Қазақстанның қаржы жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 20:43, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің өзектігі Қазақстанның қаржы жүйесінің мәні,жағдай және жетілдіру жолдары. Қаржы жүйесінің мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржы жүйесінің қызыметі мен құрылымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.
Қаржы жүйесіне қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мәннің іс – қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялар кескіеіеің айырмашылықты әдістерін білдіреді. Жалпы қаржы жүйесінің құрылымы мен қызметінде, оның экономикалық табиғаты ашылады.

Содержание

Кіріспе
1. Қаржы жүйесінің мазмұны
1.1 Қаржы жүйесінің мәні
1.2 Қаржы жүйесінің қызметі мен құрылымы
2. Қазақстанның қаржы жүйесі
2.1 Қазақстанның қаржы жүйесінің жағдайы
2.2 Қазақстанның қаржы жүйесін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Курсовой (4).doc

— 127.50 Кб (Скачать)


Мазмұны

Кіріспе

1. Қаржы жүйесінің мазмұны

1.1 Қаржы жүйесінің мәні

1.2 Қаржы жүйесінің қызметі мен құрылымы

2. Қазақстанның қаржы жүйесі

2.1 Қазақстанның қаржы жүйесінің жағдайы

2.2 Қазақстанның қаржы жүйесін жетілдіру жолдары

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

      Зерттеудің өзектігі Қазақстанның қаржы жүйесінің мәні,жағдай және жетілдіру жолдары. Қаржы жүйесінің мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржы жүйесінің қызыметі мен құрылымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.

      Қаржы жүйесіне қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мәннің іс – қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялар кескіеіеің айырмашылықты әдістерін білдіреді. Жалпы қаржы жүйесінің құрылымы мен қызметінде, оның экономикалық табиғаты ашылады.

    

      Зерттеудің мақсаты Қаржы жүйесінің экономикалық мәнін ашу және оның қызметі мен құрылымын қарастыру. Қазақстанның қаржы жүйесінің жағдайы және жетілдіру жолдарын зерттеу. Осы мақсатқа байланысты келесідей міндеттер туындайды:

      

      Зерттеудің міндеттері:

қаржы жүйесінің экономикалық мәнін түсіну;

қаржы жүйесінің  қызметіне қызметіне, құрылымына тоқталу;

қаржы жүйесінің функцияларына тоқталу;

Қазақстанның қаржы жүйесінің жағжайы, жетілдіру жолдарына талдау жасау;

қаржы жүйесін дамытудың бағыттарын ұсыну.

 

      Зерттеудің маңызы  Қаржы жүйесінің мазмұнын, қызметі мен құрылымын қарастырып, оның Қазақстандағы ахуалын талдау арқылы, Қазақстанның қаржы жүйесінің жағдайын және жетілдіру жолдарының  бағыттарын ұсыну.

      Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады: І - бөлімінде «Қаржы жүйесінің мазмұны, мәні, қызыметі мен құрылымы» деп аталады. Оның ішіндегі бөлімшілерді атап айтатын болсақ:

1.1– бөлімшесінде «Қаржы жүйесінің мәні». Жалпы бұл бөлімшеде қаржы жүйесінің шығу тарихы, қаржы жүйесі ұғымының пайда болуы және соған жалпылай сипаттама берілген.

1.2– бөлімшесінде «Қаржы жүйесінің қызметі мен құрылымы». Мұнда жалпы қаржы жүйесінің құрамы – бұл қаржы қатынастарының әр түрлі сфералар мен буындарының жиынтығы, қатынастардың бұл процесінде түрлі ақша  құрылып, пайдаланылатыны туралы жазылған.

       Екінші бөлімнің мазмұны – «Қазақстанның қаржы жүйесінің жағдайы және жетілдіру жолдары, соны талдау». Оның ішіндегі бөлімшелер:

2.1 – бөлімшесінде «Қазақстанның қаржы жүйесінің жағдайы» ал, 2.2 – бөлімшесінде «Қазақстанның қаржы жүйесінің жетілдіру жолдары». Бұл бөлімде жалпы Қазақстанның қаржы жүйесінің жағдайы, даму жолдарын және Қазақстанның қаржы жүйесінің жетілдіру жолы туралы толығырақ мәліметтер бар. Ең маңыздысы Қазақстанның қаржы жүйесінің жағдайы, өйткені онда осы Қазақстанның қаржы жүйесінің дәрежесінін және дамыту жолдары кіреді.

      Қорытынды бөлімінде барлық курстық жұмыс ішінде жазылғандарға қысқаша және мазмұнды етіп баяндау.

      Осы қурстық жұмысты жазғанда көптеген әдебиеттер мен мерзімді баспалар қолданылған. Әсіресе оның ішінде Ілиясовтың «Қаржы» кітабы пайдаланылған.

 

 

 

 

     1.Қаржы жүйесінің мазмұны

      1.1. Қаржы жүйесінің мәні

 

      «Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады.

      Біртұтас қаржы жүйесі - өзінің мәні жағынан мынадай түрлі ұғымдарды білдіру үшін қолданылатын термин:

1.      бір – бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының сфералары  мен буындарының жиынтығы;

2.      елдің қаржы мемлекетінің жиынтығы, оларға қаржы мекемелері мен салық службаларының барлық құрылымдық бөлімдері жатады.

     Қазақстан Республикасында макро және микроэкономиканың қаржы

жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуі жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.

      Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан – ол мемлекетте іс - әрекет ететін бір – бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы екенін естен шығармаған жөн.

      Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен – мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын – мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыру мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.

      «Жүйе» термині өзара байланысты элементтердің түрлі критерийлері бойынша сыныпталатын қосалқы жүйелердің іс – қимылын білдіреді.

      Терминнің жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық – экономикалық процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесі сыныптамасының қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:

қаржы қатынастарының жиынтығы;

ақша қорларының жиынтығы;

басқарудың қаржы аппараты.

      Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.

      Қаржы қатынастары негізінен мынадай екі сфераны қамтиды:

мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтаңдырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары;

кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының ауыспалы айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.

      Қаржы қатынастары өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлшектік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен сбъектілердің рөлі қаржы қатынастары жіктемемінің алғашқы объективті белгісі ретінде көрінеді.

      Қаржы жүйсі интеграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оған кіретін элементтердің (қосалқы жүйелердің) тығыз байланысыменжәне оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаожы, бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элеметі болып келеді, екінші жағынан, өзінің функционалдық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады. Қаржыларда функционалдық қосалқы жүйелер ретінде мыналарды атауға болады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржы жоспарларының (болжамдарының), қаржылық бақылаудың заңнамалық қамтамасыз етілуінің және басқа қосалқы жүйелері (1 сызбаны қараңыз)

1 сызба. Қаржы жүйесінің функционалдық белгісі

(критерийі) бойынша құрылымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалануда табады, бұл ресурстар бюджет, мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру және қамыздандыру, амортизация, айналым қаражаттары, тұтыну, резерв және басқа көптеген ақша қорларын қамтиды. Бір қорлар едәуір дәрежеде, біреулері аз дәрежеде орталықтандырылған (1.1 сызбаны қараңыз), бір қорлар үнемі жұмсалынады (тұтыну қоры), басқалары уақытша сақталынады (резервтік капитал), үшіншісі қорланады (апортизациялық аударымдар).

 

1.1 сызба.  Қаржы қорларының сыныптамасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Қаржы қатынастарының нысандары мен ақша қорлары басқарылатын материалдық объектіні құрайды. Басқарушы субъект қаржыны басқарудың мемлекеттік және қоғамдық аппаратының жүйесі – қаржы аппараты болып келеді, бұл қаржы жүйесінің үшінші бөлігі болып табылады. Қаржы қызметін ұйымдастыру мен жоспарлау процесіндегі экономикалық және бақылау жұмысымен, қаржы қатынастары буындарының байланысын жетілдірумен айналысатын қаржы аппараты қаржы жүйесінің басқа бөліктерімен қабысып, етене ұштасып жатады. Бұл қаржы жүйесінде базистік қатынастардың да, қондырмалық қатынастардың да айшық – ұйшық тоқайласуын және оның басқарымдылығын білдіреді. Қаржы жүйесі ұғымымен қатар каржы – кредит жүйесінің жалпылама ұғымы да бар, оған қаржы жүйесінің буындары ғана емес, сондай – ақ кредит жүйесі де қамтылады. Қаржы – кредит жүйесі бірлескен түрде көбінесе материалдық өндіріс сферасында қызмет етеді, өйткені кредит мекемелері өндірістік емес сфераға жатқанымен өзндірістік емес сферада несие қатынастары шектелінген.

 

 

      1.2.Қаржы жүйесінің қызметі мен құрылымы             

 

      Қаржы қатынастарының буындарына тән болып келетін тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.

      Жалпы қаржы жүйесінің құрамы- бұл қаржы қатынастарының әр түрлі сфералары мен буындарының жиынтығы, қатынастардың бұл процесінде түрлі ақша қорлары құрылып, пайдаланылады. Нәтижесінде ол өзінің ықпалымен бүкіл экономиканы қамтиды. Қаржы қатынастарының сфералары мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің бірыңғай қаржы жүйесінің құрамын құрайды. Сонымен бірге қаржы құрамын мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асыруға қызмет ететін нақтылы қаржы органдарды болып табылатын қаржы жүйесінен ажырата білген жөн.

      Бүгінгі Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы, жоғарыда атап өтілгендей, қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:

1.      мемлекеттік бюджет жүйесі;

2.      арнаулы бюджеттен тыс қорлар;

3.      мемлекеттік кредит;

4.      жергілікті қаржы;

5.      шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;

6.      халықтың қаржысы.

      Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жалпымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.

      Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай – ақ мемлекеттің әкімшілік – аумақтық құрылысымен және оның саяси – экономикалық бағыттылығымен анықталады.

      Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі:

мемлекеттік және муниципалдық қаржы;

шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.

      Қаржы қатынастары сфераларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді, оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъект қызметінің сипатына  қарай жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысы сферасында мынадай буындарды бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы. Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекеттің негізгі қаржы жоспароы ретінде мемлекеттік бюджетте, қоғамдық мұқтаждарды мақсатты қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегібюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік кредитте көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды.

      Кредит қатынастарының қаржы қатынастарынан айырмашылығы болғанымен мемлекеттік кредит қаржы жүйесіне қамтылады. Бірақ кредиттің бұл түрі мемлекеттік бюджеттін тапшылығын жабу мақсатында бағытталғандықтан, мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан – бұл буын қаржы жүйесіне де, сондай – ақ кредит жүйесіне де жатады деп есептеуге болады.

       Қаржы жүйесінің әр буыны өз кезегінде буыншаларға (ондағы қаржының өзара байланысының ішкі құрылымына сәйкес) бөлінеді. Мәселен, салалық бағыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар (ұйымдар) қаржысының құрамына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік, құрылыс және т. Т. Кәсіпорынның қаржылары, ал меншік нысана қарай – мемлекеттік, кооперативтік, акционерлік, жекеше және басқа кәсіпорындарының қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржы қатынастарын топтастыру, мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге асырылады. Сақтық қатынастар сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді.

Информация о работе Қазақстанның қаржы жүйесі