Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 07:12, курсовая работа
Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселелерінің бірі - өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.
Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі сауда саласында қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне қарағанда жақсы дамыған. Бұның дәлелі, Қазақстан қалаларындағы әр түрлі дүкендер мен базарлар саны.
Ұзақ мерзімде кәсіпорындар тек саудамен ғана емес, экономиканың әр саласында жұмыс істеуі қажет. Сол үшін мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне жан – жақты көмек көрсетуі қажет.
Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазіргі уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызын құрайды. Сонымен бірге кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шешімдерді орындауда іркіліс байқалады. Бұл жерде басты себеп – бюрократиялық қысымдар. Осындай және басқа да себептерге байланысты кәсіпкерлер бөлігі жасырын салаға өтіп жатыр. Осы жағдайда ескеретін жәйт, органдардың құқығын қорғайтын жүйе жасау, тексеруші органдардың және рұқсат беруші құжаттарының санын азайту. Кәсіпкерлердің 70 пайызы оларды қоолдайтын аймақтық программа туралы хабары жоқ. Мұның өзі әкімдер жұмысы формальді сипатта жүретінін көрсетеді. Кәсіпкерліктің күрделі мәселелерінің бірі - несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Себебі несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес – жоспар жоқ. Осы себептен банктерге шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға асықпайды.
Тұрақты экономикалық жүйеде кәсіпкерлік: динамикалық түрде дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне бейімделеді, бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономиканың құрылымдық қайта құрылуына әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлік топ пен меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске ие бола алады, мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы сомаларын береді.
Заңдық құжаттарда көрсетілгендей, кәсіпкерлік - өзінің, қарызға алынған және де басқа мүліктері мен құралдар есебінен қызметке қатысушы тұлғалардың бәріне бірдей жақсы нәтиже мен табыс әкелетін ынталы шаруашылық немесе басқадай қызмет түрі.
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып заңды тұлғалар, Қазақстан және басқа елдердің азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар табылады. Кәсіпкерлер өз ынтасы бойынша өз иелігіндегі мүліктерді пайдалану бойынша барлық шешімдер мен іс - әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар. Кәсіпкерлер қызметінің өрісі, заңға қайшылық етпесе, шектелмейді. Республикада кәсіпкерлік құрылымдар құрылған. Олар: Кәсіпкерлер Конгресі, Қазақстан өнеркәсіпшілігі мен кәсіпкерлерінің Одағы, т.б. Кәсіпкерлер азаматтармен, олардың еңбігін қолдану шарт бекіте алады. Бұл кезде оларды сәйкес еңбек жағдайымен, еңбек ақысымен қамтамасыз етуі тиіс, сонымен қатар басқа әлеуметтік – экономикалық кепілдіктер ұсынуы қажет.
Кәсіпкердің мемлекетпен арадағы қатынасы да белгіленген. Мемлекеттік басқару органдары кәсіпкерлермен экономикалық әсер ету механизмінің әр түрлі тұтқаларын қолдана отырып қатынасқа түседі. Ол тұтқалар мыналар:
Қазақстан Республикасы Президентінің 19 жылғы 14 маусымындағы «Кәсіпкерлік қызмет бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді іске асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Жарлығында кәсіпкерлік қызметте мемлекеттік кепілдіктерді қолдау мен қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың лауазым иелерінің жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне негізсіз араласу фактілерін болғызбау мақсаты көзделген.
Кәсіпкерліктің орын алар жері – ең алдымен кәсіпорын. Қазіргі өтпелі нарық қоғамында өнеркәсіп ошақтарын оңалту, демеу және қаржылай сауықтыру үрдісі жүргізілуде. Ендігі кезде тұралаған кәсіпорындарды банкроттыққа ұшырату, яғни оның дерменсіздігін белгілеп, таратуға негіз салу маңызды.
Кәсіпкерлікті
ұйымдастырудың ең қарапайым
формасы – ол жеке іскерлік.
Бұл жағдайда кәсіпкер жеке
тұлға ретінде кәсіпорынның
мәртебесін иеленбей – ақ , өздігінен
іс – қимыл жасайды. Жеке кәсіпкерліктің
тағы бір түрі – жеке кәсіпорын,
фирма. Бизнестің мұндай формасында
мекеме құру құқы кез келген
азаматта бар. Бұл үшін жеке
кәсіпорынды тіркеуден өткізіп,
заңды тұлға мәртебесін алады.
1.3 Шағын бизнестің мазмұны.
Экономиканың тұрақты болуы
және оның бәсекелік сипатын
қалыптастырудың басты
Төртінші шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.
Кәсіпкерлік - қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да бір белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын.
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – ол жеке іскерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тлға ретінде өздігінен іс – қимыл жасайды. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір түрі – жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің мұндай формасында мекеме құру құқы кез келген азамата бар. Бұл үшін ол жеке кәсіпорынды тіркеуден өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алуы керек.
Монополизм нарықтағы еркін бәсекелістіктің мүмкіндігін жоя отырып, экономикалық өрлеуге кері әсерін тигізетіні белгілі, яғни капитал мен өндірістің жиынтығын құрайтын монополизмнің бойында қай кезде де тоқырау қаупі бар. Оған қарсы тұра алатын бірден бір фактор – ол әлемдік тәжірибеде кең етек алған, біздің елімізде де енді дамып келе жатқан шағын бизнес. Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде шағын кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі шағын бизнес халықтың әл – ауқатын арттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Бұл жағдайды төмендегі кестенің көрсеткіштерінен айқын байқауға болады.
Шағын бизнеске қатысушылардың жалпы жұмысқа қамтылғандар санындағы
Ел аты | Үлесі | Ел аты | Үлесі |
Италия | 80% | Румыния | 27% |
Ұлыбритания | 76% | Венгрия | 24% |
Жапония | 73% | Словакия | 23% |
Бельгия | 72% | Польша | 23% |
Франция | 69% | Ресей | 10% |
Германия | 64% | Беларусь | 6% |
АҚШ | 53% | Хорватия | 22% |
Кәсіпкерлік сектор нарықтық бәсекелестіктің өзгеруіне өте сезімтал. Сонымен қатар экономикадағы бәсекелік сипатта қолдай отырып, орта топтың қалыптасуының негізін қалайды. Осындай әлеуметтік базаны дамытпастан нарықтық реформаларға жоғары баға беру мүмкін емес. Бұл сипаттаманың әділдігін экономиканың қолдаушы күші болған шағын бизнесті кең бағытта шет елдердің тәжірибесі айғақтайды. Мысалы, АҚШ – та жалпы өнімнің 40 пайызы және еңбекке қабілеті халықтың елу үш пайызы оның үлесіне тиеді. Ірі корпорацияларға қарағанда шағын кәсіпорындар технологиялық жаңалықтарды анағұрлым көп игереді. Мұндай кәсіпорындар тауарларды экспортқа шығаруға мүмкіншілік бар. Олардың үлесіне: Германия, Италия, Жапония сияқты елдерде тауар экспортының қырық пайызы жуығы тиеселі екен.
Кесте деректері дәлелдеп отырғандай, шағын бизнес өркениетті елдерде әлеуметтік мәселелерді шешудің басты күші болып отырып, тұрақтылықтың кепіліне айналуда. Экономикалық және статистикалық мәліметтер бойынша шағын бизнес субъектілерінің рөлі тіпті дамыған елдерде артқаны байқалады. Шағын бизнес субъектілерінің санын арттырып, оларға көмек көрсете отырып, мемлекет экономикалық , әлеуметтік, әсіресе жұмыспен қамту мәселесін шешеді. Әдетте, шағын бизнестің дамуынан келесі мәселелер шешімін табады:
- қоғамдық
қа жеткіліктітерді толық
бәсекелестік және нарықтық
оныңсапасының жоғарлауы.
бейімделуі:
деңгейінің төмендеуі:
пайдалану: