Қазақстан Республикасының ақша несиелік саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 20:09, курсовая работа

Описание работы

Ақша және несие теориясы бір орталықтан жоспарлау жүйесінен – нарықтық қатынастарға өту кезеңіндегі ақша айналымы және несиелеуді ұйымдастыру тәжірибелерімен тығыз байланысты. Ақша және несиенің өзіндік ерекше белгілерін, олардың қоғам мен экономиканы қайта құрудағы ролі мен қызметін, сондай-ақ басқа да экономикалық категориялармен өзара әрекетін атнып білудің өзі қаржы-несие мекемелерінің ақша-несие саясаттарының ғылыми негізін анықтайды.

Содержание

КІРІСПЕ 2
1. АҚША САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

1.1 Ақша саясат туралы түсінік, оның даму кезеңдері 3

1.2 Ақша жүйесі, оның элементтері және негізгі типтері 5
2. НЕСИЕ САЯСАТЫ ЖӘНЕ НЕСИЕ МЕХАНИЗМІ
2.1 Несие саясаты, оның элементтері 7

2.2 Несие механизмінің мазмұны 12

2.3 Несиелеуді ұйымдастыру принциптері 13

2.4 Несиелеу әдістері 15
3. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ

3.1 ҚР-ның ақша-несие саясатының қалыптасу негізі, мақсаты мен тапсырмалары

3.2 ҚР-да ақша – несие жүйесінің қызметі мен оны жетілдірудегі Ұлттық Банкінің ролі
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

Работа содержит 1 файл

КР акша-несие саясаты4.doc

— 169.50 Кб (Скачать)

      Үшіншіден, банк капиталы мен өнеркәсіп капиталының бірігіп қаржы капиталын құруы. Өнеркәсіп пен банк ісінде монополиялардың пайда болуы және олардың бірігіп жұмыс жүргізуі қаржы капиталының құрылуына негіз болды. Себебі банктік несие - өнеркәсіпті несиелеудің басты көзі. Банктік несие өнеркәсіп компанияларының тағдырын қаржы қажет болған кезде несие берумен шешіп отырады. Сөйтіп, несие беруші мен қарыз алушының байланысы негізінен төмендегідей тұрғыда жүргізіледі: өнеркәсіп компанияларына банктердің несие беруі; ағымдағы және есеп айырысу операцияларын жүргізуі; эмиссиялық құрылтайшы операциялары және акция иемдену жұмыстары.

      Төртіншіден, несие жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер. Арнаулы несие – қаржы мекемелерінің  дамуы мен олардың жұмыс масштабының  ұлғаюы қаржы капиталы нарығындағы  банк ісінің кеңеюіне жол ашып, несие жүйесінің құрылымдық өзгерістеріне әкеп соқтырды. Несие жүйесінде жаңа буындардың пайда болуына байланысты ресурстар мен операциялардың жиынтық сомасында коммерциялық банктердің үлесі төмендеді. Капиталын иемденуіне қарай банктер және несие – қаржы мекемелері мемлекеттік және жеке болып екіге бөлінеді. Несие жүйесінде мемлекеттік сектордың көбеюі ел экономикасын мемлекеттік реттеудің ұлғаюына байланысты. Дегенмен, экономикаға несие – қаржылық, ақша-есеп және т.б. қызмет түрлерін көрсететін негізінен жеке несие мекемелері. Қазіргі несие жүйесі күрделі, әр көпбуынды құрылым. Егер несие мекемелерінің клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін негізге алғанда несие жүйесі үш элементтен құрылады: орталық банк, коммерциялық банктер және маманданған несие – қаржы институттары.

      Несие саясаты несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен  әдістерін, сондай-ақ несиелі процесті ұйымдастыру принциптері мен  тәртібін белгілейді. Несие саясаты  несие механизмі көмегімен жүзеге асырылады.

      Жалпы несие саясаты мынадай сипатта  болуға тиіс:

  • нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;
  • несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік береді;
  • нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;
  • оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.

      Несие  саясаты несиелік қызметтің келесідей  негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік  береді (сүрет 1).

        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Сүрет 1 - Несие саясаты арқылы анықтайтын несиелік қызметінің бағыттары 

      Несие саясаты несиелік қызметтің басты  бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несие саясатының қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады. Несие саясатында мынадай  элементтер көрсетілуге тиіс:

  • несиелік қызметті ұйымдастыру;
  • несиелік портфельді басқару;
  • несиелеуге бақылау жасау;
  • құзыретті бөлу принциптері;
  • несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;
  • несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;
  • несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың принциптері;
  • несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.

      Іс  жүзінде несие саясатын іске асыру  тәсілдері мен әдістерін белгілі  бір формада, яғни соған сай келетін  мынадай үш құжат түрінде көруге болады:

  1. несиелеу саясаты;
  2. несиелеу стандарты;
  3. несиелеу нұсқаулықтары.

      Сондай-ақ аталған үш құжат ерекше бір құжатта – «Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету» біріктіріледі.

      Несие саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін  нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.

      Несиелеу  стандарты – бұл несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің  жетекшілікке алатын құжаты.

      Несиелеу  стандартына мынадай сұрақтар қарастырылады:

  • қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;
  • несиенің кепілхаттар және кепілдемелермен қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;
  • әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;
  • қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;
  • құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;
  • несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер.

      Несиелік  нұсқаулық несиелеу процедураларын іске асырудың жалпы алгоритімін  бекітетін кезектіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді.

      Басқаша айтқанда, ол несиелік қызметтің нақты  бір бағыттарына жатады.

      Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау және несиелік қабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит, несиелер бойынша  мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің барлық кезеңдері  көрсетіледі. 

      2.2 Несие механизмінің мазмұны 

      Несие механизмі – нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерінен, несиелеу принциптерінен, несиелеу әдістері мен  тәсілдерінен және несиелік тәуекелді  басқарудан тұратын экономикалық механизмнің  құрамдас бөлігі.

      Қазіргі несие механизмі экономикалық механизмнің  бір бөлігі ретінде бола отырып, іс жүзінде несие қызметінің жүйесін  нақты және кешенді түрде бейнелейді. Нарықтық экономика жағдайында несиенің дамуы және қызмет етуі үшін пайдаланылатын несиелік механизм өзінің негізі және құрылымы бойынша объективті сипатқа ие. Олай болмаса несиелік механизм несиенің экономикалық категория ретіндегі қызмет етуін жеткізе және тура бейнелей алмай, сондай-ақ оның қозғалысының объективті негізінен айырылып қалар еді.

      Несие механизмі несиелеуді экономикалық ұйымдастыру қатынастарының белгілі  бір қабатын, яғни несиелік қатынастардың  жоғарғы буынын білдіреді. Мұндағы  буын ретінде несиенің объективті сипатын  және несиелік қатынастарды ұйымдастыруға  байланысты шаруашылықтың субъективтік қызметінің өзара іс әрекеті түсіндіріледі.

      Несиелік  механизмге несиенің мазмұны және өзіндік  ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың  мәніне жатпағанымен де, олар несиелік іс-тәжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде қалыптасады.

      Несиелік  механизмнің басқа экономикалық механизмдер сияқты мынадай құрылымдық элементтері болады (сүрет 2).

        
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Сүрет 2 - Несиелік механизмнің құрылымдық элементтері 
 

      2.3 Несиелеуді ұйымдастыру  принциптері 

      Несиелеу  принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.

      Несиелеу  принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің  берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне  байланысты банктік несиелердің  берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады.

      Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру  принциптері екі топқа бөлінеді:

      1 топқа – жалпы экономикалық  тәртіптегі принциптер:

  • несиенің мақсаттылығы;
  • несиенің дифференциалдығы.

      2 топқа – несиенің мәнін бейнелейтін  принциптер:

  • несиенің мерзімділігі;
  • несиенің қайтарымдылығы;
  • несиенің төлемділігі;
  • несиенің қамтамасыз етілуі.

      Қазіргі несиенің дифференциалдық принципінің  мазмұны өзгерген десе болады. Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да несиелеудің дифференциялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған несиенің қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциалануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау болып табылады.

      Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін.

      Кепіл несиені қамтамасыз етудің ең тұрақты  формасы ретінде мынадай шарттарды  сақтайды: біріншіден, кепілдің құнын  анықтау барысында несие мөлшері  мен пайыз мөлшерлемесін қоса алғандағы сомасын, сол сияқты кепілді  іске асыруда және оны ақшаға айналдыру  үшін уақытты дурыс анықтау қажет; екіншіден, кепіл туралы келісім жасаған кезде, барлық заңдылық жақтарын, құқылығын, міндеттілігін тексере отырып, тұрақты және заңды түрде қорғалуын қамтамасыз ету қажет; үшіншіден, бүгінгі жағдайға сай, қарыз алушының иелігінде болатын кепілдің тұрған жерін, жағдайын, құндылығын үнемі бақылап отыру қажет. Бұл айтылған жағдайлар көбіне бағалы қағаздарға да байланысты болып келеді.

      Несиелерді  қамтамасыз етудің келесі бір жолы – несиелерді сақтандыру. Бұл енді біздің тәжірибемізде кезінде қолданылғанымен де, оның айналысында көптеген мәселелер орын алуда. 

      2.4 Несиелеу әдістері 

      Несиелеу  әдістері – несиенің берілу және қайтарылу  ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың  қаражат айналымының шеңберіне  қатынасу тәсілдері.

      Реформалауға  дейінгі кезеңдегі отандық тәжірибеде несиелеудің екі әдісі қолданылған:

  • қалдық бойынша;
  • айналым бойынша.

      Қалдық  бойынша несиелеу барысында несие  қозғалысы несиеленетін құндылықтар  қалдықтарымен тығыз байланысты болды. Ондай құндылықтарға: әр түрлі тауарлы-материалды құндылықтар, аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген тауарлар жатады. Қорлардың нормативтен жоғары өсуі несиеге деген сұраныс тудырып, ал олардың азаюы несиенің сол мөлшерде қайтарылуын талап етті.

      Айналым бойынша несиелеу әдісінің ерекшелігі ондағы несие қозғалысы материалдық  құндылықтар айналымымен, яғни олардың  түсу және жұмсалуына байланысты анықталады. Бұл несиелеу әдісінде жаңа несиенің берілуі мен бұрын берілген несие  бойынша қарыздың қайтарылуы уақыт бойынша ұштасып қалып отырды.

      Айналым және қалдық бойынша несиелеудің  іс жүзінде ұштасуының нәтижесінде  айналым – қалдықтық әдісі  түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде, несиеге деген қажеттіліктің  туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңде, берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие тауарлы – материалды құндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде, несие клиенттің банк алдындағы мерзімді міндеттемелері негізінде өтеледі.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

       3. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ 

      3.1 ҚР-ның ақша-несие  саясатының қалыптасу  негізі, мақсаты мен  тапсырмалары 

        Қазақстандағы ақша-несие саясатының негізгі мақсаттарының бірі – жуық кезеңде ұлттық валютаны одан ары тұрақтандыру болады. Үкімет пен Ұлттық банктің бірлесе күш салуымен айырбас бағамының қүрт ауытқуын болдырмау және ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізілетін болады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының ақша несиелік саясаты