Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2012 в 14:29, реферат
Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңды тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралық қаржы-кредит институттарымен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп-қисап, трансферт және өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл — валюталық есеп-қисап жүйесі ортақтастыратын резиденттердің бейрезиденттермен, едцің экономикалық агенттерінің "басқа дүниемен" (Ұлттық шоттар жүйесінің түсіндірмесі бойынша) қатынастары.
І. Қазақстандағы сыртқы экономикалық байланыстардың мәселелері
1.1 Сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасы----------------------------------------------------------------------------------3
1.2 Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі-------------------6
1.3 Сыртқы экономикалық байланысты жетілдіру-----------------------------8
1.4 Сыртқы экономикалық байланысты реттеудің нысандары мен әдістері----------------------------------------------------------------------------------------9
Пайдаланылған әдебиеттер-----------------------------------------------------12
Жоспар
І.
Қазақстандағы сыртқы
экономикалық байланыстардың
мәселелері
1.1
Сыртқы экономикалық қызметтің және оның
даму бағытының сипаттамасы-------------------
1.2
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды
аспектісі-------------------6
1.3
Сыртқы экономикалық
1.4
Сыртқы экономикалық
Пайдаланылған
әдебиеттер--------------------
І. Қазақстандағы сыртқы экономикалық байланыстардың мәселелері
1.1 Сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасы
Нарыққа көшу өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық тқрпаттағы экономикамен бірге дүние жүзінің көптеген елдерімен халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді.
Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңды тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралық қаржы-кредит институттарымен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп-қисап, трансферт және өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл — валюталық есеп-қисап жүйесі ортақтастыратын резиденттердің бейрезиденттермен, едцің экономикалық агенттерінің "басқа дүниемен" (Ұлттық шоттар жүйесінің түсіндірмесі бойынша) қатынастары. Бұл қатынастарда және сыртқы экономикалық байланыстар жүйесінде қаржы үлкен рөл атқарады. Ол шаруашылық жүргізудің экономикалық қүұралы ретінде Қазақстанды дүниежүзілік экономикаға ықпалдасуды (интеграциялауды) жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Халықаралық экономикалық байланыстар сферасында қалыптасып отырған қаржы механизмі Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы саласында мемелекеттік қаржы саясатын іске асырудың құралы болып табылады.
Іс-әрекет етудің айрықша нысаны ретіндегі сыртқы экономикалық қызметтің қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валютада ғана емес, сондай-ақ шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарда нақты түрде көрінеді. Бөлгіштік қатынастардың міндетті субъектілері шетел мемлекеті, халықаралық ұйым, фирма және басқалары арқылы шетелдік әріптестер болып табылады. Қаржы қатынастары ұлттық экономикалардың шекарасынан шығып кетеді және халықаралық ықпалдастық процестің дамуы мен тереңдей түсуіне жәрдемдесе отырып, оны жүзеге асырады.
Халықаралық байланыстарды дамытудағы қаржының рөлі үш бағыт бойынша көрінеді:
қаржы көздерін іздестіру және халықаралық ынтымақтастықтың әр түрлі бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыру;
халықаралық ықпалдастық процестерді реттеу;
халықаралық қатынастардың әрбір түрін және бөл қатынастардың тікелей қатысушыларын ынталандыру.
Дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар жатады:
1) сыртқы сауда;
2) шетелдік инвестициялау: бірлескен кәсіпкерлік, соның ішінде заңды тұлғалардың мүлкіне акциялар және басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік қатысу, концессиялар — елдің аумағында шаруашылық және өзге қызметті жүзеге асыру үшін мемлекет меншігіндегі табиғи ресурстарды, әр түрлі объектілерді пайдалануға мүлік қүқықтарын алу, меншікті жалдау;
3) елдің халықаралық қаржы-кредит ұйымдарына қатысуы; сыртқы экономикалық қызметтің бұл нысанымен шетелдік кредиттер мен қарыздарды беру байланысты және халықаралық қаржы және басқа ұйымдарға жарналар төленеді;
4) ғылым, техника, мәдениет, туризм салаларындағы ынтымақтастық;
5) шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді ұстау жөніндегі есеп-қисаптарды жургізу.
Дамыған елдердің экономикасында сыртқы экономикалық қызметтің маңызды құрамды бөлігін шет елдерде өнеркәсіп, азаматтық, көлік және басқа объектілер салу құрайды; алайда, қызметтің бұл түрі республикада іс жүзінде қаржылық және материалдық-техникалық ресурстардың жетіспеушілігінен жоқтың қасы. Бір мезгілде экономиканың "көлеңкелі" секторы капиталды шетелдік активтерге жұмсалым нысанында сыртқы инвестициялауды жүзеге асырады: шетке "капиталдың кемуі" болып табылатын шетелдік банктердегі депозиттер, бағалы қағаздарға инвестициялау, жылжымайтын дүние-мүлікті сатып алу және т.т.
Арнаулы экономикалық аймақтарды — айрықша құқықтық және экономикалық режімі бар арнайы бөлінген аумақтарды қалыптастыру ерекше қызмет болып табылады, олар аймақты жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін шетелдік капиталды, прогрессивті шетелдік технологиялар мен басқару тәжірибесін тарту мақсатымен құрылады.
Аталған сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту республиканың шетелдермен валюта-қаржы, есеп-қисап және кредит қатынастарының негізіне қойылған.
Сыртқы сауда экспорт пен импортты қамтиды. Өңдірістің қазіргі қалыптасып отырған құрылымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі әзірше шикізатқа, түсті металдарға, материалдарға, отынға, астыққа және шала фабрикаттарға тиіп отыр.
Сонымен бірге қазіргі кезде өндірістің қалыптасқан құрылымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі минералдық өнімдерге 63 % тиеді, оның үстіне мұнай мен газ конденсатының үлес салмағы 60% құрайды. Біраз орынды металлургия өнеркәсібінің өнімі, химия өнеркәсібінің өнімі, азық-түлік тауарлары мен оларды өндіруге арналған шикізат алады. Агроөнеркәсіп кешенінің негізгі баптары мақта талшығы, астық және былғары шикізаты болып қалуда.
Қаржы практикасында экспорттың бюджеттік тиімділігі — валюталық түсім-ақша мен шығындардың (өнім өндіруге жұмсалынған шығындардың, ішкі бағалардағы оның құны және қосымша шығыстар — көлік, жүкті ауыстырып тиеу, порттарда, стансаларда сақтау шығындарының) ара салмағы ұғымы қолданылады.
Валюталық түсім-ақша Ұлттық банктің бағамымен теңгеге қайта саналады. Экспорттың тиімділігі оның қүрылымын жетілдіруді артгыру, яғни машина жасау өнімін, қызметтің еңбекті және ғылымды көп қажетсінетін түрлерін көбейту жолымен мүмкін болады.
Импортта негізгі баптар машиналар, құрал-жабдық, көлік құралдары, приборлар, химия өнімдері, пластмассалар, каучук, минералдық өнімдер асыл емес металдар мен оларды өндіруге арналған шикізат, басқадай баптар болып табылады.
Макроэкономикалық теорияда экспорттың импорттан асып түсуі ұлттық экономиканы дамытудың қолайлы факторы деп есептеледі. Сонымен бірге бүл асып түсу елдің төлем балансының (ондағы сауда балансының едәуір ара салмағы жағдайында) оң айырмасын тудыруы мүмкін. Жалпы валюталық қаражаттардың экспорттық түсімдері есебінен елдің импорты қаржыланады. Қысқа мерзімді жоспарда импорттың экспорттан асып түсуі қолайсыз фактор болып табылмайды, өйткені отандық тұтынушылар қажетті тауарларды, әсіресе олардың меншікті рыноктегі тапшылығы кезінде көп алады. Алайда үзақ мерзімде бұл құбылыс төлем балансының пассивін теңдестіру үшін пайдаланылатын ресми валюталық резервтердің сарқылуына ұрындыруы мүмкін. Төлем баланстарының орнықты және ұзақ тапшылықтары экономиканы күрделі қайта құруды, сауда тосқауылдары мен басқа шектеулерді қажет етеді, ұлттық валютаның құнсыздануына, елдің сыртқы берешегінің көбеюіне соқтырады.
Экспорт-импорт
операцияларын жүргізуде
1.2
Сыртқы экономикалық
қызметтің маңызды аспектісі
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі — шетел инвесторларының қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін тарту. Бұл қаражатгар ұлттық жөніндегі республикалық агеттік мәліметтері бойынша 2001 жылы елімізде 740 туристік ұйымдар жұмыс істеп, шетелдің 80-ге жуық туристік фирмаларымен шартқа отырып, ықпалдаса әрект еткен. 67 мың адам туристік ұйымдардың қызметін пайдаланған.
Соңғы кездері шетелден келетін туристерді ынталандыру жөніндегі бірқатар мәселелер өз шешімін тапты: туристік қызмет көрсету экспортына салынатын қосымша қүн салығы алынып тасталды, туроператорлық қызметті жүзеге асыратын туристік ұйымдарға мемлекеттік қолдау көрсету "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет көрсету туралы" Заңмен бекітілді және т.т.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда республикада туристік саланы дамытудың шешілмей отырған бірқатар проблемалары бар. Бірқатар шынайы факторлар саланың қалыптасуын тежеп отыр. Бұл ең алдымен туристік индустрияның өзіңдегі, онымен сабақтас салалар-дағы менеджментгің әлсіздігі, туристік инфрақұрылым нысандарының негізгі қорының тозуы.
Шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді ұстауды және олардың жұмысын қаржыландыру дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстар қызметінің бірі болып отыр.
Тәуелсіз дамудың он жылында еліміздің сыртқы саясатын белгілейтін Президентгің тікелей басшылығымен Қазақстан дипломатиясы ойдағыдай дамып, ол біздің мемлекеттің әлемдік қауымдастықтан өзінің лайықты орын алуына жақсы қызмет етті. Осы уақыт ішінде қатынас орнатқан елдеріміздің жалпы саны 121 болды. Бүгінде Қазақстанның БҰҰ, ЮНЕСКО секілді 64 халықаралық ұйымда өкілдігі бар. Шет елде 50 шетелдік мекемеміз, соның ішінде 32 елшілік, 4 тұрақты өкілдік, 2 дипломатиялық миссия, 3 бас консулдық, 10 консулдық және 1 төл құжат-виза қызметі жұмыс істейді. Көптеген елдерде Қазақстанның елшілері қосымша елшілік қызмет атқарады.
Сыртқы
экономикалық қызметті дамытудың негізі
көптеген шаруашылық заңдарда қаланған.
Бұл қызметті кеңейту өзара байланыста
және дүниежүзілік экономикамен бәйгелестікте
дамитын ашық тұрпаттағы экономиканы
қалыптастыруды қажет етеді.
1.3
Сыртқы экономикалық
байланысты жетілдіру
Сыртқы экономикалық байланысты жетілдірудің негізіне сыртқы рынокте республика кәсіпорындарының, ұйымдарының және аймақтарының дербестігін кеңейту идеясы, коммерциялық операцияларды шаруашылық жүргізуші субъектілерге бере отырып сыртқы экономикалық қызметті мемлекет иелігінен алу және орталықсыздандыру қойылған (олардың іскерлік дербестігін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың функцияларын бұл операцияларды 410 реттеу мен ынталандыруға шоғырландыру кезінде). Сыртқы экономикалық қызметті басқару негізінен құқықтық және экономикалық тұтқаларга (кеден баждары, салықтар, валюта бағамы, банк пайызы) аударылып отыр. Сыртқы экономикалық қызметтің стратегиялық бағыты — ұлттық валютаны кезең-кезеңімен нығайтып отыру шараларын әзірлеп, енгізу және валюта рыногін дамыту. Валютаның нарықтық багамы экспортты кеңейту мен импортты оңтайландыру жөніндегі сыртқы экономикалық қызметті ынталандыру мен реттеудің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Кәсіпорындардың валюталық дербестігін кеңейту үшін нарықтық бағаңдар бойынша оны еркін сатып алу-салудың валюталық ішкі рыногі құрылған.
Сыртқы экономикалық қызмет қалыпты жүзеге асырылуы үшін дамыған сыртқы экономикалық инфрақұрылым қажет. Осы мақсатпен Үкіметтің, Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің, Ұлттық банктің құрылымында сыртқы байланыстарды басқарудың органдары құрылған. Валюталық операциялар жасауға лицензиясы бар коммерциялық банюгердің, мамандандырылған тауар биржаларының желісі жұмыс істейді.
Сыртқы экономикалық байланыстарды басқару органдарының аса маңызды функциясы валюталық қатынастарды реттеу болып табылады. Валюталық реттеу — нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту, ақпарат жинау, валюта заңнамасының сақталуын бақылау және заңдарда көзделген санкцияларды қолдану.
Қазақстан
Республикасының Үкіметі, Ұлттық банкі,
Қаржы министрлігі заңдарға сәйкес валюталық
реттеу функцияларын жүзеге асыратын
негізгі валюталық реттеу органдары болып
табылады. Үкімет және өзге де мемлекеттік
органдар заңдарға сәйкес өз құзырының
шегінде валюталық реттеуді жүзеге асырады.
Бұл органдар сонымен бірге валюталық
бакылауды да жүзеге асырады. Мұндай функцияны
сондай-ақ валюталық бақылаудың агештері
— уәкілетті банктер мен уәкілетті бейбанктік
қаржы мекемелері де орындайды, оларға
алынған лицензияларға сәйкес операциялар
жүргізген кезде валюта заңнамасының
сақталуына бақылау жасау міндеті жүктелінген.
1.4 Сыртқы экономикалық байланысты реттеудің нысандары мен әдістері
Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әр түрлі нысандар мен әдістерді қамтиды. Реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады:
1) сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;
2) салық салу;
3) инвестициялау;
4) сыртқы қарыз алу;
5) сыртқы берешек;
6) экспортты қаражатгандыру.
Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура, сондай-ақ жанама әдістерді қамтиді.
Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар мен квоталар жатады. Экспорт пен импортты лицензиялау мен квоталау шикізат ресурстары мен тауар қорларының шектеулігі жағдайында ішкі рынокті толтырып, тұрақтандыру мақсатымен уақытша шаралар ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке (сыртқы саудаға, валюталық операцияларға және басқаларға) метекеттік монополия қойылуы мүмкін.
Информация о работе Қазақстандағы сыртқы экономикалық байланыстардың мәселелер