Бағалы қағаздар акциялар

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 10:50, реферат

Описание работы

Бұл рефератта бағалы қағаздардың операцияларын ең басты есептерін қарастырамыз олар: акционерлік қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы бойынша операцияларының есебі, дивиденттер есебі, қор нарығының акцияларымен операцияларының есебі, борыш міндеттемелері бойынша операцияларының есебі, бағалы қағаздардың бағасыздану бойынша операциялар.

Содержание

КІРІСПЕ
1. Бағалы қағаздардың мәні
2. Бағалы қағаздарлың түрлері және олардың жіктелуі
ҚОРЫТЫНДЫ

Работа содержит 1 файл

реферат.doc

— 77.00 Кб (Скачать)

Жоспар:

 КІРІСПЕ

  1. Бағалы қағаздардың мәні
  2. Бағалы қағаздарлың түрлері және олардың жіктелуі

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 Бағалы қағаздардың  бұл түрі Қазақстан Республикасының  Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін  бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді.

 Қаржылық нарығының  айрықша бөлігі, ол – бағалы  қағаздар нарығы. Ал қаржылық  инвестициямен осы бағалы қағаздар  нарығы тікелей байланысты. Бүгінгі  күні елімізде көптеген акционерлік  қоғамдар,  сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қоры, сонымен қатар басқы кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығыда еліміздегі бағалы қағаздар нарығының потенцианалды қатысушылар қатарына жатқызылады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға бағалы қағаздар  шығарушылар болып табыласа, ал екіншілері инвестор ретінде қызымет атқарады. Кәсіпорындар мен ұйымдар жаңа технология еңгізу, өндірісті жаңғырту (модернизациялау), қайта құру (реконструкциялау) әрқашан ірі капитал салым керек етеді. Ал мұндай жұмыс атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Сондықтан да кәсіпорындар мен ұйымдар қарыз капиталы нарығына несиелер мен заимдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса,  онда елімізде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.

 Қаржылық активтердің  қайта нарығындағы бағалы қағаздар  операциялары әр түрлілігімен  көзге түседі. Бұл процестің өзіндік  көптеген ерекшеліктері мен қыр-сыры  бар.

  Акция ме облигациялардың  инвестициялық қасиеттерін және  олардың шығарған эмитенттердің рейтергтік бағалауын тәуелсіз рейтенгтік компаниялар анықтайды. Анықтамалық мәліметтер негізінде олар барлық бағалы қағаздардың потеционалды сатып алушы үшін сенімділік дәрежесіне байланысты топтайды. Бағалы қағаздарды таңдауда басшылыққа алатын негізгі құралы рейтенгтік бағалау болып табылады. Қаржылық активтер үш топқа жіктеледі: жоғары сапалы бағалы қағаздар, орташа бағалы қағаздар, жоғары табысты бағалы қағаздар.

 Бұл рефератта бағалы қағаздардың операцияларын ең басты есептерін қарастырамыз олар: акционерлік қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы бойынша операцияларының есебі, дивиденттер есебі, қор нарығының акцияларымен операцияларының есебі, борыш міндеттемелері бойынша операцияларының есебі, бағалы қағаздардың бағасыздану бойынша операциялар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Бағалы қағаздардың мәні

 

Қазақстан республикасы Азаматтық кодексі бойынша бағалы қағаздар деп мүліктік құқықты бекітілген нысанда және міндетті деректемелерді сақтай отырып куәландыратын құжат.

Бағалы қағаздардың экономикалық мәні ашуда құжаттың бағалы қағаздар мәртебесіне ие болу үшін қосымша сапаларын анықтау қажет.

Бағалы қағаздар өз кезеңінде  меншік титулы нысанында мүліктік құқықта (корпорация акциялары, вексельдер, коносаменттер  және т.б.) немесе құжат иесі мен оны шығарушы тұлға арасындағы қарыздық қатынасты куәландыратын ақша құжаты.

Екіншіден, бағалы қағаз  қорларды инвестициялау туралы куәландыратын  құжат ретінде қызмет етеді. Бұл  әсіресе бағалы қағаздардың рөлі мен экономикалық мәнін түсіну үшін өте маңызды. Бұл жерде олар инвестицияның жоғары нысаны ретінде басты рөльде ойнайды.

Үшіншіден, бағалы қағаздар – бұл нақты активтерге (акцияларға,чектерге, коносаменттерге, тұрғын үй сертификаттарына және т.б.) талап етуі көрсетілетін құжаттар.

Төртіншіден, бағалы қағаздардың экономикалық мәнін түсіну үшін маңызды сәті – олардың табыс әкелуі болып табылады. Алайда, мұндай капиталдың нақты капиталдан айырмашылығы бар: ол өндірістік үдерісте қызмет етпейді немесе қатыспайды.

Сонымен қатар бағалы қағаздардың өтімділік, айналымдылық, нарықтық сипат, стандарттылық, сериялық сияқты сапалық қасиеттерімен азаматтық айналымда қатысуын атамай өтуге болмайды.

Өтімділіктің астарында  бағалы қағаздардың  сатылуы нәтижесінде  ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігі жатыр. Ол үшін бағалы қағаз нарықта айналыста болуы қажет. Бағалы қағаздардың  айналымдылық қасиеті сатып  алу-сату негізінде (акция, облигация және т.б.) немесе басқа тауарлар нарығымен (чектер, вексельдер, коносаменттер, жекешелендіру құжаттары) айналымды байланыстырып, төлем құралы ретінде іске асырылады.

Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде,  яғни өзіне тиесілі  ұйымдары және онда жұмыс істеу ережелері  бар нарығы болуы керек. Алайда бағалы қағаздар нарығында сатылатын тауарлар ерекше тауарлар болып табылады. Себебі бағалы қағаздар – бұл  тек меншік титулы, табыс алуға құқық беретін, бірақ нақты капитал алуға құқығы жоқ құжат. Бағалы қағаздар нарығының оқшаулануы олардың осы сапасымен анықталады.

Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтар сияқты күрделі ұйымдық  және техникалық циклдардың толықтылығы мен аяқталғандылығын жоғары деңгеймен ұсынады. Онда бағалы қағаздар баға кешенін қолдау арқылы сатып алу-сату заты ретінде пайдаланылады, бұл жай тауарлардан ерекшеленеді.

Бағалы қағаздардың  айналымға түсу уақыты мен әдісіне  байланысты олардың нарығы алғашқы және екінші болып бөлінеді. Алғашқы нарықта жаңадан шығарылған бағалы қағаздарды олардың  алғашқы иемденушілеріне сатады; екінші нарықта  бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иемденушілерінің ауысуы. Бағалы қағаздардың  атаулы (атаулы құн – олардың шығару кезінде анықталатын бағалы қағаздар құнының ақшалай көрінісі), эмиссиялық және нарықтық бағасы болады.

Атаулы баға девиденттерді, пайыздарды  есептеу базасы ретінде  нақты есептік мәні бар және одан кейінгі есеп айырысуларда қолданылады. Эмиссиялық баға – бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру кезіндегі сатылу бағасы. Ол табыстылық және несиелік пайыз деңгейімен анықталады. Нарықтық баға – бағалы қағаздардың екінші нарықта айналу бағасы. Оның көлеміне сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы әсер етеді.

Сонымен, бағалы қағаздар шаруашылық қызметте қолданылатын әр түрлі құжаттардың жиыны. Сонымен  бірге олар өздеріне тиісті жалпы  бір белгілері  онда көрсетілген  мүліктік құқықты өткізу үшін ұсыну  қажеттілігімен біріктіріледі. Бағалы қағаздарды иемденудің мақсаты табыстылық, өтімділік және қаржыландыру кезінде қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Бағалы қағаздардың түрлері және олардың жіктелуі

 

Бағалы  қағаздардың   түрі түсінігінде бағалы қағаздарға тиісті жалпы және бірдей белгілердің жиынтығы. Бағалы қағаздар жіктелуін және бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін айыра білу керек.

Бағалы қағаздардың  жіктелуі мен бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін бөліп қарастыруға  болады.

Бағалы  қағаздардың жіктелуі – бұл бағалы қағаздардың өздеріне тиісті белгілері бойынша бөлінуі.

Бағалы  қағаздар түрлерінің жіктелуі – бұл бір түрдегі бағалы қағаздарды топтастыру; бағалы қағаздарды басқа да түрлерге бөлу.Өз кезегінде түрлерді одан әрі бөлуге болады. Әрбір төменгі жіктеу жоғары тұрғын жіктеудің құрамына кіреді. Мысалы, акция – бағалы қағаздардың бір номиналсыз болуы мүмкін.

Бағалы қағаздар жоғарыда айтылғандай белгілі бір сипаттың жиынына ие.

Уақыт сипаттамасы:

  • қызмет ету мерзімі: айналысқа қай уақытта шығындарды, қай уақыт кезеңіне немесе мерзімсіз;
  • пайда болуы: басы өзінің бірінші негізінен келе ме немесе басқа бағалы қағаздардан.

Кеңістік сипаттамасы:

  • қызмет ету нысаны: қағазды немесе заңды түрде айтқанда құжатты нысан немесе қағазсыз, құжатсыз нысан;
  • ұлттық белгісі: отандық немесе басқа мемелекеттік, яғни шетелдік;

Нарықтық сипаттамасы:

  • бағалы қағаздар негізінде жатқан актив түрі немесе оның шығу негізі (тауар, ақша, фирманың жиынтық активі және т.б.);
  • иемдену тәртібі: ұсынушыға, атаулы, ордерлі. Атаулы бағалы қағаздар – а онда көрсетілген тұлғаның құқығын куәландыратынын көрсетеді. Ұсынушы бағалы қағаздары – құқық оны ұсынушы адамға жатады. ордерлі бағалы қағаздар – құқық онда аталған адамға тиесілі.
  • шығару нысаны: эмиссионды, яғни ішінде барлық бағалы қағаздар өздерінің сипаттары бойынша бірдей болып келетін бөлек сериялар бойынша шығарылады немесе эмиссялық емес;
  • меншік нысаны және бағалы қағаздарды нарыққа шығарушы эмитент түрі: мемлекет, корпорациялар, жеке тұлғалар;
  • айналыс сипаты: нарықта еркін немесе шектеулі айналады;
  • бағалы қағаздар ұсынатын құқық түрі негізінде экономикалық мәні;
  • тәуекел деңгейі: жоғары, төмен немесе тағы басқа;
  • табыс көзі: бағалы қағаздар бойынша табыстың қандай да болса бөлігін төлей ме, жоқ әлде төлемей ме;
  • қаражат салымының нысаны: ақша қарызға немесе меншік құқықғын иемденуге қаржылана ма.

Бағалы қағаздар сонымен  қатар мерзімді және мерзімсіз болып  бөлінеді.

Мерзімді – оларды шығару кезінде мерзімі белгіленетін бағалы қағаздар. Әдетте мерзімді бағалы қағаздар үш түрге бөлінеді:

  • қысқа мерзімді, айнылымда бір жылға дейін жүретін;
  • ұзақ мерзімді, айналымда бір жылдан жоғары мерзімде жүреді.

Мерзімсіз –айналым мерзімі шектелген бағалы қағаздар, яғни олар шексіз қызмет етеді және бағалы қағаздар шығару кезінде өтеу мерзімі көрсетілмейді.

Бағалы қағаздардың  пайда болуының классикалық нысаны – қағаз, яғни бағалы құжат түрінде  қолданылады. Бағалы қағаздар нарығының  дамуы бағалы қағаздардың көп  түрінің, ең алдымен эмиссиялық нысанын  құжатсыз нысанға ауысуын талап  етеді.

Инвестициялық (капиталдық) – капитал салымы үшін объекті болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлік келісімдер және т.б.).

Инвестициялық емес – тауар немесе басқа нарықта ақшалай есеп айырысуға қызмет көрсететін бағалы қағаздар (вексельдер, чектер, коносаменттер).

Эмитенттің құқықтық мәртебесін, инвестициялық және несиелік тәуекел деңгейін, инвесторлардың қызығушылығы мен басқафакторларды ескергенде қордың бағалы қағазы үш топқа бөлінеді:

  • мемлекеттік;
  • муниципалдық;
  • мемлекеттік емес.

Мемлекеттік бағалы қағаздар – мемлекеттің ішкі қарыздарының нысаны; эмитенті мемлекет болып табылатын  қарыздық бағалы қағаздар. Мемлекеттік  бағалы қағаздар ішінде қазынашылық  вексельдер мен міндеттемелер, мемлекеттік  және жинақ қарыздарының облигациялары кең тараған.

Муниципалдық бағалы қағаздарға жергілікті өкімет органдарының қарыздық міндеттемелері жатады.

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар корпорациялық және жеке қаржы  институттарымен ұсынылады. Корпорацияға кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктерлдің  қарыздық міндеттемелері мен акциялары жатады. Жеке бағалы қағаздарға жеке тұлғалар шығарған вексельдер, чектер жатуы мүмкін.

Нарықтағы айналым ерекшелігіне байланысты бағалы қағаздарды  нарықтық (айналымды) және нарықтық емес (айналымсыз) деп бөледі.

Нарықтық бағалы қағаздар екінші нарықта биржалық және биржадан тыс айналыс шегінде еркін сатып алынуы және сатылуы мүмкін. Ол шығарылғаннан кейін эмитентке кезектен тыс ұсынылмайды.

Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға  еркін ауыспайды, яғни оларда екінші айналыс болмайды. Бұл мынадай бағалы қағаздарға жатады, мысалы, эмитент бағалы қағаздарды шығару кезінде тек эмитенттен басқа адамға сатылмауы тиіс деген шарт қояды.

Сонымен қатар,  айналысы шектелген бағалы қағаздартуралы айтып  кетуге болады. Сатып алу – сату мәмілесі бойынша шектеулер жабық акционерлік қоғамның акцияларына жатады.

Бағалы қағаздардың  борышқорлық және иемденуші үлесіне  бөлінуі өз кезегінде ақша қаражаттарын пайдаланудың екі мүмкін тәсілдерін көрсетеді:

  • әр түрлі активті меншікке алуға;
  • уақытша пайдалануға;

Егер бағалы қағаздар салынған ақша сомасын қайтарып беру шартымен шектелген мерзімге шығарылса, онда олар борышқорлық болып табылады. Бұл облигациялар, банктік сертификаттар, вексельдар және т,б, Иеленуші бағалы қағаздар активтерге сәйкес меншік құқығын береді. Бұл акциялар, варанттар, коносаменттер және т.б.

Информация о работе Бағалы қағаздар акциялар