“Мемлекеттің кірістері” және
“мемлекеттік бюджеттің кірістері”ұғымдары
да бір-біріне тең әрі ұқсас
ұғымдар емес. Бірінші жағдайда
қатынастардың неғұрлым кең топтары
туралы әңгіме болып отыр, өйткені
мемлекеттің кірістері құрамына,
жоғарыда атап өтілгендей, мемлекеттік
бюджеттің кірістерінен басқа
мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың,
бірлестіктердің таза табыстары,
мемлекеттік мүліктен алынған
табыс, мемлекеттік бюджеттен
тыс қорлар, салық түсімдері және
т.т. қамтылады, ал мемлекеттік
бюджеттің кірістеріне олардың
жұмылдырылған бөлігі ғана кіреді.
1.2.
Мемлекет кірістерін жұмылдыру
әдістері.
Мемлекет кірістерінің сипаты
айтарлықтай дәрежеде мемлекеттің
өзіне қажет ақшаны жұмылдыратын
әдістеріне байланысты болып
келеді. Нарықтық экономика жағдайында
мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың
негізгі әдістері салықтар (оның
түрлі нысандары), қарыздар мен
эмиссия болып табьлады. Түрлі
тарихи кезеңдегі бұл әдістерінің
арасалмағы әр түрлі болады
және қаржы саясатының мазмұнымен,
шаруашылық жағдаятпен, нақты экономикалық
және әлеуметтік қайшылықтардың
шиеленісу дәрежесімен және тағы
басқа көптеген факторлармен
айқындалады.
Мемлекет кірістерінің орталық
орынды салықтар алады. Олар
нарықтық тұрпаттағы дамыған
экономикалық жүйеде әрикет ететін
қаржының негізгі қасиеттерін
білдіретін әмбебабтық және сонымен
қатар басты категория болып
табылады. Нарықтық экономика жағдайында
салық нысаны қаржылық өзара
байланыстардың бүкіл жүйесінде
басымырақ болады.
Салықтар барлық елдерде олардың
қоғамдық-экономикалық құрылысымен
саяси іс-бағытына қарамастан
мемлекет кірістерінің негізгі
көзі – ұлттық табысты қайта
бөлудің басты қаржылық тетігі,
мемлекет кірістерін, тиісінше, бюджеттік
қордың кірістерін де қалыптастырудың
шешуші көзі болып табылады.
Фискальдық маңызы бойынша екінші
әдіс мемлекеттік қарыздар болып
табылады.Олар тек бюджет тапшылығын
жабуға ғана емес, сонымен қатар
әр түрлі күрделі шығындарды,
әсіресе экономиканың мемлекеттік
секторындағы қаражаттарды инвестициялауды
қамтамасыз етуге пайдаланылады.
Қаржы жүйесінің әр түрлі буындарының
шиеленісуікүшейе түсіп отырған
экономикалық дағдарыс кезінде
қарыздардың маңызды айтарлықтай
артады. Қарыздар мемлекет қаржыларының
түрлі буындарында, республикалық
және жергілікт ібюджеттерде, мемлекеттің
тартылған қаражаттары құрамында қолданыс
тауып отыр. Соңғы жылдары әсіресе бюджет
түсімдерінің көздеріндегі қарыздардың
үлесі артып отыр. Олар түрлі деңгейдегі
бюджет тапшылығын жабуда кеңінен қолдануда.
Сонымен қатар қаржы нарығының жұмыс істеуі
қарыздарды мемлекеттік кәсіпорындардың
шығындарын жабу үшін де пайдалануға мүмкіндік
береді. Кәсіпорындарды модернизациялауға,
олардың материалдық-техникалық базасын
жаңартып, ұлғайтуға бағытталған күрделі
жұмсалымдарды қаржыландыру енді қарыздардың
облигацияларын өткізу арқылы қосымша
қаржы ресурстарын тарту есебінен жүзеге
асырылуы мүмкін.
Мемлекет кірістерін жұмылдырудың
үшінші әдісі эмиссия,оның үстіне
тек қазаз-ақша эмиссиясы ғана
емес, сонымен қатар кредит эмиссиясы
болып табылады. Эмиссияға мемлекет
салық және қарыз түсімдері
мемлекеттің өсіп отырған шығындарды
жабудықамтавмасыз ете алмағанда,оның
үстіне қаржы нарығында жаңа
қағаздаоды шығаруға қолайсыз
жағдай иек артады.
Қағаз-ақша эмиссиясы да, кредит
эмиссиясы да егер шаруашылық
айналымның қажеттілігіне байланысты
болмай бюджет тапшылығын жабу
қажеттілігімен байланысты болса,
экономикада инфляциялық процесстердің
күшеюіне әкеп соқтырады. Со
ндықтан дамыған нарықтық шаруашылық
елдері әдетте кредит эмиссиясына
жүгірмей, оны қарызбен алмастырады.
Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың
жоғарыда сипатталған әдістері
мемлекеттік басқарудың әр түрлі
деңгейіндегі бюджеттік қорларды
қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Бұл жерде эмиссия қолданылмайды.
Орталықтандырылмаған ақша қорларын
жасау барысында аударымдар, түрлі
жарналар, ерікті түсімдер және
т.б. әдістер кеңінен пайдаланады.
Бұл әдістер өте-мөте мемлекеттік
кәсіпорындарда қолданылады.
1.3.
Мемлекет кірістер мен табыстар
сыныптамасы.
Мемлекет кірістерін сыныптау
олардың экономикалық мағынасын,
құрамы мен мақсатты бағыттылығын,
яғни мемлекет кірістерінің бүкіл
жүйесін тереңірек түсінуге мүмкіндік
береді.
Меншік нысандарын ұйымдық-құқықтық
рәсімдеуге қарай мемлекеттің
кірістері мыналардан тұрады:
1)
мемлеекттік ұйымдар мен кәсіпорындардың
табыстары;
2)
жеке кәсіпкерлік сектордың салық
түсімдерінен;
3)
халықтық салық төлемдерінен;
4)
кооперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың
салық түсімдерінен;
5)
қоғамдық ұжымдардың салық түсімдерінен.
Жасалу сферасына байланысты
мемлекеттің кірістер:
-
материалдық өндіріс сферасында
қалыптасқан кірістер;
-
өндірістік емес сферада жасалатын
кірістер болып бөлінеді.
Қаржылық мазмұны бойынша мемлекеттің
кірістері:
-
салықтық;
-
салықтық емес болып бөлінеді
(мемлекет иелігінен алудан және
жекешелендіруден түсетін қаражаттар,
ақшалай-заттай лотереялардан түсетін
табыстар және т.б.).
Салықтық кірістерді жұмылдыру
жағдай ында меншік нысандарының
ауысымы болуы мүмкін.
Жұмылдыру әдістері бойынша кірістер
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған
болып бөлінеді.
Жалпы ішкі өнім мен ұлттық
табыс құнының жеке құрамды
бөліктері үкіметтің де, сондай-ақ
мемлекетке қарасты шаруашылық
құрылымдардың да мемлекеттің
кірістері мен қаржы ресурстарының
жүйесін қалыптастырады. Олардың
арасында негізгі орынды мемлекеттік
орындардың таза табысы, қосылған
құнға салынатын салық, акци
здер, сыртқы экономикалық қызметтен
түсетін табыстар, әлеуметтік қажеттерге
(зейнетақы қорларына) аударылатын
аударымдар түріндегі таза табысы
алады. Бұған сонымен қатар
өнімнің бағасындағы айырмашылықты
реттеу жөніндегі шаруашылық
ұйымдардың өзара қарым-қатынастарының
сальдосы да жатады. Табыстардың
бұл түрлері бөлгіштік процесстерге
түрліше қатыса отырып, меншіктің
түрлі нысандарының кәсіпорындарында
жасалынады. Егер қосылған құнға
салынатын салықтан, кеден баждарынан
түсетін түсімдер түгелдей мемлекет
қарамағына берілсе, мемлекеттік
кәсіпорындардың тааз табысы, әлеуметтік
мұқтаждарға аударылатын аударымдар
тек ішінара беріледі.
Қоғамның таза табысы ақша
нысынында қосымша өнімнің құнын
білдіреді, яғни өткізу (өтім) кезінде
қосымша өнім таза табыс тың
нысанын алады.
Қосымша өнімнің және тиісінше
таза табыстың аса маңызды
бөлігі шаруашылық жүргізуші
субъектілердің таза табысы болып
табылады. Онда кәсіпорынның шаруашылық
қызметінің барлық жақтары неғұрлым
толық бейнеленеді. Сондықтан
таза табыстың өндіріс тиімділігінің
маңызды құндық көрсеткіштерінің
бірі болып табылады.
Таза табыс өсуінің басты факторлары
мыналар болып табылады:
-
еңбек өнімділігін арттыру (өнім
өндірудің көлемін арттыруды
қамтамасыз ететін және өнім
өлшеміне жұмсалатын еңбек шығындарын
төмендететін);
-
өнім өндіруге жұмсалатын материал
және ақша ресурстарын үнемдеу;
-
өнім сапасын жақсарту;
-
негізгі және айналым өндірістік
капиталдарын пайдаланудың тиімділігін
арттыру;
-
табиғим өндіріс жағдайлары.
Практикада кейбір шаруашылық
жүргізуші субъектілер табысты
бағаны жөнсіз көтеру есебінен
көбейтуге тырысады, бұл кәсіпорын-тұтынушылардың
табыстылығын азайтуға ұрындырады,
қоғам мүдделеріне қайшы келеді,
өйткені жеке шаруашылық жүргізуші
субъектілердің мүдделеріне ұлттық
табысты үйлесімді бөлуді өзгертеді.
II. Мемлекеттік кірістер мен түсімдерге
талдау жасау.
2.1.
1995-2004 жж. Мемлекеттік бюджет кірісінің
құрылымы,%
Бюджеттің кіріс көзіндегі алатын
орны жоғары коорплрациялық табыс
салығы, сонымен қатар ол басқаларға
қарағанда әлеуметтік бағыттылығы
жоғары салықтарға жатады. Жыл
өткен сайын үлесі артпаса,
кеміп келе жатқан жоқ. Күрт
көтерілген тұсы, 2000 жыл – ірі
кәсіпорындарды мониторингке қою
процессімен тікелей байланысты.
1999 жылғы көрсеткіштен екі есеге
ұлғайып отыр (1999 жылы-13,9%, 2000 жылы-27,9%).
Сонымен бірге, салықтардың жиналу
көрсеткіштері де бастады. 1998-2002
жылдары республикада 2002 жылдың
аяғында мөлшері 8,7% құрай отырып,
салықтар бойынша жетіспеушілік
екі есеге азайды. Қосымша өндіріліп
алынған салықтар сомасының барлық
есептелген сомаға шаққандағы
үлес салмағы 1998 ж. 26%-тен 2004 жылы
40%-ке жоғарылады.
Жоғарыда айтылғандардың және
кестеде көрсетілгендерді қорытындылайтын
болсақ, Қазақстан Республикасының
жыл сайынғы мемлекеттік бюджет
құрылымына әсер ететін салық
жүйесі нарықтық экономикасы
дамыған елдерге қарағанда бізде
әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымыздың
дамудың төменгі сатысында тұр,
экономикамыз шикізат өндірісіне
бағытталған, қоғамға батыс елдеріне
қарағанда терең әлеуметтік мәселелер
тән. Осыған орай, біз салық
жүйесіне өзгертулер енгізген
кезде, оның әлеуметтік жағдайларға
сәйкес келуіне баса назар
аудару қажет.
2.2.
Қазақстан Республикасының 2005 жылдың
1 шілде айына дейін мемлекеттік
бюджеттің орындалуы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
бюджеті. Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрлігінің мәліметтері
бойынша 2005 жылдың 1 шілде айына
дейін кіріс көлемі – 861,7 млрд.
теңге (2004 жылдың 1 шілде айына
дейін 621,1 млрд. теңге), шығыс көлемі
691,6 млрд. теңге (2004 жылдың 1 шілде
айына дейін 585,9 млрд. теңге), операциондық
сальдо 170,1 млрд теңгені құрады. Таза
бюджеттік несиелеуге 1,8 млрд. теңге,
ал қаржы активтерімен операция
жүргізуге 74,1 млрд. теңгені бөлінді.
Бюджетттің профициті 94,2 млрд
теңгені құрды. 2004жылдың 1 шілде айына
дейінгі көрсеткіштермен салыстырғандағы
кіріс - 38,7%, ал шығыс – 18% өсті.
Белгіленген бюджет бойынша 2005
жылдың 1 шілдкесіне дейінгі кірістер
55%–ға орындалды, ал мемлекеттік
бюджеттің шығыстары 42,8%-ға орындалды.
Салықтың түсуі құрылымында негізгі
бөлікті кооперативтік табыс
салығына - 34,4% (283,8 млрд. теңге) және
НДС –19,5% (160,6 млрд. теңге). 2004 жылменсалыстырғандағы
мемлекеттік бюджеткетүсімі жоғарыды
айтылған салықтар бойынша 88,6%
және 30,9% –ға өсті. әлеуметтік қызметке
шығыс көлемі 53,8%–ды , жалпы мемлекеттік
қызметке және қорғанысқа 20,4%–ды,
мемлекеттік шығыс көлемін құрады. Жоқшылықты
(дефицитті) қаржыландыру көлемі 94,2 млрд.
теңге, олардан ішкі түсім 105 млрд. теңгені
құрады. Бюджетті қаржыландыруға 133 млрд.
теңге жұмсалды.
Республикалық бюджеттің табыс
көлемі 2005 жылдың 1 шілдесіне дейін.
Ол 695,1 млрд. теңгені құрды, яғни
өткен жылмен салыстырғандағы
48%-ға өсті (469,8 млрд. теңге). 2004 жылмен
салыстырғандағы мемлекеттік шығыс
көлемі 13,1%–ға өсті және 525 млрд.
теңгені құрады.
Операциялық сальдо 170,1 млрд. теңгені,
ал таза бюджеттік несиелеу
– 30,2 млрд. теңгені, қаржы активтерімен
операциялар сальдосы 72,5 млрд. теңгені
құрады.
19
Республикалық бюджеттің 90%–ын
салықтар, салықтық емес – 2,8%
, ресми трансферттер – 7,2% –ды
құрады.
2005
жылдың 1 шілдесіне дейінгі жергілікті
бюджеттің кірісі. 344,4 млрд. теңге, 2004
жылмен (293,1 млрд. теңге) салыстырғандағы
17,5% –ға, ал шығыс көлемі 342,7 млрд.
теңгені және 2004 жылмен (268,9 млрд. теңге)
салыстырғандағы 27,4%-ды құрады. Операциондық
сальдо 1,7 млрд. теңгені, таза бюджеттік
несиелеу – 1 млрд. теңге, активтік
қаржылармен операциялар – 1,6
млрд. теңгені құрады. Ал бюджеттік
профициті 1,1 млрд. теңге көлемінде
болды.
2.3.
Республикалық және жергілікті
бюджет түсімдері.
Мемлекеттік бюджетке қаражаттарждың
түсу көлемі мен құрылымына
елдегі экономикалық ситуация: қаржы
– бюджет саясаты, өндіріс
дамуының аймақтық деңгейі, оның
құрылымы, инфляция қарқыны, бағаның
өсуі және т.с.с. сан алуан
факторлар әсер етеді.
“Қазақстан Республикасының бюджет
кодексіне”, “Қазақстан Республикасының
жергілікті мемлекеттік басқару
туралы” Қазақстан Республикасының
заңына сәйкес жалпы жергілікті
бюджеттерге түсетін түсімдер
республикалық бюджеттің түсімдеріне
ұқсас және мыналарды кіріктіреді: