Қазақстан Республикасының қаржы жуйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 13:06, реферат

Описание работы

Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі.doc

— 183.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің жедел деректеріне сәйкес 2010 жылдың 1 желтоқсаныныда табыс көлемі 2092,8 млрд, теңгені құрады (2009 жылдың 1 желтоқсанында – 1818,7 млрд. теңге), шығындар – 1910млрд.теңгені (2009 жылдың 1 желтоқсанында – 1589,1 млрд. теңге), операциялық сальдо – 182,8 млрд. теңгені құрады. Бюджеттік таза несие беруге- 8,8 млрд. теңгеден, ал қаржы активтерінің операйиясы бойынша сальдосына – 97,6 млрд. теңгеден келді. Бюджет профициті 76,4 млрд. теңге деңгейінде анықталды. 2010 жылдың тиісті кезең көрсеткіштерімен салыстырғанда табыс көлемі бойынша деректер – 11,4 %-ға, ал шығындар 20,2%-ға өсті.

2010 жылдың 1 желтоқсанында табыс жылдың нақтыланған бюджетіне қатынасы бойынша 97,4 %, мемлекеттік бюджет шығындары – 87,5 % орындалды.

Салық түсімдері құрылымында негізгі үлес корпоративтік табыс салығына – 33,3 % (660,2 млрд. теңге) және ҚҚС (қосылған құнға салығына) – 22,9 % (453,7 млрд. теңге) келеді. Қосылған құнға салығы бойынша 2009 жылдың тиісті кезеңдегіден 40%-ға асатын түсімдердің ең көп өсімі байқалады.

Бюджеттің барлық шығындар көлемінен әлеуметтік қызмет көрсетуге 49,1 %, жалпы мемлекеттік қызмет көрсетуге және қорғанысқа – 18,3 % келеді.

Жергілікті бюджетке осы кезең ішінде түскен табыс 942,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылдың тиісті кезең деңгейінен 38,1 %-ға артық (682,1млрд.теңге), шығындар – 876,4 млрд. теңге, 27,4 % (2009 жылдың 1желтоқсанына 687,8 млрд. теңге) жоғары. [4. 15-б]

Операциялық сальдо – 65,7 млрд. теңгені, бюджеттік таза несие беруге – 0,7 млрд. теңгені, қаржы активтерінің операциясы бойынша сальдосы – 7,4млрд. теңгені құрады. Бюджет профициті 59 млрд. теңге деңгейінде анықталды.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ

             МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

 

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру мәселелері

 

Он бес жылдық тәуелсіздігіміздің ең басты экономикалық мазмұны орталықтандырылған жоспарлы жүйеден нарыққа өту болды. Сол жылдары нарықты тиімді қалыптастыру үшін институционалды және негізгі алғы шарттар құрастырылды.

Бұл жолдың әрбір этаптарында көзделген шараларға сәйкес бір стратегиялық мақсатқа бағытталған нақты, басты мәселелер шешіліп отырды.

Қазақстан экономикасын реформалау процесінде маңызды рөлді сыртқы капитал атқарады. Себебі оның құрылымдық өзгерісіне қаражат пен жабдық қажет болды, алайда, мемлекеттің өзінде олар шектелген болатын.

Тағы бір ескере кететін жайт, бұл өтпелі кезеңде және қазіргі кездегі мемлекеттің экономикалық өсуі үшін тікелей инвестициялардың маңызы.

Республиканың тәуелсіздік жылдарының ішінде олардың көлемі 40 млрд АҚШ долларына дейін жетті. Бүгінгі күнге дейін қазақстандық экономикаға инвестициялардың көлемі бойынша лидерлік орынға АҚШ ие, бұл барлық капитал салымдардың 1/3 бөлігіне тең. Бұдан кейін Еуропалық Одақтың мемлекеттері, соның ішіндегі біріншілері – Ұлыбритания және Италия.

Мемлекеттің әлеуметтік қызметі тек қана, әдетте, «әлеуметтік қамтамасыз ету» деген атауға ие, тікелей шараларды (ақшалай төлемдер және тегін әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру) қолданып қана емес, сонымен бірге жанама реттеу арқылы да жүзеге асырылып отыруы қажет. Ал, мұндай реттеудің оңтайлы түрі салық саясаты.

Мемлекет тарапынан жүргізілетін әлеуметтік бағдарлама мен экономикалық саясаттың түрлі элементтері арасында жеткілікті түрдегі нақты байланыс бар. Сондықтан, мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі – салық жүйесі және оның басты функцияларының бірі болып табылатын әлеуметтік саясаттың өзара байланыстылығын және халыққа салық салудың әлеуметтік шегін анықтау негізгі мәселелердің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының салық жүйесінің әлеуметтік тұрғыдағы мәселелеріне төмендегілер жатады:

         жеке табыс салығы бойынша шегерімнің айлық есептік көрсеткіш бойынша жасалынуы;

         корпорациялық табыс салығы бойынша ставканың салыстырмалы түрде жоғары болуы;

         степендия және зейнетақыға салық салынуы;

         өндірістік кәсіпорындарға арнайы салық жеңілдігінің қолданылмауы.

Жалпы тұжырымдай келе, Қазасқтандық салық жүйесінің ерекшеліктері туралы айтатын болсақ, нарықтық экономикасы дамыған елдерге қарағанда бізде әлеуметтік-экономикалық даму жағдайының дамудың төменгі сатысында тұр, экономикамыз шикізат өндірісіне бағытталған, қоғамға батыс елдеріне қарағанда терең әлеуметтік мәселелер тән. Осыған орай біздіңше, салық жүйесіне өзгертулер енгізген кезде, оның әлеуметтік жағдайға сәйкес келуіне баса назар аудару қажет.

Қаржы жүйесінің барлық сфераларын, буындарының қаржы жоспарлары болады және қаржы жоспарының нысаны, оның көрсеткіштерінің құрамы қаржы жүйесінің тиісті буынының өзгешелігін бейнелейді.

Сөйтіп, нарықтық ортада қаржылық жоспарлау анағұрлым жоғары сапалық деңгейде жүзеге асырылады және ғылыми әдістерді, қазіргі заманғы техникалық құралдарды немесе берік ақпараттық базаны пайдалана отырып, бұл процесті жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа нысандармен және әдістермен молаяды.

Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс-әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларда білінеді. Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылаудың функциясы болып табылады.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің сан алуандылығы қаржы жүйесін құрудың ерекшеліктерімен анықталады. Мемлекет әр түрлі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларға, сондай-ақ меншіктің басқа нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақша қаражаттарына өзінің ықпалын жоя отырып, бюджет ресурстарын, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-қаражаттарын жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі функцияларын жүзеге асырады.

Қаржылық қызметті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар өзінің өкілеттікті шегінде қаржы ресурстарын жұмылдыру, бөлу, пайдалану, оларды жұмсауға бақылау жүргізу, қаржы жоспарларын және мемлекет алдындағы қаржылық міндеттерді орындау жөніндегі қаржы қатынастарын реттейтін, сонымен бірге бұл қатынастардың қатысушыларына басшылық ететін белгілі бір қаржы-құқықтық актілерді қабылдайды.

 

 

Қазақстан   Республикасының    қаржы    жүйесін   дамытудың

      алғышарттары

 

Қоғамның саяси және әлеуметтік өмірін демократияландыру, экономикалық реформа шаруашылық қызметті мемлекеттік құқықтық реттеуге көзқараста түбегейлі өзгертулерді қажет етеді. Бұл талаптарға экономикалық реформалардың дамуындағы жаңа кезеңді ашуға, өндірістік қатынастарды түбірлі өзгерту үшін негіз жасауға шақыратын негіз қалаушы заңнамалық актілер сай келеді: меншік туралы, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы, кәсіпорындар туралы, бюджет және салық жүйесі туралы, шаруашылқ қызмет бостандығы және кәсіпкерлікті дамыту туралы, сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру туралы, банктер және банктік қызмет туралы, сақтық қызмет туралы, банкроттық туралы, шетелдік инвестициялар туралы, азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңдар және басқалар.

Аталған заңдардың қаржы қатынастарын да қоса, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды құқықтық реттеуді жасау үшін база болып табылады. өзінің табиғаты бойынша бұл заңдар нарықтық экономиканың жаңа үлгісін жасауға, өндіріс тиімділігін ұзақ мерзімдегі және тұрақты факторлар ретіндегі қаржы қатынастарын дамытуға бағдарланған шаруашылық тіршілігі, экономикалық өзара қатынастар, қаржылық қызметі аймақ кәсіпорындар мен ұйымдардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің нақтылы дербестігін қамтамасыз ететін жаңа заңнамалық негізбен реттеліп отыруы тиіс.  

Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті – оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.

Нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржы жүйесінің рөлі мен маңызы шұғыр артады. Қаржы-несие нарықтық механизмдердің неғұрлым тиімді жұмыс істейтін секторлардың біріне айналуы тиіс.

Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі жалпы ішкі өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі – ұлттық табысқа, макроэкономика және микроэкономика кәсіпорындардың, фирмалардың және салалардың дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.

Қоғамда істің жайы қаржы ахуалымен анықталады, сондықтан тұрақтану мен дамудың бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі жалпы экономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс.

Бұл шаралардың қатарында - өндірісітк қатынастарды жетілдіру, экономиканы әлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылықтың құрылымын жаңғырту, ғылыми-техникалық прогресті тездету.

Сыртқы экономикалық қызметті жандандыру, ішкі өндіріс есебінен тұтыну рыногын толықтыру проблемасын шешу шаралары тұрақты қаржы шараларының ішінде инвестицияларды оңтайластыру, басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейінде үнемдеу режимін қатаңдандыру қажет; экономиканың төменгі деңгейінде – залалдылықты болдырмау, коммерциялық есепті дамыту, қаржы жүйесінің барлық буындарында қаржылық өзара қарым-қатынастарды индикативтік реттеу қажет.

Қорытындылай келе, Қазақстан нарықтық және демократиялық реформаларды жүзеге асырды, саяси-әлеуметтік тұрақтылығын сақтады, әр түрлі салада көптеген жетістіктерге жетті – осындай қиын жодардан өтті.

Республикадағы макроэкономикалық тұрақтылыққа жеттік, құрылымдық реформалар өткізілді.

Ақырғы бес жылда Қазақстан Орта Азия мемлекеттерінің арасында жалпы ішкі өнімнің өсуі бойынша алдыңғы қатарда және де Еуропа мен Азия арасындағы көпірге айналды. Енді, Қазақстан тұрақты, сенімді серік болып табылады.

Негізгі инвестициялар пайдалы қазбалар, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, әлеуметтік сферадағы объектілердің дамуына және туризмнің дамуына бағытталған. Қазақстан өзінің тиімді географиялық орналысуына байланысты ірі аймақтық мемлекет ретінде, яғни соңғы жылдарда ноу-хау және қажетті қаржыларды өзіне қарата алады.

Таяудағы 25 жыл ішінде шетел инвесторлары 100 млн АҚШ долларынан жоғары болатын келісім шартқа отырды.

Қазақстан әлі де еуропалық мемлекеттермен экономикалық серіктесуге тырысады.

«Бүгінгі күнде біз, яғни Қазақстан мемлекеті алдымызға шамданушылық мәселе қоямыз – бәсекеге тұрақты дамыған 50 елдің қатарына қосылу», - деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.      «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Ресми газет №21,22  Алматы 2008ж.

 

2.      2010 жылға арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 88-III Заңы .

 

3.      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

 

4.      Р.Аимкулов, А.Оспанов «Мемлекеттік бюджет» дәріс конспектілері. Семей 2008 жыл .

 

5.      С.Әкімбеков, А. Баймұхаметова, У.Жанайдаров «Экономикалық теория» оқу құралы  Астана 2002 жыл .

 

6.      Я.Әубәкіров, К.Нәрібаев, М. Есқалиев, Е.Жатқанбаев, С.Досқалиев «Экономикалық теория негіздері» оқулық  Алматы 1998 жыл .

 

7.      Н.Әпсәләмов, Қ.Исабеков, Ө.Сұлтанов «Экономикалық теория негіз- дері» оқу құралы Алматы 1998 жыл .

 

8.      Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы 2001 жыл .

 

9.      Б.Жүнісов, Ұ.Мәмбетов, Ү.Байжомартов «Нарықтық экономика негіз- дері» Алматы 1994 жыл . б.75

 

10.  Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев «Қаржы» оқулық Алматы 2003 жыл .

 

11.  К.Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері» Алматы 2001жыл .

 

12.  А.Сахариева, С.Сахариев «Жаңа кезең экономикалық теориясы» оқулық Алматы 2004 жыл .

 

13.  «Аль Пари» журналы «Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджеттік процедураның орны мен рөлі» Л.У.Мырзабай 2004ж. №1 б.64-67

 

14.  «Аль Пари» журналы «Бюджет аралық қатынас – бюджет процесін дамытудың бірден-бір қайнар көзі» Л.У.Мырзабай 2004ж. №4 б.100-102

 

15.  «Қаржы-Қаражат» журналы «Мемлекеттік бюджет – Қазақстанның стратегиялық басымдылықтарын жүзеге асырудың негізі» А.Павлов 2000ж. №1

Информация о работе Қазақстан Республикасының қаржы жуйесі