставкасы. Бұдан кейін ағымдағы өтімділік коэфициенті келесі формула арқылы есептеледі.

 

К1=(Ап-Нз)/(ЗК+КЗ+НЗ-ОНЗ)

 

Егер К1 2-ден көп болғанда кәсіпорынды төлем қабілетсіз, баланс құрылымын қанағаттанарлықсыз деп есептеуге негіз жоқ.

Төлем қабілетсіз кәсіпорындар жекелей болады. Бұл жағдайда төлем қабілетсіздік себептері объективті, субъективті болуы мүмкін. Оларға кәсіби емес менеджмент, ескірген құрал-жабдық, шығарылатын өнімге сұраныстың төмендеуі, шығын, тұтыну қоры, қолма қолсыз есеп айырысулардың формаларын дұрыс таңдамау, үлкен дебиторлық, кредиторлық қарыздар жатуы мүмкін. Сондықтан кәсіпорынды төлем қабілетсіз деп жариялағаннан кейін оның әкімшілік қалыптасқан жағдайын дәл анықтау үшін қаржылық талдау жүргізуі керек.

Қазіргі кезде қаржылық көрсеткіштерді болжаудың әртүрлі әдістері мен тәсілдері бар.Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайын болжаудың 4 негізгі тәсілі бар:

1.                  несие беру қабілеттіліг индексінің есебі,

2.                  формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану,

3.                  төлем қабілеттілігі көрсеткіштерін болжау,

4.                  қаржылық ағымның құйылуын талдау.

Банкроттықтың алдын алып, кәсіпорынның төлем қабілетін қалпына келтіру үшін, кәсіпорын келесідей шараларды жүзеге асыруы тиіс:

      қозғалмайтын мүліктің бір бөлігін сату,

      артық тауарлы-материалдық қорлардан құтылу,

      жарғылық капиталды өсіру,

      айналым қаражаттарын толтыру үшін ұзақ мерзімді ссудалар мен заемдерды алу,

      шығындарды қысқарту бағдарламасын жасау және жүзеге асыру,

      активтерді басқаруды жақсарту,

      қайтарылмайтын немесе қайтарылатын негіздегі әртүрлі деңгейдегі бюджеттерден, салалық және саларалық бюджеттен тыс қорлардан мемлекеттік қаржылық көмек алу.

Банкроттықты болдырмауға бағытталған жұмыстың басқа жайы маркетингтік саясатты дұрыс жүргізу болып табылады.

Бұл ұсыныстар банкроттықты болдырмайтын жұмыстарға жалпы бағыт береді. Шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық дағдарыс жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға бағдарлама жасауға болады.

 

Нарықтық экономикасы дамыған елдердің дағдарысқа қарсы басқару тәжірибесі

 

Ешкім және ешқешан дағдарыстан сақтанбаған. Негізінен дағдарыстық жағдай кездейсоқ болады. Дағдарыс таңдамайды. Дағдарыстық жағдайда әдетті және жалпы қабылданбаған шегінен шықпайтын басқару әдістерін қолдану қажет. Нарықтық экономикасы дамығын елдердің тәжірибесінде макро және микро деңгейдегі дағдарысқа қарсы шаралар арсиналы бар. Нарықтық экономикада жекелеген компаниялардың дағдарысы – күнделікті іс.

Мүмкін болатын қиыншылықтар туралы, әсіресе қаржылық, кәсіпорын басшылығы олардың пайда болуына дейін білу, оларды болжау, алдын ала дағдарысқа қарсы бағдарламаларды жасау, сәйкес ескеру шараларын қабылдау қажет. Басқа жағдайда, жоғалтулар өте көп болу, және ұйымның өмір сүруі туралы сұрау тұруы мүмкін. Оны болдырмау қажет.

Экономикалық дамыған мемлекеттердің дағдарысқа қарсы басқару тәжірибесін ҚР-да оның басқарудың спецификалық жағдайларын ескере отырып сәтті іске асыруға болатын көп нәрсені алуға болады.

Дағдарысты жағдайлар көптеген себептерге байланысты пайда болатынын ескере кетейік. Олардың ішінде табиғи апаттар, экологиялық дағдарыстар, қаржылық дағдарыстар, азаматтық және құқықтық дағдарыстар. Бұл тізімді ұзағынан жалғастыруға болады, бірақ Батыста және әсіресе біздің елде басты себеп – қанағатсыз басқару. Ұйым қызметінде кездесетін мәселелердің тізімі, демек проблемалардан туындайтын дағдарыстар тізімі өте кең.

Шетелдердің дағдарысқа қарсы басқару тәжірибесінен кәсіпорын басқару жүйесінде бюджеттерді қолдану тиімді деп саналады.

Бюджеттеу – жоспарлау, есеп және кәсіпорынның ақша ресурстары мен оның қаржы нәтижелерін бақылау технологиясын жасау. Кәсіпорын болашағының қаржылық көрінісі бюджеттің болуы қажетті, себебі есепті кезеңде алынған шаруашылық қызметтің нәтижесі қаншалықты осы бюджеттің орындалуын қамтамасыз еткенін көруге, осы нәтижелерге әкелген себептерді анықтауға және сәйкес шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді. Ескерте кететін мәселе практикада қаржылық жоспарлаумен қаржылық есеп әдетте басқарудың әртүрлі компоненті ретінде көрсетіледі. Сәйкесінше, кәсіпорында осы функциялар түрлі қызметтердің компетенциясына кіреді: бюджеттік жоспарлаумен жаспарлы – экономикалық бөлім, ал қаржылық есеп – бухгалтерия. Осы екі құрылым өз жұмысының мақсатын түсінуден шығады.

Бюджет кәсіпорын алдына қойған мақсаттарға зжету үшін қаржы ресурстарын бөлу әдісі болып табылады. Бюджет - бұл белгілі бір уақыт кезеңінде сандық, әдетте ақшалай түрдегі жоспар. Ол фирмашілік жоспарлаудың түрлі функцияларын орындайды. Осы функцияларды қарастыраайық. Бюджеттің мағынасы экономикалық болжаудан бастайық. Негізгі маңызды болжамды жоспарлы шешімдер стратегиялық жоспарлауда қолданылады, ал бюджетті құру процесі осы жоспарлы болжамдардың қаржылық өңделуі болып табылады.

Сонымен қатар, бюджет қаржылық бақылаудың негізі болып табылады. Бюджетке енгізілген жоспарлардың орындалу шамасына қарай кәсіпорын қызметінің қаржылық- шаруашылық нақты нәтижелерін тіркеу қажет. Нақты көрсеткіштерді жоспарлағанмен салыстыру арқылы, бюджеттік бақылау жүргізуге болады. Бұл жағдайда жоспарлы (бюджетті) көрсеткіштерден ауытқитын көрсеткіштерге көп назар аударылады және олардың ауытқу себептері талданады. Осылайша кәсіпорынның қаржылау қызметінің барлық жақтары туралы ақпарат жиналады. Бірақ, бюджеттің өзі нақтылы емес мәліметтерден құрылуы мүмкін. Екі жағдайда басшылықақпарат алуға қызығушылық танытады.

Сонамыен қатар, бюджет координациялық функциясынатқарады. Бюджет шикізат пен тауарларды сатыпалу,өндірілген өнімді өткізу,инвестициялық қызмет жінне тағы басқа салаларда құндылықкөрсеткіштерде көрстілген қызмет(жоспар ) болып табылады.

Бюджет түрлі түрлі мақсаттарды орындауға негіз болады. Осылайша келесі кезеңге жол сала, ол кезең басталмай тұрып бұл сұрақтарды алдын- ала шешу керек. Сонымен қатар, бюджет өкілеттіліктерді деңгейлеу құралы болуы мүмкін. Кәсіпорын басшылығымен бөлімшелердің (еншілес ұймдардың) бюджетін (жоспарын) мақұлдау, әрі қарай жедел шешімдер осы бөлімше деңгейінде шешіледі деген дабыл.

Фирмашілік қаржылық жоспарлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру әртүрлі болуы мүмкін. Әдетте бюджетті құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың екі схемасын бөледі: «Жоғарыдан төменгең әдісі және «Төменнен жоғарығаң әдісі бойынша. «Жоғарыдан төменгең әдісі бойынша бюджетті құру жұмыс басшылық кәсіпорынның міндеттерін анықтаудан басталады. Әдетте табыс жөнінде жоспарлы көрсеткіштер белгіленеді. Кейін бұл көрсеткіштер бөлшектенген формада иерархия бойынша кәсіпорынның төменгі құрылымдық деңгейлерінің сәйкес бөлімшелерінің жоспарына енгізіледі. Осы әдістердің тек біреуін ғана қолдану мақсатты емес. Жоспарлау мен бюджетті құру түрлі бөлімшелердің бюджетін күнделікті координациясын жүргізу міндетті ағындағы үрдіс болып саналады.

Кәсіпорынның жалпы бюджеті бірнеше бөліктерден тұрады. Олардың әрқайсысы бюджет болып табылады. Типті кәсіпорын үшін жалпы бюджеттің үш негізгі бөлімі болып:

      табыстар мен шығындар бюджеті, алдағы жылдың жоспарланатын операцияларды көрсететін, тек қана табыстар мен шығындардан емес, сонымен қатар тауарлы – материалды қорлар мен жұмыс капиталының басқа түрлерінен тұратын операциялар жиынтығы;

      ақша құралдарының қозғалысы бюджеті, бұл бюджетті жылы қолма-қол құралдардың пайдаланылу бағыты мен болжамды көздері көрсетіледі;

      инвестициялар бюджеті, есепті кезеңде меншіктің, ғимараттың, қондырғылардың, жабдықтардың, пайдаланылу нәтижесінде ақшалай қайта бағалауында жоспарлы өзгерістерді көрсетеді.

Табыстар мен шығындардың бюджеті әдетте екі бөлімнен тұрады: барлық кәсіпорынның бағдарламалық бюджеті және еншілес ұйымдардың (немесе жауапкерлік орталықтардың) бюджеті.

Бағдарламалық бюджет кәсіпорынның бағдарламалық нұсқауларын жүзеге асыру нәтижесінде жоспарлы ақша табыстары мен шығындарынан тұрады. Қай бюджет топталуы мүмкін, мысалы шығын түрлері бойынша, демек кәсіпорынның әрбір тауар түрі немесе тауарлардың жеке түрлері бойынша болжамды табыстар мен шығындарды көрсетеді.

Еншілес кәсіпорындардың (немесе жауапкершілік орталықтары) бюджеті олардың белгілі бір уақыт кезеңінде қаржылық – шаруашылық қызметінде қатысуын анықтайды. Бұл кезең бақылау құралы болып табылады.

Ақша құралдарының қозғалысы бюджетінің негізгі мақсаты – ақша құралдарының түсуі мен шығындалуының синхрондылығын тексеру, демек кәсіпорынның болашақ өтімділілін тексеру болып табылады. Нарық жағдайында ол өте қатаң мәселе, өйткені таныс қолма-қол ақшаның көптілігін, ал қолма-қол ақшаның көптілігі кәсіпорынның табыс алуын анықтамайды. Сонымен қатар, айталық уақыты өткен несие міндеттемелері кәсіпорынның банкроттылығын болжайды. Бұл кәсіпорынның экономикалық жұмысының тәжірибесі үшін жаңа проблема болып табылады. Оның шешімінсіз кәсіпорынды тиімді басқару жөнінде айту қиынға соғады.

Нақты бардың болжамы табыстың болжамынан ерекшеленеді және алыған табыстың емес нақты бардың қозғалысын көрсетеді. Табыстың болжамында болатын және нақты бардың болжамында болмайтын, және керісінше, бірнеше параметрлері бар. Таза табыспен нақты бардың болжамында қолданылатын көрсеткіштерді қарастырайық. Таза табыс болжауда: сатулардың счет-фактурасы, клиентке жіберілген материалдардың құны, басқа шығындардың барлығы. Болмайтын көрсеткіштер:капиталды салымдар, мүлікті сатып алу-сату, дотация мен ҚҚС. Ал, нақты бардың төленген материалдардың құны, тек қана шығындар, мүлікті сатып алу – сату және ҚҚС дотациясы, амортизация кірмейді.  Капиталды салымдардың бюджеті - басқарушылық көзқарасынан қажетті қосымша қуаттар мен жаңа машина мен жабдықтарды сатып алулар. Бұл бюджет әрбір сатып алулардың құнын және сәйкес ақша шығындарының мерзімін көрсетеді. Капиталды салымдар бойынша ұсыныстар кәсіпорынның кез келген бөлімінде пайда болуы мүмкін. Әдетте капиталды салымдардың бюджеті қаржылық бюджеттен бөлек құрылады.

Кәсіпорын қызметінің есепті кезеңінің ішінде пайдаланылған ресурстар, яғни шығындар мен алынған табыс ескеріледі. Басқарушылық бақылау жүйесі әрбір бөлімшелердің басшыларына бухгалтерлік және бухгалтерлік емес ақпаратты байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл ақпарат кәсіпорын және оның еншілес үйымдарының жұмысын координациялауға мүмкіндік береді, және сәйкес есеп берулерде жазылады. Есеп берулер бақылау негізі ретінде қолданылады. Бақылау есеп берулері салыстырмалы нақты және жоспарлы қызметінің таңдауынан құрылады. Формальды бақылау есеп берулерге, жеке зерттеулерге, формальды емес ақпаратқа негізделе басқарушылар осы жағдайда қолдануға қажетті істерді бағалайды. Үш жауапты істер болуы мүмкін: біріншіден, ағымдағы операцияларды аздап өзгертуге болады, екіншіден, оперативті бюджетті қайта қарауға болады, үшіншіден, жалпы бағдарламаны қайта қарастыру немесе жабу қажеттілігі туындауы мүмкін.

Бюджеттік көрсеткіштерді бақылау бойынша жұмыстар әр кәсіпорында өзінің тұтынушылары мен бұл процестің маңыздылығын түсініп құрылады.

Қызметтің әр түріне жататын кәсіпорындардың бюджет түрлерін қарастырайық. Бұл бюджеттер сәйкесінше оларды асыраудың және соңғы нәтижені алудың түрлі формаларын қажет етеді. Кәсіпорындағы бюджеттеу үшін маңызды пунк болып өткізу жоспары болып табылады. Бұдан базалық жоспарлармен оларға сәйкес келетін бюджет түрлері шығады: сатып алу, қорлар, өндіріс, өндірістік қуаттар, инвестициялар, персонал. Табыс, өтімділік, қаржы бойынша жоспарды жасау негізі болып базалық жоспарлар мен бюджеттер табылады.

Қажетті шаралар уақытылы орындалуы үшін бюджет жыл басында қабылдануы керек. Бюджет мақсаты уақытша кезеңде күшіне ие. Бюджет өзгерген мақсаттар мен мәліметтер есебіне өзгермеу керек. Талдау жүргізгендегі мәліметтер келесі бюджетке болашақта ескерілуі қажет.

Контроллинг көзқарасынан бюджет келесі талаптарға сай болуы керек: ол қол жетерлік болуы керек, бюджет біреу ғана болуы керек, ол натуралды және ақшалай бірлікте жалпылаушы жоспар болып табылады. Бюджетті кезеңде бюджет өзгермеу керек.

Бюджетті құрастырғанда уақытша, сонымен бірге қаржылық, қиыншылықтарды жеңуге ықпал жасалады. Ол қазіргі заманғы басқарудың барлық мүмкіншіліктерін пайдаланады, стратегиялық маңызы бар әр кәсіпорында арнайы бағдарламаны өңдеу мен тәжірибеде қолдану көмегімен іске асады. Контроллинг, басқа жаңа басқарушылық құралдармен қатар, кәсіпорын үшін нарық коллизиясында шыдау ғана емес, сонымен қатар жылдамдатылған процеске жетудің негізгі мүмкіншілігі болады.

Қазіргі уақытта контроллинг, кәсіпорын қызметін экономикалық басқару жүйесі ретінде дамыған елдерде кең қолданылады. Нарықта сәттілікке жету үшін жету кепілі ретінде қызмет етеді. Ол жиі шағын фирмаларда қолданылады. Бұл контроллинг бәсекелік күресте жеңудің негізгі тиімді құралы ретінде қолданылатынымен байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Республикадағы экономикалық жағдайдың даму денгейі кәсіпорынға тікелей әсер етеді, оның қаржы-экономикалық жағдайы мен банкроттық процесіне ықпал етеді. Қазіргі жағдайда көптеген кәсіпорындар үшін кісіпорынның бәсекеқабілеттілігін аттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңыздылығы дағдарысқа қарсы басқарудың ролін арттырады. Осыған сәйкес кәсіпорындар шығарған өнімдерінің бағасын төмендету, өткізу көлемін көбейту, әрі нарықты тауарлардан сапалық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін өнім түрлерін өндіру арқылы нарықтағы жағдайын нығайтуға ұмтылуда. Жоғары деңгейдегі бәсеке жағдайында әрбір кәсіпорын мақсаты төлемқабілетті және қаржылай тұрақты бөлу. Дегенмен, кейбір кәсіпорындар сот шешімі бойынша төлемқабілетсіз деп танылып, банкроттыққа ұшырайды.

Қазіргі уақытта көптеген отандық кәсіпорындардың қаржылық қиындықтары бар, ол сыртқы жалпымемлекеттік мәселелермен (заңшығарушылық базаның жетілмегендігі, саяси жағдайдың тұрақсыздығы, өндірістің құлдырауы) және ішкі мәселелермен (тиімсіз маркетинг, құралдарды тиімсіз пайдалану, тиімсіз өндірістік менеджмент, қаржы ағымдарының тепе-теңсіздігі) байланысты. Жоғарыдағы факторлар жиынтығы кәсіпорынның қаржы жағдайының диагностикасын үнеім жүзеге асырылуын қажет етеді, ол кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқару механизмін жүзеге асыру мақсатында болады.

Қазақстан Республикасы жағдайында банкроттық механизмнің нормативті-құқықтық базасы ретінде заңдар мен қабылданған заңдалақ құжаттар пайдаланылады.Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралың Заңына сәйкес, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешімі ерікті немесе еріксіз түрде қабылданады.

Банкроттық борышкердің сотқа жазған өтініші бойынша ерікті түрде немесе оның өзінің банкроттығы жайында соттан тыс түрде кредиторлармен келісімге келе отырып, ресми түрде хабарлауы жолымен жасалады. Ал еріксіз түрде кредиторлардың немесе «Банкроттық туралың Заңымен өкімет берілген тұлғалардың өтінші негізінде жасалады.

Банкроттық жайында кредитордың өтінішімен сотқы баруына негіз болып борышкердің төлеу қабілетінің болмауы болып табылады. Егер борышкер өзінің міндеттемелерін үш ай ішінде орындай алмаса, оның төлем қабілеті жоқ деп саналады. Ал егер де кредитордың борышкерге қойған талаптарының сомасы 150 айлық есепті көрсеткіштерден жоғары болса ғана, банкроттық жайында іс сотпен қаралады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, міндеттемелелердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігіне байланысты жағдайда болады. Бұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.

Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.Сондықтан бұл жұмыста нақты жойылу қаупі бар кәсіпорын қызметін қаржылық талдау жүргізілген. Талдау нәтежиесінде, кәсіпорынның дағдарыстық жағдайы анықталды, оның негізгі себептері, сапа және құны жағынан өндірілген өнімнің бәсекеқабілетсіздігі, сонымен бірге негізгі қорлардың жоғары денгейдегі тозуы, айналым құралдарының жетіспеуі болып саналады.

Сондықтан шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық дағдарыс жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарлама жасау керек. Сәйкесінше бұл жұмыстың нәтежиесінде сауықтырудың дағдарысқа қарсы механизмін қолдану арқылы кәсіпорынның санациялық бағдарламасы жүзеге асырылған, оның мәні бірпрофильді кіспорындарды біріктіріп, ірі ашық акйионерлік қоғам құру. Түскен қаражаттар ескі құрал-жабдықтарды жаңартуға, жаңасын алуға, айналым құралдарын қаржыландыруға және кредиторлық міндеттемелерді өтеуге бағытталады.

Сонымен қорыта келе жоғары деңгейдегі бәсеке жағдайында әрбір кәсіпорын мақсаты төлемқабілетті және қаржылай тұрақты бөлу. Банкроттық-дағдарыстық жағдай және оны жою үшін қаржылық басқарудың арнайы әдістері қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.      Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралың Заңы;

2.      Дүйсенбаев Ш., Төлегенов Ә.Т., Жумагалиева А.Т., «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауң, Алматы 2001 ж.

3.      Ковалев А.П. «Финансовый анализ и диагностика банкротстваң Учебное пособие, М.-1994г.,54 б;

4.      «Теория и практика антикризисного управленияң, Под ред. С.Г. Беляева, В.Ш, Кошкина, М. 1996, 34 б;

5.      Ансофф И. «Стратегическое управлениең, М.: Көктас. 1987,185

6.      Советский энциклопедический словарь, 1989, 259 б.

7.      Стоянова Е.С. «Финансовый менеджментң, М.: Перспектива, 1995

8.      Антикризисное управление, Под ред. Э.М. Короткова, 2008, 95 б.

9.      Казахстан:1992-2002ж.ж.Информационно-статистический сборник, Алматы, 2002 ж.

10. Ковалев А.П. «Анализ финансов по состоянию предприятияң М. 1995, 54б.

11. «Қаржы-қаражатң №3, 2008.

12. Бердалиев К.Б.,Тұрсынбаева А.А.Менеджмент теориясы мен тәжірибесі, Алматы-2002ж.;

13. Назарбаев Н.А. Қазақстан-2030,Алматы-1997ж.;

14. 15.Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару А-2001

15. Антикризисное управление и банкротствоң Мухамбетов Т.Ж., Алматы 2002.

16. «Евразийское сообществоң, №2, 2008, 61-64 стр. «Антикризисное управлениең.

17. Под ред. Грязновой А. «Антикризисный менеджментң, М. 1999.

18. «Қаржы-қаражатң, №2 2002.

19. Под ред. Жатканбаева Е.Б.Малое предпринимательство: теория, мировой опыт и Казахстан, Алматы-2001ж.;

20. Под ред. Смаилова А.А. Казакстан 1991-2001 г.г. Информационно-аналитический сборник, Алматы-2001ж.;

21. Ковалев В.В. «Финансовый анализ: Управление капиталом. Выбор инвестиции. Анализ отчетности, М. 1995 г. №1-2, С. 13.

22. Герчикова И.Н. Менеджмент, М.: Финансы и статистика, 1994г.;

23. Ковалев В.В. Финансовый анализ. М: Финансы и статистика, 1997;

24. Егемен Қазақстан газеті, 05.04. 2008ж.;

25. Палий В.Ф., Суздальцева Л.П.  “Технико-экономический анализ производственно -    хозяйственной деятельности предприятий” изд.  “Машиностроение” - 2000 №2

26. «Методика оценки изджек финансирования оборотного капитала», 2004, №5

27. 2008-2010 жылдар аралығында «Көктас» АҚ қаржылық есептемесі.

28. Егемен Қазақстан газеті, 05.04. 2008ж.;

3

 

Информация о работе Банкроттықты талдау