Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін дамытудағы кеден баждары мен тарифтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 17:25, курсовая работа

Описание работы

ХХ ғасырдың 90 жылдары әлемдік сахнада болған үлкен өзгеріске Кеңес Одағының құлауы жатады. Соның нәтижесінде 15 жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Еліміз 8 жыл ішінде өзін барша әлемге тәуелсіз әрі экономикасы өтпелі демократиялық мемлекет екенін танытты. Қазақстан мемлекеті толық тұрақты даму үшін біржағынан өнеркәсібі дамыған мемлекеттермен, екінші жағынан ТМД бойынша әдеттегі серіптестермен белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізуі қажет.

Содержание

Кіріспе........................................................................3
I. ҚР-ның сыртқы экономикалық қызметі.
1.1.Сыртқы экономикалық қызметі және сыртқы
сауда түсінігі..........................................................4
1.2 Сыртқы экономикалық қатынас жүйесіндегі
Қазақстан...............................................................8
1.3Кедендік тарифтер түрлері және іс-әрекеті.............12
II.Кедендік тарифтердің және баждардың қолдану тәжірибесі.
2.1 Қазақстан ДСҰ-на кіру ерекшеліктері.....................16
2.2 Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы..........................................................19
2.3 Сыртқы саудадағы тарифтік преференциялар және жеңілдіктер................................................................23
2.4 Қазақстандағы кедендік тарифтерді қолдану
ерекшеліктері......................................................26.
III. Қазақстан сыртқы сауда стратегиясы.........................
Қолданылған әдебиеттер......................................29

Работа содержит 1 файл

кеден.doc

— 124.50 Кб (Скачать)

  

  

  

         2.2Сыртқы экономикалық қызметтің  тауарлық     номенклатурасы. 

ҚР кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар сыртқы экономикалық қатынастардың тауарлық номенклатурасы арқылы тауар кодтарының сәйкесінше өткізіледі. 

Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы дегеніміз – сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу мақсатында тауарлардың жүйелік тізімі, бұған  тауарлардың толық атауы, қажеттілігі және өлшем бірлігі берілетін кодтар кіреді. 

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы – цифрлық белгі немесе цифрлық  белгілер тобы ( кодтары) түріндегі  тауар топтарын, позицияларын, кіші субпозицтяларын қамтитын тауарлар жіктеушісі. Жіктеудің кезкелген деңгейіндегі позицияларға ескертулер, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі ережелері Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының ажырамас бөлігі болып табылады. 

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы тарифтік және тарифтік емес реттеу ҚР кедендік статистикасын жүргізу үшін қолданылады. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын ҚР үкіметі бекітеді. ҚР қолданылатын сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы Дүниежүзілік кеден ұйымының тауарларды сипаттаумен кодтаудың үйлестірген жүйесіне және ТМД-ның Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес келеді. 

ЕврАзЭҚ елдерінің  сыртқы экономикалық тауарлық номенклатурасы ТМД елдерінің тауарлық номенклатурасының негізінде құрылған. Ал ТМД елдерінің сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы Гармониялық жүйенің негізінде құрылған. Гармониялық жүйе туралы халықаралық конвенцияға 1988 жылы 1қаңтарында қол қою күшіне енген бұл құжатқа қосымша болып гармониялық жүйенің номенклатурасы болып табылады. Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы Сыртқы экономикалық қызметті мемлекетті реттеу үшін статистика ақпаратты жинау үшін қолданылады. Сонымен қатар ҚР кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар декларациялау мемлекеттік маңызы бар тауарлардың экспортын және импортын бейтарифтік реттеу шараларын қолдану. 

Кеден ісі мәселелері жөніндегі өклетті орган сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын  жүргізуді жүзеге асырады. 

Кеден ісі мәселелері жөніндегі өклетті орган: 

1.  Халықаралық  ұйымдарда халықаралық негізді  әзірлеу, өзгерту, толықтыру, түсіндіру  және қолдану бөлігінде Қазақстандық  тараптан өкілдік етеді. Сыртқы  экономикалық қызметтің тауар  номенклатурасы халықаралық негізінің өзгерістерімен толықтыруларын, бұл негізді түсіндіру жөніндегі халықаралық анықтаулар мен шешімдерді қадағалауды қамтамасыз етеді. 

2.  Сыртқы  экономикалық қызметтің тауар  номенклатурасын оның халықаралық  негізіне сәйкес келтіру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді,мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын әзірлеу, өзгерту және толықтыру туралы ұсыныстар дайындауды қамтамасыз етеді. 

3.  Сыртқы  экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының эталон данасын әзірлейді және оны сайма-сай қалыпта ұстап отырады. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын, халықаралық түсініктемелермен халықаралық негізді түсіндіру жөніндегі шешімдердің жариялануын қамтамасыз етеді. 

4.  Жекелеген  тауарларды жіктеу бойынша орындау  үшін міндетті шешімдерді әзірлейді,  бекітеді және жариялауды қамтамасыз  етеді. Сыртқы экономикалық қызметтің  тауар номенклатурасын жүргізуге  қажетті өзге де функцияларды  жүзеге асырады. 

Сыртқы экономикалық қызметтің Тауарлық номенклатурасында тауарларды жіктеу, тауарларды декларациялау кезінде декларант олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кодын дұрыс көрсетпеген жағдайда кеден органы мұндай тауарды өз бетінше жіктеуге құқылы. 

Кеден органдарының тауарларды жіктеу жөніндегі шешімдер міндетті болып табылады. Кеден органдарының шешімдеріне кедендік кодексте белгіленген  тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. Тауарларды жіктеу кезінде кеден  органдары тауарлар кодтарын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес қолданылады. Тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген мәліметтер, сондай-ақ сараптама ұйымдары беретін қортындылар, анықтамалар, сараптама актілері көмекші (ақпараттық) сипаттама болады және тұлғаларды жіктеу кезінде назарға алынады. Тұлғаның сұрату бойынша кеден органы осы бөлімге сәйкес тауарлардың жіктемесі бойынша алдын ала шешім қабылдайды. 

Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлы номенклатуралары ҚР Үкіметімен халықаралық тәжірибеде қолданылатын тауарларды топтастыру жүйесіне сәйкес анықталады. 

2.3Сыртқы саудадағы  тарифтік преференциялар және  жеңілдіктер. 

Преференцияның  жалпы жүйесі – даму және сауда  жөніндегі БҰҰ конференциясында қабылданған дамушы елдерден шығатын  тауарлар туралы жеңілдетілген кеден режимі. 

Кедендік төлем  бойынша жеңілдіктер ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік төлемдердің босату түріндегі жеңілдіктер, сондай-ақ тарифтік преференциялар кедендік жеңілдіктер  деп түсіндіріледі. Кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер Кеден кодексінің 330 және 331 баптарында көзделген жағдайларды қоспаларда, дербес сипатта бола алмайды. ҚР басқа нормативтік құқықтық актілерінен кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер беруге тиым салынған. 

ҚР кедендік төлемдер салудан босату кедендік кодексте жазылып көрсетілген. Кедендік баждарды салудан: жүктерді, багажбен жолаушыларды тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдары, сондай-ақ жол жүру кезінде, аралық аялдама бекеттерінде оларды пайдалануға қажетті немесе осы көлік құралдары апаттарының зардаптарын жою (ақауларын түзеу) үшін шетелден сатып алынған материалдық техникалық жабдықтау заттары, керек жарақтар, отын, азық-түлік және де басқа мүліктер босатылады. Ұлттық және шетел валютасы сондай-ақ олардың ҚР заңдарына сәйкес бағалы қағаздар кедендік баждарды салудан босатылады. Ізгілік көмек ретінде ҚР кедендік аумағына әкелінетін немесе ҚР кедендік аумағынан әкетілетін, акцизделетін тауарлардан басқа тауарлар кедендік баждардан босатылады. 

ҚР инвистициялар  туралы заңдарына сәйкес тауарлардан кедендік баж салудан босатылады. Кеден баждарын салудан босату көзделген кедендік режимдер шеңберінде ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар және ҚР көші-қон туралы заңдарына сәйкес кедендік баж салудан босатылатын тауарлар, ҚР салық заңдарына сәйкес айқындалған, мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдары желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар кедендік баждан босатылады. Жалпы преференциялық баж салығы – шеттен әкелінетін тауарлардың барлық немесе жеке топтарын әкелу кезінде бір немесе бірнеше мемлекетке ерекше қолайлы жағдай жасау үшін мемлекет белгілейтін артықшылығы бар баж салығы. 

Преференция ұғымы  бұл негізінен – артықшылық, жеңілдік, мәселен, елдер арасындағы сауданы кеңейту мақсатымен халықаралық келісім бойынша берілетін сауда жеңілдігі. Ал тарифтік преференциялар бұлар: Қазақстан Республикасы мемлекеттерге кеденді баждардан босату не оның ставкасын төмендету немесе тауарларды преференциялық әкелуге (әкетуге) квота белгілеу нысанында беретін сыртқы экономикалық қызмет саласындағы арнайы артықшылықтар тарифтік преференциялар деп айтылады. 

Тарифтік преференциялар Қазақстан Республикасының Үкіметі  шешімі бойынша беріледі. 

Қазақстан Республикасының  кедендік аумағына әкелінетін және ҚР мен кеден одағын немесе еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерде шығатын тауарлар, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттерге ҚР кедендік аумағынан әкетілетін және ҚР шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады. Қазақстанның кедендік аумағына әкелінетін және ҚР ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттерден шығарылатын тауарлырға төмендетілген ставка бойынша кеден баждары салынады. Мұндай мемлекеттермен тауарлардың тізбесін, сондай-ақ кедендік баждардың ставкасын төмендету деңгейін ҚР Үкіметі айқындайды. Осы кедендік тарифтік преференциялар Кеден кодексінің 7-тарауында яғни тауарлардың шығарылған елін анықтаудағы көзделген шарттарды сақтаған жағдайда беріледі. 

2.4.Қазақстандағы  кедендік тарифтердің қолдану  ерекшеліктері. 

Кеден тарифтік дамуындағы жаңа кезең – « Кеден  тарифтері және баж» туралы заңның қабылдануы. Бұл заңға сәйкес сыртқы экономикалық қызметті реттеудің негізіне тарифтік шаралар жатады. 

Қазақстанның  кедендік тарифтік механизмдерін пайдалану  барысында келесі негізгі мақсаттар шешіледі: реттеуші, сауда-саяси, фискалды. Оның тиімділігі көбінесе реттеудің нормативтік тәртібіне және ережелеріне байланысты. Мұндай реттеудің заңдылық негізіне 1995 жылғы 20-шілдедегі ҚР Президентінің « ҚР кеден ісі туралы» Қаулысы жатады. 

Кедендік тарифтердің  қолданудың нақты мақсаттарына мыналар  жатады: 

-    ҚР  тауар енгізудің тауарлы құрлымын  реттеу; 

-  ҚР тауарлар, валюталық табыстармен шығындарды  кіргізу және оны шығарудың  оңтайлы қатысын ұстау; 

-  ҚР тауарлар  өндірісімен тұтыну құрлымында озық өзгерістер жасауға жағдайлар жасау; 

-   ҚР әлемдік  экономикаға тиімді шоғырлануына  жағдай жасау; 

ҚР кеден тарифі Қазақстан Республикасының кеден  шекарасынан өткізілетін тауарларға қатысты кеден баж салығы мөлшерлемесінің жиыны. Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлы номенклатурасы ҚР Үкіметімен халықаралық тәжірибеде қолданылатын тауарларды топтастыру жүйесіне сәйкес анықталады. 

Кеден баж салығы мөлшерлемесі ортақ және жеке тұлғалар, мәміле түрі және басқа факторларға  қатысты, заңға қатысты көрсетілгеннен өзге өзгермейді. 

Шекті мөлшерлемелер  Қазақстанға жақсы әсер ету режимі қолданылатын елде жасалынатын тауарларға салынады. Ал мұндай режим жоқ немесе шығару елі белгісіз тауарларға қойылатын  енгізу мөлшерлемелері заңды негізде екі есе артады. 

Шығарылатын тауарлардың  баж салығы мөлшерлемесі мен олар қолданылатын тауарлар тізімі және сыртқы экономикалық реттеудің тарифтік емес құралдары ҚР Үкіметімен анықталады, әрі Қазақстан территориясында  сыртқы экономикалық қызметті реттеудің шаралары болып табылады. 

ҚР « ҚР кеден  ісі туралы заңы» заңы кеден төлемдеріне  арналған 40-баптан тұрады. 

Заң мынадай  кеден төлемдерін (баж, алым, төлем) қарастырады: кеден бажы, мезгілдік  баж, арнайы баж, демпингке қарсы  баж, өтемдік баж; кеден органдарының лицензия бергені үшін алынатын алым; кедендік ресімдеу бойынша маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алынатын алым, кедендік рәсімдеу үшін алынатын кедендік алымы, тауарларды сақтау үшін алынатын кеден алымы, тауарларды кедендік алып жүру үшін кеден алымы, ақпараттандырғанымен кеңес бергені үшін ақы, алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы, кеден аукциондарына қатысқаны үшін төлемақы. 

Бұдан кейінгі  өзгерістерде кеден бажының өзінен басқа, сондай-ақ ақпараттандырғанымен кеңес бергені үшін және кеден аукциондарына қатысқаны үшін төленетін төлемақыдан басқа барлық баждар алынып тасталды. 

                                 Қорытынды. 

Әр елдегі кедендік қызметтің ұйымдастырушылық құрылымы – елдің экономикалық даму деңгейіне, сыртқы экономикалық байланыстардың жан-жақтылығы мен ауқымына тәуелді болады. 

Кедендік тарифтер қазіргі кездегі сыртқы сауданы  реттеудің негізгі элементі болып  табылады. Қазіргі таңда кедендік тарифтерді әлемдегі жүзден астам ел қолдануда. 

Әлемдік тәжірибеде сыртқы сауданың реттеудің экономикалық әдістері болып тарифтік реттеу саналады. Олар мемлекет шекарасынан өту кезінде экспорттық-импорттық ағымдардың базаның көрсеткіштеріне ықпал етеді. Ең бастысы, тарифтік реттеу тауарға кеден салығын салу әдісі мен тәртібін, сондай-ақ салық пен тарифтердің түрлерін, оның себептерін, кеден жеңілдіктерін беру тәртібін анықтайды. 

1991 жылғы 16-желтоқсаннан  бастап тәуелсіз мемлекет деп  жарияланған Қазақстан Республикасы  жөнінде сөз қозғалып отырғандықтан,  заңды және тұлғалар да, жалпы алғанда, бүкіл республика оның өзі халықаралық саудаға белсенді түрде қатыса алады. 

Информация о работе Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін дамытудағы кеден баждары мен тарифтері