Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 19:36, курсовая работа
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Бағалы қағаз нарығы қаржы нарығының негізгі құрамдас бөлігіне жатқызылады. Бағалы қағаз нарығын дамыту елдің басыңқы бағыттарының бірі ретінде тануы қазіргі уақытта осы нарыққа деген ғалымдардың, экономистердің аса көңіл аударуына септігін тигізді.
Кіріспе
1 тарау. Қазақстан Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеу сипаттамасы және бағалы қағаздар нарығы
1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеу сипаттамасы және оның тәсілдері
1.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы
2 тарау. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы және қаржы саясаты
2.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығын реттеу формалары
2.2 Қаржы нарығының саясаты және оның элементтері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
5.
Қысқа мерзімді реттеулер.
Нарыққа өту жағдайында қысқа мерзімді реттеулер бағаның шамадан тыс өсуімен күресу, инфляцияны тоқтату үшін қолданылады. Қысқа мерзімді реттеудің бұндай бағыты дифляциялық саясат деп аталады.
6.
Ұзақ мерзімді реттеу –
Нақты
шаруашылық немесе белгілі бір әлеуметтік-
Бұған тәуелсіз Қазақстан Республикасында қолданылып жатқан шараларда дәлел бола алады.
Экономиканы
тұрақтандыру және нарыққа көшу кезеңіне
арналған «дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар
және әлеуметтік-экономикалық реформаларды
тереңдету бағдарламасында» құрылымдық
дағдарысты жоюдың қажеттілігі баса көрсетілген.
Қазір бұл проблеманы тек нарықтық механизммен
шешуге болмайтынын, ол үшін мемлекеттің
өндірістік құрылымды қайта құруға, жұмыссыздықты,
салалық және аймақтық диспропорцияны
жеңілдетуге, ғылыми-техникалық прогресті
ынталандыруға бағытталған қаржы көмегінің
қажеттілігі көзделген. Республиканың
әлеуметтік-экономикалық дамуының және
экспорттық мүддесінің негізін құрайтын
отын-энергетикалық кешені, металлургиялық
кешені, агроөнеркәсіп кешені, коммуникациялар
мемлекеттің барынша көңіл бөлетін салалары
болмақ. Экономиканы жоғары тиімділікпен
реттеу сапалы болжамдауды қажет етеді.
Бірақ оның мүмкіндігі компаниялар мен
банктердің коммерциялық құпияларды ашуға
қабілеті жете бермейтін статистикалық
мәліметтердің жеткіліксіздігімен шектеледі.
Бұндай жағдайда мемлекеттік реттеуде
белгісіздіктерге, тіпті қателіктерге
де жол берілуі мүмкін.
1.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы
Бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздардың шығарылымы, айналысы және өтеуі бойынша нарық қатысушылары арасындағы экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығы, қор нарығы түсініктері әр түрлі және Қазақстанда оларды теориялық, құқықтық жағынан ажырату қажеттілігі бар. Қор нарығы эмиссиялық бағалы қағаздардан тұрады, ал бағалы қағаздар нарығы одан кең – эмиссиялық және туынды бағалы қағаздар нарығынан құралады. Бағалы қағаздар нарығының дамуы бірінші сатысынан немесе қалыптасу сатысынан өтті деп тұжырымдауға болмайды, мұны тек қор нарығының үлесіне тиеді. Өкінішке орай, бағалы қағаздар нарығының басқа элементтері, яғни туынды бағалы қағаздардың даму сипаты жоқ.
Сөйтіп, бағалы қағаздар нарығы екі үлкен топтан тұрады, атап айтсақ қор нарығы және туынды бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар нарығы экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектеседі. ҚР-да бағалы қағаздар нарығының қалыптасуына мемлекеттік меншіктің жеке меншікке көшуі негіз болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығына келесідей анықтама береміз. Бағалы қағаздар нарығы – бұл мемлекеттің, нарық субъектілерінің қаржылық ресурстарын шоғырландыруы мен бөлінуі сипат алатын қандай да болмасын мерзімдегі бағалы қағаздардың айналысы қарастырылатын жүйе. Қор нарығы бағалы қағаздар нарығының құрылымына жатқызылады. Оның негізгі айырмашылығы ретінде – капиталдың айналысын қамтитын бағалы қағаздардың жүйесі.
Бағалы қағаздар келесідей ерекшеліктермен сипатталады: ақша қаражатқа айырбастау мүмкіндігі, сату-сатып алуға, эмитентке қайта сатуға, құқықты басқа тұлғаға беру мүмкіндігіне ие. Олар есеп айырысу кезінде қолдануға, кепіл ретінде пайдалануға болады.
ҚР заңнамада бағалы қағаздар түсінігі және «бағалы қағаз» мәртебесіне ие құралдар қарастырылған.
ҚР
Азаматтық кодексіне сәйкес, бағалы
қағаз - мүлiктiк құқықты
«Инфрақұрылым» термині – экономикалық жүйе негізі, фундаменті, ішкі құрылымын білдіреді. Осыған сәйкес, біз «бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымына» келесідей анықтама береміз. Бағалы қағаздардың инфрақұрылымы – бұл бағалы қағаздарды шығаратын, сататын және сатып алатын субъектілер арасындағы қатынастарда қызмет атқаратын қатысушылар жиынтығы. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары әр мемлекетте әр түрлі жиынтықтардан тұрады. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын кәсіби қатысушылар және сауданы ұйымдастырушылар ретінде қарастырмыз.
Біздің пікірімізше, бағалы қағаз нарығының үлгісі – бұл елдің өндірістік, экономикалық, дәстүрлік факторларды ескере отырып, қоғам субъектілеріне бағалы қағаз арқылы тиімді жүйесін құру болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығының үлгісін тек қатысушы институттарға ғана байланысты емес, сондай-ақ корпоративтік басқару, қаржы нарығының құрылымына байланысты анықтау қажет. Осыған байланысты, қаржы нарығының құрылымына байланысты республиканың бағалы қағаздар үлгісі – жапон-немістік үлгі деп танысақ, ал корпоративтік басқару жағынан – немістік үлгі деп анықтаймыз.
Ішкі инвестициялық ресурстарды тарту стратегиялық маңызы бар мәселеге айналды. Экономиканың нақты секторларына инвестицияны тартуды қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар, қаржы дағдарысын алдын-алу үшін келесідей шаралар жиынтығы жүргізілуі тиіс:
Осыған орай, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеудің маңыздылығын, қажеттілігін байқауға болады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік реттеу органдары республиканың даму сатысына қарай өзгерді.
Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы мемлекеттік реттеуді жүргізуіне байланысты. Бағалы қағаздар нарығын реттеудің құралдарын, әдістерін және бағыттарын таңдау нарыққа ғана емес, мемлекеттің бүкіл экономикалық жүйесіне әсер етеді. Бағалы қағаздар нарығын реттеу – бұл өкілетті қатысушылардың қызмет процесінде пайда болатын қарым-қатынастар жиынтығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығын реттеу нарықтың барлық қатысушылары, ресурстары, қызметтері мен операциялары қамтылады. Реттеудің 2 негізгі үлгісі бар: мемлекеттік және өзін-өзі реттеу.
Қаржы нарығын мемлекеттік
реттеу тікелей және жанама түрде жүзеге
асырылады. Тікелей мемлекеттік реттеуге
келесілер жатады: нарық субъектілерінің
қызметтеріне қатысты заңнамаларды шығару,
нарық субъектілерін лицензиялау, инвесторларды
қорғау шараларын жасау және т.б. жатады.
Ал, жанама мемлекеттік реттеу мемлекеттің
экономикалық тұтқалары және капиталдары
арқылы жүзеге асырылады. Мұндай тұтқалар
мен капиталдарға салық, ақша саясаты,
мемлекеттік сатып алулар, мемлекеттік
меншік, сыртқы экономикалық байланыстар
жатқызылады.
2-тарау. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы және қаржы саясаты
2.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығын реттеу формалары
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы еліміздің егемендігін алғаннан басталды. ҚР-да бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді негізінен 4 кезеңге жіктейміз. Бұл жіктеу бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік реттеуді жүргізетін және қадағалайтын органдарға байланысты.
1-ші
суреттен көріп отырғанымыздай,
қазіргі уақытта ҚР бағалы
қағаздар нарығын реттеудің
Сурет 1 – ҚР бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеудің қазіргі үлгісі
Ал, Қаржылық қадағалау және АӨҚО қызметін реттеу Агенттіктері жоғарыдағы мемлекеттік органдарға қарағанда кеш құрылуына қарамастан, қаржы нарығындағы, соның ішінде бағалы қағаздар нарығындағы беделі төмен емес. Олардың ҚР-да бағалы қағаздар нарығындағы негізгі қызметтері – бұл қатысушылардың қызметтерін лицензиялау мен олардың қызметтерін тәртіпке келтіру, қаржылық құралдардың шығаруын ынталандыру мен олардың талаптарға сай келуін сақтау және бағалы қағаздар нарығындағы қаржылық механизмнің арасындағы қатысушылардың қызметтерін үйлестіру.
Бағалы қағаздардың даму үдерісі, қатысушылар саны бірқалыпты жағдайда дамыды. Осыған байланысты, бағалы қағаздар нарығының қалыптасу мен даму кезеңдерін негізінен нарықта реттеу жүргізетін органдарға байланыстыруын ұсынамыз.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың өсім қарқыны 71,76%-ын 2006 жылы, 165%-ға 2007 жылы жоғарлануын және 2008 жылы 41,02% төмендеуін байқаймыз. МБҚ төмендеу немесе жоғарлау жағдайы мемлекеттің қаржы саясатының мазмұнына, республикалық бюджеттің ағымдық жағдайы және институттардың өтімділігін сақтау үшін жүргізілген саясатқа тәуелді.
МБҚ құрылымында ең үлкен бөлігін ҚР Қаржы министрлігі шығарған бағалы қағаздар алады. 2005 жылы және 2007 жылы олардың үлесі 38,73% және 31,8%-ы құраса, қалған екі жылда МБҚ құрылымында қомақты бөлігін, яғни 2006 және есепті кезеңде 67,33%-ы және 73,37%-ы сипат алды.
ҚР
Ұлттық банктің ноттары мемлекеттің
ақша-несие саясатының құралы бола
отырып, ЕДБ-дің өтімді активтеріне жатқызылады.
Сонымен қатар, қор биржа мәмілесінде
пайда табудың ең қолайлы құралына жатқызады.
Олардың үлесі 2005 жылы және 2007 жылы өскенін
байқаймыз. Сәйкесінше, олардың үлесі
59,83%-ды және 67,82%-ды құрайды.
Сурет 2
– 2005-2008 жылдар аралығындағы МБҚ құрылымы
Мемлекеттік бағалы қағаздардың құрылымы жағынан талдау жүргізсек, ҚР Қаржы министрлігі және Ұлттық банк шығарған бағалы қағаздардың арасындағы құрылымдық өзгерісті байқауға болады. 2005 жылдың 1-ші қаңтарына және 2007 жылдың 1-ші қаңтарына көрсетілген мәліметтерге сүйенсек, осы мерзімді ҚР Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарына қарағанда ҚР Ұлттық банктің ноттарының шығару көлемі жоғары. Яғни, ҚР Ұлттық банкі мемлекетте қымбат-ақша несие саясатын жүргізу мақсатында, өзінің ноттарын шығару белсенді жүргізгенін куәландырады. Алайда, 2005 және 2007 жылдың қорытындысы бойынша, республикалық бюджет ресурстардың жеткіліксіздігі және жинақтаушы зейнетақы қорлардың өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Қаржы министрлігінің бағалы қағаздар көлемін жоғарлатқаны байқалады.
ҚР
бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік
бағалы қағаздар нарығы ғана емес,
сонымен қатар корпоративтік
бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Оның
көлемі мемлекеттік бағалы қағаздар
нарығы сияқты болмаса да, жыл сайын
біртіндеп дамуы байқалады. Ең алдымен,
бағалы қағаздар нарығының акция нарығына
тоқталайық.
Сурет
3 – Акция нарығының негізгі көрсеткіштері
Суретте акционерлік қоғамдар санының және олардың акция шығарылымының санының серпіні қарастырылған. Мұнда, жыл сайын акционерлік қоғамдардың жабылуы және олардың санының қысқарылуы байқалады. Тек, соңғы жылда акционерлік қоғамдар санының біршама өскенін байқаймыз.