Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 09:51, курсовая работа
Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның Конституциясына негізделген және ҚР Азаматтық кодекісінен, 2-шілде 2003 жылғы «құнды қағаздар нарығы туралы» Қ.Р заңынан және басқа ҚР нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол қойған келісімшарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген болса, онда халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады.
КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------------3
І. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ҚҰҚЫҒЫ-------------------------------------------------4
1.1 Бағалы қағаздардың түсінігі және түрлері----------------------------------------4
1.2 Бағалы қағаздарды есепке алу және тіркеу---------------------------------------7
1.3 Бағалы қағаздар дың жасайтын нормативтік құқықтық базасы------------8
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------10
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------11
Қазақстан
экономикасына көптеген есепке
алынбаған және көзге
Біріншіден, бюджетке қажетті табыс түспейді, екіншіден ішкі өнімнен түскен таза табыс шетелге кетіп, Қазақстан банкілерінің ресурстарын шектейді, олар өздеріне қажетті қаржыны шетелден тартуға мәжбүр болады.
Соңғы
кездері Қазақстан Үкіметінің құрамында
Кіріс министрлігі құрылғаны және
Салық комитетінің міндеттері мен
кұкығы кеңейтілгені белгілі. Соңғы мәліметтерге
қарағанда, Кіріс министрлігі Қазақстандағы
ең ірі деген 100 кәсіпорынды өзінің тұрақты
бақылауына алған көрінеді.
1.3 Бағалы қағаздардың нормативтік құқықтық
базасы
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында (қор биржасында) айналыста болатын құжатты және құжатсыз, эмиссиялық және эмиссиялық емес, атамалы, ұсынбалы және ордерлік бағалы қағаздар тиісті тұлғаның (жеке тұлғаның, заңды тұлғаның немесе өзге де тұлғаның) мүліктік құкығын куәландырады.
Бағалы қағаздарға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 136, 139-баптарында және «Бағалы қағаздар туралы» Қазақстан Республикасы занының 11, 12, 15-18-баптарында және өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде айқындалған акциялар, облигациялар, Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді валюталық, ноталары, қазақстандық депозитарлық қолхат және т.б. жатады.
Бағалы
қағаздармен куәландырылатын
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының объектілеріне:
1) Қазақстан Республикасы резиденттерінің — ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
2)
Қазақстан Республикасының
3) Қазақстан Республикасының резиденттері — ұйымдардың шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сай тіркелген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
4)
халықаралық қаржылық
5) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;
6) туынды бағалы қағаздар;
7) өзге де қаржылық құралдар жатады.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актісінде белгіленген талаптар мен тәртіп негізінде уәкілетті орган жүзеге асыратын міндетті мемлекеттік тіркеуден өтеді. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және коммерциялық банктер бағалы қағаздар рыногында эмиссиялық, инвестициялық, кәсіби қызметтерін және бағалы қағаздар рыногына көрсететін қызметіне байланысты басқа да операцияларды жүзеге асырады.
Сонымен қатар Екінші деңгейлі банктер бағалы қағаздар рыногына қызметтер көрсету барысында тиісті тұлғаларға бағалы қағаздар сатып алуға қажетті банктік кредиттер береді, облигациялар мен өзге де бағалы қағаздар шығару бойынша банктік кепілдік береді; эмитенттердің төлемдік агенттері функциясын орындайды; кепілге қойылған бағалы қағаздарға орай банктік кредит береді;
бағалы қағаздар рыногы қатысушыларының банктік шоттарын жүргізеді; бағалы кағаздар рыногындағы операциялардың қорытындысы бойынша ақшалай есеп айырысуды жүзеге асырады.
Екінші деңгейлі банктер бағалы қағаздар рыногындағы тиісті (кәсіби) операцияларын тек уәкілетті мемлекеттік орган беретін лицензия (лар) негізінде жүзеге асыра алады.4
Бағалы қағаздар рыногындағы банктер өз клиенттеріне қызметтер көрсету процесінде аталмыш рынокка байланысты коммерциялық және операциялық кызмет құпиясын құрайтын мәліметтердің жарияланбауына, сондай-ақ бөтен тұлғалардың пайдалануына жол бермеуге мүмкіндік беретін талаптардың сақталуын камтамасыз етуге міндетті.
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын түрлі операциялары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 129—134, 136,139-баптарымен, 715-бабының 3-тармағымен, 716-бабының 2-тармағымен; «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 8-бабынына), б)-тармақшаларымен, 27, 28-баптарымен, 33-бабымен, 35-бабымен, 36—2-бабымен, 36-3-бабымен, 52— 1-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 6)-тармақшаларымен, 54-бабының тиісті ережелерімен, 56-бабының а), б), в)-тармақшаларымен, 57-бабының тиісті ережелерімен, 58-бабының тиісті ережелерімен; 42-бабының 1-тармағымен; «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 3-бабының 1, 2, 4-тармақтарымен, 11-бабының 1-тармағымен, 12, 13-баптарымен, 16-32-баптарымен; «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 3-бабымен, 4-30-баптарымен, 44, 45- баптарымен, 50-бабымен, 55-бабымен, 63-бабымен, 65-бабымен, 69-бабымен, 73, 74-бап-тарымен, 83, 84-баптарымен; «Каржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы заңының 9-бабымен, 12-бабымен; Қазақстан Ұттық Банкі мен Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің тиісті нормативтік құқықтық актілерімен, кейбір операциялар бойынша тиісті шарттармен реттеледі.
Қорытынды
Бағалы қағаздар рыногының мәні өндірістің құлдырауына жол бермеуде және қаржы жүйесінің сауықтандырылуында маңызды мағынаға ие. Бұл рыноктың дамыған сатысында қоғамдық өндірістің тиімді құрылымы пайда болып, тапшылықсыз экономика жүзеге асады. Қоғамдық өндіріс көбіне қоғамдык сұранысқа сәйкес келеді. Бағалы қағаздарды щығарушы өндірісін кеңейтуге мүмкіндік беретін қосымша ресурстары болғанда ғана пайда табады, өндірістің эмитентпен кеңейтілуі және кәсіпорын табыстылығы дәрежесінің жоғарлауы осы кәсіпорынның, бағасы күнделікті өсіп отырған акцияларын иеленетін инвестор үшін тиімді болып табылады.
Сонымен, бағалы қағаздар нарығы ұлттық экономиканы дамытуда қолданылатын өте қуатты да икемді құрал екені белгілі. Сонымен қатар, бұл өте өткір құрал, оны дұрыс падалана білу қажет. Оңтүстік - Шығыс Азия, Латын Америкасы елдерінде керек десеңіз, көрші Ресейде қалыптасқан қаржы дағдарыстарының тәжірибесі көрсетіп отырғандай, құнды қағаздар арқылы капитал қаншама тез және ауқымды көлемде шоғырланған болса, сонша аз уақытта және болжауға келмейтін тосын жағдайларға байланысты тарап кетеді екен..
Қазақстанның
болашағы, экономикалық - әлеуметтік дамуы
өзінің қолындағы табиғи ресурстары мен
байлығын дұрыс та ұтымды пайдаланып,
іске асыруына байланысты екені белгілі.
Қазақстан кәсіпорындары шығарған акциялар
болсын, Қазақстан банкілерінің қаржылық
қағаздары болсын, Үкіметтің міндеттемелері
болсын, барлық бағалы қағаздар құнын,
түптеп келгенде, Қазақстанның табиғи
ресурстары анықтайды деуге болады.
5
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Қазақстан Республикасының
2.
Қазақстан Республикасының
3.
"Құнды қағаздар және қор
биржасы туралы" №2227 Президенттің
заң күші бар жарлығы 1995 жылғы
21 сәуірде. Оған: 1995ж. 12.05. №2672; 1995ж. 12.23.
№2720 - заңдарымен өзгерістер
4.
"Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Тақырыбы:
Бағалы қағаздар құқығы
мен түсінігі
Тексерген: Көшімбаев Ардакелді
ЖОСПАР
КІРІСПЕ-----------------------
І.
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ҚҰҚЫҒЫ------------------------
1.1 Бағалы
қағаздардың түсінігі және
түрлері-----------------------
1.2 Бағалы
қағаздарды есепке алу және
тіркеу------------------------
1.3 Бағалы
қағаздар дың жасайтын нормативтік
құқықтық базасы------------8
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР--------------------
КІРІСПЕ
Қазақстан
Республикасының құнды қағаздар
нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның
Конституциясына негізделген
Қазақстанда
Азаматтық құқықтағы бағалы қағаздарды
толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс
пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып
тереңдету керек. Қазақстан экономикасының
өндірістік құрылымын қайта құрып жетілдіру
мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған
қаржы ресурстарын жұмылдырып экономиканың
реалды секторына жұмсауды қажет
етеді. Кіріс министрлігі мен Салық комитеті
мамандарының пікірінше Қазақстан
тұрғындарының қолында айналымға
тартылмаған 2-3 млрд доллар нақты қаржы
қорлары бар екен. Осы қорларды инвестицияға
айналдыру үшін Қазақстандағы банкілердің
мүмкіншілігін нығайтып, олардың салымшыларға
беретін сақтандыру кепілдіктерін
(гарантия) жоғары деңгейге көтеру қажеттілігі
туындап отыр. Соңғы кездері Қазақстандағы
ең ірі коммерциялық банктер келісімге
келіп, банкаралық сақтандыру қаржы қорын
құру саясатын іске асырмақшы. Қазақстанда
тұрғындар өз қаржы-қаражатын негізінен
Халық банкісінде сақтайтыны белгілі.
Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын
сақтап, олардың тұрақты тұрде өсімін
қамтамасыз ету мақсаттарында,
Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп тұрған
кәсіпорындар акцияларын сатып алу құқығын
алуға ниет білдіріп, қажетті құжаттар
дайындап оларды заңдастыруға күш салып
отыр.
І. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ҚҰҚЫҒЫ
1.1
Бағалы қағаздардың
түсінігі және
түрлері
Азаматтық құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:
а) бағалы қағаз — түрі және мазмұнымен заң талаптарына қатаң бағынатын құжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажетгі талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген тәртіп бойынша бейнеленеді. Ал, міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады;
ә) бағалы қағаз оның иеленушісінің мүліктік құқығын куәландырады;
б) бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде не бергенде ғана құқық іске асырылады. Айталық бағалы қағазда жасалған индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берілетін адамға — индоссантқа немесе соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкілік болуы мүмкін (орындауға тиіс адам көрсетілмейді).
Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды индоссантқа бермей-ақ (сену индоссаменті) индоссаментке тапсырумен ғана шектелуі мүмкін. Бұл жағдайда индоссант өкілі ретінде әрекет жасайды (АК-тің 132-бабы).6
Азаматтық кодекс бағалы қағазды құжаттаумен бірге оны зат деп те көрсетеді. Өйткені, кез келген құжаттың түп-төркіні материалдық дүниеге қатысты келеді. Сондықтан да онда көрсетілген әріп таңбалары мен сандары, тасқа басылып не қолмен жазылған жазбалары осы құжат туралы тиісті ақпарат береді. Сонымен бірге кез келген құжаттың бағалы қағаз бола алмайтыны тағы бар, тек заңмен белгіленген шарттық белгілері сақталғаны бағалы қағаз құқығын алады.
Бағалы қағаздың міндетті реквизиттері арнайы нормативтік құқықтық құжаттарында көрсетілген (оның атауы, сериясы, нөмірі, өтініш жасау мерзімі, субъектінің қағаз бойынша керсетілген міндеті, нормалдық құны, кіріс көлемі немесе марапаттау (пайыздар), қағаз бойынша орындалу орны және басқа шарттар) талаптар болып табылады. Мұндай талаптар түгелдей сақталмаса, яғни бағалы қағаздың міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады (АК-тің 131-бабының 2-тармағы).