Қазақтандағы эканомикалық қауіпсіздік, оның мәні обектісі және субектісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 19:24, реферат

Описание работы

Эканомикалық қауіпсіздік-мемлекеттің өмірлік мүддесін қорғайтын жүйе. Қорғау объектілері ретінде: мемлекеттің жалпы халық шаруашылығы, мемлекеттің жеке аймақтары, шаруашылықтың жеке сфералары мен салалары қарастырылады. Шаруашылық іс-әрекеттің жеке және заңды тұлғалары-субъект ретінде табылады. Экономикалық қауіпсіздікті-халық шаруашылығының дамуын ресурспен тұрақты қамтамасыз ететін, тұрғындардың өмір сүру шартын қалыпты ұстау қабілеттілігін анықтайтын, экономикалық жүйенің маңызды, сапалы мінездемесі ретінде қарастыру керек.

Работа содержит 1 файл

Эко.docx

— 97.00 Кб (Скачать)

Қазақтандағы эканомикалық қауіпсіздік, оның мәні обектісі және субектісі.

       Эканомикалық қауіпсіздік-мемлекеттің өмірлік мүддесін қорғайтын жүйе. Қорғау объектілері ретінде: мемлекеттің жалпы халық шаруашылығы, мемлекеттің жеке аймақтары, шаруашылықтың жеке сфералары мен салалары қарастырылады. Шаруашылық іс-әрекеттің жеке және заңды тұлғалары-субъект ретінде табылады. Экономикалық қауіпсіздікті-халық шаруашылығының дамуын ресурспен тұрақты қамтамасыз ететін, тұрғындардың өмір сүру шартын қалыпты ұстау қабілеттілігін анықтайтын, экономикалық жүйенің маңызды, сапалы мінездемесі ретінде қарастыру керек.

Экономикалық қауіпсіздік  өз ішінде күрделі ішкі құрылымдардан

тұрады. Үш негізгі элементтерін атауға болады.

- Экономикалық тәуелсіздік,  халықаралық эканомикалық еңбек бөлінісі, ұлттық эканомикаларды бір-біріне тәуелді етеді. Осы шартпен экономикалық тәуелсіздік мемлекет пен ұлттық ресурстарды бақылау мүмкіндігін білдіреді, өнімнің тиімділігін және сапасын арттыру арқылы оның бәсекелік қабілеттілігін және әлемдік саудада тең жағдайда қатысуын, ғылыми-техникалық жетістіктердің айырбасын қамтамасыз етеді.

- Ұлттық экономиканың  тұрақтылығы және орнықтылығы.  Меншіктің барлық формаларын қорғауды, кәсіпкерлік белсенділік үшін кепіл және сенімді жағдай жасауды, экономикадағы қылмыстық құрлымдармен күресті, әлеуметтік сілкіністі тудыратын, пайданы бөлуде аса маңызды алшақтықты жібермеу т.б. көздейді.

- Прогресске және өзін  дамытуға бейімділік қабілеттілігі.  Әлемнің қарқынды дамуында қазіргі заманға сай маңызды болып табылады. Инновация және инвестиция үшін қолайлы жағдай жасау, үнемі өндірістің модернизациясы, жұмыскерлердің машықтылық, білімділік және жалпы мәдениеттілік деңгейін жоғарлату, ұлттық эканомиканың өзін сақтауының және орнықтылығының міндетті және қажетті шарты болып табылады. Экономикалық қауіпсіздік ол ұлттық экономиканың үнемі жаңару және өзін жетілдіру қабілеттілігі, оның тәуелсіздігін, тұрақтылығын және орнықтылығын қамтамасыз ететін шарттар мен факторлардың үйлесімділігі.

Экономикалық қауіпсіздіктің жүйелері.

1.Технологиялық қауіпсіздік  - бәсекеге қабілетті өнімді шығару  негізінде технологиялардың халықаралық нарықта үнемі қатысуымен анықталады.

2.Азық-түлік қауіпсіздігі  – сапалық азық өнімін өндіру  үшін табиғи-шикізат ресурстарын қолданумен қатар олардың тұрғындармен жаппай тұтынылуымен өлшенеді.

3.Қаржы-несие қауіпсіздігі-қаржы жүйесімен, ұлттық валюта орнықтылығымен және алтын валюта қорының жеткіліктілігі және эканомикалық өсудің орнықтылығын қамтамасыздау үшін жағдай жасалумен анықталады.

4.Өнеркәсіптік қауіпсіздік  - мемлекеттің индустриалды потенциалының, өнімдердің технологиялық өндірісінің тиімділігі мен орнықтылығымен анықталады.

5.Сыртқы экономикалық  қауіпсіздік - сыртқы экономикалық  әсерлерден ішкі нарықтың қорғанылуымен мінезделеді.

6.Инвестициялық қауіпсіздік  - мемлекеттің инвестициялық тартымдылық деңгейіне және тартылған қаржыны тиімді қолдану және қайтару қабілетіне байланысты.

7.Энергетикалық қауіпсіздік  - ішкі өнеркәсіптік өндірісті  үзбеу үшін энергияны жеткілікті  өндіру мен және мемлекеттің  меншік энергия тасымалдау мүмкіндігімен анықталады.

8.Көлік коммуникациялық  қауіпсіздік - әлемдік нарыққа  шығуға мүмкіндік беретін көлік-коммуникациялық  артериялардың бар болуымен сипатталады.

9.Әлеуметтік қауіпсіздік  - әлеуметтік-экономикалық конфликттердің  жоқтығы мен қамтамасыз етіледі  және мемлекеттің әлеуметтік  қауырттық деңгейінің төмендеуімен  сипатталады. Қазақстан Республиасының  әлеуметтік- эканомикалық дамуының негізгі бағыттары:

1) тұрғындар;

2) өмір сүру деңгейі;

  3) білім және ғылым;

4) денсаулық сақтау;

5) тұрғын үй нарығы  және тұрғын үй құрылысы;

6) мәдениет және спорт;

7) туризм;

10.Ақпараттық қауіпсіздік.

11.Экологиялық қауіпсіздік.

Экономикалық қауіпсіздіктің мәнін жүйелік жағынан қарастырғанда  аталған жүйелердің өзара байланысы үзілмеу керек, яғни әрбір жүйе басқа жүйелер үшін өмір сүруі және дамуы қажет. Осы жүйелердің өзарақызмет атқаруын қадағалау және оларға көмек көрсету тиісті мемлекеттік институттармен, құқықтық ұйымдастырушылық, саяси шаралар жүйесі арқылы атқарылуы тиіс. Ұлттық қауіпсіздік деп - мемлекеттің ұлттық мүдделерінің нақты және потенциалды қауіптерден қорғану күйі. Ұлттық қауіпсіздік объектісі – тұлға оның бостандығы және құқығы, қоғам, оның материалды және рухани құндылықтары, мемлекет оның конститутциялық құрылымы, тәуелсіздік және аймақтық тұтастық. Ұлттық қауіпсіздік субъетілері - соттық билік тармақтары және оның орындаушылары, заң органдары арқылы өзінің өкілеттілігін іске асыратын мемлекет, азамат және ұйым табылады. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік концепциясы келесі элементтерді қамтиды:

- Сыртқы қауіпсіздік - шет мемлекеттерден, азаматтардан, ұйымдардан келетін қауіптен ҚР- ның ұлттық мүдделерінің қорғалу күйі.

-Әскери қауіпсіздік - ҚР ұлттық мүдделерінің нақты және потенциалды қауіптерден қорғану күйі және әскери сипаттағы мемлекеттің тәуелсіздігіне және аймақтық тұтастыққа қол сұғатын жәйттардан қорғану күйі.

-Ақпараттық қауіпсіздік - мемлекеттік ақпараттық ресуртардың қорғалуы және ақпараттық саладағы қоғам мен тұлға құқығы.

-Қоғамдық қауіпсіздік - саяси құқықтық, рухани – адамгершіліктік, ҚР азаматтарының денсаулығы әлеуметтік өмірдің қорғалуы және Қазақстан қоғамының құндылықтарын әртүрлі қауіп пен қатерден сақтау.

-Экалогиялық қауіпсіздік - антропогенді және табиғи жерлердің қоршаған ортаға қатер тудыруынан мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның құқығы мен мүддесінің қорғалуы.

Қазақстан Республикасындағы  экономикалық қауіпсіздік мәселелері

 

Қазақстан Рсепубликасының  халықаралық қатынастар жүйесінде  толық жарамды субъект ретінде  қызмет жасауы, жаңа экономикалық кеңістік шеңберінде өзінің ұлттық мүдделерін айқын анықтауын талап етеді. Қазақстан Республикасының мүдделері, ең алдымен мынандай саяси және экономикалық факторлармен байланысты: соғыс объектілерінің және ядролық қару-жарақтың бар болуы, космостық база, ішкі саяси жағдайдың  белгілі мөлшерде тұрақсыз болу қауіпі, халық санының арту қарқынының биіктігі, аймақтың әлеуметтік-экономикалық артта  қалуы, КСРО-ның тарауы салдарынан пайда  болған республикалардың әлемдік аренадағы  қызметін реттейтін халықаралық  құқық механизмдерінің болмауы, республиканың “нативизацияға”  бейімделуі. Бұндай жағдайда Республиканың  алдына шетелдермен және таяу шетелдермен  қарым-қатынастардың ұтымды жағын  табу және күштердің қазіргі кездегі  балансына байланысты Азия мен Орта Шығыс кеңістігіндегі Қазақстанның ғаламдық рөлін белгілеу мәселесі қойылады. Ұлттық мүдделер мен басымдық таңдауды мемлекеттің саяси, әлеуметтік және қорғану салаларындағы қызметінен іздеу керек. Қазіргі кезде көрініс  алып отырған Қазақстанның Ұлттық позицияларының белгілену тенденциясы, болашақта  бұрынғы КСРО шеңберіндегі мемлекеттер  арасындағы күш балансына әсер етуі мүмкін.

Қазақстанға әсер етуші күштер мыналармен анықталады: Ресей мемлекетінің қарым-қатынасы (Шығысқа әуестенуі); Қытайдың мақсаттары (өзінің экономикалық және саяси әсерін күшейтуде); иран, Турция, және тағы басқа мемлекеттердің өзіндік мүдделері. Осыған байланысты Қазақстанның мүддесіне ең бастысы  мыналар жатады: Қазақстанның егемендігін  және таңдаған даму моделін құрметтеу, шекара қауіпсіздігі, экономикада, мәдениетте өзара тиімді ынтымақтастық. Сонымен, республиканың мүдделері сыртқы факторлармен тығыз байланысты және ол ішкі саясаттың макро- және микро  деңгейдегі бағыттарына әсер етеді.

Қазақстан Республикасының  болашақпен байланысты проблемаларына кең ауқымда қарағанда, олар мына факторларға байланысты болады:

    • коммуникация құралдарымен жоғары деңгейде қамтамасыз етілгеніне қарамастан, ашық теңізге шығу жолдарының болмағандығы белгілі мөлшерде Қазақстанның дамуын шектейді. Қазақстан көп мемлекеттермен шекаралас болып келеді, соған сәйкес шекаралас мемлкеттердің тұрақтылығы қайта ұйымдастыру үлгісі жобасының дамуын қамтамасыз етпейді;
    • жобалық мүдделерде Қазақстан Батыс үшін Ресеймен салыстырғанда екінші дәрежеге лайық;
    • ТМД елдерінің ішінде ешқайсысы, солармен қатар Ресей Федерациясы да авуар ретінде көрініс ала алмайды, яғни ондай авуарға қол жеткізу мемлекет үшін әлемде биік деңгейдегі бәсекелестікті туындатуына мүмкіндік берген болар еді. Бірақ ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстан Республикасының ондай мүмкіншілігі жоқ;
    • Республиканың мүмкіндігі бейбітшілікті күшейтумен сипатталады. Қазақстан ТМД шеңберінде де және шетелге қатысты саясатында да көптеген ынтымақтастық шараларының қолдаушысы болып табылады. Сондықтан Қазақстан Республикасы соғыс қаупін білдіруден аулақ;
    • шетел экспорттерінің бағалауы бойынша Республика ғаламдық маңыздылығы жағынан ұзақ және қысқа мерзімдік болашақта халықаралық бәсекеге қауіп төндіру мүмкіндігіне ие емес, мұның себебі қолда бар өндірістердің өзін қалпына келтіруге қаражаты жоқ, яғни Қазақстан перифериялық мемлекет күйінде қала бермек;
    • дамыған орта класы болмағандықтан, Қазақстанның әлемдік даму үлгісіне бет қоюға мүмкіндігі жоқ.

Бұндай жағдайда біздің көзқарасымыз бойынша, мемлекет саясаты экономикалық дамуға бағыт алуы қажет. Экономикалық факторларды дұрыс бағаламау  – саясат және соғыс сферасында қауіптің шиеленісуіне әкеліп соғуы  ықтимал. Бұндай қауіп ішкі және сыртқы сипат түрінде туындайтындығына көзіміз жетеді. Дамыған экономика, елдің өмір сүру деңгейінің төмендігі, мамандар біліктілігінің төмендігі  және ең бастысы олардың макро, микро  деңгейдегі экономикалық және саяси  билікті қолдана отырып жемқорлыққа  жақындығы - Қазақстанның қауіпсіздігін  құрайтын факторлар болып табылады. Сондықтан экономикалық дамудағы ішкі қайшылықтарға ерекше ықылас аудару керек.

Сол сияқты, қауіпсіздік  әр түрлі формаларда көрініс алуы мүмкін, соғыс факторлардан бастап әлеуметтік, қаржы, сауда ақпарат  факторларына дейін; бұлардың әрқайсысы  өз бетінше іске асырылып отырады. Бұндай автономды тәуелділіктің болуы, біздің ойымыз бойынша, экономикалық тәуелділіктің  негізгі сауда, қаржы техника  сияқты факторларын, сонымен қатар, азық-түлік дағдарысы, экология, қылмыскерліктің өсуімен байланысты экономикалық қауіптерді қарастыру қажеттілігі туындайды.

Сауда тәуелділігі екі  вектордың нәтижесі болып табылады: бір жағынан сауданың өнеркәсібі дамыған елдерге тәуелділігі, ал екінші жағынан - әлемдік нарықтағы  циклдық өзгерістерге тәуелділігі. Дамушы елдердің тәжірибесі бойынша, шетел  капиталы қатаң мемлекеттік реттеу жағдайында да сыртқы сауданы өзіне  жағымды бағытта жүргізудің жолдарын табады.

Жүзеге асыру құралдары  ретінде несиелік саясат және банктік  бақылау қолданылуы мүмкін. Тәуелділік модельдері әр түрлі мүмкін:

  • инвестицияланған тауарларға арналған негізгі фондтар (қорлар) тек солардың фирмалары арқылы алынады;
  • өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және басқа да салалардың құрыламын реттеу, яғни саясаттың негізгі инвестор елдерінің ұлттық мүдделерінен және олардың нарық көлемінен тұрады.

Бұндай экономикалық саясаттың  арам ниетке істелген әрекет екендігіне талас болуы сөзсіз. Шетел мемлекеттерінің  сыртқы экономикалық шараларының өзіндік  ішкі мақсаттары боғанымен, бірақ оған қол жеткізген тиімділік біркелкі емес.

Мысалы, Қазақстан үшін белгілі  бір келісім тек қана бір стратегиялық мақсатқа қызмет етуі мүмкін. Мысалы, сауда  балансын жақсарту және шетел валютасының  ағымын көбейту, ал экономикалық дамыған  ел бірнеше мақсаттарын іске асырады. Әлемдік шаруашылық тәжірибесі көрсеткендей, көптеген акциялардың әдейі қолданылатындығы айқын көрінеді. Дәлірек айтқанда, экспорт пен импортты көбейту немесе азайту (эмбарго, импорт тарифтері, квоталар, несиелерді қысқарту және тағы басқа) арқылы экономикасы дамыған ел нашар дамыған елге өздерінің мақсатына сәйкес іс-әрекет жасауына мәжбүр етеді.Сонымен қатар, серіктес елдегі дағдарыс немесе құлдырау нашар дамыған елдің экономикасына кері әсер етеді. Бұндай сауда тәуелділігінің себептері сыртқы сауда үлесінің басым болуы және оның құрылымының деформациялануы.

Нарықтарға преференциалдық  жол ашықтығы қарама-қарсы елде бақылау  жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен  қатар, серіктес ел жағдайының белгілі  мөлшерде мәжбүр ету және зорлап міндеттеу  преференциалдық жол ашықтығының  нәтижесі болуы мүмкін.

Қазақстан ішкі затты экспорттаушы мемлекеттерге жататындығы бәрзімізге мәлім. Шикізатты қазып шығаруға мамандану ең тәуелді қызметтердің бірі. Бұндай экспортқа арқа сүйеген  мемлкет әлемдік нарықтағы циклдылықтан әрдайым аса ірі валюталық  шығынға түседі. Әлемдік нарықта  шикізат материалдарына сұраныс  азаюда, бұл жағдай мынадай мәселелермен байланысты: өндіріске материалдарды  үнемдейтін технологияларды енгізу және оларды дамыту, жаңа жасанды материалдарды  жасап шығару. Бір мезгілде шикізат  бағасы төмендеп, ал импортталып отырған  тауарлардың бағасының өсу құбылысы байқалады. Бұндай айырбас шынайы ұлттық табыс мөлшерін азайтады, капитал  қорлануына кедергі болады.

Информация о работе Қазақтандағы эканомикалық қауіпсіздік, оның мәні обектісі және субектісі