«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ 2014-2023 жылдарға арналған Даму стратегиясы
Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2015 в 19:41, реферат
Описание работы
Банктің Даму стратегиясын әзірлеу кезінде мынадай қағидаттар негізге алынды:
сәйкестік қағидаты – Банктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттерінің
мемлекет пен акционердің негізгі стратегиялық құжаттарына сәйкестігі:
Қазақстанның Даму стратегиясы-2050, Стратегиялық жоспар-2020, ҚР 2010-2014 жж.
және 2015-2019 жж. арналған Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық
даму бағдарламасы, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның 2014-2023 жж. арналған Даму
стратегиясы және ҚР Үкіметінің экономикалық даму саласындағы басқа да
бағдарламалық құжаттары;
реалистік қағидат – болжалды көрсеткіштердің ҚДБ болжалды даму
деңгейіне сәйкестігі;
жүйелілік қағидаты – қойылған мақсаттарға кезең-кезеңмен жету және
міндеттерді орындау;
тиімділік және нәтижелілік қағидаты – Банктің осы Даму стратегиясында
көзделген стратегиялық мақсаттарға уақтылы және сапалы жету.
Содержание
Мазмұны
КІРІСПЕ................................................................................................................................ 4
1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ.................................................................................. 5
2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ...................................................................... 9
2.1. Сыртқы ортаны талдау ........................................................................................... 9
2.2. Ішкі ортаны талдау................................................................................................. 14
2.3. SWOT-талдауы ........................................................................................................ 20
3. МІНДЕТ, КӨРЕГЕНДІК ЖӘНЕ ҚАҒИДАТТАР................................................. 22
3.1. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның Даму стратегиясындағы Банктің рөлі мен
орны .................................................................................................................................. 22
3.2. Міндет...................................................................................................................... 23
3.3. Көрегендік .............................................................................................................. 23
3.4. Қағидаттар ............................................................................................................. 23
4. СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР ПЕН МІНДЕТТЕР............... 23
4.1. Стратегиялық бағыт – несиелендіру................................................................ 23
4.2. Стратегиялық бағыт – қаржы ресурстарын басқару ................................... 27
4.3. Стратегиялық бағыт – корпоративтік басқару ............................................. 29
5. БОЛЖАЛДЫ НӘТИЖЕЛЕР.................................................................................... 33
6. ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ІСКЕ АСЫРУ, ОҒАН МОНИТОРИНГ
ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ........................................................................................ 34
ҚОСЫМШАЛАР ………………………………
Работа содержит 1 файл
2014
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ
2014-2023 жылдарға арналған
Даму стратегиясы
2
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
Мазмұны
КІРІСПЕ................................................................................................................................ 4
1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ.................................................................................. 5
2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ...................................................................... 9
2.1. Сыртқы ортаны талдау ........................................................................................... 9
2.2. Ішкі ортаны талдау................................................................................................. 14
2.3. SWOT-талдауы........................................................................................................ 20
3. МІНДЕТ, КӨРЕГЕНДІК ЖӘНЕ ҚАҒИДАТТАР................................................. 22
3.1. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның Даму стратегиясындағы Банктің рөлі мен
орны .................................................................................................................................. 22
3.2. Міндет...................................................................................................................... 23
3.3. Көрегендік.............................................................................................................. 23
3.4. Қағидаттар ............................................................................................................. 23
4. СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР ПЕН МІНДЕТТЕР............... 23
4.1. Стратегиялық бағыт – несиелендіру................................................................ 23
4.2. Стратегиялық бағыт – қаржы ресурстарын басқару................................... 27
4.3. Стратегиялық бағыт – корпоративтік басқару............................................. 29
5. БОЛЖАЛДЫ НӘТИЖЕЛЕР.................................................................................... 33
6. ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ІСКЕ АСЫРУ, ОҒАН МОНИТОРИНГ
ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ........................................................................................ 34
ҚОСЫМШАЛАР
………………………………………………………………...36
3
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
Аббревиатуралардың мағынасы:
ЕДБ
- Екінші деңгейдегі банктер
ЖІӨ
- Жалпы ішкі өнім
СЭБ
- «Даму және сыртқы экономикалық қызмет банкі (Сыртқыэкономбанк)»
мемлекеттік корпорациясы
МҮИИДБ - 2010-2014 жж. арналған Мемлекеттік үдемелі индустриялық-
инновациялық даму бағдарламасы
МИИДБ
- Қазақстан Республикасының 2015-2019 жж. арналған Мемлекеттік
индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы
ЕТҰ
- Еншілес және тәуелді ұйым
БЖЗҚ
- Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қоры
ТҚК
-
Түйінді қызмет көрсеткіштері
ҚР
- Қазақстан Республикасы
ЖКС
- Жеке кәсіпкерлік субъектісі
БҰҰ
- Біріккен Ұлттар Ұйымы
БАН
- Банкаралық несиелендіру
ҚР ҰҚ
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Қоры
ҚРҰБ
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
ADFIAP
- Азия-Тынық мұхит аймағындағы даму институттары қауымдастығы
BDC
- Канаданың іскерлік даму банкі
BNDES
- Бразилия даму банкі
CDB
- Қытай даму банкі
DBJ
- Жапония даму банкі
EBRD
- Еуропа қайта құру және даму банкі
ЕАДБ
- Еуразия даму банкі
FMO
- Нидерланды даму банкі
KDB
- Корея даму банкі
KFW
ЭЫДҰ
- Германияның Банктік даму тобы
- Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
4
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
КІРІСПЕ
«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк, Даму Банкі
немесе ҚДБ):
«Қазақстанның Даму Банкі туралы» ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 2000
жылғы 28 желтоқсандағы №531 Жарлығына және
«Қазақстанның Даму Банкі» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» ҚР
Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы №659 Қаулысына сәйкес құрылды.
«Қазақстанның Даму Банкі туралы» ҚР Заңына сәйкес, Даму Банкі
қызметінің мақсаттары:
мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін
арттыру;
өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту;
мемлекет экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға ықпал
ету болып табылады.
Банктің осы Даму стратегиясы Қазақстан экономикасының өңдеу және
инфрақұрылымдық секторларын үдемелі дамытуды жалғастыру мақсатында Даму
Банкінің 2014-2023 жж. арналған басым бағыттары мен міндеттерін, осы мақсаттарға
жету жолында қолданылатын қаржы құралдары мен тетіктерін анықтайды.
Банктің Даму стратегиясын әзірлеу кезінде мынадай қағидаттар негізге алынды:
сәйкестік қағидаты – Банктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттерінің
мемлекет пен акционердің негізгі стратегиялық құжаттарына сәйкестігі:
Қазақстанның Даму стратегиясы-2050, Стратегиялық жоспар-2020, ҚР 2010-2014 жж.
және 2015-2019 жж. арналған Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық
даму бағдарламасы, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның 2014-2023 жж. арналған Даму
стратегиясы және ҚР Үкіметінің экономикалық даму саласындағы басқа да
бағдарламалық құжаттары;
реалистік қағидат – болжалды көрсеткіштердің ҚДБ болжалды даму
деңгейіне сәйкестігі;
жүйелілік қағидаты – қойылған мақсаттарға кезең-кезеңмен жету және
міндеттерді орындау;
тиімділік және нәтижелілік қағидаты – Банктің осы Даму стратегиясында
көзделген стратегиялық мақсаттарға уақтылы және сапалы жету.
Банктің осы Даму стратегиясын әзірлеу кезінде шетелдік институттар мен даму
банктерінің құрылымдық қайта құру және ұлттық экономиканы өсіру тәжірибесі,
сондай-ақ қазіргі стратегиялық жоспарлау мен корпоративтік басқару әдістері
ескерілді.
5
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
1.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ
БҰҰ-ның анықтамасына сәйкес, қаржы даму институты – бұл әлеуметтік-
экономикалық дамуға бағытталған жобаларды ұзақ мерзімді қаржыландыру
функциясын атқаратын және жеке бизнеспен толық қаржыландырыла алмайтын банк
немесе ұйым. Даму банктерінің жобалары экономикалық өсімге, экономиканы
әртараптандыру мен жаңғыртуға, әлеуметтік міндеттерді шешуге ықпал етеді.
Даму банктерінің негізгі міндеттері:
1. инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді несиелермен қолдау;
2. мемлекет экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға ықпал
ету;
3. экономиканың басым салаларындағы ірі жобаларды бағалау және
құрылымдау;
4. экономиканы қалпына келтіру үшін несие құралдарын ұсыну жолымен
қаржы дағдарысының теріс әсерін азайту болып табылады.
Даму банктері экономикадағы ұзақ мерзімді инвестициялық жобалардың
жетіспеушілігін жояды және аса тәуекел, өтелімділігі ұзақ мерзімді, табыс көлемі
төмен және едәуір бастапқы капитал жұмсалымын қажет ететін жобаларды іске
асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сондықтан даму банктері коммерциялық
банктермен бәсекелеспейді. Ұлттық қаржы институттары толық немесе жартылай
мемлекеттік банктер не корпорациялар болып табылады, және олардың
құрылтайшысы үкімет болып табылады. Кейбір мемлекеттерде даму банктері арнайы
заңмен реттеліп, коммерциялық банктерге қолданылатын пруденциялық реттеу
нормалардан босатылады.
Қазіргі уақытта даму банктері мемлекеттің экономикалық саясат құралы ретінде
әлемнің 30-дан артық мемлекеттерінде, соның ішінде Германия, Испания, Норвегия,
Канада, Чехия, Қазақстан мен басқа да мемлекеттерде әрекет етеді. Даму банктерінің
негізгі қызметі – инвестициялық жобаларды және даму бағдарламаларын ұзақ
мерзімді қаржыландыру, бұл залалсыз қызмет жағдайларында экономика үшін
әлеуметтік-экономикалық, экологиялық пайда тұрғысынан өлшенеді және
бағаланады, сондай-ақ неғұрлым пайда алуға бағытталмаған.
Әлеуетті инвестициялық жобаларды іздестіру үшін даму банктері экономиканың
басым секторларының құрылымына, бәсекелі артықшылықтары мен әлсіз даму
орындарына зерттеу жүргізеді. Салалық несиелендіру құрылымы даму банктерінің
қаржы секторын, өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін несиелендіруге
баса назар аударатынын, ауқымды несиелендіру құралдарын ұсынатынын көрсетеді.
Көп таралған құралдар: орташа және ұзақ мерзімді несиелендіру, үлескерлік
қаржыландыру, кеңес беру және лизинг.
6
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
Даму банктерінің құралдары
Құралдар
CDB
BDC
DBJ
KDB
СЭБ
BNDES FMO
EBRD
ЕАДБ
KFW
ҚДБ
Орташа және ұзақ
мерзімді несиелендіру,
экспорттық
несиелендіру
√
√
√
√
√
√
√
√
√
√
√
Үлескерлік
қаржыландыру
√
√
√
√
√
√
√
√
√
+
Кепілдемелер
√
√
√
√
√
√
Кеңес беру
√
√
√
√
√
√
√
√
√
+
Арнайы
инвестициялық
қорларды
құру/қаржыландыру
√
√
√
√
√
√
+
Жобалық
қаржыландыру
√
√
√
√
√
Х
Шарттасылған
қаржыландыру
√
√
√
√
Лизинг
√
√
√
√
√
√
√
Венчурлік
қаржыландыру
√
√
√
+
Гранттар/Субсидиялар
√
√
+
Бірлестірілген несие
√
√
√
√
√
Х
Мезониндік
қаржыландыру
√
√
Х
Ескертпе: √ - қолда бар құрал; Х – қолда бар құрал, бірақ аса қолданылмайды; + - «Бәйтерек»
ҰБХ» АҚ аясындағы құрал.
Даму банктерінің аса жоғары несие рейтингтері оларға ішкі және сыртқы
нарықтарда ақшаны аса төмен пайыздық мөлшерлеме бойынша алуға мүмкіндік
береді. Төмен ROA көрсеткештері осы қаржы институттарының неғұрлым пайда
алуға емес, ал ұлттық экономиканы тұрақты дамытуға ықпал ету бойынша
функцияларды орындауға бағытталатынын куәландырады. Мұндайда даму банктері
активтерінің құрамындағы несие қоржынының үлесі 41%-дан (Даму Банкі), 90,4%-ға
(BDC) дейін өзгереді.
2013 ж. қорытындысы бойынша даму банктері қызметінің көрсеткіштері
Көрсеткіш
CDB* BDC* DBJ* KDB* СЭБ* BNDES FMO EBRD* ЕАДБ KfW ҚДБ
Moody's
Аа3
-
Aa3
Aa3
Bаа1
Bаа2
-
Aаа
А3
Aаa
Baa3
S&P
АA-
ААА
A+
A+
BBB
BBB
AA+
AAA
ВВВ
AAA BBB+
Fitch
А+
-
-
AA-
BBB
-
-
AAA
ВВВ
AAA ВВВ
ROE, %
13,37
12,41
2,81
4,1
3,29
16,89
7,06
7,5
-4,34
6,58
7,6
ROA, %
0,92
2,65
0,45
0,5
0,64
1,1
2,27
2,1
-1,71
0,26
1,8
Борыш/Капитал
14,1
-
5,4
6,9
3,6
12,9
2,2
2,7
1,8
22,7
3
Активтердің
құрамындағы
несие
қоржыны, %
85,3
90,4
83,3
56,7
66,5
72,3
55,6
48,6
59,5
77,5
41
Дереккөз: даму банктерінің вебсайттары,Standard &Poor’s Rating Direct, * - 2012 ж. мәліметтер
7
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
Мұнымен қоса, бенчмаркингті анықтау баламаларының бірі ADFIAP
ұсынылатын көрсеткіштер болуы мүмкін: ROE 3% деңгейінде, активтердің
құрамындағы несие қоржынының үлесі 60%-дан кем емес және қарыз қоржынының
құрамындағы “greenfield” жобаларының үлесі 10%-дан артық.
Даму банктері халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, нарықтық
мөлшерлемеден төмен ұзақ мерзімді қаржыландыру ұсынады. Бұл ретте кейбір
мемлекеттерде даму банктері тиімді сыйақы мөлшерлемелері бойынша ұзақ мерзімді
қаржыландыру ұсынатын жалғыз қаржы институты болып табылады. Сөйтіп,
Бразилия даму банкі басым секторларға төмен пайыздық мөлшерлемелер бойынша
ұзақ мерзімді қаржыландыру ұсынатын жалғыз қаржы институты болып табылады.
Бразилия Даму банкінің орташа несиелендіру мөлшерлемесі шамамен 8,5%
деңгейінде, мұндайда Бразилияның коммерциялық банктері кәсіпорындар мен жеке
тұлғаларға несиені орташа шамамен 30%-дан артық мөлшерлеме бойынша береді.
Германияның Банктік даму тобы (KfW) коммерциялық банктермен бәсекелесуді
болдырмау және тәуекелдерді азайту мақсатында даму жобаларын коммерциялық
банктер арқылы қаржыландырады. Бұл ретте қаржы институттары өз қаржыландыру
бағдарламаларын, сондай-ақ KfW бірлесіп қаржыландыру бағдарламаларын төмен
пайыздық мөлшерлеме бойынша ұсынады. Сөйтіп, Германия Коммерцбанкі
кәсіпорындарға инвестициялық мақсаттар үшін шамамен 4,9% пайыздық
мөлшерлеме бойынша қаржыландыру ұсынады. Сонымен қатар коммерциялық Банк
KfW бірлесіп басым бағыттар үшін сыйақы мөлшерлемесі 3,9%-дан бастап, ықтимал
жеңілдікті кезеңі 3 жылға дейін ұқсас бағдарлама ұсынады. 2012 ж. Қытай Даму банкі
басым секторларға қаржыландыруды 6,08% орташа сараланған сыйақы мөлшерлемесі
бойынша ұсынса, ал Қытай коммерциялық банктерінің орташа сараланған сыйақы
мөлшерлемесі 7,11% құраған. Жапония Даму банкінің орташа сараланған сыйақы
мөлшерлемесі 2% құрайды, ал коммерциялық банктердің - 3%. Басқа даму банктері
экономиканың басым секторларын қаржыландыру
үшін
төмен сыйақы
мөлшерлемесін ұсынады.
Арзан қорландыруды қамтамасыз ету және даму банктерін тұрақтандыру үшін
әр түрлі мемлекеттің Үкіметі даму банктеріне мемлекеттік қолдауды төмендегідей
көрсетеді:
- ұзақ мерзімді несие желілерін төмен пайызбен ұсыну. Бразилия даму
банкінің негізгі қорландыру көзі Ұлттық қордың мерзімі 35 жылға дейінгі төмен
пайызды несие желілері (54%), Сақтандыру және жұмыссыздық қорының қаражаты
(23,5%) болып табылады. СЭБ міндеттемелерінің 40%-ы Ресей Федерациясының
Үкіметіне және Ресей Федерациясының Орталық Банкіне келеді;
- банктерге мемлекеттің кепілдігі берілген облигациялар шығарылымына
айырықша құқық беру. Қытай Даму банкінің барлық міндеттемелерінің 77%-ы
нөлдік тәуекел дәрежесі бар бондтардан құралған. Сондықтан аталмыш бағалы
қағаздар үнемі инвесторлардың сұранысына ие болады, себебі Қытайдың капитал
нарығында осындай тәуекелден тыс ұсыныстардың саны шектеулі. Жапония Даму
банкінің 40% қорландыруы мемлекеттік несиелер мен үкіметтің кепілдігі берілген
облигациялардан құралған;
8
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
- жүйелі мемлекеттік капиталдандыру жолымен даму банктерінің
жарғылық капиталын көбейту. Сөйтіп, 1991-2005 жж. аралығында Нидерланды
Даму банкі Үкіметтен жыл сайын орташа шамамен 45 млн. еуро мөлшерінде
капиталдандыру алып отырды. Бұл ретте Канаданың Үкіметі 2008 – 2010 жж. Банкке
1,5 млрд. АҚШ долл. инвестициялар салып, оның жарғылық капиталын көбейтті;
- даму банктерінің міндеттемелері бойынша мемлекеттік кепілдемелер беру.
Канаданың Үкіметі Іскерлік даму банкінің міндеттемелеріне кепілдік береді, бұл
ретте Канаданың шоғырландырылған табыстар қорының қаражаты Банктің
міндеттемелерін өтеу көзі болуы мүмкін. Мұнымен қоса, Нидерланды Үкіметі мен
Даму банкі арасындағы келісім аясында Үкімет үшінші тұлғаларға Даму банкінің
міндеттемелерін уақтылы орындауына кепілдік береді, сондай-ақ өтімділік көзі
болып табылады.
Осылайша, әлемдік тәжірибе даму банктерінің даму институттары
функцияларын орындай отырып, мемлекет экономикасына іске асырылатын
жобалардың барынша әлеуметтік-экономикалық нәтижесіне жетуді көздейтінін
көрсетеді. Экономиканың басым секторларындағы жобалар үшін даму банктері
Үкіметтің қолдауына қарай қолайлы қаржыландыру жағдайын ұсынады. Мұндайда
даму банкінің «мандаты», мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайы,
нормативтік реттеу, Үкімет көрсететін мемлекеттік қолдау шаралары сияқты
факторларға байланысты, даму банктері қызметінің көрсеткіштері әркелкі және ортақ
үрдіске ие емес.
9
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1. Сыртқы ортаны талдау
2005-2013 жж. аралығында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны оң серпінге
қарамастан дағдарысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда қысқарған. Соңғы 8 жыл
ішінде Қазақстанның ЖІӨ нақты көріністе 61,8%-ға артқан, бұл ретте өсу қарқыны
2006 ж. 10,7%-дан 2013 ж. 6%-ға дейін баяулаған.
Дағдарыстан кейінгі кезеңде экономиканың дамуында қызмет көрсету секторы
басты рөл ойнайды. Төрт жыл ішінде Қазақстанның ЖІӨ 28,4%-ға артты, соның
ішінде қызмет көрсету секторының үлесі 19% құрады. Мұндайда экономиканың
дамуында өнеркәсіп үлесінің азаюы байқалады (төрт жыл ішінде 5,5%), құрылыс
және ауыл шаруашылығы секторының үлесі болмашы қалпында қалады.
Экономиканы әртараптандырып, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып,
тұрақты әрі теңдестірілген өсімді қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылы 2010-2014
жж. арналған Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы
қабылданды. МҮИИДБ іске асырылған үш жылдың қорытындысы бойынша өңдеу
өнеркәсібінің жалпы қосылған құн көлемінің өсімі 2008 ж. деңгейге қарағанда 122,3%
құрады (1,8-ден 3,4 трлн. теңгеге дейін). Өңдеу өнеркәсібінің барлық салаларында
өндірістің дамуы байқалады: фармацевтика – 191,6%, машина жасау – 151,7%, өзге
металл емес минералдық өнімдер өндірісі – 130,6%, химия өнеркәсібі – 122,1%,
металлургия – 111,5%, жеңіл өнеркәсіп – 105,1%.
2008-2013 жж. өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің нақты өсімі 37,3-тен
57,5 мың АҚШ долл./адам дейін 1,5 есені құрады, соның ішінде фармацевтика – 2,3
есе, машина жасау – 2,2, өзге металл емес минералдық өнімдер өндірісі – 2,2, химия
өнеркәсібі –2,1, жеңіл өнеркәсіп – 1,7 және металлургия – 1,4 есе.
Дегенмен, мемлекет экономикасы өндіруші салаларға тәуелді, осыған орай
сыртқы талықсыту әсерінен айтарлықтай қорғалмаған. 2008-2013 жж. аралығында
ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 11,8%-дан 10,5%-ға дейін азайды,
экспорт құрылымындағы шикізаттық емес өнімнің үлесі 27,8%-дан 23,2%-ға дейін
қысқарды, бұл экономиканың төмен деңгейде әртараптандырылғанын көрсетеді.
2013 ж. Қазақстанның ЖІӨ көлемі 33,5 трлн. теңгені құрады және өткен жылғы
тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты көлемде 6,0%-ға көбейді. Экономиканың өсімі
ішкі өсу көздерімен қамтамасыз етіледі. Үй шаруашылықтарындағы тұтыну
көлемінің өсуі қызмет көрсету салаларының дамуына қолайлы әсер етті. Нәтижесінде
2013 ж. қызмет көрсету өндірісі нақты шамада 7,4%-ға, тауар өндірісі 3,3%-ға өсті.
ЖІӨ-нің өсуіне ақпарат және байланыс саласындағы аса қарқынды өсім
көрсеткіштері ықпал етті – 14,0%, сауда – 12,7% және ауыл шаруашылығы – 10,8%.
2013 ж. бойынша өнеркәсіп нақты көлемде 2,3%-ға өсті, сондай-ақ өңдеу
өнеркәсібіндегі өсім қарқынының баяулауы байқалады: 2010 ж. 13,6%-дан 2013 ж.
1,6%-ға дейін.
Мемлекеттің сыртқы саудасында жағымсыз үрдіс байқалады. Өткен жылғы
көрсеткіштер бойынша экспорт көлемі 4,6%-ға 82,5 млрд. АҚШ долл. дейін
қысқарды, бұл ретте Қазақстандағы импорт көлемі 5,4%-ға 48,9 млрд. АҚШ долл.
дейін артты. Нәтижесінде 2013 ж. Қазақстан сыртқы саудасының жағымды сальдосы
10
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
16,1%-ға төмендеп, 33,6 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл ЖІӨ-нің өсуіне және
мемлекеттің төлем теңгеріміне теріс әсер етті.
2010 ж. Қазақстанның Кеден одағына кіруіне байланысты қолжетімді нарық
көлемі 19 есеге өсіп, 3,5 трлн. АҚШ долл. жетті. Қазақстан Кеден одағына кіргеннен
кейін шикізаттық емес салаларға салынған тікелей шетел инвестициялары көлемінің
жылына шамамен 31%-ға өскенін көрсетеді, Қазақстан экономикасына салынған
тікелей шетел инвестицияларының жалпы көлемінің үлесі 29%-дан 41%-ға дейін
артты. Мұнымен қоса, 2013 ж. Кеден одағы мемлекеттерімен өзара сауда 24,2 млрд.
АҚШ долл. құрады, бұл ретте экспорт көлемі 5,9%-дан 5,9 млрд. АҚШ долл. дейін
қысқарды, ал импорт 4%-ға көбейіп, 18,4 млрд. АҚШ долл. құрады.
Мемлекетте инвестициялық белсенділігінің төмендеуі экономика дамуындағы
жағымсыз сәт болып табылады. Соңғы бес жыл ішінде негізгі капиталға
инвестициялар көлемінің өсім қарқыны 2008 ж. 14,8%-дан 2013 ж. 6,5%-ға дейін
қысқарды. Бұл ретте инвестициялық салымдардың айтарлықтай көлемі өткен
жылдардағыдай кен өндіруші өнеркәсіптің үлесінде болды – негізгі капиталға
салынған барлық инвестициялардың 30%-ы.
Екінші деңгейдегі банктердің консервативтік саясаты, қор нарығының жетілмеуі
нәтижесінде негізгі капиталға инвестициялардың негізгі қаржыландыру көзі ретінде
кәсіпорындардың меншікті қаражаты болып қалуда, олардың үлесіне барлық капитал
жұмсалымының жартысынан артық келеді. Соңғы жылдары меншікті қаражат
есебінен жүргізілетін инвестициялар көлемінің өсуіне қарай шетел инвестициялары
көлемінің 2009 ж. 1697 млрд. теңгеден 2013 ж. 689 млрд. теңгеге дейін азаюы
байқалады, бұл негізгі капиталға инвестициялардың құрылымындағы шетелдік
қатысу үлесінің 37%-дан 11%-ға дейін қысқаруына әкелді. Бұл, ең алдымен, ірі кен
орындарындағы инвестициялық фазаның аяқталуымен және мұнай шығаруға капитал
жұмсалымының азаюымен байланысты. Осылайша, негізгі капиталға инвестициялар
қарқыны ЖІӨ-нің өсу қарқынынан артта қалады, бұл ұзақ мерзімді келешекте
Қазақстан экономикасының баяу өсуіне әкеледі.
Ұзақ мерзімді және инвестициялық несиелендіру. Қаржы дағдарысынан
туындаған бірнеше жылғы тоқыраудан кейін 2011 ж. банк секторының жағымды өсу
серпіні байқалды, бірақ қаржы секторының көрсеткіштері банк секторының
экономикалық агенттердің несие сұраныстарын қанағаттандыруда аса тиімсіз екенін
куәландырады. 2011 – 2013 жж. аралығында банк секторының активтері 28,4%-ға, 15
462 млрд. теңгеге дейін көбейді, мұндайда ЖІӨ-ге қатысты банк секторының
активтері 55%-дан 46%-ға дейін қысқарды. Экономиканың шикізаттық емес
салаларын және инфрақұрылымды дамытуда банк секторының инвестициялық
салымдарды тұрақты қаржыландыру көзі функцияларын аса тиімсіз атқаруы қарыз
қоржынының барынша әртараптандырылмауымен, ұзақ мерзімді қорландыру
көздерінің жетіспеушілігімен байланысты.
2014 ж. 1 ақпандағы жағдай бойынша ЕДБ-нің экономика салаларына ұзақ
мерзімді (1 жылдан артық) несиелендіру көлемі 9 181,3 млрд. теңгені құрады. Банк
секторының ұзақ мерзімді ресурстарының негізгі ағыны өндірістік емес салалар
саудаға, құрылысқа және басқа да салаларға (өндірістік емес сала, жеке қызмет)
11
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
бағытталған – ЕДБ-нің ұзақ мерзімді несиелерінің шамамен 83%. Бұл ретте өңдеу
өнеркәсібінің үлесіне 6,6% келеді, көлікке - 3,9% және ауыл шаруашылығына – 2,7%.
ЕДБ-нің ағымдағы қызметі кәсіпорындардың айналым капиталындағы ағымдағы
қажеттіліктерін қанағаттандыруға, бұрын алынған несиелерді қайта құрылымдауға,
сондай-ақ инвестицияларға емес, ал тұтынушылар сұранысына негізделетін
экономикалық өсім құрылымындағы үйлеспеушілікті көрсетеді. Соңғы үш жылда
ұзақ мерзімді жиынтық несие қоржынындағы азаматтардың тұтынушылық мақсатқа
арналған ұзақ мерзімді несиелерінің үлесі 13%-дан 23%-ға дейін өсті, бұл келешекте
халықтың несие тәуекелін арттыру мүмкін. Бұл ретте 2014 ж. қаңтардың соңында
ЕДБ негізгі қорларды сатып алуға, жаңа құрылыс пен қайта құруға сомасы 2 407,5
млрд. теңгеге ұзақ мерзімді несие берді, бұл ЕДБ ұсынған ұзақ мерзімді несиелердің
26,2% құрайды. Осылайша, 30%-дан кем несиелер инвестициялық қажеттіліктерді -
негізгі қорларды құру мен жаңғыртуға бағытталды.
Жұмыс істемейтін қарыздардың жоғары үлесі күрделі мәселе болып табылады,
бұл банк секторының макроэкономикалық ортаның өзгерістерін, жекелеген
нарықтардағы жағдайды икемді елеу мүмкіндігін азайтады. Сөйтіп, 2014 жылғы 1
қаңтардағы жағдай бойынша ЕДБ-нің жиынтық несие қоржынындағы жұмыс
істемейтін қарыздардың үлесі 31,4% құрады. Мұнымен қоса, 2012-2013 жж. аталмыш
көрсеткіш 16%-дан 19%-ға дейін салыстырмалы тұрақты деңгейде болды. Банктердің
несие қоржынының сапасын жақсарту бойынша жұмысын белсендету үшін 2016
жылғы 1 қаңтардан бастап ЕДБ үшін жұмыс істемейтін қарыздардың міндетті ең
жоғары лимиті 10% деңгейінде белгіленеді.
Банк міндеттемелерінің құрылымындағы ұзақ мерзімді қорландыру үлесінің
азаюы соңғы екі жылда сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігінің шеутеулі болып,
бейрезиденттердің алдындағы міндеттемелердің 43%-ға төмендеуімен байланысты.
Осыған орай, банк жүйесінің негізгі қорландыру көзі клиенттердің депозиттері болып
табылады, олардың ЕДБ-нің жиынтық міндеттемелер құрылымындағы үлесі 2013 ж.
73,6% құрады. Жиынтық міндеттемелердің құрылымындағы қысқа мерзімді
міндеттемелердің үлесі (1 жылға дейін) 2/3-ге жетеді. 2014 ж. 1 қаңтардағы жағдай
бойынша клиенттердің шетелдік валютадағы салымдарының үлесі 37,2% құрады, бұл
ретте банктік емес заңды тұлғаларға ұсынылатын ұзақ мерзімді несие
құрылымындағы шетелдік валютадағы несиенің үлесі 44% құрады. Шетелдік
валютадағы депозиттер мен несиелердің жоғары үлесі банктердің және шетелдік
валютада несие алған, бірақ валюталық түсімі немесе тиімді хеджирлеу құралдары
жоқ қарыз алушылардың валюталық тәуекелдерін арттырады. Мұнымен қоса, ҚР
зейнетақы жүйесіндегі реформалардың нәтижесінде 2013 ж. жеке зейнетақы қорлары
тарапынан ЕДБ-нің облигацияларына сұраныс азайды. Нәтижесінде айналымдағы
облигациялардың көлемі 2011 ж. салыстырғанда 2013 ж. 32,2%-ға, 1006,3 млрд.
теңгеге дейін қысқарды. Жоғарыда мазмұндалған негізінде ЕДБ ресурстық
базасының құбылмалы әрі қымбат болып табылатынын, банктердің экономика
салаларын ұзақ мерзімді, әсіресе аса талап етілген ұлттық валютада несиелендіру
мүмкіндіктерін шектейтінін айтуға болады.
Шикізаттық емес өнеркәсіп салалары мен инфрақұрылымның пайдалылық
деңгейінің төмендігімен және жоғары іске асыру тәуекелдерімен сипатталатынын
12
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
атап кеткен жөн. Сөйтіп, кен өндіруші өнеркәсіптегі пайдалылық деңгейі 70%-дан
артық құрайды, бұл өңдеу өнеркәсібіндегі 6,9% пайдалылық деңгейінен 10 есе асады.
Ұзақ өтімділік мерзімін, сондай-ақ ЕДБ-нің қымбат қорландыру базасын ескеріп,
шикізаттық емес салалардағы жобалар салыстырмалы жоғары несиелендіру
мөлшерлемелері бойынша қаржыландырылады.
ЕДБ ұсынатын сыйақы мөлшерлемелері экономиканың нақты секторындағы
кәсіпорындардың болжамдарынан айтарлықтай жоғары болып табылады. ҚР Ұлттық
Банкінің зерттеулері бойынша теңгедегі несиелердің орташа пайыздық мөлшерлемесі
12,1% құрағанда, экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындар үшін тиімді
пайыздық мөлшерлеме 2013 ж. төртінші тоқсанда 8,7% құрады. Соңғы бірнеше жыл
ішінде экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындардың болжалды пайыздық
мөлшерлемесі деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады, бұл ретте экономиканың басым
секторларындағы кәсіпорындар бүгінгі күні аса төмен пайыздық мөлшерлемесі бар
қарыз капиталын қажет етеді.
ҚРҰБ зерттеулері бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі несие қажеттілігі жалпы
экономика бойынша жоғары болып табылады. 2013 ж. 4 тоқсанда сұралған өңдеу
өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың шамамен 27,5%-ы несие алуға ниетті, ал жалпы
экономика бойынша – 22,4%, кен өндіруші өнеркәсіпте - 23,6%.
Негізгі капиталға инвестициялар қарқынының баяулауы және отандық
кәсіпорындардың ұзақ мерзімді өтімділік шектеулігі нәтижесінде экономиканың
тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін орташа мерзімді кезеңде жеткілікті
инвестициялар көлемін қолдайтын қосымша қаржыландыру көздерін анықтау қажет.
Экономикалық жағдайдың дамуын болжау. Осы Стратегия ҚР Үкіметі
қолдаған 2014-2018 жж. арналған ҚР Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын
ескерумен әзірленді.
Сыртқы жағдайлар. Дүниежүзілік Банктің болжамдары бойынша 2014 – 2016
жж. әлемдік экономика жылына 3,2 – 3,5%-ға өседі. Келесі жылдары өсу қарқыны
дамыған мемлекеттердегі дағдарысты құбылыстардың ұзақтығына және дамыған
мемлекеттердің үкіметтері дамудағы құрылымдық үйлесімсіздіктерді жою бойынша
қабылдаған
шаралардың
тиімділігіне
тәуелді
болады.
Еуроаймақтағы
қауырттылықтың
күшеюі, қаржы
жағдайларының
нашарлауы, сондай-ақ
жұмыссыздық деңгейінің және өсімнің төмендеу тәуекелдерінің артуы әлемдік
экономиканың негізгі проблемалары болып қалады.
Бағалауларға сәйкес, 2013 ж. Ресей экономикасы 1,3%-ға өсті, бұл 3,6% болжау
көрсеткішінен айтарлықтай төмен. Ресей-Украина жанжалына байланысты жоғары
тәуекелдер жағдайында шетел мемлекеттері тарапынан саяси және экономикалық
санкциялар, сондай-ақ Ресей тарапынан жауап санкциялар аясында тәуекелділік
белең алуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлік және тұтынушылық ахуалды онан әрмен
нашарлатып, нарықтардың құбылмалылығын арттырады, бұл ішкі сұранысқа және
өсім келешегіне теріс әсер етеді. Дүниежүзілік банк Ресей экономикасының 2014-
2015 жж. арналған екі баламалы өсім сценарийін әзірледі. Төмен тәуекелді сценарий
Крым дағдарысының ықпалы шектеулі және қысқа мерзімді болатынын болжайды;
мұндайда экономикалық өсімнің 2014 ж. 1,1%-ға дейін баяулауы және 2015 ж. 1,3%-
13
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
ға дейін шамалы жылдамдауы болжанады. Жоғары тәуекелді сценарий нақты ЖІӨ-
нің 2014 ж. 1,8%-ға қысқаруына әкеледі.
Негізгі сценарийге сәйкес, 2014 – 2018 жж. әлемдік экономикада баяу, бірақ
жүйелі өсім болжанады. Әлемдік ЖІӨ-нің өсімі 2014 ж. 3,7%-дан 2018 ж. 4,3%-ға
дейін жылдамдайды. Бағалау бойынша мұнай бағасы 95 АҚШ долл. деңгейінде
болады, болжалды кезеңде металдардың өсімі күтіледі.
Ішкі жағдайлар. 2014-2018 жж. Қазақстан экономикасының өсімі 6,0-ден 7,1%-
ға дейін бағаланады. 2014-2018 жж. ЖІӨ-нің негізгі өсім көзі белгіленген кезеңде
орташа шамамен 7,5%-ға өсетін ішкі сұраныс болады. Ірі индустриялық және
инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға арналған мемлекеттік инвестициялар
есебінен ішкі сұраныс серпініне инвестициялардың үлесі артады. Сөйтіп,
инвестициялардың орташа жылдық өсу қарқыны 4,3% деңгейінде болжанады.
2014-2018 жж. экспорт пен импорт өсімінің қарқыны орташа есеппен 5,1% және
4,9% құрайды. Егер экспорттың өсімі экспорт құрылымындағы энергетикалық
тауарлардың жоғары меншікті салмағымен түсіндірілсе, онда импорттың өсімі
серпінді дамушы ішкі сұранысты қанағаттандыру қажеттілігімен байланысты.
Салалық серпін. 2014-2018 жж. экономиканың экспортқа бағдарланған дәстүрлі
салаларындағы айтарлықтай өндіріс өсімі болжанбайды. Индустрияландыру
бағдарламасы аясында өңдеу өнеркәсібінде жаңа қуатты енгізу ЖІӨ құрылымындағы
өңдеу өнеркәсібінің үлесін 2018 ж. 11,8%-ға дейін арттыруға ықпал етеді. 2014-2018
жж. металлургиялық өнеркәсіптегі ЖҚҚ-ның орташа жылдық өсу қарқыны 2,7%
құрайды, бұл аралас экономика салаларының әлеуетін ынталандыруға мүмкіндік
береді: машина жасау және химия өнеркәсібі. Сөйтіп, химия өнеркәсібінде және
машина жасауда ЖҚҚ-ның өсімі орташа шамамен 2,6% және 6,0% құрайды.
Өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өнімдері өндірісінің өсімі экспорттық және ішкі
бағыттар бойынша тасымалдау көлемін арттырады. Сөйтіп, көлік және қоймалау
салаларында ЖҚҚ-ның физикалық көлемі орташа шамамен 7,0%-ға өседі.
2013 ж. соңында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2015-2019 жж.
арналған ҚР Индустриялық-инновациялық даму тұжырымдамасы (бұдан әрі –
Тұжырымдама) бекітілді. Мемлекеттің 2020 жылға дейінгі индустриялық даму
мақсаты әртараптандыруды ынталандыру және өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге
қабілеттілігін арттыру болып табылады. Секторлардың тартымдылығын және оларды
дамыту үшін Қазақстанда бәсекелі артықшылықтардың бар екенін ескеріп, қолдау
үшін келесі басым секторлар іріктеп алынды: қара металлургия, түрлі-түсті
металлургия, мұнай өңдеу, мұнай және газ-химия, тамақ өнеркәсібі, агрохимия,
өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі, автокөлік құралдары және олардың
бөлшектері, жабдықтары мен қозғалтқыштары өндірісі, электр машиналар және
электр жабдықтары өндірісі, ауыл шаруашылық техникасы өндірісі, теміржол
техникасы өндірісі, кен өндіруші өнеркәсіпке арналған машиналар мен жабдықтар
өндірісі, мұнай өңдеу және мұнай шығару өнеркәсібіне арналған машиналар мен
жабдықтар өндірісі, құрылыс материалдары өндірісі. Бұдан басқа, Тұжырымдама
келесі инновациялық секторларды қолдауды көздейді: мобильдік және
мультимедиялық технологиялар, нано- және ғарыш технологиялары, роботты
техникалар, тектік инженерия, болашақтың энергиясын іздестіру және ашу.
14
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
2015-2019 жж. Қазақстан экономикасының инвестициялық қажеттілігі ЖІӨ-нің
жыл сайынғы өсімін 7% деңгейінде қамтамасыз ету үшін 438 млрд. АҚШ долл.
артық, ал инвестициялық ресурстардың болжалды жетіспеушілігі шамамен 51 млрд.
АҚШ долл. құрайды. 2015-2019 жж. МИИДБ-ның инвестицияларды қажетсінуі 52
млрд. АҚШ долл. құрайды, соның ішінде металлургияда – 17,8 млрд. АҚШ долл.,
тамақ өнеркәсібінде – 7,9, машина жасауда – 6,5, химия өнеркәсібінде – 6,1. Бұл ретте
МИИДБ салаларындағы ақшалай қаражаттың жетіспеушілігі 8,5-тен 15 млрд. АҚШ
долл. дейін құрауы мүмкін.
2013 – 2020 жж. аралығында Даму Банкі ұсынылған салалардың жыл сайынғы
қажеттілігі несиелік қаржыландыруда 13,6 млрд. АҚШ долл. құрайды, ШОБ
кәсіпорындары – 4,4 млрд. АҚШ долл.
Осылайша, жағымды серпінге қарамастан Қазақстан экономикасының өсу
қарқыны дағдарысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда біртіндеп төмендейді.
Мемлекетте инвестициялық белсенділіктің төмендеуі және «голландиялық ауру»
белгілері байқалады. Ұзақ мерзімді қорландыру тапшылығына және ЕДБ-нің қарыз
қоржынындағы жұмыс істемейтін қарыздар үлесінің жоғары болуына байланысты
банк секторы экономиканың шикізаттық емес салаларын және инфрақұрылымды
тұрақты қаржыландыру көзі функцияларын орындауда өзінің аса тиімсіздігін
көрсетеді. Осыған орай, мемлекеттің сапалы экономикалық өсімін қамтамасыз ету
үшін таяу он жылда шикізаттық ресурстарға тәуелділікті қысқартуға, адам
капиталының, ғылым мен инновациялардың өсуіне, экономиканы әртараптандыруға,
сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал ететін өңдеу өнеркәсібі өзекті
драйверлердің біріне айналуы тиіс.
2.2. Ішкі ортаны талдау
Заңнама. Даму Банкі екінші деңгейдегі банк болып табылмайды және
«Қазақстанның Даму Банкі туралы» ҚР Заңымен анықталатын ерекше құқықтық
мәртебеге ие. Банктің ерекше мәртебесі Банкке (1) ұлттық реттеуші тарапынан
жекелеген мәселелер бойынша Банктің қызметін реттемеу, (2) Даму Банкінің
жарғылық капиталын несиелендіру мақсаттарына пайдалану сияқты артықшылықтар
береді.
Несие қызметі. Даму Банкі өз қызметін бастағаннан бері жалпы құны 12 млрд.
АҚШ долл., соның ішінде Банктің қатысуы 6,5 млрд. АҚШ долл. 96 инвестициялық
жобаны және құны 1,6 млрд. АҚШ долл., соның ішінде Банктің қатысуы 0,9 млрд.
АҚШ долл., 86 экспорттық операцияны мақұлдады.
Экономиканы әртараптандыруға және тұрақты экономика өсімін қамтамасыз
етуге ықпал ету мақсатында Банк өз қызметін бастағаннан бері республиканың
экономикасына, яғни инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды іске
асыруға 5,3 млрд. АҚШ долл. бөлді. Мақұлданған жобалардың салалық
құрылымында ең үлкен үлес салмағы мұнай және мұнай-химия (45%), металлургия
(15%), көлік және логистика (13%), энергетика (9%) салаларындағы жобаларға келеді.
Банктің міндетіне сәйкес, ҚДБ-нің несиелері Қазақстанның экономикасына
айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық нәтиже көрсететін шикізаттық емес
салаларды дамытуға, инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді несиелендіруге
15
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
бағытталған. 2013 ж. қорытындысы бойынша Даму Банкінің қарыз қоржыны
«күрделі» жобаларды «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ-на тапсыру нәтижесінде
бір жыл ішінде 8%-ға төмендеп, 431,3 млрд. теңгені құрады. 2007-2013 жж.
аралығында Банктің қарыз қоржыны теңге баламасында 5,1 есе өсті.
2013 ж. қорытындысы бойынша барлық банктердің шикізаттық емес салаларды
ұзақ мерзімді несиелендіруге бағытталған несие қоржынындағы Қазақстанның Даму
Банкі қарыз қоржынының көлемі 41% құрады. 2012 ж. соңында аталмыш көрсеткіш
51% құрады.
Қазақстанның Даму Банкі өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындарды қолдау кезінде
өзінің аса маңыздылығын сақтайды. Қазіргі уақытта мемлекеттің барлық банктердің
өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындарды ұзақ мерзімді несиелендіруде ҚДБ-нің үлесі
57% құрайды. Энергетикалық саладағы ұқсас көрсеткіш 41% құрайды, байланыста –
19%, көлікте – 6,2%. Бұл ретте коммерциялық банктердің несие саясаты, ең алдымен,
ағымдағы қарыз алушылардың айналым капиталын қаржыландыруға, ашылған несие
желілері бойынша қаржыландыру және клиенттердің берешегін қайта құрылымдауға
бағытталған. Өз кезегінде, ҚДБ-нің несие қаражаты көбінесе негізгі қорларды құру
мен жаңғыртуға, соның ішінде Greenfield-жобаларды қаржыландыруға бағытталады.
2007-2008 жж. дағдарысты кезеңде Банк өзінің несие қоржынын өсірумен қатар
Үкіметтің дағдарысқа қарсы іс-шараларын іске асыруға белсенді қатысты. Аталмыш
дағдарысқа қарсы іс-шаралар аясында Банк бұрында коммерциялық банктер
қаржыландырған жобаларды қайта қаржыландырды. Мұндай жобаларды қайта
қаржыландыру дағдарысты кезеңде кәсіпорындарға қаржылай қолдауды қамтамасыз
етті және осы нысандарды белгіленген мерзімде іске қосуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар бұл банк секторында туындаған өтемпаздық мәселелерді жанама
шешті.
2009 ж. қаржы дағдарысы салдарынан ҚДБ-нің несие қоржынында жұмыс
істемейтін жобалар үлесінің көбеюі байқалды. 2009 ж. қорытындысы бойынша
қарыздардың провизиялар деңгейі 28% болды, Банктің активтеріндегі қарыз
қоржынының үлесі 24% құрады.
Соңғы жылдар ішінде Банк несие қызметін жетілдіру және оның тиімділігін
арттыру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізді.
2011 ж. Банктің менеджменті күрделі активтер бойынша жағдайды объективті
түрде бағалау және қоржынды «тазартуға» негіз құру мақсатында провизиялар
бойынша «түбін» белгілеу және провизияларды қалыптастыруда консервативтік
тәсіл қолдану туралы шешім қабылдады.
Клиентке бағдарлануды арттыру және бизнес-үдерістерді оңтайландыру
мақсатында қарыз алушы-компанияларға инвестициялық жобалар мен экспорттық
операциялар аясында операциялық қызметтер үшін комиссиялар алынып тасталды.
Сондай-ақ банк сараптамасын өткізу үшін комиссиялар алынып тасталды. Мұнымен
қоса, ұйымның бизнес-үдерістері қайта қаралды, құрылымдық бөлімшелердің
функцияларын
қайталау
жойылды, сондай-ақ құжат алмасу
80%-ға
автоматтандырылды, электрондық несие құжаттамасы енгізілді, несие процесі
автоматтандырылып жатыр.
16
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
Жобалардың сараптамасын жетілдіру аясында Банкте тәуекел-менеджмент
жүйесі күшейді, әсіресе McGrawHillFinancial құрамына кіретін S&P Capital IQ
бірлесіп несие тәуекелдерін бағалаудың жаңа үлгісі енгізілді.
Соңғы бес жыл ішінде Банктің қарыз қоржынының жыл сайынғы өсімі жылына
17% құрады. Жалпы 2009-2013 жж. ҚДБ-нің несие қоржыны 2 еседен артық (177
млрд. теңгеге) өсті. Бұл ретте Банктің қоржыны күрделі несиелерден тазартылды –
провизиялардың деңгейі 2009 ж. соңында 28%-дан 2014 ж. басында 12,2%-ға дейін
төмендеді. 2009-2014 жж. Банктің активтеріндегі несие үлесі 24%-дан 37%-ға дейін
артты.
2013 ж. Банк инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды іске
асыруға 560 млн. АҚШ долл. бөлді, бұл экономиканың шикізаттық емес
секторындағы кәсіпорындарды несиелендіру үшін барлық банктердің бір жылда
берген ұзақ мерзімді қарыз көлемінің 29% құрады. 2013 ж. банктердің өңдеу
өнеркәсібі мен инфрақұрылымға салған әрбір төртінші доллары – ҚДБ-нің несиесі.
2013 ж. Даму Банкі ұсынған қаражатты салалық бөлу кезінде 397 млн. АҚШ
долл. (71%) өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыруға бағытталған, бұл өңдеу
секторының кәсіпорындарын ұзақ мерзімді несиелендіру үшін барлық банктердің бір
жылда берген қарыз көлемінің 33% құрайды. 2013 ж. қорытындысы бойынша
байланыс саласындағы кәсіпорындарын жыл сайынғы ұзақ мерзімді несиелендіруде
ҚДБ-нің үлесі 70% құрады, энергетиканы – 17%.
2014 ж. 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚДБ-нің қарыз қоржыны 432 млрд. теңгені
құрады.
Банктің қарыз қоржынының салалық құрылымында негізгі үлес өңдеу
өнеркәсібіндегі жобаларға келеді, олардың үлесі 81% құрайды. Қарыз берешегінің
шамамен 19% инфрақұрылымға келеді.
Банктің валюта түрлері бойынша қарыз қоржынының құрылымында шетелдік
валютадағы несие 82% құрайды, теңгедегі несие үлесі – 18%.
2014 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша Банктің қарыз қоржынындағы мерзімі
өткен төлемі бар жобалардың үлесі 15,6% құрады.
Несие қоржынын арттыру және кең ауқымды кәсіпкерлерді қамту мақсатында
ҚДБ екінші деңгейдегі банктерді қаржыландыру жолымен ҚР индустриялық-
инновациялық дамуын қолдау бағдарламасын бірлесіп әзірледі және енгізді.
ҚДБ-нің қаражаты филиалдар желісінің кең ауқымын қамтитын 6 ірі ЕДБ
арқылы экономиканың басым секторларына бағытталады. 2014 ж. 1 сәуірдегі жағдай
бойынша 38 млрд. теңге өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымдағы жобаларды
несиелендіру үшін 5 ірі ЕДБ-де орналастырылды.
Қорландыру. Жоғары несие рейтингтері, жағымды несие тарихы және мінсіз
іскерлік абырой, елеулі капиталдандыру, корпоративтік басқарудың жоғары деңгейі
және қызмет ашықтығы Банкті тек Қазақстанда ғана емес, ал шетелдік капитал
нарығында да әлеуетті инвесторлар үшін тартымды етеді. Мұндай жағдай Банктің
ақша ресурстарын тек жағымды жағдайларда ғана тартып қоймай, сондай-ақ қалған
қазақстандық эмитенттер үшін бенчмарк белгілеуіне мүмкіндік береді.
17
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
Қорландыру базасын қамтамасыз ету мақсатында Банк ішкі және халықаралық
капитал нарығында түрлі қарыз алу құралдарын белгілейді: облигацияларды шығару,
бірлестірілген қарызды, банкаралық және бюджеттік несиелерді тарту және т.б.
Соңғы жылдары клиенттер үшін несие ресурстарын арзандату мақсатында
Банктің қорландыру құнын азайту бойынша елеулі жұмыс жүргізілді.
2012 ж. желтоқсанда Банк 1 млрд. АҚШ долл. сомасына еурооблигациялар
шығарылымын жүзеге асырды, бұл қазақстандық банктердің ішінде бір транш
аясында ең ірі шығарылым болды, сондай-ақ ол орналастыру сәтінде ТМД
мемлекеттерінің егеменді емес эмитенттерінің ішінде табыстылық пен купондық
мөлшерлеменің ең төмен параметрлерін көрсетті. Осы мәміле үшін Банк беделді
«CbondsAwards 2012» институтының «Еурооблигацияларды алғашқы орналастыру
бойынша ең жақсы мәміле» атты номинациясымен марапатталды. Мұнымен қоса,
доллар еурооблигацияларын ауыстыру бойынша әлемдегі ең алғаш мәміле жасалды.
Аталған мәміле беделді EMEA Finance халықаралық басылымының «Ең
инновациялық облигациялар шығарылымы» марапатына ие болды. 2013 ж. ақпанда
ҚДБ осы транш аясында 425 млн. АҚШ долл. сомасына еурооблигацияларды
орналастырды, бұл 2012 ж. желтоқсандағы алғашқы орналасымға қарағанда төмен
табыстылық деңгейінде болды.
Банк ТМД эмитенттерінің ішінде алғашқылардың бірі болып «Сукук «аль-
Мурабаха» ислам облигациялар шығарылымын ұйымдастырды, бұл үшін беделді
EMEA Finance халықаралық басылымының «Achievement Awards 2012» және
Малайзияның RAM Rating рейтингтік агенттігінің «Малайзиялық ринггиттерде ең
жақсы сукук шығарылымы» санаты бойынша марапаттарға ие болды.
2013 ж. басында Банктің салыстырмалы «қымбат» қарыз алу көздерін ауыстыру
бойынша қабылдайтын шаралары аясында шамамен 800 млн. АҚШ долл. сомасына
кейбір несиегерлердің алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігі мерзімінен бұрын
өтелді. Мұнымен қоса, Қытай Эксимбанкімен байланыспаған қарыз бөлігі бойынша
мөлшерлемені азайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
2013 ж. 22 мамырда «Сбербанк» АҚ ЕБ-мен Ынтымақтастық туралы
меморандумға қол қойылды, оның мақсаты екі банк қызметінің тиімділігін арттыру
және олардың Қазақстан аумағында іске асырылатын ірі ауқымды инвестициялық
жобалар аясында компанияларды қаржыландыру кезінде тығыз коммерциялық
байланысты дамыту үшін өзара әрекеттесуі болып табылады.
2013 ж. желтоқсанда Еуропа инвестициялық банкімен 120 млн. еуроға несие
желісін ашу туралы келісімге қол қойылды.
2013 ж. соңында Банктің қорландыру сыйымдылығын арттыру және қаржы
тұрақтылығын көтеру мақсатында республикалық бюджет қаражаты есебінен Банкті
30 млрд. теңге сомасына қосымша капиталдандыру жүргізілді.
Соңғы жылдары қорландыру нарықтарын кеңейту бойынша жүргізілген іс-
шаралар қарыз алу құнының орташа көрсеткішін 2009 ж. 5,2%-дан 2014 ж. 1 сәуірде
3,29%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.
Банк өз қызметін бастағаннан бері сыртқы және ішкі капитал нарықтарынан 8
млрд. АҚШ долл. артық сомаға инвестициялар тартылды.
18
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
2014 ж. 1 сәуірдегі жағдай бойынша несиегерлердің алдындағы ҚДБ
міндеттемелерінің ағымдағы көлемі 5,6 млрд. АҚШ долл. құрады. Бұл ретте Банктің
қарыз алу қоржынындағы бюджет қарызының және Күйзелісті активтер қоры
қаражатының үлесі 8% құрайды. Жалпы, Банк өз қызметін бастағаннан бері оған 59
млрд. теңге сомасына 8 бюджет қарызы және Күйзелісті активтер қорының 20 млрд.
теңге сомасына 1 қарызы ұсынылды.
Теңгерімдік көрсеткіштер. 2014 ж. басында Даму Банкінің активтері 1 014
млрд. теңгені құрады. Соңғы 5 жыл ішінде Банк активтерінің аса серпінді өсуі
байқалады – активтер 2,7 есе көбейді. Банктің меншікті капиталының мөлшері
серпінді өсуде – соңғы 5 жыл ішінде меншікті капиталдың мөлшері 2,6 еседен артық
көбейіп, 2013 ж. қорытындысы бойынша 251,8 млрд. теңгені құрады.
2011-2013 жж. ҚДБ-нің теңгерімдік көрсеткіштерінің серпіні, млн. теңге
Көрсеткіштер
2011
2012
2013
Активтер
889 910
1 066 602
1 014 321
Міндеттемелер
678 819
819 447
762 482
Меншікті капитал
211 091
247 155
251 839
2011 ж. тіркелген залалдан кейін соңғы екі жыл ішінде Даму Банкі 2012 ж. 15,3
млрд. теңге және 2013 ж. қорытындысы бойынша 18,99 млрд. теңге сомасына таза
пайда тапты.
Несие рейтингтері. Бүгінгі күні басты үш рейтинг агенттіктері (S&P -
BBB+/тұрақты болжам, Fitch - ВВВ/Тұрақты, Moody’s - Baa3/Тұрақты) мемлекеттің
инвестициялық саясатын басты таратушы ретінде ҚДБ-нің стратегиялық рөлін
ескеріп, Банкке Қазақстанның қаржы институттары ішінде ең жоғары рейтингтердің
бірін берді.
Экономикадағы рөлі. Бүгінгі күні Қазақстанның Даму Банкі өңдеу өнеркәсібі
мен өндірістік инфрақұрылымдағы ірі стратегиялық жобаларды қаржыландыру
бойынша негізгі қаржы институттарының бірі болып табылады. ЕДБ сауда,
коммерциялық жылжымайтын мүлік құрылысы және қызмет көрсету саласы сияқты
мол табысты секторларды басымдықпен қаржыландырса, Даму Банкі экономиканың
шикізаттық емес басым секторларындағы индустриялық жобаларды жеңілдікпен
несиелендіруді көздейді. Сөйтіп, 2014 ж. басында ҚДБ қарыз қоржынының көлемі
өңдеу секторлары, энергетика, көлік және байланыс кәсіпорындарын қаржыландыру
үшін мемлекеттің барлық банктері берген ұзақ мерзімді несиелердің 29% құрады.
Кәсіпорындардың инвестициялық мақсаттарға несие қажеттіліктері жағдайында
ҚДБ отандық кәсіпорындарды жаңғырту бойынша басты институт болып табылады.
Сөйтіп, 2010-2013 жж. өндірістік нысандардың құрылысына және негізгі қорды сатып
алуға берілген несие үлесі барлық банктердің жалпы несие қоржынында 17%
құрайды. Бұл ретте ҚДБ қарыз қоржынының 90%-ы – бұл инвестициялық жобаларды
іске асыруға арналған қарыздар, соның ішінде «гринфилд-жобалары», республика
үшін жаңа өндірістердің үлесі 65% құрайды.
19
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
2014 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша Даму Банкінің қаржылай қолдауымен
жалпы құны 4,9 млрд. АҚШ долл. сомасына, соның ішінде Банктің қатысуы 2,6
млрд. АҚШ долл. 75 инвестициялық жоба пайдалануға берілді, оның:
- құны 2,8 млрд. АҚШ долл. 48 жоба өңдеу өнеркәсібінде;
- құны 913 млн. АҚШ долл. 6 жоба өндіріс пен электр энергиясын таратуда;
- құны 709 млн. АҚШ долл. 11 жоба көлік пен логистикада;
- құны 176 млн. АҚШ долл. 5 жоба байланыс саласында;
- құны 285 млн. АҚШ долл. 2 жоба туристік инфрақұрылымда.
Іске қосылған кәсіпорындарда шамамен 19 мың тұрақты жұмыс орыны құрылды.
Аталған кәсіпорындардан жыл сайын бюджетке шамамен 30 млрд. теңге салық
төлемдері түседі.
Банктің қатысуымен пайдалануға берілген жобалар қазіргі уақытта
жоспарланған қуатқа өтуде. Бүгінгі күні ҚДБ-нің жобалары аясында өнімдер
өндірісінің және көрсетілген қызметтердің жыл сайынғы көлемі 209,6 млрд. теңгені
құрайды.
Жалпы, ҚДБ қаржыландырған кәсіпорындар жылына жалпы сомасы 448,9 млрд.
теңгеге (2,9 млрд. АҚШ долл.) өнім өндірді және қызмет көрсетті. 2009 ж.
салыстырғанда Банк қаржыландырған кәсіпорындардың шығарылым көлемі 5 есе
өсті.
Қазіргі уақытта республиканың жалпы ішкі өніміндегі (ЖІӨ) ҚДБ
қаржыландырған кәсіпорындардың үлесі 1,5% құрайды, ҚДБ жобаларының тікелей
үлесі – 0,7%.
Банктің іске асырған жобалары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуында
айтарлықтай нәтижеге ие.
Банктің энергетика саласында қаржыландырған жобалары өңірлердені энергия
тапшылығын азайтуға, мемлекеттің энергетикалық тәуелсіздігін көтеруге (Мойнақ
СЭС, Орал және Ақшабұлақ газтурбиндік электр станциялары, «Солтүстік –
Оңтүстік» ЛЭП, Қарағанды-Энергоцентр және т.б.) бағытталған. Салынған және
жаңғыртылған электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты 1 мың МВт
құрайды, бұл республикалық электр энергия өндірісі көлемінің 9% құрайды.
Қосымша енгізілген қуат көлемі 523 МВт құрайды.
ҚДБ мемлекеттің транзиттік әлеуетін іске асыруға және отандық тауарлардың
экспорты үшін жаңа өткізу нарықтарын ашуға ықпал етіп, көлік жүйесін дамытуда
маңызды рөл ойнайды. Бұл ретте Банктің қаржы ресурстары көлік саласының барлық
түрлеріне бағытталады – көлік инфрақұрылымын дамытуға, көлік құралдарын
жаңартуға («Ақтөбе Центр» логистикалық орталықтары және «Тау Терминал», Ақтау
халықаралық әуежайы, Ақтау халықаралық теңіз сауда порты және т.б.).
Банк өңдеу өнеркәсібінде экономиканы әртараптандыруға айтарлықтай ықпал
етуге танылған стратегиялыққ жобаларды қаржыландырды. Банк металлургия
(Қазақстан электролиз зауыты, ЕвразКаспианСталь, Ақтөбе рельс-арқалық зауыты,
Тараз металлургия зауыты және т.б.), химия және мұнай-химия (Хлор-сілтілік өнім
шығару жөніндегі «Каустик» зауыты, KPI алғашқы біріктірілген газ-химия кешені,
Атырау мұнай өңдеу зауыты және т.б.), машина жасау (Қазақстан вагон жасау
20
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
компаниясы, Агромашхолдинг, Актюбрентген және т.б.) және өзге салалардағы
жобаларды іске асырды және іске асырып жатыр.
Банк қаржыландырған жобаларда еңбек өнімділігінің деңгейі орташа шамамен 1
жұмысшыға 107 мың АҚШ долл. құрайды, бұл отандық өңдеу өнеркәсібі бойынша
көрсеткіштен 25%-ға жоғары.
Жалпы, Даму Банкінің қаржыландырған өңдеу кәсіпорындары бір жыл ішінде
1,36 млрд. АҚШ долл. өнім өндірді, бұл мемлекеттің өңдеу өнеркәсібіндегі
шығарылым көлемінің 3,8% құрайды. Даму Банкінің қаржыландырған бір
кәсіпорыны орташа есеппен 28 млн. АҚШ долл. сомасына өнім өндіреді, бұл
мемлекет бойынша бір өңдеу өнеркәсібінен 7,7 есе көп.
Қазіргі уақытта Даму Банкінің қаржыландырған кәсіпорындары жылына 506
млн. АҚШ долл. сомасына өңделген өнімді экспортқа шығарады, бұл Қазақстанның
шикізаттық емес экспорт көлемінің 2,4% құрайды.
Қазақстанның аумағын кешенді дамыту және оларды индустрияландыру
бағдарламасын іске асыруға тарту мақсатында Банк Қазақстанның дерлік барлық
өңірлерінде несиелендіруді жүзеге асырады. Бұл ретте кәсіпорындар тек өнеркәсіптік
дамыған облыс орталықтарында ғана емес, ал аса дамымаған елді мекендерде де
қаржыландырылады, бұл халықты білікті жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.
Банктің жобалары Екібастұз, Кентау, Сарань, Риддер, Қапшағай, Қандыағаш сияқты
шағын және моноқалаларды, сондай-ақ Ақшабұлақ, Ботақара, Бурабай, ст. Хантау,
Жармы ауданы және т.б. сияқты ауылдық жерлердің дамуына үлес қосады.
Осылайша, Банктің қаржыландырған жобаларын іске асыру өңірдің өнеркәсіптік
әлеуетін және мемлекеттің экспорттық әлеуетін арттырады, инфрақұрылымның
дамуына, импортқа тәуелділікті азайтуға, отандық кәсіпорындардағы қазақстандық
құрамның үлесін көбейтуге, жобалар іске асырылып жатқан өңірлердің әлеуметтік
саулығын қамтамасыз етуге ықпал етеді, салааралық кооперацияны белсендетеді
және қосылған құн тізбегін дамытады.
2.3. SWOT-талдауы
Күшті жақтары
1. Банктің
белгілі
бір
жұмыс
икемділігін
көздейтін
ерекше
құқықтық мәртебе (лицензиясыз
жұмыс істеу, пруденциялық реттеу
нормаларынан босату және т.б.).
2. Ұлттық
даму
институттарын
басқаруға
мамандандырылған
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ акционері;
3. Ірі ауқымды салаларда ірі және ұзақ
мерзімді жобаларды несиелендіру
бойынша инвестициялық қызметтегі
айтарлықтай тәжірибе;
4. МҮИИДБ-ның
негізгі
қаржы
операторы;
Әлсіз жақтары
1.
Қаражатты қызметтің негізгі
бағыты – несиелендіруді іске асыруға
пайдаланудың тиімсіздігі;
2.
Халықаралық
борыш
нарықтарына және ішкі капитал
нарығында ұлттық валютадағы ұзақ
мерзімді
қаржы
ресурстарына
шектеулі қол жеткізу;
3.
Банк процестерінің жеткіліксіз
автоматтандырылуы;
4.
Банктің
заң
нормаларымен
несиелендіру мүмкіндіктерін шектеу;
5.
Баламалы қаржы құралдарымен
жұмыс істеу тәжірибесінің (тікелей
21
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
5. Мықты
капиталдандыру
және
қаржы тұрақтылығы;
6. Жоғары өтімділік деңгейі;
7. Жоғары несие рейтингтері;
8. Мемлекет пен акционердің қолдауы,
арзан бюджет көздеріне қол жеткізу;
9. Халықаралық капитал нарығына қол
жеткізу және бірқатар
халықаралық/шетелдік қаржы
институттарымен сәтті ынтымақтасу
тәжірибесі.
несиелендіруден
басқа)
жеткіліксіздігі;
Мүмкіндіктер
1. Индустриялық
саясаттың
жаңа
кезеңін іске асыру (МИИДБ) және
шикізаттық
емес
салаларға
мемлекеттік салымдардың өсуі;
2. Банкке несие қоржынының сапасын
жақсартуға, инвестицияларды тарту
және жаңа жобаларды қаржыландыру
мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ
келешекті жобаларды іздестіруде бар
күшті және Банк ресурстарын салуға
мүмкіндік беретін әлемдік тәжірибеге
сәйкес, Банктің қаржы жағдайын
сауықтыру үшін сапасыз активтерді
есептен шығару;
3. Банк қатысатын салаларда өндірістік
және инвестициялық белсенділікті
қалпына келтіру;
4. Қазынашылық қоржында өтімділікті
босату есебінен несиелендіру көлемін
арттыру;
5. Жобаларды жеке инвесторлармен
және даму институттарымен бірлесіп
қаржыландыру мүмкіндіктерінің өсуі
(бірінші кезекте, халықаралық даму
институттары және Қазақстандағы
шетелдік
банктердің
еншілес
ұйымдары);
6. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ» ЕТҰ-мен
бірлесіп қаржылай қолдау бойынша
интеграциялық шараларды ұсыну.
Қауіп-қатерлер
1. Шетелдік валютадағы қарыздардың
жоғары
үлесі
және
ұлттық
валютаның құнсыздануы;
2. Банктің мандатына сай жоғары
инвестициялау тәуекелдері (өңдеу
секторы төмен пайдалылығымен
сипатталады, мұнымен қоса «нөлден
басталатын
жобалар»
жоғары
бастапқы
тәуекелдермен
сипатталады);
3. Зейнетақы активтерінің қаражатын
пайдалануға шектеулі қол жеткізу;
4. Салалар және қарыз алушы топтар
бойынша
жоғары
қоржын
шоғырлануы;
5. Әлемдік
пайыздық
мөлшерлемелердің әлеуетті өсімі;
6. Банктік несиелендіруге баламалы
инвестицияларлы
қаржыландыру
көздерінің дамымауы:
ішкі бағалы қағаздар нарығы;
капиталға тікелей инвестициялау
нарығы (private equity);
7. Жақсы
бизнес
келешегі
бар
шикізаттық
емес
сапалы
жобалардың жетіспеушілігі;
8. Кеден одағының құрамында Банк
қарыз алушыларының
бәсекеге
қабілеттілігінің төмендеу тәуекелі;
9. Әлемдік
дағдарыстың
жаңа
толқынының басталу қаупі.
22
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
3. МІНДЕТ, КӨРЕГЕНДІК ЖӘНЕ ҚАҒИДАТТАР
3.1. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның Даму стратегиясындағы Банктің рөлі мен
орны
Қазақстанның Даму Банкі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның ең ірі еншілес ұйымы
болып табылады, Холдингтің жалпы активтерінің 52,6% ие. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-
ның 2014-2023 жж. арналған Даму стратегиясы аясында мыналар стратегиялық
бағыттары болып табылады:
1. Экономиканың басым секторларына қаржылай қолдау көрсету жолымен
Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуын қолдау.
2. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау.
3. Жаңа, заманауи экономика салаларын қолдау және инновацияларды дамыту.
4. Қазақстан компанияларының экспорттық қызметін қолдау.
5. Мемлекеттің әлеуметтік бағдарланған міндеттерді шешуге ықпал ету.
Банктің қызметі жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша мақсаттар мен
міндеттерге жетуге бағдарланады. Холдингтің қызметі аясында кәсіпкерлік
субъектілерінің түрлі санаттарын қолдауға бағдарланған құралдардың (несиелендіру,
гранттар, үлескерлік қаржыландыру, қаражаттандыру және т.б.) кең ауқымын
ескеріп, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге сәйкес, Банк қаржылай қолдаудың ең
маңызды құралы ретінде жобаларды ұзақ мерзімді несиелендіруді әрі қарай дамытуға
баса назар аударады. Аталмыш құралды дамыту жаңа несие құралдарын,
қаржыландыру көздерін (тікелей, шарттасылған) енгізуді, несиелендіру шарттарын
(сыйақы мөлшерлемесін азайту, қажетті несиелендіру валютасын ұсыну) жақсартуды,
жобаларды құрылымдау мен сараптау тәжірибесін, сондай-ақ несиелендіру көлемін
арттыруды болжайды.
Осылайша, Банктің стратегиялық рөлі өнеркәсіп және өнеркәсіптік
инфрақұрылым саласындағы жоғары тәуекел дәрежесі бар ірі ауқымды жобаларды
тікелей қаржыландыру, сондай-ақ банкаралық қаржыландыру жолымен орташа
мөлшерлі жобаларды іске асыруға ықпал ету болып табылады. Бұл ретте Банк даму
институты бола отырып, барынша пайда табуды мақсат етпейді. Оның қызметі
залалсыз негізде жүзеге асырылады. Банктің маржасы тек қана оның операциялық
шығындарын өтеуді және іске асырылатын жобалар бойынша тәуекелдердің орнын
толтыруды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Банк
мемлекеттік кепілдіктер беру процесінің негізгі қатысушысы болып табылады. Банк
мемлекеттік кепілдіктер бойынша мемлекеттік емес қарыз есебінен қаржыландыруға
ұсынылған инвестициялық жобаларға банк сараптамасын жүргізіп, оларды іріктеу
процесіне қатысады. Кейін Банк осы жобаларда сенімді өкіл (агент) функцияларын
атқаруды қамтамасыз етеді.
Бұдан басқа, Банк қайтарым негізінде қаржыландырылатын республикалық және
жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларда сенімді өкіл (агент) функцияларын
атқаруды қамтамасыз етеді және дауыс беруші акциялардың (жарғылық капиталдағы
қатысу үлесі) елу және одан да көп пайызы Жалғыз акционерге жанама немесе
тікелей тиесілі заңды тұлғалардың немесе «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
23
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
АҚ-ның тобына кіретін заңды тұлғалардың жобаларын қаржыландыру бойынша
сенімді өкілі (агенті) болуға құқығы бар.
3.2. Міндет
Мемлекеттің шикізаттық емес секторына инвестиция салу жолымен ұлттық
экономиканың тұрақты дамуына ықпал ету.
3.3. Көрегендік
Банктің жалғыз акционері, менеджменті мен қызметкерлері Банктің мынадай
көрегендігіне ортақтасады:
жеке сектор және ҚР Үкіметі үшін ірі инфрақұрылымдық және индустриялық
жобаларды бағалау мен құрылымдау бойынша мемлекеттің жетекші операторы;
өнеркәсіп пен инфрақұрылым саласындағы жобаларды уақтылы және
жеткілікті қаржыландыруды қамтамасыз ететін мамандандырылған мемлекеттік даму
институты;
ұлттық валютада ең жақсы қаржыландыру ұсынатын қаржы институты;
халықаралық нарықтарда беделі мойындалған, актив мөлшері бойынша
Қазақстанның ең ірі қаржы институттарының бірі;
корпоративтік клиенттер үшін ұзақ мерзімді әрі арзан қарыз бен
инвестицияларды тартатын негізгі агент.
3.4. Қағидаттар
Халықаралық тәжірибеге сәйкес, Банк өз қызметінде мына қағидаттарды
басшылыққа алады:
әлеуметтік-экономикалық нәтижеге жету;
ЕДБ-мен стратегиялық серіктестік;
жобалардың қайтарымдылығы, ақылылығы мен өтелімділігі негізінде шешім
қабылдау;
ҚР мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатының міндеттерімен
үйлестіру;
табыстың жылыстауына жол бермеу.
4. СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР ПЕН МІНДЕТТЕР
4.1.
Стратегиялық бағыт – несиелендіру
Банктің негізгі қызметі несиелендіру болып табылады. Бұл бағыт бойынша
стратегиялық мақсат жоспарланған кезеңде өңдеу өндірістері мен өнеркәсіптік
инфрақұрылымның дамуына кемінде 3,4 трлн. теңге салу болып табылады.
Стратегиялық міндетті орындау тиімділігінің мониторингі мынадай ТҚК
белгілеу жолымен жүзеге асырылады:
қаржыландырылған жобалар мен инвестициялық бағдарламалардың көлемін
2014 ж. 1 351 млрд. теңгеден 2023 ж. 4 384 млрд. теңгеге дейін арттыру.
жобаларды дамыту әсерінің индекс көрсеткішін 2014 ж. 62-ден 2023 ж. 70-ке
дейін көтеру.
несие қоржынын 2014 ж. 732 млрд. теңгеден 2023 ж. 2 565 млрд. теңгеге
дейін көбейту.
24
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
Банктің жалпы активтеріндегі несие қоржынының үлесін 2014 ж. 52 %-дан
2023 ж. 75% -ға дейін арттыру.
қарыз қоржынына қатысты провизияларды төмен деңгейде сақтау – 2023 ж.
8%-дан артық емес.
Стратегиялық көрсеткіштерге жету үшін мынадай негізгі міндеттерді шешу
қажет:
1. Қарыз алушыларды ұлттық валютада қаржыландыру үлесін арттыру. Ұзақ
мерзімді (20 жылға дейін) несие ресурстарын ұсыну өнеркәсіпті дамыту және оның
бәсекеге қабілеттілігін көтеру, сондай-ақ кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін
азайту үшін сыни фактор болып табылады.
2. Ұлттық және шетелдік валютада қаржыландыру жағдайларын жақсарту. Банк
қарыз алу құнын төмендетуге, инвестициялық жобаларды несиелендіру
мөлшерлемесін азайтуды қамтамасыз етуге ниетті. Бұл ретте МИИДБ-ның жобалары
үшін аса қолайлы несиелендіру шарттары ұсынылады.
ҚР ҰҚ-дан, республикалық бюджеттен, БЖЗҚ-дан және басқа қорландыру
көздерінен қаражат тарту бойынша ҚР Үкіметі мен акционердің қолдауымен сыйақы
мөлшерлемесін азайту ықтималдығы бар.
3. Жаңа қаржыландыру көздерін енгізу және жетілдіру:
- жобалық қаржыландыру көп капиталды қажет ететін, жеткілікті дәрежеде
кепілзатпен қамтамасыз етілмеген күрделі жобаларды іске асыруға қажетті құрал
болып табылады. Құралды пайдалану жобаны аса тиімді іске асыруға, мемлекеттік
бюджетке жүктелімді азайтуға және стратегиялық инвесторларды тартуға мүмкіндік
береді. Осы құралды іске қосу үшін жобалық қаржыландыру саласындағы ҚР
заңдарына тиісті өзгерістер енгізу қажет;
- бірлестірілген қаржыландыру экономиканың басым секторларына
қосымша инвестицияларды тарту бойынша маңызды құрал болып табылады.
Мұнымен қоса, бұл жобаларды тиімді құрылымдау, бірлесіп қаржыландырушы
тараптар
арасында тәуекелдерді
бөлу, кәсіпорындардағы
менеджменттің
ашықтығына және сапасына қойылатын талаптарды жақсарту есебінен жобаның
бастамашылары үшін қаржыландыру құнын төмендетуге мүмкіндік береді;
- банкаралық несиелендіру, соның ішінде шарттасылған несиелендіру
көлемін арттыру, ішкі рәсімдер мен есеп жүйесін қалыптастыру, Банктің несие
ресурстарын пайдалану мониторингі және бақылау;
- ірі өнеркәсіптік жобаларда акционерлік капиталдың тапшылығын азайту
мақсатында ұзақ мерзімді айырбасталатын борышқорлық қаржыландыру (мезониндік
қаржыландыру). Бұл құрал Банк қарыз алушыларының қажеттілігіне қарай
қолданылады.
Осы стратегиялық міндет аясында Банк мыналарды жоспарлайды:
2014-2015 жж. аралығында:
- жаңа несие құралдарын әзірлеу және енгізу: жобалық, бірлестірілген және
банкаралық қаржыландыру;
25
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
- жобалық қаржыландыру аясында 5 млрд. теңгеден кем емес сомаға
инвестициялық жобаларды, 5 млрд. теңгеден кем емес сомаға бірлестірілген
қаржыландыруды мақұлдау;
- жыл сайын 50 млрд. теңгеден кем емес сомаға банкаралық несиелендіруді
ұсыну.
2016-2018 жж. аралығында:
- жобалық қаржыландыру аясында жыл сайын 8 млрд. теңгеден кем емес
сомаға, бірлестірілген қаржыландыру аясында 10 млрд. теңгеден кем емес сомаға
жобаларды мақұлдау;
- жыл сайын 100 млрд. теңгеден кем емес сомаға банкаралық несиелендіруді
ұсыну.
2019-2023 жж. аралығында:
- жобалық қаржыландыру бойынша 10 млрд. теңгеден кем емес сомаға,
бірлестірілген қаржыландыру бойынша 14 млрд. теңгеден кем емес сомаға
жобаларды мақұлдау;
- жыл сайын 120 млрд. теңгеден кем емес сомаға банкаралық несиелендіруді
ұсыну.
4. ЖКС қолдау бойынша «пакеттелген ұсыныстар» беру бөлігінде «Бәйтерек»
ҰБХ» АҚ ЕТҰ-мен ынтымақтастықты нығайту. Пакеттелген ұсыныстар түрлі
мақсатты топтарға арналған біріктірілген қаржы өнімдерін білдіреді: гринфилд
(«нөлден» басталатын жобалар), инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын
кәсіпкерлердің қызметтерін кеңейту; экспорттаушылар және ШОБ субъектілері.
5. Қарыз алушылармен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіруді, құрылымдық
бөлімшелердің өзара әрекеттестігін жақсартуды, жобалар мен құжаттаманы қарау
және оларды іске асыру мониторингі сатылары мен рәсімдерін оңтайландыруды,
автоматтандыру мен артық бизнес-үдерістерді жоюды және т.б. болжайтын клиентке
бағдарлану деңгейін көтеру.
6. Теңгерімді күрделі жобалардан тазарту, объективтік қарау және іріктеу
тетіктерін жетілдіру, қаржыландыру жобаларының тәуекелдерін сараптау, бағалау,
сондай-ақ жобалардың іске асырылуын қатаң түрде Банктің ішкі нормативтік
актілеріне, ҚР заңнамасына және танылған халықаралық тәжірибеге сәйкес уақтылы
мониторингі және бақылау есебінен несие қоржынының жоғары сапасын қамтамасыз
ету.
7. Даму Банкі үшін ҚР заңнамасын түзету бойынша жаңа қаржыландыру
тетіктерін пайдалануды, міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуге қойылатын
талаптарды ырықтандыруды және жобаларды қаржыландыруға «икемді» тәсілді
көздейтін іс-шараларды іске асыру.
Несиелендіру басымдықтары
ҚР индустриялық-инновациялық саясатын, әсіресе басым тауар топтары өндірісі
мен экспортын көздейтін ұлттық және өңірлік кластерлер аясында іске асырылатын
Индустрияландыру картасына енгізілген жобаларды іске асыруға ықпал ету
несиелендірудің маңызды критерийі болып табылады.
26
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
Банк 20 жыл мерзімге дейін тікелей несиелендіру жолымен ең аз несиелендіру
мөлшері 5 550 млн. теңгеден артық капиталды қажет ететін жобаларды іске асыруға
ықпал етуді көздейді.
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін барынша қамту, басым
секторларға жеке капиталды тарту және салаларды дамытуды ынталандыру
мақсатында Банк құны 5 550 млн. теңгеден аз жобаларға шарттасылған несиелендіру
жолымен коммерциялық банктермен қаржы серіктестері ретінде ынтымақтастықты
кеңейтеді.
Өңдеу өнеркәсібі секторлары қаржылай қолдаудың салалық басымдықтары
болып табылады: тау-металлургия кешені, химия және мұнай-химия өнеркәсібі,
машина жасау және ҚР мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатына
(МҮИИДБ, МИИДБ) сәйкес басқа да секторлар. Бұдан басқа, өнеркәсіптік
инфрақұрылымды: энергетика, көлік және байланыс, туризмді құру және жаңғырту
Банктің басым бағыты болып табылады.
Банктің инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қатысу үлгілерінің
негізгілері несиелендіру, кепілдік беру, банкаралық несиелендіру болып табылады.
Қаржыландыру мақсаты инвестициялық жобаларды, экспорттық операцияларды
іске асыру, жабдықтарды лизингке беру, инвестициялық жобаларды іске асыру
аясында айналым қаражатын толтыру, берілген қарызды қайта құрылымдау және
қайта қаржыландыру болып табылады.
Осылайша, Банктің қызметі үш басым қолдау объектілеріне қаржылай көмек
беруге бағытталады: кәсіпорындарды тікелей несиелендіру, инфрақұрылымдық
инвестициялар арқылы аумақтардың/кластерлердің дамуына ықпал ету, сондай-ақ
басым секторлар үшін банкаралық несиелендіру арқылы қаржыландыруға қол
жеткізуді қамтамасыз ету.
«ҚДБ-Лизинг» АҚ-ның қызметі
Аталған бағыт аясында маңызды міндеттердің бірі Банктің еншілес ұйымы
«ҚДБ-Лизинг» АҚ жүзеге асыратын лизингтік қаржыландыру жолымен өнеркәсіпті
жаңғыртуға ықпал ету болып табылады.
«ҚДБ-Лизинг» АҚ-ның миссиясы - Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының
негізгі қорларын жаңғыртуға қажетті жағдай жасау, қаржы ресурстарын ұзарту және
арзандату жолымен жаңа өндірістерді құру кезінде инвестициялау саясатын серпінді
дамыту.
«ҚДБ-Лизинг» АҚ лизингтік қоржынның көлемін 2014 ж. 41 млрд. теңгеден
2023 ж. 101 млрд. теңгеге дейін 2,5 есе өсіруді, провизиялар деңгейін 2023 ж. 4,7%-ға
дейін қысқартуды, капитал табысын кемінде 1,5%-ға жеткізуді, жоғары несие
рейтингтерін қамтамасыз етуді жоспарлайды (Moody’s Ва1 немесе басқа
халықаралық танылған рейтинг агенттіктерінің ұқсас деңгейінен кем емес).
Компания 150 млн. теңге сомасына 20 жыл мерзімге лизингтік қаржыландыруды
жүзеге асырады.
«ҚДБ-Лизинг» АҚ өз миссиясын іске асыру үшін мынадай негізгі мақсаттарды
көздейді:
27
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
лизинг арқылы мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру және оның
тиімділігін арттыру;
өңдеу өнеркәсібін және өндірістік инфрақұрылымды дамыту;
Қазақстан экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға ықпал
ету.
Лизингтік қаржыландыру операторы - «ҚДБ-Лизинг» АҚ басым секторлардың
кәсіпорындарын жаңғыртуға ықпал ету, сондай-ақ отандық жабдықтар лизингін
жүзеге асыру мақсатында «Өнімділік - 2020» бағдарламасы аясындағы жобаларды
қаржыландыруды жалғастырады.
4.2. Стратегиялық бағыт – қаржы ресурстарын басқару
Жоспарланған кезеңде Банктің қаржы ресурстарын басқарудың басым
міндеттері: инвестиция тарту, Банктің несие қызметін ұзақ мерзімді қаржы
ресурстарымен қамтамасыз ету, жоғары қаржы тұрақтылығын және Банктің залалсыз
қызметін қамтамасыз ету.
Қазынашылықты басқару саясаты мыналарға бағытталады:
несие қызметінің қажетті көлемді, валютаны және уақытша кезеңді
қажетсінуін ескеріп, уақытша еркін ақшалай қаражаттың табыстылығын қамтамасыз
ету;
ақша ағынын болжау және қайта бөлу есебінен уақытша еркін ақшалай
қаражатты орналастырудың экономикалық тиімділігін көтеру;
процестерді автоматтандыру жолымен қолда бар активтердің сақталуына,
транзакциялық шығындарды азайтуға қойылатын талаптарды белгілеу;
қазынашылық операциялар бойынша процестердің мониторингісін белгілеу
және тиімділігін өлшеу, контрагенттерге лимиттер белгілеу және басқару есебінен
қазынашылық операциялар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу.
Стратегиялық міндетті орындау тиімділігінің мониторингі мынадай ТҚК
белгілеу жолымен жүзеге асырылады:
капиталдың пайдалылық көрсеткішін (ROE) 2014 ж. 0,15%, 2015 ж. 2,5%-дан
кем емес, 2016-2023 жж. 3%-дан кем емес залалсыз деңгейде сақтау.
несие рейтингін мына деңгейде ұстау:
Standard & Poor’s бойынша Қазақстан Республикасының егеменді
рейтингісінен төмен емес (рейтингтің төмендеуі мемлекеттік сыңайлы ұйымдарды
бағалауға қатысты рейтингтік агенттік әдіснамасының өзгеру салдарында орын алған
жағдайлардан басқа);
Fitch Ratings және Moody’s бойынша егеменді рейтингтен бір сатыға төмен
(рейтингтің өзгеруі ҚР егеменді рейтингтерінің төмендеуі салдарында орын алған
жағдайлардан басқа).
Борыш/Капитал көрсеткішін 2023 ж. дейін 6-дан жоғары ұстамау.
Стратегиялық мақсаттарға жету үшін мынадай негізгі міндеттерді орындау
қажет болады.
Капиталдандыру. Банктің қаржы тұрақтылығын сақтау мақсатында жарғылық
капиталды «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және/немесе республикалық бюджет қаражатынан
толтыру түрінде Банктің қолдауы қажет. Жалпы Банктің стратегиялық
28
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
көрсеткіштеріне жету үшін 150 млрд. теңгеден кем емес мөлшерде капиталдандыру
қажет болады.
Бұл ретте қосымша капиталдандыру көлемі Банктің стратегиялық көрсеткіштері
бойынша қаржыландыру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болу қажет.
Табалдырықтық мәндерге жету кезінде жеткілікті капиталдандыру тетігі іске
қосылатын Банктің қаржылық тұрақтылық параметрлері мынадай болып табылады:
Банктің жиынтық борышының (міндеттемелерінің) меншікті капиталға
қатынасы ретінде белгіленген Банктің борышқорлық жүктеме деңгейі;
Банктің уәкілетті органы және/немесе тиісті мемлекеттік орган бекіткен
әдістемеге сәйкес есептелген бірінші және екінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктік
коэффициенттері.
Бұл ретте аталған параметрлер үшін мынадай табалдырықтық мәндер
белгіленеді:
борышқорлық жүктеме деңгейі – 6-ға 1. Бұл табалдырықтық мәнді таңдау
рейтингтер беру мәселелері бойынша кеңес алу барысында алынған халықаралық
агенттіктердің ұсыныстарына негізделген.
бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктік коэффициенті 0,12-ден кем емес
және екінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктік коэффициенті 0,14-ден кем емес.
Аталмыш табалдырықтық мәндер күрделі әрі тәуелділігі жоғары ұзақ мерзімді
инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын даму институттарының қызметінде
қолданылатын халықаралық тәжірибеге сәйкеседі.
Осылайша, табалдырықтық мәндердің нашарлауы немесе оларға жету жағына
қарай жоғарыда көрсетілген қаржылық тұрақтылық параметрлерін жоспарлы өзгерту
кезінде, Банк кем дегенде бір көрсеткіш бойынша тиісті рәсімдерді жүзеге асырып,
бюджет заңнамасына сәйкес Банктің жарғылық капиталын көбейту бойынша
шараларды қолдана бастайды.
Қорландыру. Қарыз алуды тарту Банктің несие операцияларына қажетті көлем,
валюта мен құны бойынша «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның шоғырландырылған тәсілін
ескерумен жүзеге асырылады.
Банк ұлттық валютада ең тиімді несиелендіру шарттарын ұсынатын отандық
бизнесті ұзақ мерзімді қаржыландыру жөніндегі негізгі операторға айналуды
жоспарлайды. Осыған орай, Банк мемлекеттің ішінде де, одан тыс жерлерде де
ресурстарды жұмылдыруға қажетті шаралар қолданады.
Ішкі инвестициялау көздерін тарту мақсатында Банк мынадай шаралар
қолданады:
1. Банктің облигациялар шығарылымы арқылы ҚР БЖЗҚ-ның қаражатын тарту.
Бұл үшін БЖЗҚ Банктің бағалы қағаздарын бағалау кезінде нөлдік тәуекел дәрежесін
қолдану бөлігінде БЖЗҚ үшін пруденциялық нормативтерді өзгерту, ҚР екінші
деңгейдегі банктеріне ұқсас ҚДБ үшін капиталға (левередж) борыш коэффициентінің
мөлшері бойынша ҚРҰБ-нің талаптарын алып тастау және Даму Банкінің сатып
алған бағалы қағаздар көлемі бойынша шектеулерді өзгерту қажет.
2. Заңды тұлғалардың депозиттерін тарту мен орналастыру тетіктерін әзірлеу
және бекіту. Бұл қаражатты тарту құралы Банктің жобаларына инвестициялау үшін
ұлттық валютадағы өтімділік көлемін арттыруға септігін тигізеді.
29
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
3. Банктің қарыз алушыларын қаржыландыру және капиталдандыру
мақсатында ҚР ҰҚ және республикалық бюджет қаражатын тарту бойынша іс-
шараларды іске асыру.
4. Банктің теңгеде деноминацияланған, басқа валютадағы облигацияларын
шығару.
5. Несиелендіру мақсаттары үшін меншікті қаражатты пайдалану.
Халықаралық инвестицияларды тарту мақсатында Банк мынадай шаралар
қолданды:
1. Қарыз қоржынын әртараптандыру: жаңа нарықтарды (Оңтүстік-Шығыс Азия
және парсы шығанағы мемлекеттері) және қорландыру құралдарын ашу
(хеджирлегеннен кейін арбитраж басымдығы бар болса, борышқорлық бағалы
қағаздарды дәстүрлі емес шетелдік валютада (швейцариялық франк, жапон йені және
т.б.) шығару).
2. Облигациялар мен басқа құралдарды шығару жолымен халықаралық капитал
нарықтарында қажетті көлемде қаржы ресурстарын тарту.
3. Жаңа несие желілерін, соның ішінде жобаларды бірлесіп қаржыландыру
және қорландыру көздерін ықтимал арзандату мақсатында шетелдік банктердің,
халықаралық қаржы ұйымдарының бірлестірілген және банкаралық несиелерін ашу.
4. Банктің
жобаларын
құрылымдау
жолымен
сауда қаржыландыру
мәмілелерінің көлемін арттыру мақсатында шетелдік экспорттық несие
агенттіктерімен және экспорт-импорт банктерімен ынтымақтастықты белсендету.
Жоспарланған кезеңде жалпы теңге баламасында 2,3 трлн. теңгеден кем емес
мөлшерде қаражат тарту қажет, соның ішінде:
ішкі нарықта шамамен 1,3 трлн. теңге мөлшерінде қаражат тарту.
халықаралық капитал нарығында қаражат тарту – 5,9 млрд. АҚШ долл.
Дивидендтік саясат.
Дивидендтерді төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасына, Холдингтің Жарғысына, Холдингтің 2014-2023 жж. арналған Даму
стратегиясына және оның ішкі құжаттарына сәйкес анықталады.
Банктің дамуын жеткілікті қаржыландыру қажеттілігімен Холдинг мүдделерінің
оңтайлы үйлесуін қамтамасыз ету мақсатында Холдинг қызметтің пайдалылығына,
капиталды қажет етуіне және басқа да факторларға қарай дивидендтердің мөлшерін
анықтау кезінде әртараптандырылған тәсілді жүзеге асырады.
4.3. Стратегиялық бағыт – корпоративтік басқару
Корпоративтік басқару
Стратегияны
сәтті іске асыруда маңызды
құрамдастардың бірі болып табылады. Корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша
стратегиялық мақсатты орындау тиімділігінің мониторингі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ
Корпоративтік басқару деңгейін бағалау әдістемесі
1
бойынша есептелетін тиісті ТҚК
белгілеу жолымен жүзеге асырылады.
Банк даму кезеңінде акционердің және сыртқы кеңесшілердің ұсыныстары
негізінде корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді, бұл:
Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігін көтеруге;
1
Әдістеме «Бәйтерек ҰБХ» АҚ 2015 жылы әзірленеді..
30
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
акционермен және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тобының компанияларымен өзара
әрекеттестікті қалыптастыруға;
ішкі бақылау жүйесін жетілдіруге;
менеджментті бағалау және сыйақы жүйесін дамытуға;
Банк қызметінің ашықтығын көтеруге бағытталған.
Әсіресе, Банк өз алдына Директорлар кеңесінің қызметін көтеру және
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның стандарттары және ЭЫДҰ корпоративтік басқару
қағидаттары бойынша Банктегі корпоративтік басқару жүйесін бағалау бойынша
міндет қояды.
Банк корпоративтік хатшылық қызметінің жұмысын жетілдіру және оны
танылған тиісті сертификаттарды алу жолымен кәсіби дамыту бойынша міндет
қояды.
Тәуелсіз директорлардың рөлін көтеру және Директорлар кеңесінің сапалы
жұмысын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіледі. Тәуелсіз директорларға
қойылатын талаптарды күшейту және оларды Банктің жоспарланған қызмет
нәтижелеріне жетуіне ынталандыру жоспарланады.
Банк қызметінің ашықтығын көтеру аясында қоғамдық қаралу бойынша іс-
шараларды, Банктің мүдделі тараптары үшін тұсаукесерлерді, салалық көрмелерге
қатысуды және т.б. қамтитын Банктің мүдделі тараптарымен (стейкхолдерлермен)
өзара әрекеттесу тәжірибесін енгізу жоспарланады.
Бизнес-үдерістерді жетілдіру. Банктің сәтті дамуы Банктің ішкі бизнес-
үдерістерін жетілдірусіз мүмкін емес. Банктің бизнес-үдерістерін дамыту бойынша
негізгі міндеттердің бірі бизнес-үдерістерді әрі қарай жетілдіруге бағдарланған
Банктің ішкі рәсімдерін стандарттау және жүйелендіру болып табылады. Әсіресе,
Банктің несие қызметін, кадрлық әкімшілік ету, инвестициялық қоржынды басқару
процестерін, жоспарлау және бюджет процестерін, тәуекел-менеджментті және ішкі
бақылау жүйесін оңтайландыру және автоматтандыру жоспарланады. Несие процесін
оңтайландыру аясында 2015 ж. толығымен электрондық құжаттамаға өту көзделген.
Бұдан басқа, BI (business intelligence) жүйесін енгізу жолымен басқару және
қаржылық есептілікті құру процестерін автоматтандыру бойынша жұмыс жалғасады.
Банк электрондық сандық қолтаңбаны қолданыстағы заңнамаға сәйкес
пайдалана отырып, ішкі құжат айналымын толық электрондық форматқа кезең-
кезеңмен өту жұмысын жалғастырады.
Сондай-ақ Банк несие мониторингі процестерін «Standard & Poor’s Capital IQ»
халықаралық рейтинг компаниясының әдіснамасына негізделген Банктің рейтингтік
үлгісіне сәйкес жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырады.
Кадр саясаты. Адам ресурстары Стратегияны сәтті іске асырудың аса маңызды
факторы болып табылады. Қызметкерлерді басқару саясаты аясында Банк мына
бағыттар бойынша дамуды жалғастырады:
қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ТҚК жету теңгеріміне негізделген
тиімділікті басқару жүйесін жетілдіру;
31
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
ұйымның, мемлекет экономикасының болашағын болжауға, оған жету
стратегиясын анықтауға қабілетті және қаржы институттарының ішінде флагман
болып табылатын жетекшілерді өсіретін мәдениетті қалыптастыру;
сабақтастықты қамтамасыз ету, Банкті қажетті мамандықтармен қамтамасыз
етумен байланысты мақсатқа бағытталған жұмысты жүргізу, мансапты жоспарлау,
Банктің тұрақты тиімді дамуы үшін білім, тәжірибе мен дәстүрлер сабақтастығын
қамтамасыз ету;
инновациялық оқыту үлгілері мен түрлерін енгізу арқылы қызметкерлерді
үнемі дамыту мен оқыту.
Мұнымен қоса, Холдингтің бірыңғай кадр саясатына сәйкес, Банк еңбек
ресурстарын тиімді жоспарлауды, әділетті және бәсекеге қабілетті сыйақыны
қамтамасыз етуді, қызметкерлердің еңбек өнімділігін көтеруді, адам капиталын
өнімді басқаруды, тиімді коммуникацияны және қызметкерлердің өзара
әрекеттестігін жетілдіре түседі.
Тәуекелдерді басқару. Тәуекел-менеджмент Банкті стратегиялық басқарудың
орталық бөлігі болып табылады.
Банктің тәуекелдерді басқару саласындағы стратегияллық мақсаты Банк
қызметінің дәлме-дәл ауқымына, сипатына және ұзақ мерзімді міндеттеріне қарай
халықаралық тәжірибенің ең жақсы стандарттарына жауап беретін тәуекелдерді
басқару жүйесін дамыту.
Тәуекелдерді тиімді басқару индикаторы халықаралық рейтинг агенттіктерімен
расталатын және даму банкінің міндеттерін шешуге қабілетті Банктің жоғары
қаржылық тұрақтылық (несие рейтингі) деңгейі болып табылады.
Банктің стратегиясын іске асыру кезеңінде Банктің негізгі тәуекел топтарын
бағалау, басқару, мониторингі және бақылау жетілдіріледі, соның ішінде:
тәуекел-менеджменттің және Банкті ішкі бақылаудың маңызын ұғыну
деңгейін көтеру;
тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру;
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның шоғырландырылған тәуекелдерді басқару
жүйесін енгізуіне қатысу;
несие тәуекелін бағалау бойынша біріктірілген ақпараттық жүйені енгізу;
халықаралық тәжірибеге сәйкес, PD (дефолт ықтималдығы) және LGD
(дефолт туындау кезіндегі шығындар) негізделген EL (Expected Loss) және UEL
(Unexpected Loss) тәжірибесін енгізу;
ерте елеу/алдын алу рәсімдерін енгізу;
операциялық тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру.
IT-қамтамасыз ету. IT-қамтамасыз етудің негізгі міндеттері мыналар болып
табылады: (1) Банктің бизнес-үдерістерін автоматтандыру; (2) Банкте ақпараттық
технология (бұдан әрі – АТ) функциялары жұмысының тиімділігін көтеру; (3) Банкте
ақпараттық қауіпсіздік (бұдан әрі – АҚ) деңгейін көтеру.
Бизнес-үдерістерді автоматтандыру ішкі бизнес-үдерістердің тиімділігін
арттыруды көздейді. Бұл бюджеттеу жүйесін енгізу, автоматтандырылған банк
жүйесінің функционалын дамыту, сондай-ақ электрондық құжат алмасу жүйесін
32
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
дамыту және электрондық-сандық қолтаңбаны пайдаланумен ұжымдық жұмыс
жолымен ішкі коммуникациялар жүйесін жетілдіру есебінен жүзеге асырылады.
Мұнымен басқа, Банк пен жалғыз акционер арасындағы ақпараттық жүйелерді
біріктіру арқылы сапалы және тиімді өзара әрекеттестікке баса назар аударылады.
Сондай-ақ талдамалы міндеттер және басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін
қолданылатын ақпараттың сапасын, шапшаңдығын және анықтығын көтеру бойынша
іс-шаралар жүргізіледі. Бұл үшін Банкте деректерді корпоративтік сақтау негізінде
бизнес – аналитика жүйесін енгізу бойынша жоба іске асырылады. Аталған
міндеттерді іске асыру кезінде Банк автоматтандыру жүйесін пайдаланудан барынша
нәтиже алу және АТ дамытуда қаражатты тиімді инвестициялау қағидаттарын
басшылыққа алады.
Банкте АТ функциялары жұмысының тиімділігін көтеру. Банкте АТ
функциялары дамыту Банктің пайдаланушыларын АТ сервистерінің оңтайлы
жиынтығымен және сапасымен қамтамасыз ету міндеттерін қояды. Бұл міндетті іске
асыру үшін пайдаланушыларды АТ жүйелерін енгізу және дамыту процестеріне
еліктіру дәрежесін көтеру, АТ функцияларын Банктің бизнес бөлімшелерімен
біріктіру дәрежесін көтеру, сондай-ақ АТ процестерінің кемелдік деңгейін көтеру
бойынша жұмыс жалғасады. Мұнымен басқа, Банкте АТ жүйелерін және
инфрақұрылымды үйлестіру, тиімді және экономикалық коммуникация құралдарын
қолдану, сондай-ақ АТ сервистерінің құнын төмендету және олардың сапасын көтеру
үшін бұлтты технологияларды пайдалану мәселелері өз дамуын табады.
Банкте АҚ деңгейін көтеру. Банкте АҚ деңгейін көтеру теңдестірілген тәсіл
негізінде жүргізіледі, оның негізгі мақсаты АҚ залалдары мен әлеуетті тәуекелдер
арасындағы ымыра болып табылады. АҚ жетілдіру бойынша бастамалар қажетті
ұйымдастырушылық шараларды қолданумен қатар жаңа техникалық құралдарды
дамыту және енгізу бойынша міндеттерді қамтитын болады. Мұнымен қоса,
пайдаланушылардың АҚ мәселелері бойынша хабардарлық деңгейін көтеруге баса
назар аударылады.
Коммуникациялық және ақпараттық саясат. Банктің өңдеу секторында
тәуекелі жоғары жобаларды, нөлден басталатын жобаларды қаржыландыратынын
ескеріп, белгілі бір беделді шығындар болады.
Бұдан басқа, ҚР ҰҚ-ның, мемлекеттік бюджет пен зейнетақы жинағының
қаражатын тартуды жылдамдату жоспарына байланысты, сондай-ақ Банктің
мемлекеттік индустриялық саясаттың басты операторларының бірі ретінде
белгіленгенін ескеріп, ҚДБ-нің қызметіне мақсатты аудиторияның назары және
Банктің аталмыш қаражат көздерін пайдалану туралы ақпаратты ашуына қойылатын
талаптар сөзсіз арта түседі.
Осыған орай, беделді шығындарды нивелирлеу, барынша ашықтық, Банктің
қызметі туралы хабарларлықты арттыру, сондай-ақ кең ауқымды PR-құралдарды
пайдалана отырып, мемлекеттің тиімді әрекет ететін қаржы құрылымы ретінде ҚДБ-
нің беделін өсіру бойынша кешенді жоспар іске асырылады.
ҚДБ-нің PR-жылжытылуы ішкі және сыртқы орталарда айтарлықтай
өзгерістерге ұшырайды: Банктің «Бәйтерек» холдингі құрылымында жұмыс істеуі;
шаруашылық субъектілерін теңгеде ұзақ мерзімді несиелендіру операторларының
33
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
бірі ретінде Қазақстан экономикасындағы ҚДБ рөлінің өсуі; коммерциялық банктерді
қорландыру тәжірибесі; қоғамда МҮИИДБ-ның оң нәтижелеріне мұқтаждың өсуі.
Коммуникациялық және ақпараттық саясатты іске асыру аясында Банк келесі
мақсатты топтармен белсенді ынтымақтасуға ниетті: ҚДБ-нің акционері және ҚДБ-
нің акционеріне едәуір ықпал ететін тұлғалар/мемлекеттік органдар; қоғамдық пікір
«жетекшілері»; сыртқы аудитория; Банктің әлеуетті және қолданыстағы клиенттері.
ҚДБ-нің PR-жылжытылуы аясында қолданылатын негізгі құралдар: Банк
менеджментінің нүктелі медиа-белсенділігі, медиа-ресурстар арқылы қоғаммен
коммуникациялар, соның ішінде әлеуметтік желілер, бедел-бейне жарнамасы, PR-іс-
шараларды өткізу, сондай-ақ білім беру контентін өндіру жолымен қызметтің
жылжытылуын жүзеге асыру.
Банктің қызметін көпшілікке тарату халықаралық медиа-топтарға кіретін және
ҚР-да ұсынылған БАҚ, ақпараттық агенттіктер, қазақстандық қаржы-экономикалық
басылымдар, ҚР-ғы жаңалықтардың аса танымал ғаламтор-ресурстары және Банктің
веб-сайты арқылы жүзеге асырылады.
5. БОЛЖАЛДЫ НӘТИЖЕЛЕР
Банк өз қызметінің тиімділігін бағалау мақсатында мынадай стратегиялық
түйінді қызмет көрсеткіштерін пайдалану жолымен көздеген мақсаттарға жету
мониторингі мен талдауын жүргізеді:
Түйінді қызмет
көрсеткіштері
Өлшем
бірлік
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
2021
2022
2023
Негізгі көрсеткіштер
Даму нәтижесінің
орташа безбенделген
индексі
индекс
62
63
64
65
66
67
68
69
70
70
Қаржыландырылған
жобалар мен
инвестициялық
бағдарламалардың
жалпы көлемі
млрд.
теңге
1 351
1 794
2 201
2 555
2 804
3 104
3 411
3 726
4 051
4 384
Несие қоржыны
млрд.
теңге
>732
>1 060
>1 349
>1 574
>1 722
>1 891
>2 059
>2 227
>2 396
>2 565
Жалпы активтердің
құрамындағы несие
қоржынының үлесі
%
52
60
65
70
75
75
75
75
75
75
Несие қоржынына
қатысты
провизиялардың деңгейі
%
10,0
10,0
10,0
9,0
8,0
8,0
8,0
8,0
8,0
8,0
Капиталдың
пайдалылығы (ROE)
%
0,15
2,5
> 3
Борыш/Капитал
коэффи-
циент
6-дан жоғары емес
Несие рейтингі
рейтинг
Егеменді рейтинг деңгейінде (ең азы біреуден)
Корпоративтік басқару
рейтингі
рейтинг
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ анықтаған рейтинг деңгейінде
Қосымша көрсеткіштер
Жобалық
қаржыландыру аясында
инвестициялық
жобаларды мақұлдау,
несие сомасы
млрд.
теңге
Пилоттық
кезең
>5
>8
>8
>8
>10
>10
>10
>10
>10
34
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
Бірлестірілген
қаржыландыру аясында
инвестициялық
жобаларды мақұлдау,
несие сомасы
млрд.
теңге
Пилоттық
кезең
>5
>10
>10
>10
>14
>14
>14
>14
>14
Банкаралық
несиелендіруді ұсыну,
игеру.
млрд.
теңге
>50
>80
>100
>100
>100
>120
>120
>120
>120
>120
Жұмыстар мен
қызметтердегі жергілікті
құрамның үлесі
%
> 65
> 65
> 65
> 65
> 65
> 65
> 65
> 65
> 65
> 65
6.
ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ІСКЕ АСЫРУ, ОҒАН МОНИТОРИНГ
ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ
Даму стратегиясын іске асыру мониторингі, бақылау мен уәждеудің негізгі
элементтері мыналар болып табылады:
мерзімді, жауапты тұлғаларды немесе құрылымдық бөлімшелерді, сондай-ақ
рейтингтеу жүйесін көрсете отырып, іс-шаралар жоспары (№2 қосымша);
қызметкерлер мен топ-менеджменттің жұмыс тиімділігінің теңдестірілген
көрсеткіштер жүйесі;
осы Стратегияның мақсаттарына жету үшін қызметкерлерді уәждеу жүйесі;
Банктің қызметін ұзақ мерзімді, орташа мерзімді және жылдық жоспарлау
(бюджеттеу);
Банктің тиісті ұйымдастырушылық құрылымы мен штатын қалыптастыру.
Стратегияны іске асыру және тиісті Іс-шаралар жоспарын орындау мониторингі
жылдық негізде жүзеге асырылып, оны Директорлар кеңесі тыңдауы тиіс.
Стратегияны түзету қажеттілікке қарай жүзеге асырылады.
35
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның
2014-2023 жж. арналған
Даму стратегиясына
1 қосымша
Негізгі қызмет көрсеткіштерін есептеу әдістемесі
1. Жобалардың даму нәтижесінің орташа сараланған Индексі:
Банк міндеттерінің бірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру болып
табылады, бұл мемлекет үшін айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық нәтиже береді.
жобалардың даму нәтижесінің Индексін бағалау жобаның Қазақстан
Республикасы индустриялық саясатының қағидаттарына және Банктің миссиясына
сәйкес әзірленген белгілерге сәйкестігін балмен бағалауға негізделген. Жоба әр белгі
бойынша 10 балдық шкаламен бағаланады, мұндағы 0 – ең төмен балл, 10 – ең
жоғары балл. Бұл ретте жобаның тиімділігін бағалау осы параметрлердің үлес
салмағын пайдалана отырып, тиісті белгілер бойынша орташа сараланған балл мәнін
білдіреді.
Бұл көрсеткіш мынадай әдіснама бойынша есептеледі:
Жобалардың даму нәтижесінің орташа сараланған индексі жобалардың даму
нәтижесінің индексін бағалау негізінде есептеледі, ол бойынша есеп беру кезеңінде
қарыз қаражаты игерілді, мұнда салмақ ретінде бір жылда игерілген қаражаттың
жалпы сомасында жобаның үлесі қолданылады.
мұндағы
i
– Банк қарыз алушыларының бір жылда игерілген қаражатының
жалпы сомасындағы Жобаның үлесі,
i
ИЭР
– Жобаның даму нәтижесінің Индексі.
Жобалардың даму нәтижесінің Индексін есептеу жобаның Қазақстан
Республикасы индустриялық саясатының қағидаттарына және Банктің миссиясына
сәйкес әзірленген белгілерге сәйкестігін балмен бағалауға негізделген. Жоба әр белгі
бойынша 10 балдық шкаламен бағаланады, мұндағы 0 – ең төмен балл, 10 – ең
жоғары балл. Бұл ретте Жобаның тиімділігін бағалау осы параметрлердің үлес
салмағын пайдалана отырып, тиісті белгілер бойынша орташа сараланған балл мәнін
білдіреді:
мұндағы
i
- жалпы сомасындағы критерийдің үлес салмағы, а
i
R
- Жобаны
критерий бойынша балмен бағалау (0-10 балл).
Жобалардың даму нәтижесінің Индекс шамасы мемлекеттің әлеуметтік-
экономикалық дамуына жобаның маңыздылығына қарай 0-ден 100 балға дейін
өзгереді. Бұл ретте орташа (жеткілікті) әлеуметтік-экономикалық нәтижесі бар
жобалар 50 және одан жоғары балға ие.
Даму нәтижесінің жеткіліксіз (ең төмен) деңгейге ие жобалар бәсекелестік
деңгейі жоғары ішкі нарыққа бағдарланумен және төмен нарық сыйымдылығымен,
36
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
кәсіпорындағы төмен еңбек өнімділігімен, Банк бөлген долларға болмашы өндіріс
көлемімен, алғашқы бөліс өнімдерінің (қиыршық тас, цемент және т.б. өндірісі)
төмен технологиялығымен сипатталады.
Жобалардың даму нәтижесінің ең жоғары Индексі, жоғары бөліс өнімдерінің
едәуір экспорт көлемі бар жобалар ішкі және сыртқы нарыққа бағдарланған, орташа
әлемдікпен салыстырмалы еңбек өнімділігінің жоғары деңгейімен сипатталады,
сондай-ақ жұмыспен қамтылуға, экологиялыққа және бюджет түсімдеріне
айтарлықтай әлеуметтік ықпал етеді.
Жобалардың даму нәтижесінің Индекс критерийлерінің салмағы критерийлердің
экономикалық өсімге және экономиканы әртараптандыруға маңыздылығы негізінде
анықталған. Экономиканың индустриялық дамуы және әлемде мемлекеттің бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша негізгі міндеті шикізаттық емес экспортты
ұлғайту және өңдеу өндірістерінің көлемін өсіру болып табылады.
2. Қаржыландырылған
жобалардың
және
инвестициялық
бағдарламалардың жалпы көлемі. Осы шоғырландырма көрсеткішті пайдалану
ұсынылады, себебі оның серпіні Банктің Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан
үлесін аса шынайы анықтайды. Банктің миссиясы активтерді құру және даму
жобаларын іске асыруға байланысты тәуекелдерді өзіне жүктеу болып табылады.
Банк даму жобасын қаржыландырып, өндірістік актив құрылғаннан кейін, сондай-ақ
осындай жоба Банктің қолдауымен қалыптасу фазасынан сәтті өткеннен кейін оның
тәуекелдері азаяды және оны коммерциялық банктердің бірі қайта қаржыландыруы
мүмкін. Осыған байланысты, қарыз қоржынының көлемі сияқты көрсеткіш Банктің
дамыту бойынша жүргізген жалпы жұмыс көлемін кемітеді, себебі мұнда Банктің
бастапқы кезеңдерде қаржыландырған және қолдау көрсеткен және кейін
коммерциялық банктер сәтті қайта қаржыландырған жобалар ескерілмейді.
Бұл көрсеткіш төмендегідей есептеледі:
Vип = Vип
1 +
Vип
2
,
мұндағы:
Vип – өтеуді есепке алусыз, қаржыландырылған инвестициялық жобалардың
және инвестициялық бағдарламалардың жалпы көлемі,
Vип
1
– Банк қызметінің басынан бері өтеуді есепке алусыз, қаржыландырылған
инвестициялық жобалардың және инвестициялық бағдарламалардың көлемі;
Vип
2
- Банк қызметінің есептілік кезеңінде өтеуді есепке алусыз,
қаржыландырылған
инвестициялық
жобалардың
және
инвестициялық
бағдарламалардың көлемі.
3. Несие қоржыны.
Несие қоржыны есептілік кезеңде мынадай талаптарды есепке алудың
теңгерімдік шоттарындағы қалдық соманы білдіреді:
- берілген несие бойынша негізгі, соның ішінде мерзімі өткен борыш,
банкаралық қарыздар бойынша негізгі борыштың қалдығы;
37
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
- берілген қарыздар бойынша есептелген сыйақы, соның ішінде қарыздың
құнсыздануы кезінде ХҚЕС бойынша түзетуді есепке алумен мерзімі өткен сыйақы,
банкаралық қарыздар бойынша есептелген сыйақының қалдығы;
- берілген қарыздар бойынша дисконттың немесе сыйлықақының қалдығы,
соның ішінде банкаралық қарыздар бойынша дисконттың немесе сыйлықақының
қалдығы.
4. Жалпы активтердің құрамындағы несие қоржынының үлесі. Несие
қоржынының жалпы активтерге арақатынасы.
5. Несие қоржынына қатысты провизиялардың деңгейі.
Несие қоржынына қатысты провизиялардың деңгейі несие қоржыны бойынша
құрылған провизиялар (резервтер) сомасының несие қоржынына қатынасы ретінде
есептеледі.
Упк = Пкр / КП,
мұндағы:
Упк – несие қоржыны бойынша провизиялардың (резервтердің) деңгейі;
Пкр – Пкр – Халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес құрылған
несие қоржыны бойынша провизиялар (резервтер);
КП – несие қоржыны.
6. Капиталдың пайдалылығы. Банк даму институты ретінде барынша
пайданы көздемейді. Банктің маржасы оның операциялық шығындарын және іске
асырылатын жобалар бойынша тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді. Сәйкесінше,
Банктің меншікті капиталының пайдалылығы нөлден жоғары деңгейде қамтамасыз
етіледі (залалсыз қағида).
Меншікті капиталдың пайдалылығы (ROE) – кезең ішіндегі таза кірістің
меншікті капитал мөлшеріне қатынасы.
мұндағы:
СК
орт
– Банктің орташа жылдық меншікті капиталы;
– Банктің жыл басындағы меншікті капиталының көлемі;
– Банктің жыл соңындағы меншікті капиталының көлемі.
7. Несие рейтингі. Банктің тұрақты капиталдандыруы және мемлекеттік
инвестициялық саясатты іске асырудағы стратегиялық рөлі Банктің жоғары несие
38
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
рейтингтерін Қазақстанның егеменді немесе оған шамалас рейтингтері деңгейінде
ұстауға негіз болып табылады.
Рейтинг агенттіктері өз әдістемелері бойынша несие рейтингтерін береді.
8. Борыш/Капитал.
Бұл ретте Банктің жиынтық борышы (міндеттемелері) шартты міндеттемелерді
қамтымайды.
9. Корпоративтік басқару рейтингі. Корпоративтік басқаруды бағалау
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ бекіткен корпоративтік басқару диагностикасы әдістемесімен
жүзеге асырылады.
39
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның
2014-2023 жж. арналған
Даму стратегиясына
2 қосымша
Стратегияның мақсаттарына жетуді рейтингілеу әдістемесі
Стратегияның іске асырылуын талдау рейтингілеу жүйесі арқылы жүзеге
асырылады, бұл стратегиялық кезең аясында Стратегияның іске асырылу үрдісін
көрсетеді.
Әрбір мақсат белгілі бір міндеттер жинағына сәйкеседі. Рейтингтер (А, В, С, D)
қол жеткізілген нәтижелердің қойылған мақсатқа сәйкесу дәрежесін балмен бағалау
негізінде белгіленеді:
Рейтинг
Балдық
сараптық
бағалау
Мақсаттарға жету нәтижелерінің сипаттамасы
A
4,0 және одан
жоғары балл
Мақсаттарға жету деңгейі жоспарланғаннан едәуір
жоғары
B
2,0 және 4,0-ден
кем
Мақсатқа толық қол жеткізілді
C
0,5 және 2,0-ден
кем
Жалпы мақсатқа қол жеткізілді, бірақ бірқатар
пысықтаулар қажет
D
0,5-тен кем балл
Мақсатқа қол жеткізілген жоқ және процестің
тиімділігін көтеру қажет
Әрбір міндетке жету дәрежесі сандық және/немесе сапалы бағалау әдістері
арқылы бағаланады.
Егер міндетті сипаттайтын көрсеткіш санмен өлшенетін болса, онда сандық
бағалау қолданылады.
Мақсатқа қол жеткізу нәтижелерінің сипаттамасы
Балдық бағалау
Мақсатқа 120% және одан артық қол жеткізілді
5
Мақсатқа 100% және одан артық, бірақ 120%-дан кем қол
жеткізілді
3
Мақсатқа 80% және одан артық, бірақ 100%-дан кем емес қол
жеткізілді
1
Мақсатқа 80%-дан кем қол жеткізілді
-1
Егер міндетті сипаттайтын көрсеткіш сапалы болса, онда сапалы бағалау
қолданылады.
40
«ҚДБ» АҚ 2014-2023 жылдарғ а арналғ ан Даму стратегиясы
Мақсатқа қол жеткізу нәтижелерінің сипаттамасы
Балдық бағалау
Жоспарлағаннан анағұрлым жоғары нәтиже
5
Мақсатқа қол жеткізілді
3
Жалпы мақсатқа қол жеткізілді, бірақ бірқатар пысықтаулар
қажет
1
Мақсат орындалған жоқ
-1
Стратегияның іске асырылуын талдау нәтижелері жыл сайын жылдық есеп
аясында жарияланады. Барлық ақпаратқа ашық қол жеткізуге болады және ол Банктің
ресми сайтында тұрақты жаңартылады.
Информация о работе «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ 2014-2023 жылдарға арналған Даму стратегиясы