Қазақстанда қор биржаларының қалыптасуы және дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 19:03, курсовая работа

Описание работы

Бағалы қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат көзін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Гудзон бұғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді.

Содержание

Кіріспе 2
1. Нарықтық экономикада қор биржасының қажеттілігі 3
1.1. Қор биржасының міндеттері 7
2. Қор биржасының мәні 9
2.1. Қор биржасының қатысушылары 13
3. Қазақстанда қор биржаларының қалыптасуы және дамуы 14
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер 24

Работа содержит 1 файл

Қор биржасы реферат.doc

— 133.50 Кб (Скачать)

     1) мемлекеттік құнды қағаздар бойынша есеп айырысу жүйесінің жеткілікті жасалмауы;

     2) Банктердің қайталама рынокта операциялар жүргізуге аз. мүдделі болуына әкеліп соқтыратын МҚВ-ның жоғары табыс әкелетіндігі.

     Құнды қағаздар бойынша негізгі операциялар көлемі 1995 жылы ОАҚБ-да жүзеге асырылды. Бұл биржа өркениетті рынокты дамыту үшін тиісті жағдайды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының іскер топтарының бастамасымен 1994 жылғы желтоқсанда құрылған болатын. ОАҚБ-ның мемлекеттік және корпоративтік құнды қағаздармен биржалық қызмет жүргізуге Қазақстан Республикасының құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының лицензиясы бар. Биржа әрқайсысының номиналдық құны 20 мың теңге тұратын, 200 акциядан құрылатын төрт млн, теңгелік Жарғылық қаржысы бар жабық үлгідегі акционерлік қоғам болып табылады. Оның акционерлері - 120 заңды тұлға, негізінен бұлар аса ірі банктер, компаниялар және фирмалар. ОАКБ-ның Қарағандыда, Шымкентте, Павлодарда, Ақмолада аймақты бөлімшелері бар.

     Өткен кезең ішінде құнды қағаздар рыногының қызметіне қатысты бірнеше заңдар қабылданды.

     Ал  Қазақстан Республикасының Үкіметі Қор биржасы арқылы кәсіпорындар мен банктердің акциялардың мемлекеттік пакетін сату туралы бірнеше қаулы қабылдады. Бұл факторлар сауда ережелеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу қажеттілігін туғызды:

     - сауда өткізу мерзімдері ұзартылды;

     - лоттарды ұлғайтуға мүмкіндік жасалды;

     - келісім шарттарды аяқтау процедурасына толықтырулар мен анықтамалар енгізілді;

     - комиссиялық алымдардың мөлшері бекітілді

     - құнды қағаздар листингі туралы ережелер өзгертілді

     ОАҚБ жақын және алыс шетелдердің қор биржаларымен тұрақты түрде байланыс жасап отырады.

     Биржада барлық қазіргі заманғы және халықаралық стандарттарды сақтау жөніндегі жұмыстар (листинг талаптары, сауда жүргізу ережелері, клирингтік операциялар және келісім шарттарды аяқтау талаптары) жүргізіледі.

     Қор рыногын бұдан гөрі терең және бүге-шігесіне дейін зерттеу үшін биржа саудасының негізгі көрсеткіштеріне талдау жасалынады.

     Қазіргі кезде ОАҚБ-да операциялар жасауға 35 брокерлік кеңсеге рұқсат берілген. Олардың ішінде 13-і банк құрылымдарының өкілдері. Шетелдік фирмалар атынан үш брокерлік кеңсе өкілдік етеді. Өткен жылы бірнеше компания брокерлік фирмалар тізімінен шығып кетті. Олардың орнына басқа компаниялар келді. Жалпы қарағанда брокерлік кеңселердің саны өскендігін байқаймыз.

     Алайда  брокерлік кеңселер мен қор биржаларына деген қызығушылықтың әлі де аз екендігін айтуға тиіспіз. Құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының деректері бойынша, 1995 жылы 896 акционерлік қоғамның сомасы 30 мьң теңгеден астам акцияларының эмиссиясы тіркелген, әйтсе де, олардың көпшілігінің брокерлік кеңселермен және биржалармен ешқандай қатынасы жоқ. 

Қорытынды

 
 

     Жоғарыда  айтылғандарды қорытындылай келе қазіргі таңда Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының дамымағандығынан қор биржаларының біздің елде дамымағандығын байқаймыз. Біз айтып өткен фьючерстік сауда бізде атымен жоқ. Ал тауарлар биржасы да осындай халде. Трейдерлер (дилер) ұғымын екінің бірі естімеген де. Яғни нарықтық экономикаға көшуде біздің реформалардың ішінде жіберілген қатесі осы қор биржаларының дәйекті дамымауы деп айту орынды. Бұл қорытындыға қарап қор биржаларын оқып үйренудің қажеті аз деген ұғым тумаса керек, қайта алдын ала қор биржаларынан хабардар болып олардың нарықтық экономикадағы рольдерінің үлкен екеніне назар аударуымыз керек. Алдымызда қор биржаларының өркениетті нарығы қалыптасатынына сенімдімін.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер  

 

 1. Жүнісов Б. Мәмбетов Ұ. Нарықтық экономика негіздері, Алматы 1994.

 2. Нұғметжанова А.М.,   Зоринова А.Н.,  Оразғалиева А.Қ., Қаржы пәні бойынша практикум (сынама басылым), Астана 2003.

 3. Қарағұсова Г. Құнды қағаздар туралы не білесіз? Алматы, 1996ж.

 4. Сеилова З.С. Құнды қағаздар  нарығы, Қарағанды, 2000ж.

 5. Ілиясов Қ.Қ. Қаржы. Алматы, 2003

   6. www.kase.kz/*.htm Қазақстан қор биржасының ресми сайты. 
 

Информация о работе Қазақстанда қор биржаларының қалыптасуы және дамуы