Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:08, реферат
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып жаһандық дағдарыс салдарларымен бетпе-бет келді.Еліміздің өз қарыздарымен есептесе алмаған жетекші банктерін банкроттықтан дереу құтқаруға тура келді. Арзан ақшаларды тойымсыздықпен және бақылаусыздықпен қарызға алып, сол арқылы байлық таппақ болған біздің банктер қиын жағдайда қалды. Банкирлердің кейбірі алаяқтар мен ұрылар болып шығып, банк қаражатын меншіктеп алған.
Қазақстандағы дағдарысқа қарсы шаралар
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып жаһандық дағдарыс салдарларымен бетпе-бет келді.Еліміздің өз қарыздарымен есептесе алмаған жетекші банктерін банкроттықтан дереу құтқаруға тура келді. Арзан ақшаларды тойымсыздықпен және бақылаусыздықпен қарызға алып, сол арқылы байлық таппақ болған біздің банктер қиын жағдайда қалды. Банкирлердің кейбірі алаяқтар мен ұрылар болып шығып, банк қаражатын меншіктеп алған. Ондайлармен қазір құқық қорғау органдары айналысуда.Қазақстанның экспорты жартысына дерлік қысқарды. Шағын бизнес несиелік қаражатсыз қалды. Жүз мыңдаған еңбеккерлер жұмыс орнын жоғалту шегіне жетті.Осындай жағдайда біздің шешімдеріміз нақты да дер уақытында болды. Қазақстанда тұрақтандырушы шаралар пакеті қабылданды, Ұлттық қордан қосымша 10 миллиард доллар бөлінді. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері сақталып қана қойған жоқ, сонымен бірге ұлғайтылды, перспективалы инвестициялық жобалар анықталды."Жол картасы" және Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясы қабылданды.Бүгінде енді "Жол картасын" және дағдарысқа қарсы шаралардың бүкіл кешенін іске асырудың алғашқы қорытындыларын шығаруға болады.400 мыңға тарта жаңа жұмыс орындары ашылды.200 мыңнан астам адам қайта даярлықтан өтіп, қоғамдық жұмыстарға қатысушылар болды. Соның нәтижесінде біздегі жұмыссыздық деңгейі 6 пайызға дейін төмендеді, ал көптеген елдерде ол еселеп өсті.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым нысандарын жаңғырту жөнінде ауқымды жұмыс жүргізілді.Денсаулық сақтаудың, білім берудің 1500 дерлік нысаны және әлеуметтік инфрақұрылымның басқа да нысандары жөнделді.Мың шақырым жол салынып, қайта жарақтандырылды.Қаражат әрбір ауыл мен селоға дейін жетті, бұрын мұндай болмайтын. Осындай бұрын-соңды болмаған шараларды ел халқы зор ризашылықпен қарсы алды.Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында шағын және орта бизнес секторындағы өндірістің көлемі 14 пайызға өсті.Агроөнеркәсіптік кешенге қолдау білдіру егін жинау науқанын ойдағыдай аяқтауды, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеудің көптеген нысандарын салуды қамтамасыз етті.Астықтың бункерлік салмақтағы жалпы жиынтығы 22 миллион тоннаға жуықты құрады. Бұл соңғы бес жылдағы екінші рекордтық орақ.Тұтастай алғанда Қазақстанның қаржы жүйесінің жалпы тұрақтылығына қол жеткізілді.Банк жүйесіне қолдау білдіруге 476 миллиард теңге бөлінді. Соның өтеміне мемлекет елдің жетекші банктерінің ірі акционеріне айналды.Мемлекеттің қолдау білдіруі арқасында алданып қалған 40 мыңнан астам үлескердің проблемалары шешілуде.Тұтастай алғанда ел экономикасына дағдарысқа қарсы мақсаттарда 2,7 триллион теңге немесе ІЖӨ-нің 14 пайызы жұмсалды.
Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Доминик Стросс-Кан біздің елімізде болып, былай деп атап өткен еді: "егер барлық шаралар іске асатын болса, онда 2009 жылдың аяғында сіздердің экономика өз проблемаларын еңсере алады". Осындай пікірді көптеген сарапшылар ұстанады.Бастысы, дағдарысқа қарсы шаралар қоғамнан қолдау тапты. Мен еліміздің көптеген өңірлерінде болдым. Сонда барлық жерде халықтың қолдауы мен Қазақстанды дамытудың жаңа алып жоспарларын орындауға кірісуге әзірлігін сезіндім."Нұр Отан" партиясының ХІІ съезінде Қазақстанды жедел индустриялық-инновациялық дамыту міндеті қойылды.
Мен инновациялық индустрияландырудың жеті басымдығын анықтадым. Олар:
- аграрлық секторды
- құрылыс индустриясын
және құрылыс материалдары
- мұнай өңдеуді және мұнай-газ секторының инфрақұрылымын дамыту;
- металлургияны және дайын
металл өнімдерін өндіруді
- химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібін дамыту;
- "таза" энергетиканы жасауды қоса алғанда энергетика саласын жаңғырту және дамыту;
- көлік және телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту.
Осының нәтижесінде 7 триллион теңгеден астам немесе біздің ұлттық өніміміздің 50 пайызы дерлік көлемінде жылдық қосымша құн қосымша жасалатын болады.Бұл - өршіл, қажетті де лайықты міндет. Осының арқасында біз қазақстандықтардың әл-ауқаты одан әрі жақсаруы үшін жағдай жасаймыз.
Әлемді дамытудың дағдарыстан кейінгі трендтері
Меніңше, осы дағдарыс бүкіләлемдік
тарихтың бетбұрыс оқиғасына айналады.
Әлемді дағдарыстан кейінгі дамытудың
мынадай трендтері барынша
Дағдарыс алдындағы екінші тренд - күштерді әлемдік жаңаша орналастыруды қалыптастыру.Жаһандық басқару дағдарысы қазіргі экономикалық сілкіністердің зардаптарының біріне айналып отыр.Белгілі тарихшы Чарльз Киндлбергер Ұлы депрессия себептеріне талдау жасай отырып, шиеленісті маңызды кезеңде әлемдік көшбасшылықтың болмауын солардың бірі ретінде атады.Көптеген факторлар тарихтың бүгінде қайталанып отырғанын көрсетіп отыр. АҚШ пен өзге де ірі мемлекеттерге әлемдегі ықпалдылықты жаңа күштердің орталығымен бөлісуге тура келеді.Мынадай дәйек келтірейін. 2001 жылы "Голдман сакс" банкінің жетекші экономисі Джим О Нил БРИК атты қысқартылған сөзді өзінің талдамалық жазбаларында тұңғыш рет қолданды.Бразилияның, Ресейдің, Үндістанның және Қытайдың басшылары өз ұстанымдарымызды үйлестірген жаман болмас еді деген ұйғарымға келді. Сөйтіп 2009 жылдың мамырында Екатеринбургте БРИК-тің алғашқы саммиті өтті.Жиырма жылдан кейін БРИК елдерінің жиынтық ІЖӨ-сі "Үлкен жетілік" елдерінің жиынтық ІЖӨ-сінен асып түседі деп күтілуде.
2050 жылға қарай экономикалық дамыған елдердің алғашқы бестігінде батыс елдерінен тек АҚШ қана қалады. Оның өзі де - қазіргі дағдарыс кезеңінде тұрақтылықтың өзіндік бір аралына айналған Қытайдан кейінгі екінші орында.Үндістан да дағдарыстан салыстырмалы түрде қолайлы жағдайда өте алады. Елдің сыртқы капиталға күшті тәуелділігі жоқ және өзінің даму бағдарламасын жүзеге асыруда.Бразилия да дағдарысты сәтті жеңе білуде. Бразилияның қуатты табиғи және интеллектуалдық ресурстарға ие, үлкен және ырғақты дамып келе жатқан ел екенін айту қажет.Ресей де дағдарыстан нығайып шығады.Бейжің Олимпиадасы қарсаңында "Уолл стрит джорнал" газетінде Ұлыбританияның экс-премьер-министрі Тони Блэрдің мақаласы жарық көрді. Онда "Бірнеше ғасырлар бойы күштер Батыста шоғырланды... Енді бізге ықпалдылықты Шығыспен бөлісетін әлемде өмір сүру жағдайларымен келісуге тура келеді" деген қорытынды жасалған. Осынау саясаткердің пікірінше, бұл тәжірибе Батыс үшін бейтаныс, тіпті өкінішті де болмақ.Осылайша, дағдарыс әлемдік экономиканың трансформациялану үдерісін айтарлықтай тездетті.Дегенмен, саясат болмаған жерде экономика тек ғылым ғана болар еді. Сондықтан бұл үдеріс әлемдегі шынайы геосаяси көптүрліліктің қалыптасуымен қоса қабат жүретін болады.Дағдарыс алдындағы әлемнің үшінші тренді - экономикада энергия үнемдеуге көшу.Бүгінде неғұрлым дамыған елдер қауіпсіз, таза және сарқылмайтын дамуға көшу міндетін қойып отыр.Америка Президенті Барак Обама айтқандай, "ХХІ ғасырда таза энергия өндіруде әлемдік көшбасшылыққа жеткен ел, ХХІ ғасырдағы жаһандық экономикада да көшбасшы болады". Бұл айтылғанмен келіспеу қиын.Бұл орайда балама, төмен көміртекті энергетика перспекивалы бағыт болып табылады. Бүгінде әлемде көмірқышқыл газын отынға және мұнай-химия өнімдеріне айналдыру жөніндегі жобалар белсенді талдануда. Таяу уақыттарда шығарындылары нөлге тең электр стансаларының пайда болатынына сенімім мол.
"Сутегі энергетикасын"
дамытуда да зерттеулер
Дағдарыс алдындағы әлемнің төртінші үрдісі - экономикадағы мемлекеттің рөлі мен маңызының артуы.Қазіргі дағдарыс көптеген адамдарды экономикадағы мемлекеттің рөлі туралы ойлануға мәжбүрледі.Францияның бұрынғы премьер-министрі Лионел Жоспен енгізген "химиялық таза капитализм" термині балағат сөзге айналды.Кейнстің беделі өсіп шықты, экономистер оның "Жалпы теориясының" ескі даналарын сөреден қайтадан алуда. Карл Маркс қайтадан оқылуда. Тіпті ықпалды "Ньюсуик" апталығының өзі "біздің бәріміз де енді социалистерміз" дегенді өз беттерінде жазып жатыр.Еш жерде және ешқашанда мемлекеттің шешуші түрде араласуынсыз модернизацияның болмағандығын тарих та растап отыр. Дағдарыс оны тағы да дәлелдеді.Нарық экономикасы, меншікті қорғау және шағын бизнесті дамыту біздің экономикамыздың негізі болып қала береді.Бірақ дағдарыс қарсаңындағы кезеңде мемлекеттің рөлі өнеркәсіптен бастап әлеуметтік салаға дейінгі салалардың бәрінде де күшейетін болады.Сол арқылы мемлекеттік басқарудың сапасына және мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын адамдарға қатысты талаптар өсе түседі.Неғұрлым кеңірек мағынада алғанда бұл, яғни бүтіндей алғанда адами капиталдың сапасына талапты күшейту - дағдарыс алдындағы әлем дамуының бесінші тренді.Адами капиталға айтарлықтай инвестициялар салмайынша ешқандай экономика табысты дами алмайды. 1943 жылдың өзінде-ақ "ақыл империясы болашақ империясы болмақ" деген болатын Уинстон Черчилль.Оңтүстік-Шығыс Азия тәжірибесі көрсетіп отырғандай, адами капиталды дамыту саласындағы кейін қалушылықты қысқа мерзімде жоюға болады. Бүгінде бәсекеге ең қабілетті деген әлемнің 25 ақпараттық компанияларының 14-і Азияда орналасқан.
Бүгінде жоғары бәсекелестік басымдықтары жоқ елдер таяу болашақта ғылыми зерттеулер, инновациялық және жоғары технологиялар рыногында табысты бәсекелестікке түсе алмайды.Осылайша, әр азаматтың денсаулығы, интеллектісі және білімі қаншалықты сапалы болса, мемлекеттің әлемдік қоғамдастық жүйесіндегі жоғары бәсекелестікке қабілеті де соншалықты болмақ.Мен дағдарыс қарсаңындағы әлем дамуының тек айқын деген тренділерін ғана атап көрсеттім.Өмір сан-салалы және күрделі, сондықтан біз өзімізді күтіп тұрған жәйттердің бәріне де дайын болуымыз керек.
Біздердің қандай шара қабылдауымыз қажет?