Бағалы қағаздар нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 07:00, реферат

Описание работы

Жер бетін тып-типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан заһарлы зұлмат - екінші дүниежүзілік соғыс туралы шығарма жазуды бастағанымда, бұл тақырыпты он бетке болсын, жүз бетке болсын сыйғызудың мүмкін еместігіне көзім жетті. Себебі, соғыс-уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін азап.

Бұл тақырыпты шын мәнінде ашу үшін сол сұрапыл соғысты өз көзімен көрген адаммен сұхбаттасқанды жөн көрдім. Жеңіс үшін өмірін, жастық шағын қиған, тағдырдың ауыр да азапты тауқыметінен өтіп, Отанға деген махаббатын от басып, су кешіп жүріп дәлелдеген ардагерлеріміз жылдан-жылға, күннен-күнге азаюда, олардың тірі қалғандары, арамызда жүріп Жеңістің тәтті дәмін татып жүргендері саусақпен санарлықтай. Сондай ержүрек батырлардың бірі менің жерлесім, Тараз қаласының тұрғыны - Тұрмағанбет ата.

Работа содержит 1 файл

Omarova.doc

— 159.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым  министрлігі 
 

   Жамбыл  облысы Тараз қаласы

   Төле  би атындағы №8 гимназия 
 
 
 
 
 
 
 

   Жеңіс, естелік, ұлтжандылық 
 
 
 

Орындаған:   Омарова Аягүл Даниярқызы 11 – сынып 
 
 
 
 

                                               Қуан, ұл-қыз,  ана  мен жар

                                               Қуан, елім, қуан, елім!

                                               Құшақ толған қуаныш бар

                                               Жауды жеңіп оралды ерің!

                                                                             С.Бегалин 

Жоспар

   I Арды биік ұстап  өткен азамат

   II Отты жылдар елесі

   1.«Бәрі  де майдан үшін, Жеңіс үшін!»

2. Ел  үшін туған ерлер

   3. Майдандағы қазақ қыздары

   4. Соғыс елесі ақындар шығармаларында

   III Біз -  бейбіт  елдің ұланымыз 

    Жер бетін тып-типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге алақұйын жалын  шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан  заһарлы зұлмат - екінші дүниежүзілік соғыс туралы шығарма жазуды бастағанымда, бұл тақырыпты он бетке болсын, жүз бетке болсын сыйғызудың мүмкін еместігіне көзім жетті. Себебі, соғыс-уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін азап.

    Бұл тақырыпты шын мәнінде ашу  үшін сол сұрапыл соғысты өз көзімен  көрген адаммен сұхбаттасқанды жөн көрдім. Жеңіс үшін өмірін, жастық шағын қиған, тағдырдың ауыр да азапты тауқыметінен өтіп, Отанға деген махаббатын от басып, су кешіп жүріп дәлелдеген ардагерлеріміз жылдан-жылға, күннен-күнге азаюда, олардың тірі қалғандары, арамызда жүріп Жеңістің тәтті дәмін татып жүргендері саусақпен санарлықтай. Сондай ержүрек батырлардың бірі менің жерлесім, Тараз қаласының тұрғыны - Тұрмағанбет ата.

- Сәлеметсіз  бе, ата! Маған сіздей ұлы адаммен  кездескен, сіздей батырды көзбен  көрген үлкен қуаныш! Менің сіз туралы, соғыс туралы барлығын білгім келсе де, сіздің мазаңызды ала бермей, сұрақтарымды нақты, қысқа қоюға тырысамын. Ата, сіз қашан, қайда туылғансыз, соғысқа қалай шақырылдыңыз?

- Сәлеметсің  бе, айналайын, ниетіңе рахмет! Мен  өзім жас та болмасам, сол кездер есімде жақсы сақталған. Мен 1923 жылы Қосбөлтек ауылында туылғанмын.1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, 412-атқыштар полкінде екі айлық әскери дайындықтан өттім. Осы жылдың наурызында сержант даңқын иеленіп, екінші Украиндық фронтқа жіберілдім.

- Фронтқа  алғаш жіберілгеніңізде қандай  сезімде болдыңыз, қорықтыңыз ба?

- Шайқасқа  алғаш кіргенімде, мен өте қатты  қорқып кеттім: жау ұшақтары аяусыз  атып жатты, танктер үздіксіз  ағылып жатты. Біздің әскеріміз  минут сайын сирей берді, аяусыз  қырыла берді.

- Тұрмағанбет  ата, ал соғыс аяқталғанда сіз  қайда едіңіз?

- Мен  кіші лейтенантқа дейін көтеріліп,  Румыния мен Венгрияны қорғауға  қатыстым. Кейін Будапештке жөнелтілдім.  Сондағы ұрыстардың бірінде ауыр  жарақаттанып, 1944 жылдың желтоқсанында  әскери ауруханаға түстім. 1945 жылы, соғыс бітісімен, Ұлы Отан соғысының бес әскери шендерімен Отаныма оралдым. Сондағы қуаныштан жаным шығып кетер ме екен деп ойладым.

- Ал  қазір кімдермен тұрып жатырсыз?

- Мен  жұбайым Бибиажармен 60 жыл өмір  сүріп, төрт қыз, бес баланы өсірдім. Қазір жұбайым қасымда болмаса да, Құдайға шүкір, немерелерім мен шөберелерімнің қызығына бөленіп отырмын және өзімді ең бақытты жан санаймын!

-  Ата,  сұхбатыңызға көп рахмет! Жеңісіңіз  құтты болсын, аман болыңыз!

Осы сұхбаттан  кейін мен адамзат жүрегіне айықпас жара салған Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, отты жылдардың елесі әлі күнге халық жүрегінен өшпегенін түсіндім. Өйткені, адамзаттың бүгінге дейінгі сапарындағы ең сұрапыл қырғын да Ұлы Отан соғысы екені әлемге аян.

                      Қанша үйдің ұрлап адамын,

                      Қанша үйде сөніп қалды оттар, - деп ақындар жырлағандай, әр  шаңыраққа, әр жұрекке салған  жара алпыс бес жыл өтсе  де әлі жазылып қойған жоқ.

Елдің елдігін, ердің ерлігін сынайтын нағыз тарихи аласапыран кезеңде:

                       Қасиетім менің, 

                       Адалдығым менен ақтығым.

                       Жаныма қуат

                       Жүрегімнің таза пәктігі.

                       Тәңірімнен күнде

                       Көз жасыммен тілеймін

                       Өтсем екен деп

             Тірі жанға болмай жаттығым, - деп ақын Әбділдә Тәжібаев  жырлағандай, парасаттылық, адалдық,  жүрек пәктігі сияқты ізгі  қасиеттерді биік ұстап өткен  қазақ халқы ел басына күн туған қасіретті шақта Отанды қорғауға аттанды. «Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін істеу - қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты бізде өлшеуге болмайды», - деп Баубек Бұлқышев айтқандай, жаратылысынан ақкөңіл, ақжүрек, батыр, намысты халық өз мүддесінен Отан мүддесін артық қойып, өмірін құрбан етуден асқан асыл мұрат жоқ екенін, Отанға деген махаббатын осылай дәлелдей білді.

    Қазақ деген-батыр халық. Ол еңкейгенде еңкейеді, шалқайғанда шалқаяды. Шірене қалса, асқар-асқар тауларына сүйенеді, еңкей қалса, азаматтығына, өзінің парасаттылығына сенеді. Сөйлесе Қазыбек данадай шешендігі бар, Төле бидей көсемдігі бар, айтыса қалса, дауласа қалса Бөгенбайдай ерлігі бар, Қабанбайдай ірілігі бар, қолынан қиыстырып жол табар Абылайдай тірілігі бар ел. Қазір өз алдымызға мемлекет, тәуелсіз  ел болсақ та, ол кездегі Кеңес Одағы барлық халықтардың ортақ мемлекет болып есептелгендіктен, батыстан жау шапқанда Отанымыздың абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауда жаппай ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсетті. Даламыз қандай кең болса, пейілі де сондай кең, жер қойнауы қандай бай болса, жүрегі де сондай бай халқымыз қан майданда елдік мінездері мен ерлік қасиеттері сынға түсті. Осы жолда қанша ардагер әкелеріміз, аталарымыз бен апаларымыз қанын төкті, жанын пида етті десеңші! Осылайша, біздің халқымыз соғыс барысында бүкіл әлем алдында бар ұлылығымен көрінді.

    Сол кездегі Кеңес Одағы халықтарының тұтасқан бірлігі мен мызғымас достығы, халық пен әскердің жаппай ерлігі Жеңісіміздің кепілі болды. Басынан аяғына дейін құрыштай қаруланған гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай самолетті, 3700-дей танкті, 50 мыңнан астам қару мен минометті шабуылға шығарды. ССРО жеріне басып кірген жау әскерлерінің жалпы саны бес жарым миллион адамға жетті. Оған дейін 12 мемлекетті басып алған және 14 одақтасы болған жау Баренцов теңізінен Қара теңізге дейінгі аралықтағы зор майдан шебінде соғыс ашты. Гитлер және оның төңірегіндегі дүлейлер Кеңес елін «тұтқиыл» шабуылмен талқандап, әлемдегі тұңғыш социалисті мемлекетті құртып жіберуді, совет адамдарын құлға айналдыруды, Кеңес елін герман империализмінің  отарына айналдыруды ойлады. Бірақ, совет халқы міз бақпай, анталап келген жауға айбындылықпен қарсы тұрды. Халық Коммунистік Партияның басшылығымен өзінің Отанын қорғауға батыл бел буып шықты, әділетті азаттық соғысқа жұп жазбай тұтаса көтерілді, бұрын болып көрмеген табандылық пен қайсарлық танытты. Осындай сұрапыл соғыс күндерінде халқымыз майдан мен тылда жеңіс үшін керекті жағдай жасаудың ауыр жүгін көтерді.

    Майданға  кеткен талай мыңдаған жұмысшылар мен  шаруалардың орнына шексіз қиын, ұйқысыз, ас-сусыз еңбек вахтасында әйелдер  мен балалар, мүгедектер мен зейнеткерлер тұрды. Әр отбасының басшысы майданда болды. Сондықтан, сол кездегі адамдарға тәулік бойы жұмыс істеуге тура келді.. «Бір минут ішінде сен соғысқа дейін бір сағатта істегеніңді істеуге тиістісің!» деген ұранды ұстанған адамдар қатал тәртіп пен еріксіз жұмыс істетулерге қарамастан, асқан шыдамдылық танытып, ешқандай қысым көрсетусіз-ақ ұйымшылдықтың асқақ үлгісін көрсетті.

    Осынау  қиын күндерді қазір 89 жасқа келген әжемнің айтқан әңгімелерінен де естіп, заманның сыры мен үнін көз  алдыма елестетемін. Соғыс басталған  кезде 24 жастағы менің әжем шахтада  жұмыс істеген. Жалғыз қызы Нұрғайшаны үйге қамап, таңның атысы мен күннің батысына дейін дамылсыз еңбек еткен. Осы күндерді еске алғанда әжем өздері айтатын мына әнді үнемі айтып отырады:

                        Басталды ойсыз жерден мына  соғыс,

                        Отырмыз Сталинде болып қоныс.

                        Ештеңе көрмеген әйел сорлы

                        Шахтада ұйымдасып болдық таныс.

                        Бастаушы бұл шахтаны басшымыз  бар,

                        Қалижан екіншіміз тағы да  бар.

                        Норманы толтыруға жан ұшырып,

                        Қостайтын жетпіс адам жұмысшы  бар.

                        Лампшкем стеклосы жанар ма  екен,

                        Бұл бейнет біздің бастан қалар  ма екен

                        Жақсылық болды деген хабар келсе

                        Жан шықпай кеудемізде қалар  ма екен.

                        Налымаймын қиындықты осынау  іске,

                        Жүретін еркек ісі түсті бізге.

                        Отанды қорғаушыдан артық па жан

                    Тек қана сыймай кетеді жалын  ішке, - деп ыңылдап ән салған  әжем «құлыным-ау, Құдай сендердің  бастарыңа бұл күндерді бермесін!»  деп сол кезді тебірене еске  алады.    

                        Ер елім, көрсет тағы еңбек  күшін,

                        Еңбекпен қас дұшпанның өрте ішін.

                        Түр білек, түс еңбекке ту  астында

                        Бәрі де майдан үшін, жеңіс  үшін, -  деп халық ақыны Нұрпейіс  Байғанин елді майдан үшін  еңбек етуге үндегендей, тылдағы жұмысшылар Республикамыздың ауыр өнеркәсіп саласында да адам айтқысыз жетістіктерге қол жеткізді. Мәселен, осындай қысқа мерзім ішінде Қазақстанның түсті металлургия саласында ондаған рудниктер, шахталар мен байыту фабрикалары ашылды. Содан кейін Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Теміртаудағы металлургия зауыты, Гурьев мұнай айдау зауыты іске қосылды. Кенді Алтай өнімдері, Шымкент қорғасыны, Балқаш мысы, Ақтөбе ферроқорытпалары, Қарағанды көмірі, Ембі мұнайы - осылардың бәрі майдан қажеті үшін жөнелтіліп жатты.

    Осындай сұрапыл жылдарда да қонақжай, адал ниетті, ақкөңіл, меймандос халқымыз ізгілік сипатын, адами қасиеттерін  жоғалтып қоймады. Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан, басқа да республикалардан келген баспанасыз миллиондаған адамдар  мен жетім-жесірлерді халқымыз құшақ жая қарсы алып, шын жүректен бауырына басты. Босқындармен өз баспанасын да, қолындағы соңғы тілім нанын да бөлісіп жеді. Әрине, мұның бәрі де мақтан тұтарлық әрекеттер, Жеңіске жетуіміздің бірден-бір себепшісі.

                         Балам, сенің бұл халқың-батыр халық,

               Батырлығын жауына татырды анық, - деп ақындар жырына арқау  болған халқымыздың батырлығы,  ерлігі қан майданда талай  рет дәлелденді. Дүниені дүр сілкіндірген  осы алапат соғыста қазақтың 497 азаматы Кеңес Одағының Батыры атағын алды, тарихта өшпестей із қалдырды. «Ел шетіне жау тиді» дегенді естігенде Қабанбай, Бөгенбай, Амангелді батырлардың ұрпақтары қолдарына қару алып, бір кісідей кеуделерін оққа тосуға әзір екендіктерін білдірді, елі үшін өлуге, елін қорғауға ант берді. Қазақ халқынаң ой-сезімін Шығыс Қазақстан облысындағы «Еңбек» ауыл шаруашылық артелінің колхозшысы Рақым Қондыбаевтың: «Фашистік құзғындар еркіндік сүйгіш халықты құлдыққа түсіруге, жерімізді, малымызды тартып алып, мойнымызға арқан салуға тырысады. Бұлай болмақ емес! Қазақ халқы бойындағы Амангелдінің айбынды рухы өлген жоқ. Біздің даламызда ержүрек жігіттер мен сәйгүлік аттар қашан да бар. Отан соғысында қазақтар құлдыққа түсірушілерге қарсы қасық қаны қалғанша шайқасады деп ант етеміз!» деп қасиетті жерімізге шабуыл жасаған фашистік хайуандардың сұмдық арсыздығынан сырт қала алмайтындығын, басқыншы жауға туған жер топырағын таптатпайтындығын айтқан жалынды сөздерінен көре аламыз.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы