Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2012 в 14:56, курсовая работа
Халықты еңбекпен қамту Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы бүгінгі күнгі ең маңызды мәселе болып отыр. Оның басты мақсаты халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты жою. Осы мәселелерді шешу үшін ең алдымен еңбек нарығын жүйелі түрде талдап, сонан соң ондағы болып жатқан өзгерістерді бағалап әрбір аймақтың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек нарығы, жұмыс күші нарығы, еңбек ресурстар нарығы басқару жүйесін жетілдіру қажет.
Кіріспе
І. Еңбек нарығының мәні және оның экономикадағы рөлі
1.1 Еңбек нарығының қалыптасу механизмі және теориялық талдау
1.2 Еңбек нарығына сұраныс пен ұсыныс
1.3 Еңбек нарығы және еңбек биржасы
ІІ. Еңбек нарығы: Қазақстан Республикасында қалыптасу ерекшеліктері және проблемаларын талдау
2.1 Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы және дамуы
2.2 Қазақстандағы еңбек нарығы: жағдайы, мәселелері, тенденциялары
ІІІ. ҚР – дағы еңбек нарығын мемлекеттік ретттеуді жетілдіру жолдары
3.1 ҚР – дағы еңбек нарығын мемлекеттік ретттеуді жетілдіру
3.2 Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді дамыту
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Еңбек
нарығының классикалық
Осыған орай қазіргі еңбек нарығы өзін-өзі реттеу сипатынан айырылып,белсенді мемлекеттік реттеу объектісіне айналған жұмыс күшінің ұсынысымен сұранысы көп жағдайда жоспарланады және оқыту мен қайта даярлау жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі, ал еңбек бағасы шарттармен ұжымдық келісімдер негізінде анықталады және келісімге келетін жақтардың экономикалық күштеріне тәуелді. Бұл еңбек нарығында үш субъектінің: жалдамалы жұмысшылардың, жұмыс беруші – фирмалардың және мемлекеттің әрекет ететіндігін білдіреді.
Еңбек нарығындағы мемлекеттің рөлі жалпы ұлттық экономиканы реттеудегі секілді біртекті емес. Біріншіден, мемлекеттің белсенді араласуы нарықтық механизмді бұзады және еңбектің мобильділігі мен еңбек етуге ынтаның төмендеуі секілді теріс салдарды өсіреді, мысалы, кепілдендірілген жалақы инфляциялық процестердің өсуіне әкеледі. Екіншіден, мемлекет жұмыс күшінің ұсынысы мен сұранысын қалыптастыру процесіне араласа отырып, жалдамалы жұмысшыларға жұмыс түрлері мен жұмыс күнінің ұзақтығын таңдау нұсқаларын ұсынады,бос уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, бұл соңғы нәтижеде еңбек өнімділігіне қолайлы әсер етеді, Сонымен бірге кадр саясатын анықтау және жүзеге асыруда жұмыс берушілерге де үлкен еркіндік ұсынады.[ 7, 92 - 94 б]
Еңбек нарығында жұмыс күші бір жағынан сатылады, ал екінші жағынан оны сатып алады. Сондықтан жұмыс күші деген ұғымға тоқталайық. Жұмыс күші дегеніміз адамның физикалық және ой қабілеті, осы қабілетін ол материалдық және рухани игіліктерді өндіруде пайдаланады. Жұмыс күшінің еңбекке деген қабілеті әр түрлі болады, алайда еңбек кезінде оның барлығы бірдей қолданылмайды. Сондықтан, жұмыс күшінің нақтылы еңбекке қажет қабілеттері бағаланады, белгілі кәсіп жасауға жұмсалынған жұмыс істеу қабілеттері өмірге, тіршілікке қажет заттарға айырбасталынады. Демек еңбек нарығы дегеніміз “жұмыс істеп жүрген” жұмыс күші нарығы. Ол қоғамда туған жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс, кәсіптік қабілет пен оны бағалаумен, жұмыс күшті белгілі уақыт ішінде пайдалану қатынастармен байланысты. Бұл жерде айырбастау, сату, сатып алу объекті ретінде еңбекке деген қабілеттің істе көрінуі, басқаша айтқанда, іске қосылған жұмыс күші болмақ.
Еңбек басқа өндіріс факторлары сияқты жалақы деп аталады, табыс әкеледі. Жалақы еңбекке марапаттау ретінде көрінеді. Бұл даусыз шындықты барлық зерттеушілер мойындады.
Қазақстан тәжірибесіне келсек, Ресеймен салыстырғанда, еңбек нарығын қалыптастыруда біраз алда болса керек. Жұмыс күшінің жылжымалдылығы жоғары, әр түрлі кадрлар дайындауда жеке меншіктегі оқу орындары кәдімгідей үлкен роль атқарады. Ал әлеуметтік объектілерге келсек, Қазақстанда пәтер-үй мен коммуналдық шаруашылық саласында реформа жасалғанына біраз жыл болып қалды. Сонымен қатар зейнет жүйесіндегі реформа, жалпы экономикалық реформа, Ресейге қарағанда жақсы нәтиже беріп отыр. Сондықтан екі елдегі еңбек нарығының ұқсастығынан гөрі айырмашылықтары уақыт өткен сайын көбейіп жатыр.
Нарықтың даму дәрежесіне қарай, талдау мақсаты және де басқа қолданылатын критерийлер бойынша нарықты әр түрлі сегменттерге бөлуге болады. Мысалы, еңбек қатынасының тұрақтылығына қарай еңбек нарығын үш секторға бөледі:
-
бірінші сектор. Бұл секторда
еңбеккерлер тұрақты және
толық уақыт жұмыс істейді,
олардың жалақысы жоғары болып
келеді. Қызметкерлердің шеберлігін
арттыруға, өндірісті
-
екінші секторда адам жартылай
жұмыспен қамтылады, маусымдық
жұмыс тараған, жұмыс орындары
қарапайым және мәртебесі
-
үшінші сектор жұмыссыздарды
біріктіреді. Мемлекеттің
-
мемлекет жұмыспен қамту
- бақылаудан тыс қалған жұмыс күші нарығы. Бұған жұмысқа орналасумен айналысатын ресми органдарының бақылауынан тыс қалған жұмыс күшінің ұсынысының бір бөлегі және бос жұмыс пен оқу орындары жатады. Олар жұмысқа жұмыс берушілермен тікелей түйісу арқылы орналасады. [5, 45-50 б]
Еңбек нарығының өзгеше сегменті ретінде жасырын еңбек нарығын атауға болады. Бұл нарыққа ресми секторда жұмыс істеп жатқан адамдар жатады, бірақ олар толық жұмыс уақытын әр себеппен пайдаланбайды.
Жұмыспен
қамту жеке тұлғалардың олардың
жеке және қоғамдық сұраныстарын қанағаттандыруымен
байланысты, оларға еңбекақы немесе еңбек
табыстарын әкелетін, заңға қайшы келетін
іс-әрекеттері сондай-ақ осыған байланысты
пайда болатын еңбек нарығындағы жұмыс
күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың теңестіру
дәрежесінің сипаты ретіндегі әлеуметтік-экономикалық
қатынастар. Жұмыспен қамтудың формаларын
зерттеу осынау аса күрделі әлеуметтік-экономикалық
категорияның мазмұнын толығырақ ашуға
мүмкіндік береді. Тек осы проблемалардың
барлық аспектілеріне жан-жақты зерттеудің
негізінде ғана жұмыспен қамту саясатының
басымдылықтарын таңдап оларды жүзеге
асырудың пәрменді стратегиясын құруға
болады. [8, 45-50 б]
1.2
Еңбек нарығына
сұраныс пен ұсыныс
Жұмыс күші болашақ тауар
Жұмыс күші нарығы инерциялық
және қағида бойынша ол
Еңбек нарығы кез келген
Сұраныс пен ұсыныс
Қазақстан Республикасының «
Нарық
қатынастары дамыған көп
Еңбек нарығы барынша күрделі және жетілмеген нарық түрі болып табылады. Өзінің жұмыс күшін ұсынатындар, әдетте, олардың еңбегіне деген сұранымнан хабардар бола бермейді, олар тіпті өздерінің тұратын қала шеңберіндегі бос жұмыс орны туралы да білмеуі мүмкін. Ал басқа аймақтардағы жұмыс орны туралы одан да аз біледі.
Еңбек нарығы да басқа нарықтар сияқты
сұранымның, ұсынымның және тепе – теңдік
жағдайымен сипатталады. Психологиялық
тұрғыдан алғанда еңбекке сұраным қисық
сызығы жалдаушының тілегін, ал еңбекті
ұсыным қисығы қызметкердің (жұмысшының)
тілегін көрсетеді. Жекелеген еңбек нарығы,
әдетте, бізге бұрыннан белгілі графикпен
бейнеленеді.
Q4
еңбектің саны
Сурет № 2. Жекеленген
еңбек нарығы.
2 – ші суретте еңбекке сұраным мен ұсыным және жалақының тепе – теңдік деңгейінің графигі көрсетілген. Сұраным мен ұсыным шарттарының ауытқуы SS және ДД қисық сызықтарының жылжуына және жалақының тепе – теңдік мөлшерінің өзгеруіне әкеліп соқтырады (W/P).
Еңбекті ұсыным жалақы динамикасына
кері пропорционалды тәуелділікпен
әсер етеді. Басқаша айтқанда,
егер жұмыс күшін ұсыну басқа
өндіріс факторларын ұсынумен
салыстырғанда шектеулі
- халықтың мөлшерімен;
Жалақының тепе – теңдік деңгейін орнықтырудың
автоматты тенденциясы болады. Тепе –
теңдікке жету механизмі болып, жұмыссыздық
көлемінің өзгеруінің ықпалымен және
тауарлардың нарыққа әсер етуімен болатын
жалақының ақшалай мөлшерінің ауытқуы
қызмет етеді; ақшалай жалақы өскен жағдайда
бағаның жалпы деңгейі өседі, төмендеген
жағдайда азаяды. Барлық экономика үшін
біртұтас еңбек нарығы болмайды. Нақты
өмірде, біз көптеген, жеткілікті дәрежеде
оқшауланған сегменттермен кездесеміз.
Еңбек нарығы мамандықтар, салалар және
территориялар бойынша бөлінеді. Бір сегменттен
басқа сегментке өту үлкен шығынмен байланысты.
Еңбек нарығындағы тепе – теңдік жағдайы
көбінесе мемлекеттің араласуымен
анықталады. жұмыссыздыққа байланысты
берілетін жәрдем ақша еңбекті ұсыну жағдайына
әсер етеді.
1.3
Еңбек нарығы және
еңбек биржасы
Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары (тұрғын- дардың жұмыспен қамту қызметі) айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды.
Еңбек биржаларының негізгі
Информация о работе Қазақстан республикасының еңбек нарығын дамыту