Қазақстан Республикасының жұмыссыздық жағдайы, мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 14:45, реферат

Описание работы

Еңбек қашан да адамның аса қадірлеп, құрмет тұтатын игіліктерінің біріненен саналып келді. Ол материалдық және рухани байлықтарының ғана көзі емес, сонымен қатар адамның аса маңызды өмірлік қажеті мен құқығы, оның жеке басының дамуы үшін қажетті қуатты құралы болып табылады. Адамның қабілеті еркін де мазмұнды еңбек үстінде көрініп, жетіле түседі. “Жұмыссыздықтың індетінің” қазіргі бұрқ ете түсуі “бар жұртты жарылқайтын қоғам” жайындағы ағымның күлін көкке шығарды. Жаппай жұмыссыздық еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырап, экономикалық жағдайының нашарлап тұрақсыздануының, олардың материалдық күйзеліске душар болып, рухани азап шегуінің басты себебіне айналып отыр.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
Жұмыссыздықтың мәні, түрлері, себептері.....................................................5
Қазақстан Республикасының жұмыссыздық жағдайы, мәселелері.............13
Қорытынды........................................................................................................17
Пайдаланылған әдебиеттер...............

Работа содержит 1 файл

Реферат по ГРЭ.docx

— 44.26 Кб (Скачать)

Созылыңқы жұмыссыздық – 12 айға және одан ұзақ уақытқа созылатын жұмыссыздық.

 

Жұмыссыздық деңгейі

Кез келген жұмыссыздықтың болуы – қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп  есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық  зақым ретінде бағалап, тек ең жақын туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде қаралады.Толық жұмысбастылық деген мағынаның экономикада жоқтың қасы, себебі барлық жұмыс күші жұмыспен толық қамтылған жағдайда да жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі болуы қалай да болса қажетті және заңды процесс. Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықтың деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық қосындысына тең. Ол жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады.

Жұмыспен толық қамту  жағдайындағы қарқынды инфляцияға әкеліп соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі дәрежедегі нормасы жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Егер де жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден артып кетсе, онда бұл жағдай жалпы ұлттық өнімнің азаюына әкеледі.

 

       Жұмыссыздқ деңгейін есептеу төмендегідей формуламен анықталады:

 

ЖБ=ЖС/ЖК*100

Мұндағы – ЖБ – жұмыссыздық  деңгейі;

                    ЖС – жұмыссыздар саны;

                    ЖК – жұмыс күшінің саны.

 

Санақ бойынша, жұмыссыздық  деңгейі жұмыс күшінің жалпы  санындағы жұмыссыздардың үлесін көрсетеді.Жалпы  жұмыссыздық деңгейі – жұмыс  күшінен пайыздық есептердегі жұмыссыздар  үлесі (экономикалық белсенді халық) деңгейі  жұмыспен қамтылу мәселелері бойынша  халықты ішінара тексеру негізінде  есептеледі, тексеруді ХЕҰ әдіснамасын  пайдалану арқылы Қазақстан Республикасының  Статистика жөніндегі Агенттігі  жүргізеді. Аптасына ең кемі 1 сағат  жұмыс істесе де, ол адам жұмыспен қамтылған  болып саналады. 
        Ресми (тіркелген) жұмыссыздық деңгейі – экономикалық белсенді халықтан пайыздарға шыққандағы мемлекеттік жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар үлесі. 
        Жұмыссыздықтың деңгейін анықтаудың негізгі факторы ретінде (Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесіне сәйкес) жұмыссыздардың нақты санын білу тетігін жетілдіру үшін елде үй шаруашылықтарына ішінара тексеру жүргізу қажет, оны 2002 жылдан бастап әр тоқсан сайын Статистика жөніндегі агенттік жүргізеді. 
        Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін Оукен заңы қолданылады. Осы заң жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейі, табиғи деңгейіне қарағанда, 1 %-ке өсуі нақты ЖҰӨ-нің потенциальдық мүмкіндігімен салыстырғанда орташа 2,5%-ке төмендеуіне әкеледі. Потенциальды ЖҰӨ толық жұмыспен қамту жағдайында өндірілетін өнім. 
         Филлипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздық пен инфляция деңгейінің өзара өзгеруін көрсетеді. Халықтың жұмысбастылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты олардың табысы жоғары болатындықтан жұмыссыздықтың азаюы құнсызданудың өсуіне әкеліп соғады. Себебі табыс жиынтық сұраныстың артуына себеп болады. Мұның мағынасы: Жоғары жұмыссыздық жағдайында инфляция төмен болатынын білдіреді және керісінше, жұмыссыздықтың азаюы жиынтық сұранысты арттырады, бағаның өсуіне итермелейді. Басқаша айтқанда, төмен жалақы жағдайында жұмыссыздық өсуі, керісінше жалақы өскен сайын жұмыссыздық азаяды. 
       

 

 Жұмыссыздықтың зардаптары:

  1. Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда:
  • халықтың сатып алу қабілеті төмендейді,
  • қазына – қор қысқарады,
  • инвестицияға сұраныс қысқарады,
  • өндіріс құлдырайды.
  1. Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады.

Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда  қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне  әкеледі.Жұмыссыздық қоғамға көптеген зиян келтіреді; инфляцияның өсуіне ықпал жасайды, сондықтан еңбекке қабілетті адамдардың бар бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды. Сөйтіп олар жұмыспен қамтылмағандықтан ақшалай жұмыссыздыққа ақы алады, осыдан барып мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі өсе түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан республикасының  жұмыссыздық жағдайы, мәселелері

 Қазақстан Республикасының  жұмыссыздық мәселесі төңірегінде  айтылар әңгіме көп. Жұмыссыздықты  қоғамға жабысқан бітеу жара  десек те, қоғам жұтқан у десек  те жарасады. Жаймен, біртіндеп әсер етіп бұл удың күшін қалай қайтаруға болады? 
       Жұмыссыздық нарықты экономиканың айырылмас серігі деуге болады.                        Белгілі экономистер пікірлері бойынша жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейден аспауы нарықты экономикаға тән табиғы құбылыс деп бейнеледі. Мысалы, кейбір экономистер: Дж. Кейнс 3-4%, М. Фридмен 5-6% жұмыссыздықты табиғы мөлшер деңгейі деп белгілеген. Ал осы деңгейден жұмыссыздық аса бастаса онда амалсыз, еріксіз жұмыссыздық пайда бола бастайды. 
     Санақ бойынша, жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың үлесін көрсетеді.  Жалпы жұмыссыздық деңгейі – жұмыс күшінен пайыздық есептердегі жұмыссыздар үлесі (экономикалық белсенді халық) деңгейі жұмыспен қамтылу мәселелері бойынша халықты ішінара тексеру негізінде есептеледі, тексеруді ХЕҰ әдіснамасын пайдалану арқылы Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі Агенттігі жүргізеді. Аптасына ең кемі 1 сағат жұмыс істесе де, ол адам жұмыспен қамтылған болып саналады.Ресми (тіркелген) жұмыссыздық деңгейі – экономикалық белсенді халықтан пайыздарға шыққандағы мемлекеттік жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар үлесі. 
         Жұмыссыздықтың орташа ұзақтығы адамның қанша жұмыссыз жүрген уақытын көрсетеді. Жұмыспен қамтылған адам деп – жұмысы барлары, ал жұмыссыздар деп – жұмысы жоқ немесе соны іздеп жүрген адамдар деген мағынада қарастырып, жұмыссыздықтың бірнеше мәніне тоқталып өттім. Енді мен сол адамдардың санақ бойынша зерттелген, немесе зерттеу құрамына кіретіндер қарастырып, және сол санақ бойынша біраз мысалдар мен еліміздің тәжирібелерін қарастырайын. Халықтың бір бөлігі санақ бойынша жұмысшы күші құрамына кірмейді (оқушылар, зейнеткерлер және т.б.) адамдар. Мұндай көзқарас әділетті саналуда, себебі көптеген жұмысшылар жұмыс табудан әбден күдер үзеп, еш жерде тіркелмей де, сөйтіп жұмыссыздар армия есебіне кірмей қалады. Мұндайлардың саны 2000 жылы 18,1 пайызға жеткен. Қызметінен төмендегендер мен толық жұмыс күнімен естімейтіндер де ресми түрде есептелмейді. 
         2003 жылы олардың саны 18,3 пайызды құрады. Бірақ ресми сынақтың шынында кімдердің жұмыстан айырылғаны мен кімдердің жұмыс істегісі келмейтінін анықтау қиын деген пікір екендігі дұрыс.  Жалпы 2002 жылдың қаңтарында ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 3,7 пайызы болды (2001 жылдың 1-қаңтарында3,9 пайыз). Қазақстан Республикасы статистика жөнінде агенттігінің сараптамалық бағалауы бойынша 2001 жылыдың аяғында жұмыссыздықтың жалпы көлемі жыл басындағы 13,5 пайыз орнына 12,8 пайызға деген төмендеді.Ал кейіннен 2007 жылы 7,3 ,2008 жылы 6,6 , 2009 жылы 6,6 , 2010 жылы 5,8 , 2011 жылы 5,3 пайызды құрады.  
         Жұмыссыздықтың деңгейін анықтаудың негізгі факторы ретінде (Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесіне сәйкес) жұмыссыздардың нақты санын білу тетігін жетілдіру үшін елде үй шаруашылықтарына ішінара тексеру жүргізу қажет, оны 2002 жылдан бастап әр тоқсан сайын Статистика жөніндегі агенттік жүргізеді. 
          2002 жылы 1 қаңтарға жұмыспен қамту орталықтарына өтінішпен барған азаматтар саны 368,2 мың адам болды, ал 2001 жылы 1 қаңтарда ондайлардың саны 362,4 мың болған. Ауылды жерде жұмыс іздеуші адамдар саны 115,4 мыңға жетті, яғни 2000 жылғыдан 5 пайыз өсті. Жұмыссыздық деңгейі Павлодар облысында 6,3 пайыз, Қызылорда 6 пайыз, Маңғыстауда 5,8 пайыз және Атырау облысында 4,9 пайыз болды. 
         Жасалған талдау көрсеткендей, жоғарыдағы аймақтарда жұмыспен қамту органдарына өтінішпен барушылар санының біраз өсудің себептерінің бірі – жұмыссыз ретінде тіркеуге деген ұмтылыстың ұлғаюы. Бұған өз кезегінде жұмыспен қамту бағдарламасына мезгілінде қаражат бөлінуі себеп болды. Мәселен, Павлодар облысында қаржы бөлу белгіленген мөлшердің 87 пайызындай, Қызылорда да – 72 пайыздай, Маңғыстауда – 85пайыздай және Атырау облысында 79 пайызындай болды. Сондай-ақ жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі органдардың құрылымы мен статусын күшейту де өз әсерін тигізеді. 
         Жұмыссыздықпен күрес бағдарламасының орындалуы үшін 2001 жылға 19530,4 миллион теңге (жалпы ішкі өнімнің 0,85 пайызы) қаржы бөлу жоспарлағанда, нақты бөлінгені 16650,3 миллион теңге (жалпы ішкі өнімнің 0,7 пайызы) яғни жоспар 85,3 пайыз ғана орындалды. 
          2002 жылдың 1 қаңтарына Республика бойынша тұтас алғанда есепте 231,4 мың жұмыссыз адам болды, оның 22,2 мыңы ғана материалдық көмек алды, 7,8 мыңы қоғамдық жұмысқа қатысты, 2,2 мыңы кәсіптік оқытуда біліктілігін көтеруде және қайтадан даярлауда болды.Сондай-ақ жұмыспен қамту бағдарламасын қаржыландырудың 80 пайызынан жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстан (87%), Батыс Қазақстан (81%), Қарағанды (86%) облыстарында және Астана қаласында (81%) орын алды.Жалпы алғанда республика бойынша жұмыссыздар саны 2009 жылы 554,5 мың адам болса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 496,5 мың адамға дейін азайды. 
          Алайда, жұмысқа орналастыру жөніндегі органдарға өтініш жасап барған жұмыссыздар деңгейі орта есеппен 3,3 пайыз көлемінде ғана болуы бұл мәселеде халықтың оған сенімінің төмен екенін көрсетеді. 
          Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі: бұл баға мен жалақыны төмендететін факторлар тепе-теңдік жағдайда болған кездегі деңгей. Жоғары инфляция деңгейіне тап болған қазіргі экономикадағы жұмыссыздықтың жоғары дәрежесін анықтайды және патенциалды өнім шығаруға қатысты болады. Егер жұмыспен қамту жоғары болып, өнім көп шығарылса, онда инфляциялық өркен пайда болады.Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі нольден жоғары болады, өйткені ол қандай бір түрде өмір сүреді (фрикциондық және құрылымдық). Жұмыссыздықтың табиғи түрі қажет, ол инфляцияны тежейді. 
          Жұмыссыздыққа экономикалық саясат та әсер етеді. Жұмыссыздар 26 апта бойы мемлекеттен сақтандыру ретінде бұрынғы жалақыларының 50%-ін алады, салық төлемейді , сөйтіп, жалпы бұрынғы жалақысының 60-70%-ін алады. Әрине, мұндай жағдайда жұмысшылар жаңа жұмыс таңдауға талғампаз болады және асықпайды, төмен ақылы қызметтерден қашады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі құрылымдық жұмыссыздардың көөбеюімен жоғарылады (автомобиль құрылысы, болат қорыту өнеркәсібіндегі дағдарыс, мұнай дағдарысы, электр өнеркәсібіндегі өзгерістер). Сөйтіп еңбекке деген сұраныс пен ұсыныс сайма-сай келегенге дейін біраз уақыт қажет болды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің төмендеуі құрылымдық дағдарыстың бәсеңдеуіне қажап-тозуға, қартаюға байланысты. Жұмыссыздықтың зардабын бәсеңдететін фактордың бірі ғылыми-техникалық процесс. Ғылыми-техникалық процесс жаңа қосымша жұмыс үшін керек қылатын жаңа өндіріс түрлерімен шаруашылық салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізінде өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады, оның ұлғаюы, тұрғындардың әр түрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағанда жоғары еңбек ауқымдылығымен (көп еңбекші керек қылушылық) сипатталады. 
           Қоғамдағы адамдардың денін діңкелетіп отырған аса күрделі мәселе – жұмыссыздық. Оның қамытып кигендер 1 миллионға жуық, әрбір үшіншісі тепсе темір үзетін жастар. Үкіметтің кедейшілікті қысқарту жөніндегі бағдарламасы бойынша 2002 жылы жұмыссыздар саны 638 мыңға қысқарды.Жастардың әрбір үшіншісі жұмыссыз. Ауылдан қалаға ойысып, базар жағалап, болмашы табысты тамағына талшық етіп жүргендердің басым көпшілігі жас жігіттір мен қыздар емес пе? Олардың саны жыл сайын оқу орындарын бітірушілердің есебінен еселене түсуде. Мәселен, 2002 жылы 198 мың жас орта мектепті тауысып, олардың жиырма мыңы ғана мемлекеттік грант, несие есебінен таңдаған мамандықтары бойынша оқуын жалғастыруға мүмкіндік алды. Колледжлердің, жеке оқу орындарының саны өскенмен, оларға түсушілер жыл сайын азайып отыр. Өйткені, білім тауарға айналғанда ақы төлеп оқытуға ата-аналардың шамасы жоқ, қалған 100 мыңнан астамының “кірпіші” боп қалатын кетігі бар ма? Кез келген қоғамда жастар үшін мемлекет тарапынан дәйеті қам жасалмаса, онда олар қандай жолмен болса да сол қоғамнан орнын табуға талпыныс жасайтынын тарих талай дәлелдеген.Сондықтан да өмір сүрудегі шарасыздық, қиналыс жастарды түрлі заң бұзушылыққа итермелейді. Бүгінгі таңда 15 пен 24 жас аралығындағы жұмыссыз жастар саны әлі де азаймай отыр. Олар 2007 жылы 9,4, 2008 жылы 7,4 , 2009 жылы 6,7 , ал 2010 жылы 5,2 пайызды құрады. 
         Республика бойынша жұмыспен қамтылғандар саны 7903368 адамды құрады, оның 4039894 – і ер адамдар, ал әйелдер 3863474 адамды құрап отыр.Соның ішінде жалдамалы қызметкерлер 5238758 адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандары 266 610 адам. 
           Әйелдердің жоғарғы білімділік деңгейі жұмыспен қамтылған адамдар арасында олардың сан жағынан басымдылығына септігін тигізеді, жоғары білімі барлар 16%-ға (2003 жылдың деректері бойынша), арнайы орта білімі барлар 11%-ға артық.Әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі бастауыш білімі бар жұмыссыздарды қоспағанда, білім деңгейіне қатыссыз жұмыссыз еркектердің деңгейінен жоғары. Бастауыш білімі бар жұмыспен қамтылған әйелдер 5%-ға кем. Бәлкім, бұл төмен білімді адамдарға ұсынатын мамандықты талап етпейтін жұмыстарды (сыпырушы, ыдыс-аяқ жуушы және т.б.) қалыптасқан дәстүр бойынша әйелдердің атқаратынынан болса керек. Жоғары білімді еркетер мен әйелдер жұмыссыздығы деңгейлерінің арасындағы шамалы ғана осы фактордың халықтың әл-ауқатына қатысты маңыздылығын тағы бір рет әкеліп көрсетеді. 
           Қазақстанда 2001 жылдың аяғында жұмысқа орналастыру қызметінде 223 мың жұмыссыздар тіркелді. Экономикалық белсенді халық санында олардың үлесі 2,9% -ды құрайды. Тіркелген жұмыссыздар санының жартысынан астамы - әйелдер. Жұмыссыздар саны (табысты жұмысы жоқ оны белсенді түрде іздегендер және оған кірісуге дайын болғандар) 780 мың адамнан асты. Жұмыссыздық деңгейі 10,4%-ға жетті. Жұмыссыздардың арасында әрбір екінші адам - әйел, әр үшінші адам – 15-24 жастағы жігіттер. Орта айлық жалақы 2001 жылы қараша айының аяғында 17892 теңгені құрады және алдыңғы жылмен салыстырғанда 18,7%-ға көтерілді, бұл кезде нақты жалақының өсуі 11,1%-ды құрады. 
           Еңбекақының ең жоғары мөлшері қаржы шаруашылығында сақталып отыр– 44187 теңге, ең төменгі мөлшері ауыл шаруашылығында – 7497 теңге, олардың арасындағы айырмашылық 5,9 есені құрайды. Бұл уақыт ішінде орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы жалақы 79258 теңгеге жетті және 2001 жылға қарағанда 18,9%-ға, нақты ақшалай табыс 9,6%-ға артты. 2008 жылы жұмысшылардың орташа айлық атаулы жалақысы 50662 теңгені құраса, қызметшілер жалақысы одан біраз жоғарырақ болып, 76232 теңге көлемінде болды.Ең жоғарғы орташа айлық атаулы жалақы мөлшері Атырау облысында (118331 теңге), ал ең төмен көрсеткіш Жамбыл облысында (38208 теңге).  
           Қоғамдық пікірдің республикалық ортылығының мәліметтері бойынша, жұмыспен қамту орталықтарына тек әрбір бесінші жұмыссыз көмек сұрауға келеді.Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтеріне сүйенетін болсақ, Қазақстан Республикасында жұмыссыздық деңгейі 2012 жылдың 3- тоқсанына байланысты 5,2%- ды құрап отыр.

          

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Нарықтық экономикада  әрқашан да жұмыссыздық проблемасы бірге жүреді. Себебі нарықтық экономика  ұсыныс пен сұранысқа байланысты реттелетін болғандықтан жұмыссыздық  пен нарық айырылмас деп айта аламыз. Қазақстан мемлекеті тәуелсіздігін  алғаннан бірге жылдарда жыл өткен  сайын жұмыссыздық саны өсе түсуде. Бірақ оны экономистер өтпелі экономиканың жазылмаған заңы деп түсіндіріп отыр. Сол себепті бұрынғы КСРО елдері, ал қазіргі жаңа тәуелсіз мемлекеттер  елдерінің барлығында жұмыссыздар  саны өсу үстінде. Сол себепті  әр мемлекет өздерінің шамалары келегенше  жұмыссыздыққа қарсы саясаттар  қолданылады. 90-шы жылдардың басында, яғни бірінші жартысында жұмыссыздарды  ешкім тіркемеді және  олар қанша, олардың әлеуметтік-экономикаға  әкелетін зияандары бар ма, бар  болса қандай, міне осы сияқты сан  алуан сауалдарға жауап іздеуге  әркім-ақ құмар еді. Бірақ оған жақсы жауап беретін ешкім жоқтай көрінді. Бірақ бұл мәселені сонау Самуэльсон, К.Маркс, Кейнстердің теориясынан табуға болар еді. Бұлардың еңбегі арқылы біз жұмыссыздықтың экономикалық және теориялық жақтарымен толық танысуға мүмкіндік береді. Біз тәуелсідігімізді кейін өз бетімізше жұмысшыларға жалақы мен төлемақыларды төлей бастадық. Бірақ бұл төлем ақылар әр түрлі мамандар үшін әр түрлі көлемде болады. Олар белгіленген категориясымен сол категорияға сәйкес коэффицент белгіленеді, бұл коэффиценттер тек мемлекеттік мекемелер үшін орындалады. Ал жеке меншік кәсіпорындар мен компаниялар үшін ол ешқандай әсер етпейді. Бұл жерде айта кететін мәселе елдің экономикалық жағдайы өскен сайын категориялар бойынша коэффиценттер де өсуі мүмкін, ал жеке меншік кәсіпорындар мемлекет тағайындаған коэффиценттен жоғары қоя алады. 
          Қоғам үшін жұмыссыздық қолайсыз, өйткені оның салдарынан жалпы өзінің патенциалды деңгейінен төмен болады. Жұмыссыз адамдар басқалар тәрізді табыс таппағанына қынжылады. Соынмен қатар ол өзінің қатарластырының, яғни жұмыс істейтіндердің алдында өзін төмен санайды, сонымен бірге адамгершілік қасиеттерінің төмендігіне қамтылады. 
          Жұмыссыздықты қысқартқаннан патенциалды пайда табатынымыз белгілі. Циклдық жұмыссыздықтың натуралды мөлшерімен байланысты, ал құрылымдық немесе тұрақты жұмыссыздық сол натуралды деңгейде пайда болады.  
          Осы жерде айта кететін – егер қоғамда жұмыссыздар санына байланысты қоғамдағы шығынды қарастырсақ онда заңдарды пайдалана отырып есептеп шығаруға болады. Ал осы жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуы қажетті деңгейден өнім төмен болады. Әрине бұл қоғамға зиянды екеніне даусыз.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Әкімбеков, “Экономикалық теория”, 282-289 беттер.
  2. Нұрпейісова, “Макроэкономика”
  3. В.Крымова,  “Экономикалық теория ” кестелі оқу құралы
  4. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің дерек көздері ( www.stat.kz )

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының жұмыссыздық жағдайы, мәселелері