Бағалы қағаздар нарығы, оның қызметі және құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2011 в 15:38, реферат

Описание работы

Меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру негізі ретінде.
Бағалы қағаздардың түсініктемесі.
Бағалы қағаздар туындыларының түрлері.

Работа содержит 1 файл

бағалы қағаздар.doc

— 38.50 Кб (Скачать)

Бағалы  қағаздар нарығы, оның қызметі және құрылымы. 

  1. Меншікті  мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру  Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын  қалыптастыру негізі ретінде.
  2. Бағалы қағаздардың түсініктемесі.
  3. Бағалы қағаздар туындыларының түрлері.
 

     Меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру негізі ретінде.

     Жекешелендіру — елдегі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру мен экономиканы қайта құрылымдау процестерінің орталық комитеті болып табылады. Қазақстан Республикасында 1991 жылы әзірленген бағдарламаға сәйкес мемлекеттік және колхоздық-корпоротивтік кәсіпорындар мен ұйымдарды жекеше немесе аралас мемсекеттік жеке акционерлік компаниялар мен серіктестіктерге айналдырумен оларды жекешелендіру қолға алынды.

       Жекешелендіруді ҚР Мемлекеттік мүлік жөніндегі Мемлекеттік комитеті және министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті әкімшіліктердің қатысуымен аталған комитеттің аумақтық органдары жүзеге асырады.

         Қазақстанда жекешелендіру процесін реттейтін құқықтық актілердің тұтас жүйесі бар. Ол 1995 жылдың  23 желтоқсанындағы «Жекешелендіру туралы» Заңды,  1996 жылдың 27 ақпанында қабылданған  «1996-1998 жылдарына арналған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті қайта құрылымдау және жекешелендіру бағдарламасын», сондай-ақ, Министрлер кабинеті, Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Мемлекеттік  комитет қабылданған көптеген нормативтік актілерді қамтиды.

     Қазақстанда меншік реформасы негізгі үш кезеңнен өтті. Бірінші кезең (кіші жекешелендіру) 1991жылдан 1992 жылға дейінгі уақытты қамтыды және негізінен сауда объектілері мен қызмет көрсету салаларын сату, сондай-ақ мемлекеттік меншікті еңбек ұжымына беру қолға алынды. Осы уақыт ішінде 2500-ден аса ірі және шамамен алғанда 4000 шағын кәсіпорын экономиканың мемлекеттік емес секторына өтті.

  Реформаның екінші кезеңі 1993 жылдан 1996 жылдың басына дейінгі ауқытты қамтыды. Бұл кезеңдегі жекешелендірудің қағидасы жекешелендіру купонын халыққа таратып беруге негізделді. Халық бұл купонды арнайы инвестициялық қорға салу құқығына ие болды. Купондар сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын сатып алу үшін пайдаланылды.

  Үшінші кезең — жеке жобалар бойынша жекешелендіру.  5000-нан асатын адам жұмыс істейтін аса ірі кәсіпорындар мен айрықша маңызы бар мемлекеттік кәсіпорындар, мәселен, кен өндіруші өнеркәсіптер немесе табиғи монополиялар жеке жобала бойынша жекешелендіру бағдарламасы негізінде жекешелендірілуі керек болатын. Тұтастай алғанда бұл санатқа шамамен 170 кәсіпорын кірді.  

 Бағалы қағаздардың түсініктемесі.

          Бағалы қағаздар — бағалы қағаздар нарығында айналыста болатын ерекше тауар. Оны ақшаға жақындататын өз ерекшелігі бар. Бағалы қағаздар нарығының құралдарына бағалы қағаздар жатады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес формалар мен реквизиттерде белгіленген мүліктік құқықты куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады.

     Іс  жүзінде акция, облигация және басқада  бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды  таратуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің (сатып алушылардың) алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып табылады.

     Эмитенттің  кім болғанына байланысты бағалы қағаздар төмендегідей үш түрге бөлінеді:

    • мемлекеттік;
    • муниципалды;
    • корпоративтік.

     Мемлекеттік бағалы қағаздар – бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақсатан Республикасының заң актілеріне мемлекеттік  сыртқы және ішкі қарыздарын қайтару мақсатында шығарылған. Сонымен қатар бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері бар:

      • Ұлттық жинақ облигациялары;
      • Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ)
      • Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ)

     Муниципалдық  бағалы қағаздар бұл бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджеттен эмиссиланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат – құрылыс, яғни ауыруханалар салу үшін, бала бақшалар мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайын жақсарту және тағы басқадай аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу болып табылады.

     Корпоративтік бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардыдың заң күшіне сүйене отырып, өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызыметін жүзеге асыру үшін шығарылатын бағалы қағаздарын корпоративтік бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент болып табылады.

     Бағалы  қағаздарды жалпы мынадай екі топқа бөлуге болады:

     а) ақшалай бағалы қағаздар;

     б) капиталды бағалы қағаздар.

     Ақшалай бағалы қағаздар – ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Бағалы қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. Жалпы ақшалай бағалы қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай бағалы қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни бір жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.

     Капиталды бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардың қорын (капиталын) құру немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады. Акция мен облигация осы аталған бағалы қағаздардың түріне жатқызылады 

     Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты бағалы қағаздар мынадай үш топқа бөлінеді:

    • негізгі (акция, облигация);
    • көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар;
    • туынды (варранттар, опциондар,  фьючерстер, бондар тағы да басқалар)

      Туынды бағалы қағаз — бұл қандай да бір базиске активке арналған  бағалы қағаз: базистік активтер бағаларына пайыздық мөлшерлемелер, индекстер жатады. 

     Акция дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың қандайда бір акционерлік қоғамды дамыту үшін  қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде (табыс ретінде) алуға құқылы беретін бағалы қағаз болып табылады. Акциялар айналым  мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар мынадай түрлерге бөлінеді:

    • жәй акциялар;
    • артықшылығы бар акциялар.

     Жәй акциялар акционерлік қоғамды басқаруға құқық береді. Бір жәй акция ұйымның акционерлер жиналысында осы кәсіпорынға қатысты мәселелерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Жәй акциялар үшін дивидент төлеу акционерлік қоғамның таза пайдасынан (толықтырғанан) кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен кейін жүргізіледі.

     Артықшылығы бар акциялар – басқаруға қатысу құқығын бермей, әйтсе де олар иесіне тұрақты белгіленген мөлшерде дивиденттер алу құқығын береді, яғни оларға белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар акциялар ұйымның таза табысын акционерлер арасында бөлу кезінде немесе қоғамның жойылуы кезінде жәй акциялар мен салыстырғанда артықшылықққа ие болады.

     Облигация дегеніміз оның иесінің ақша салғандығын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы бағалы қағаздың атауы (номиналды) құнына белгіленген пайызды (процентті) төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын бағалы қағаз болып табылады. Облигациялар сияқты кісіпорын үшін инвестицияның маңызды көзі болып табылады.

    • Қаржылық  салымдардыц түрлері.

    Қаржылык  салымдар - бұл кәсіпорынның бағалы қағаздарды сатып алу, еншілес және басқа кәсіпорындарға қаржылар салу, сондай-ақ вексель және басқа да борыштық міндеттемелер негізінде басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға ұзақ мерзімді қарыз беруге арналған қаржылық салымдары.

         Есепте  каржылық салымдар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бо-лып бөлінеді.

         Бір жылдан кем мерзімде сақталатын (ұсталатын) акциялар, облигациялар мен басқа бағалы қағаздарға қаржылық салымдар, сонымен қатар бір жылдан кем мерзімге берілген қарыздар қысқа мерзімді болып са-налады.

         Бір жылдан артық мерзімге табыстар алу  үшін оларды сақтау (ұстау) ниетпен бағалы қағаздарды сатып алуға кеткен шығындар, еншілес кәспорындардың жарғылық немесе пайлық қорларына салымдар, бір жылдан артық мерзімге қарызға берілген қаржылар ұзақ мерзімді қаржылық салымдар болып саналады.

         Қаржылық  салымдар құрамында ақша кұжаттары  болып саналатын бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар, жинақ сертификаттары, вексельдер және т.б. елеулі орын алады.

         Акциялар  кәсіпорынның даму мақсаттарына оның иесіне қаржы салғандығын куәландырады және оған дивиденд түрінде пайданың бір бөлігін алуға құқық береді.

       Акциялар  жай және артықшылығы бар (пұрсатты) болады.

         Облигациялар  да олардың иесіне қаржы салғандығын  куәландырады, бірақ оған белгілеп қойылған сыйақы алуға құқық береді. Егер кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктері акциялар бойынша дивидендтер және облигациялар бойынша сыйакыларды бір мезгілде төлеуге мүмкіндік бере алмаса, табыс алуға облигация иелерінің ерекше құқығы бар. Табыстың жетіспеушілік жағдайында облигациялар бойынша сыйақылар резервтік қордың есебінен төленеді, ал акциялар (пұрсатты) бойынша - сол мақсат үшін құрылған арнайы қорлар есебінен төленеді.

         Жинақ сертификаттары - бұл банктердің салымшыларға белгілі мерзімге ақша каражаттары (депонирлеу) салынғаны туралы берілетін   куәліктері. Бұл мерзім біткеннен кейін ақша салушы өзінің салымын (депозитін) және ол бойынша сыйақысын қоса алады. Әдеттегі жинақ щоттарынан мұның айырмашылығы клиентке кітапша емес банктің қарыз қолхатьның ролін атқаратын сертификат (куәлік) беріледі. Мұндай салымнан қаржыны белгілеп қойылған мерзімге жетпей алуға болады, бірақ бұл жағдайда айыппұл (белгілі процент) төленеді.

    Бағалы  қағаздар туындыларының  түрлері.

    Бағалы  қағаздар туындыларының түрлерін төмендегідей қарастырайық.

    Қазақстанда қор нарығының қалыптасу жағдайындағы бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың жоғары тәуекелділігі өз кезегінде  оларды төмендетуге қолайлы құралдарды іздестіруіді қажет етеді. Олардың  біріне опциондық ссуданың дамуы жатады. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды акциянерлеу барысында опцондер кеңірек дамыды. Осыған байланысты акционерлерге енетін кәсіпорындардың акцияларын жеңілдікпен сатып алу құығы қамтамасыз етіледі. Сөйтіп опцон деп – контрактіде көрсетілген мерзім ішінде ғана әрекет ететін, тұрақты бағада белгілі бір акциялар санын сатып алу немесе сатуға құқық беретін құжатты (келісімді) айтады. Мәмілені сатып алушы оны сатуға опциондық сыйақы төлейді, оны опцион бағасы ретінде қарайды. Сатып алу опционы  келісімдегі мерзімде,  акциялар немесе басқа да құндылықтарды  белгілі бір бағада сатып алуға құқық береді. Әлемдік тәжірибеде опциондар орындалу мерзіміне байланысты екі типке бөлінеді: Европалық және Американдық.

    Европалық опцион – келісілген уәде бойынша алдағы күнде орындауға жіберетін опцион.

    Американдық опцион – келісім бойынша алдағы күнде де және оған дейін кез – келген уақытта да орындауға жіберетін опцион.

    Ал сату опцион оның иесіне активті опцион қолдану бағасы бойынша сатуға құқық  береді.

     Фьючерс – тұрақты табысты бағалы қағаздарды тұрақты бағада алдағы уақытта жабдықтау контрактісі айтады. Еркін нарықта нақты сатушылар мен сатып алушылар арасында контрактілер жасауға ешкім тиым салмаса да, фьючерстік мәмлелер негізінен биржада жасалады. Ұйымдастыру қатынасындағы жүйе опционға ұқсас: клиент брокерлік кеңсе арқылы бұйрығын береді, ол бұйрық қолдағы тұрақты жұмыс жасайтын өкілге жетеді, кейінгі оның орындалуы және орындалмауы нарықтағы нақты жағдайға байланысты анықталады. 
     

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы, оның қызметі және құрылымы