Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 12:29, курсовая работа

Описание работы

Елiмiздiң экономикалық және саяси дамуындағы түбегейлi жаңа кезең, Қазақстанды одан әрi жаңарту мен демократияландыру - бiздiң күн тәртiбiмiздегi мәселе осындай.
мемлекеттiліктi нығайтуға, Қазақстанды осы заманғы демократиялық және құқықтық мемлекет ретiнде дамытуға;
елiмiздегi және өңiрдегi бекем тұрақтылықты нығайтуға; өңiрлік және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға;
жаhандану талаптарына сәйкес экономиканы серпiндi дамытуға және шикiзаттық емес секторларды iлгерiлетуге б

Работа содержит 1 файл

1.doc

— 39.50 Кб (Скачать)

            1.Қазақстандағы экономикалық дамуды жүзге асыру  

                                                 жолдары

Елiмiздiң экономикалық және саяси дамуындағы түбегейлi жаңа кезең, Қазақстанды одан әрi жаңарту мен демократияландыру - бiздiң күн тәртiбiмiздегi мәселе осындай.

  • мемлекеттiліктi нығайтуға, Қазақстанды осы заманғы демократиялық және құқықтық мемлекет ретiнде дамытуға;
  • елiмiздегi және өңiрдегi бекем тұрақтылықты нығайтуға; өңiрлік және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға;
  • жаhандану талаптарына сәйкес экономиканы серпiндi дамытуға және шикiзаттық емес секторларды iлгерiлетуге баса ден қоя отырып, жаңа технологияларды дамытуға;
  • бiлiм берудi, кәсіптік даярлық пен әлеуметтiк саланы ХХI ғасырдың деңгейiне көтеруге;
  • азаматтық қоғамды дәйектi дамыта беруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге;
  • қазақ халқының моральдық және рухани құндылықтарын одан әрі дамыта беруге;
  • дiни негiздегi жатсынбаушылық пен конфессиялар аралық келiсiмдi қамтамасыз етуi;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске;
  • лаңкестікке, есірткі саудасына, кез келген түрдегі экстремизмге қарсы жаћандық күреске бағытталады.

Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудiң жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнiң тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз.

Ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру мен өңдеу саласында кластерлік бастамашылықты іске асыру арқылы аграрлық өндірісті индустрияландыруға айрықша назар аудару қажет.

Ақша-кредит саясаты және қаржы секторын дамыту саласында инфляция процестерін реттеу тиімділігін арттыру, валюталық реттеуді кезең-кезеңмен ырықтандыру, банктердің сыртқы қарыз алуын жанама реттеу құралдарын жетілдіру, сондай-ақ қаржы жүйесіндегі бәсекелестікті ырықтандыру мен арттыру, оның орнықтылығы мен айқындылығын қамтамасыз ету негізгі міндет болып табылады.

Жоғары сапалы өнімдермен ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету және экспортқа бағдарланған өнімдерді өндіру үшін көмірсутек шикізатын терең өндіруді, сондай-ақ озық технологияларды енгізу негізінде ішкі және әлемдік нарыққа беру үшін металлургия саласында өндіруші өндірісті дамыту көзделеді.

Мұнай-химия өнеркәсібін дамыту Үкімет үшін басым міндеттердің бірі болып табылады.Бұл бағытта өндірістің қажетті факторлары бар өңірлерде базалық мұнай-химия өнімдерін – полиэтилен, полипропилен, стирол және полистирол, этиленгликоль және бензол, метанол және басқа да өнімдер шығару жөніндегі мұнай-химия өндірістерін құру көзделеді.

Металлургияда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта жаңарту және қосылған құны жоғары тауарлар өндіруді қамтамасыз ететін неғұрлым жоғары қайта балқытушы, бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындарды салу жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады.

Қазақстанның құрылыс кешені ұлттық  экономиканың шапшаң дамушы секторларының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың   2005 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасының іс-шаралар жоспарын іске асыру басталды. Құрылыс материалдарының жаңа түрлерінің пайда болуына және дамуына, сапаны жақсартуға және түр-түрлілікті кеңейтуге үрдістер байқалуда.Туризмді дамытуды Үкімет экономиканың өсуін қамтамасыз етудің перспективалы бағыттарының бірі деп санайды. Осыған байланысты бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру және перспективада Қазақстанды Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналдыру міндеті алға қойылады.Үкімет аграрлық саясат саласында оның салаларының өнімділігінің өсуі мен табыстылығы және отандық өнімдердің ұлттық бәсекелестік артықшылықтарын дамыту негізінде агроөнеркәсіп кешенін орнықты дамытуды қамтамасыз етуді басты міндет деп санайды.Ғылымды дамыту Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге  қабілетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясын табысты іске асырудың ажырамас шарты болып табылады. Кәсіпкерлерді халықаралық жобаларға кеңінен тарту мақсатында Үкімет қазақстандық тауарлар мен қызметтердің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін қолдау жүйесін құру жөніндегі жұмысты күшейтуді жоспарлап отыр.

Көліктік-коммуникациялық кешенді дамыту

Жаһандандыру жағдайларында экономика мен мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі көп жағдайда көліктік-коммуникациялық кешен қызметінің тиімділігіне тәуелді болады, оны одан әрі дамыту әзірленіп жатқан Қазақстанның 2015 жылға дейінгі Көліктік Стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады.Көліктік инфрақұрылым секторындағы негізгі міндеттер Қазақстанның көліктік кешенін еуразиялық көліктік жүйеге ықпалдастыру, көліктік саланы мемлекет экономикасының өсуіне сәйкес дамыту, көліктік дәліздердің ендік-меридиандық жүйесін қалыптастыру, инфрақұрылымды кластерлік дамыту есебінен Қазақстанның көліктік жүйесінің бәсекеге қабілетін арттыру болып табылады.

Информация о работе Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні