Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 13:24, реферат
Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы – ауыл шаруашылығы болып табылады. Оның маңыздылығы – ең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, ал өңдеуші өнеркәсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен. Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын баршымызға белгілі.
Ауыл шаруашылығы - Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы
Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы – ауыл шаруашылығы болып табылады. Оның маңыздылығы – ең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, ал өңдеуші өнеркәсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен. Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын баршымызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста. Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздіқ қоғамдық – саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып есептеледі. Республика халқының 44 пайызы бүгінде ауылдық жерлерде тұрады. 2003-2005 жылдары Елбасының шешімімен Ауыл жылдары деп жарияланған еді. Осыған сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың үш жылдық бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Ауыл шаруашылығы ұлттық экономикамыздың негізін құрайды. Ауылдың әлеуметтік жағдайын, тұрғындардың тұрмысын түзеу үшін қатарынан үш жылды ауылға арнау елімізге үлкен өзгерістер әкелді. Ауылдық жерді дамыту ұғымы тек қана, ауыл шаруашылығын дамытудан әлдеқайда үлкен нәрсені көздейді. Бұл ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы болып табылады. Демек, бүгінгі таңда ауылды жандандыру ауылдағы саяси, әлеуметтік әрі әкономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымызға болады. Ауыл дегеніміз – сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары. Осынау саяси-моральдык және әлеуметтік факторлардың өзі-ақ бізден ауылға барынша байсалды қарауымызды талап етеді. Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы жаңа концептуальдық-ғылыми көзқараспен талдап, алғаш рет тарих ғылымына бұл мәселеге жаңа ғылыми тұжырым жасау міндетін туғызды. Бірақ осыған қарамастан, бұл мәселе бойынша қазақстандық зерттеушілер арасында тарихшы ғалымдар да біраз жұмыстар тыңдырды. Олардың арасында М.К. Қозыбаев, Б.А. Төлепбаев, Г.Ф. Дахшлейгер, К. Нұрпейіс, және т.б. бар
Бүгінде
еліміз ауыл бағдарламасында
Ауылдың өркендеуі- халқымыздың өркендеуі
Ауыл
шаруашылығын дамытудың зор әлеуеті
бар Қазақстан ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндіру мен өңдеуде
әлемдік көшбасшылардың қатарында
бола алады десек , қате айтпағанымыз
. Таяудағы 7-8 жылда Шығыс Еуропалық
елдердің ауыл шаруашылығының даму деңгейіне
жету біздің еліміздің қалпына келуі деп
санаймын . Осы мақсатқа жету үшін Отандық
ауыл шаруашылығының өнімділігі мен бәсекеге
қабілеттілігін арттыру қажет.
“ Ауылым – алтын
бесігім “ деген сөз бәрімізге жарыса
айтылытын қанатты сөзге айналғалы қашан
. Шындығында ауыл – қазақ рухының , дәстүрлі
шаруашылығының алтын бесігі . Ендеше
ауылды түлетуді , ауыл шаруашылығын өркендетуді
өнген халқымыз бен өскен Отанымызды түлету
деп түсінген жөн . Сол ауыл мен ауыл шаруашылығының
алдында тұрған еңселі міндеттеріне сәл
де болса өзімнің зерттеу жұмысымда талдап
, үлесімді қоссам деймін . Ауылдың
өркендеуі – халқымыздың
өркендеуі .
Президенттің
Қазақстан Халқына
Жолдауына сәйкес
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003-2005 жылдарға
арналған стратегиялық
бағытында ауыл проблемалары
басымдық болып айқындалды . 2003-2005
ауыл жылдары болып жарияланғаннан
бастап бұл бағытта кеңінен жүргізілген
іргелі іс – шаралар қоғамның ауыл проблемаларына
бет бұрып , ағымдағы мәселелерді шешуге
бағытталған тапсырыстардың қалыптасуына
себеп болды . Осы бағыттар аясында ауылдың
ең бір елеулі проблемаларын игеруге орай
, мына мәселелерге аса көңіл бөлінді .
- жергілікті әкімшілік нарықтық қатынастарға
араласудан шеттету .
- жеке меншік пен тиесілі бөлістерді заттай
айқын , күмәнді жеке шаруашылықтарға
жекелендіру жүргізу .
- банкроттық тетіктері арқылы ауыл экономикасын
сауықтыру .
- ең алдымен фермерлер мен нағыз жеке
шаруашылықтар үшін кредиттерді арзандату
.
- азия мен Еуропа қайта жаңарту және даму
банктері заемдарының , басқа ұйымдар
мен тілеуқор елдердің көмегінің есебінен
ауылдағы орта және шағын кәсіпкерлікті
дамыту .
- 25-30 мың теңге көлемінде кіші кредиттер
үлестіру . Үкімет үш жыл ішінде мал мен
мүлік сатып алу үшін , заңда тиым салынбаған
кез – келген бизнеспен шұғылдануы үшін
, өздерінің іскерлік дағдыларын ұштауы
үшін өте қиын жағдацда қалған кемінде
150 мың ауыл адамына қажетті осындай қаражатпен
қамтамасыз етуге .
- тікелей отандық және шетел инвестицияларын
тарту .
- фермерлерге өнімдерін өткізуге жәрдем
көрсету .
- сумен жабдықтау және иррегация проблемаларын
шешу .
- барлық министрліктер мен қорлар желі
бойынша ауыл проблемаларын басымдықпен
қаржыландырылуының қадағалау .
Осы мәселелер қарастырылған . Бұл мемлекеттік
қолдаудың мөлшерін жыл сайын көбейтуге
толық мүмкіндік туғызып отыр . Егер ауыл
жылдары басталардан бұрын аграрлық саланы
қолдауға 27 миллиард
теңге қаржы бөлінсе , соңғы екі жылда
оның мөлшері екі есеге артып 57,5
миллиард теңгені құрады .
Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты
түрде өсуі бұл саланы тиімді бизнес көзіне
айналдырып , оған инвестициялық ағымдарының
құйылуына оң жағдай туғызды . Өткен жылы
екінші деңгейдегі банктердің өзі осы
салаға 125 милиярд теңге құйды
. Ауылда өндірісті шоғырландыру процестері
басталып іріленген өндіріс құрылымдары
қанат жаюда . Соңғй екі жылда ауыл шаруашылығы
бойынша алынған пайданың мөлшері 20
миллиярд теңгеге артты . Ауылдағы әлеуметтік
саланың даму мәселелеріне де аса назар
аударылуда . Ауылдық аймақтарды дамытудың
2004- 2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасына сәйкес өткен жылы әлеуметтік
дамудың нормативтік негізі қалыптастырылып
, оның мониторингін жүргізу жұмыстары
жүзеге асты . Осы бағдарлама бойынша ауылдық
әсерлердің әуеуметтік мәселелерін шешуге
мемлекет тарапынан бағытталған 51,3
милиярд теңгенің игерілу жұмыстары
қадағаланып сарапталды .
Қазіргі ашық әлемдік экономика жағдайында
жұмыс істеуге биімделе бастаған Республикамыздың
ауыл шаруашылығы өзінің одан әрі тиімді
дамуын қамтамасыз ететін жаңа кезеңге
аяқ басты . Мемлекет басшысы атап өткендей
, ауыл шаруашылығын реформалауда таңдалған
жолдың дұрыстығын сала дмуындағы нақты
қорытындылар дәлелдеп отыр . Ауыл шаруашылығы
өнімдерінің жалпы көлемі ауылға қолдау
көрсету үшін қабылданған үш жылдық бағдарламаның
алғашқы жылы 2003 жылы 534
миллиярд теңге болса , 2005
жылы 693 миллиярд теңгеге
өсті . Ауыл шаруашылығында негізгі капиталға
салынған инвестиция көлемі 600 миллион
АҚШ доллорына өсті . Азық – түлік бағдарламасын
жүзеге асыру үшін 2007
– 2009 жылдары 90 миллиярд
теңге бөлінді .
Оң жетістіктермен қатар , ауыл шаруашылығында
әлі де болса көптеген шешілмеген проблемалар
да бар . олар ауыл шаруашылығы өнімдерін
өндірушілерге өнімділік пен тиімділікті
арттыруға , соған сәйкес селодағы табыстардың
өсуіне кедергілер келтіруде . Осы және
басқада проблемаларды шешу қарастырылған
.
1985-2009 жылдар арасындағы тұжырымдар
1985-2009
жылдар аралығындағы қазіргі Қазақстандағы
аграрлық қатынастары, ауылдың әлеуметтік-экономикалық
дамуы және оның зерттелу мәселелері жөнінде
мынандай тұжырымдар жасалды:
- Кеңес өкіметінің аграрлық салада жүргізген
саясатының мәнін ашып, тәжірбиесін ой-елегінен
өткізе отырып, ауыл шаруашылығының жағдайын
сапалық жағынан жоғарғы деңгейге жеткізе
алмауының себептерін ашып көрсетілді;
- Аграрлық қатынастарға кешенді, жан-жақты
анықтама беру арқылы кейбір теориялық
және методологиялық тұжырымдама жасау
арқылы, өзіндік баға берілді;
- Аграрлық қатынастардың мәні ретінде,
жердің оның ауыл шаруашылығы саласын
дамытудағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын
ашып көрсетуде, заңдық-құқықтық актілерді
орынды пайдаланған;
- Агроөнеркәсіп кешенін мемлекет иелегінен
алуда және жекешелендіру саясатын жүргізуде
болған жағымсыз жақтары баспасөз материалдарын
сараптау арқылы дәлелденді;
- Жер қатынастарының өтпелі кезеңдегі
ерекшеліктерін талдау нәтижесінде қазіргі
нарықтық қатынастар негізінде жаңа өзіндік
тұжырым жасалды;
Қазақстандағы
аграрлық қатынастар
және ауылдық әлеуметтік
экономикалық даму мәселелері
Қазақстандағы аграрлық қатынастар және
ауылдық әлеуметтік экономикалық даму
мәселелері:
-1991 – 1995 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы
саласында нарықтық құрылымның дамуын
жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен
алу және жекешелендіру саясаты жүргізілген
кезеңдер.
- 1995 – 1997 жылдар республикадағы экономиканы
реформалау процесінде халықты еңбекпен
қамту саласындағы проблемалар одан әрі
шиеленіскен кезең.
- 1998 – 2000 жылдар аралығы ауыл жағдайы
бұрынғыдан да ауырлап, жергілікті ауыл
халқы ауылдан қалаға көшу жиілеп, елді
мекендер қаңырап бос қалды.
- 2001 – 2003 жылдар аралығы Қазақстанның
салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы
нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді
рөліне және аграрлық салаға шетел инвестицияларын
тартуға негізделген кезең.
- 2003 – 2005 жылдар
аралығы «Ауыл жылдары» бағдарламасының
орындалу кезеңі.
- 2006 жыл – Қазақстан өте қарқынды
дамыған 50 мемлекеттің қатарына еуропалық
стандартқа сай келетін, мінсіз де нақты
дамыған ауыл шаруашылығы жүйесімен кіруі
үшін ең өзекті мәселесі – бұл Агроөнеркәсіптік
кешенді тұрақты дамыту дамытудың 2006-2010
жылға арналған мемлекеттік бағдарламасының
қабылдау кезеңі.
Еліміздің басты мақсаты – ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру
“
... Қазақстанда тарихи , әсіресе әміршіл
экономика дәуірінде , адамдарды ауылдық
жерлерге қоныстандыру нарықтық экономика
тұрғысынан да , әлеуметтік және экологиялық
жағынан да сәтсіз қалыптасып келеді .
Нәтижесінде құлдырау экономикасы көптеген
ауылдық аудандардың сипатты белгісіне
айналды .
... Мемлекеттің күллі қаржы – экономикалық
саясаты , соның ішінде әлеуметтік және
ауыл шаруашылық саясаты адамның тіршілігі
мен нарықтың жұмыс істеуі тұрғысынан
тек перспективалы аумақтарға ғана іріктеп
бағытталуға тиіс “
Н. Ә. Назарбаев ..
Бүгінгі таңдағы ауыл шаруашылығындағы
алға басулар нарықтық қатынастарға көшу
ауыл шаруашылығын реформалауды да талап
етеді. Аграрлық салада тың өзгерістер
жасау үшін, өткен тарихи кезеңнің келеңді,
келеңсіз тәжірибелерінен үйрене отырып
алға басқанымыз жөн – деп түсінеміз.
Сондықтан да, социализм тұсындағы аграрлық
қатынастардың қалыптасуы мен дамуы кезеңі,
нарыққа өтпелі кезеңдегі аграрлық қатынастардың,
олардың ішкі құрылымының ерекшеліктерін,
аграрлық қатынастардың негізі болып
табылатын жер қатынастарының қалыптасу
заңдылықтарын, аграрлық өндірістегі
дағдарыс себептерін қарастыра отырып,
азық-түлік қауіпсіздігі, ғылыми-техникалық
прогресс және оның ауыл шаруашылығындағы
ерекшеліктерін, кооперация мен жекешелендіру
процесінің нәтижелерін, орталықсыздандыру
саясатының ауылдық аймақтарға жасаған
ықпалы және ауылдың әлеуметтік жағдайын
көтеру мәселелері зерттеу тақырыптың
өзектілігін анықтайды. Соңғы жылдары
осы сала бойынша, қол жеткізген ең үлкен
жетістік ретінде агроөнеркәсіптік кешеннің
дамуының тұрақты арнаға түскендігін
айтуға болады. Осы өткен жылдар ішінде
осы салаға қатысты Жер, Орман, Су кодекстері,
астық, ветеринария, егіншіліктегі міндетті
сақтандыру туралы заңда, көптеген заң
аясындағы актілер, сондай-ақ жоғарыдағы
сөз болып отырған үш жылдық бағдарламадан
тыс Ауылдық аумақтарды дамытудың 2010
жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы
қабылданды. Міне, осы құжаттар негізінде,
еліміздің ауыл шаруашылығы саласының
алдағы жүрер жолы да айқындалды.
Қорыта
айтқанда, жоғарыда аталған іс-шаралардың
нәтижесі ауылдағы ең басты сала болып
табылатын ауыл шаруашылығының
өнімдерін молайту және оның сапасын арттыру,
жерді тоздырмай, ұтымды пайдалану, суландыру
көздерін реттеу, жердің меншік иесін
толық анықтау арқылы несие жүйесін азаматтарға
қызмет етуіне қол жеткізу, шаруаларды
қажетті мерзімде қаржыландыру, ауыл тұрғындарының
әл-ауқатын жақсарту, ауылдың
әлеуметтік-экономикалық жағдайын
көтеру еліміздің басты
міндетіне айналып отыр. Ел болашағы
үшін ауылдың маңыздылығын қоғам санасымен
сезінсе, биліктің түрлі бұтақтары, жергілікті
қауымдастықтар қазақстандық ауылды жандандырудың
стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру
жолында мақсатты қызмет етсе, осы мақсатқа
жету тек уақыт мәселесі ғана болар еді.
І. Кіріспе
Ауыл
шаруашылығы - Қазақстан халық шаруашылығының
ең негізгі маңызды саласы
ІІ. Негізгі бөлім
Ауылдың
өркендеуі – халқымыздың
а) 1985-2009 жылдар арасындағы тұжырымдар
ә)
Қазақстандағы аграрлық қатынастар және
ауылдық әлеуметтік экономикалық
даму мәселелері
ІІІ. Қорытынды
Қазақстандағы
аграрлық қатынастар және ауылдық әлеуметтік
экономикалық даму мәселелері
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1
Назарбаев Н.Ә. Ауыл шаруашылығын дамытудың
жаңа кезеңі //Егемен Қазақстан, 2005, 1 ақпан.
2 Козыбаев М.К. История и современность.
- Алматы: Ғылым, 1991. –С.254; Тулепбаев Б.А.
Социалистические аграрные преобразования
в Средней Азии и Казахстане. -М: Наука:
1984. -269 с.; Дахшлейгер Г.Ф., Нурпеисов К.
История крестьянства советского Казахстана.
-Алма-Ата, 1985. -247 с.;
3 Омарбеков Т. Зобалаң. -Алматы: Санат,
1994. - 272 бет.
4 Берденова К.А., Иманбердиева С.И.
Аграрная политика тоталитарного государства
как фактор кризисного состояния сельского
хозяйства Казахстана. -Алматы: Ғылым,
1994. -142 с.