Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 14:12, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы жергілікті басқарудың құқықтық негіздерін ұсыну табылады.

Содержание

Кіріспе 3
І. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерінің теориясы 5
1.1 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздері 5
1.2 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың мәселелері 9
ІІ. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерінің қазіргі жағдайы 12
2.1 Қазақстандағы жергілікті өзінөзі басқарудың Конституциялық негіздері 12
2.2 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерінің дамуы 16
2.3 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруды заңмен қамтамасыз етудегі проблемалар 19
ІІІ. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басақаруды жетілдіру жолдары 23
3.1 Жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалаудың негізгі бағыттары 23
3.2 Жергілікті өзіг-өзі баасқарудың құқықтық негіздерінің мәселелерін шешу жолдары 27
Қорытынды 31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 33

Работа содержит 1 файл

Жергілікті басқарудың құқықтық негіздері.doc

— 228.00 Кб (Скачать)

      Үшінші  нұсқада республикалық бюджеттін  кірістеріндегі жеке табыс салығын  және әлеуметтік салыкты орталықтандырылуы жүзеге асыру ұйғарылады. Осы жағдайда бюджетаралық қатынастар орта мерзімді кезеңге тұрақтандырылған республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке берілетін субвенцияларды белгілеу арқылы қалыптастырылады. Осы тетік қабылданған жағдайда бюджеттің төменгі деңгейлеріне де (қала, аудан) қолданылуы керек. Аталмыш нұсқа бюджетаралық қатынастардың қарапайымдылығын және айқындылығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, бір кезеңге арналған жергілікті бюджеттердің теракты кірісті көздеріне кепілдік береді.

      Төртінші  нұсқада кәсіпорындар бойынша түсімдерді базалық (республикалық бюджетке) және аймактық экономикаға (жергілікті бюджеттерге) бөлуге негізделген.

      Жергілікті  бюджеттерді теңестіру үшін салықтармен  реттелетін жеке табыс салығын, әлеуметтік салықты және аймақтық экономиканың кәсіпорындарынан қосымша құн салығынш анықтау көзделген. Астана және Алматы қалаларының бюджеттері бойынша жеке бөлу ұсынылады. Бұл жағдайда ірі салықтардың барлығы дерлік кәсіпорындарда әр түрлі пайыздар бойынша бөлуге ұшырайды. Бұл ретте оларды аудандар және қалалар бойынша бөлу мүмкін емес. Бұдан басқа бюджетаралық қатынастардың ұғымды үлгісін қалыптастыру шеңберінде селолық округтердің бюджеттерін қалыптастыру және ауылдық әкімдердің мәртебесін институционалдық нығайту мәселесі  қаралатын болады.

      Осы мақсатта тұжырымдамаға сәйкес ауыл әкімдерінің аппаратына заңды тұлға мәртебесі берілді. Бұл оларға шаруашылық басқару құқығындағы мүлікті, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді сатып алу жүзеге асыру құқығын береді. Сондай-ақ өз атауы бар мөрі болуын көздейді. Соңғысында әкімдердің мәртебесі жөніндегі мәселе 2004 жылдан бастап жүзеге аса бастауда. Оған осы жылы республикалық бюджеттен 2,9 млрд теңге бөлінді. Міне, осылайша дайындалған тұжырымдамаға Ұлттық кеңестің кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаев тоқталып, онда орталықтандыру процесі көзге ұрып тұрғандыктан да оң ықылас туғыза қоймайтынын айтты. Сонымен қатар бұл іс те әзірге жақсы шешім табыла қоймағанын атап көрсетті.

      Әлемдік тәжірибені зерттеу барысында басқару  мен өкілеттіктерді орталықтан алу  шарасы үшін қандай да бір жетілген модельдің жоқ екеніне көз жеткізуге болады. Бір мемлекет үшін қолайлы модель, келесілер үшін мүлдем тиімсіз болуы ықтимал. Әлем тәжірибесінен жергілікті билік органдарының құзыретіне қаржыларды бөлу үш түрлі үлгінің шеңберінде жүзеге асатынын көруге болады. Біріншісінде салық түсімдері орталық үкіметке аударылады. Бірақ мұндай жағдай басқару деңгейлері арасында табыстарды тең бөлудің нәтижесіне кедергі жасауы мүмкін. Сондықтан да бұл мемлекеттің ресурстарын ұлғайтудың тиімді әдісі емес. Сонымен бірге экономиканы қаржыландыруға барлық жергілікті шаруашылықтар тең жағдайда қатыса алмай қалулары да мүмкін. Мұндай жүйе бұрынғы Югославияда орын алған еді. Екіншісі салықтық өкілеттіктер мен міндеттерді бөлу орталық үкіметтің құзырында болуын көздейді. Бұл үлгіде үкімет жергілікті бюджеттерден түскен қаржыны арнайы салықтың көмегімен кері гранттар мен трасферттер түрінде қайта бөледі. Осы үлгінің басты кемшін тұсы - алынатын салықтар көлемі мен оларды жұмсау арасындағы байланыс бұзылады. Табыстар мен шығындарды осылайша бөлу бұрынғы Кеңес Одағында және Венгрияда қолданылды. Үкімет тарапынан төменгі тұрған бюджеттерге гранттар бөлу Франция, Италия, Нидерланды сияқты индустриясы дамыған елдерде әлі күнге дейін бар. Үшіншісі жергілікті басқару органдары салық салу мәселесінде құқықтары мол болатынын көрсетеді. Осылайша, аумақтық бірліктердің қаржылық дербестіктері нығая түседі. Олардың  табыс түрлері былайша қарастырылады. Бюджет табыстарының түрлері мен сипатамалары:

      1) жеке бекітілген салықтар: салық базасы мен оның мөлшерлемесі жергілікті басқарудың  бақылауында болады;

      2) ыдырайтын салықтар: салық базасы мемлекеттік деңгейде белгіленеді, бірақ мөлшерлемесі жергілікті әкімшілікпен реттеледі;

      3) салықтық емес түсімдер: кейбір айыппұл, мүлікті пайдаланғаны үшін төлем сияқты салықтық емес түсімдер жергілікті басқаруға қарасты. Орталық үкімет занды түрде аталған түсімдерді қай бюджетке түсетінін және оған есеп жүргізетін органды да белгілейді;

      4) бөлінетін салық: салық салу объектісі мен оның мөлшерлемесі ұлттық деңгейде анықталады. Дегенмен бюджеттерге табыс ретінде аударым жасау салық түсімінің мөлшеріне қарай тіркелген пропорциямен жүзеге асады. Бюджеттерге бөлінетін қаржы мөлшері мынадай талдауға негізделінеді: белгілі бір уақыт аралығында мемлекеттік орган алатын бюджет табысының әлеуетті мөлшері; жан басына шаққанда мемлекет шығындары, белгілі бір аумақтағы халықтың саны, аймақтың салықтық әлеуеті және тағы басқа санаттар;

      5) қаржылық көмектер (гранттар мен орталықтандырылған субсидиялар): орталықсыздандырылған басқару органының қаржылық көмектегі үлесі (Аумақтық немесе жергілікті билік органдары, штаттар, провинциялар және т.б.) заңмен анықталады, бірақ оның қалай жұлмсалынатын әрбір жергілікті басқару органдарында дербес шешіледі. Әрбір аумақтық бірліктің алатын қаржылық көмегінің көлемі оның салықтық әлеуетінің деңгейіне байланысты;

      6) арнайы гранттар: гранттың сомасы орталық үкіметпен анықталады, болмаса ол ашық жарияналады (яғни ағымдағы қаржы жылы өзгерістерге ұшырауы мүмкін). Мұлдай гранттың ерекшелігі орталық үкімет оның пайдаланылу бағытын белгілейді. Гранттың мөлшері бюджеттің шығынына байланысты.

      Осы және көптеген проблемаларды шешу үшін Үкіметтің алғаш рет елімізде орта мерзімді фискалды жоспарлау саясаты әзірленді. Онда алдағы үш жылға бюджеттен алу және республикалық бюджеттен берілетін субвенция көлемі анықталды. Оған сәйкес республикалық және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджттерінің арасындағы жалпы сипаттағы ресми трансферттер туралы» Заңы қабылданды. Оның нәтижесі жергілікті бюджеттердің жұмысынан көрінетін болады, себебі, олар республикалық бюджеттің бекітілуін күтпей-ақ, өздерінің шараларын жүзеге асыра алады.

 

     Қорытынды

 

     Қазақстан Республикасының Конституциясы  жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзі-өзі басқару құрылымына, калыптасу және тағайындалу тәртібіне қатысты жалпы ережелерді көрсетеді

     Конституция жергілікті мемлекеттік басқару  ұғымына жаңаша қарайды Бұрын, Қазақ  КСР-ның Конституциясы бойынша  жергілікті басқару органдары атқарушы билік органдары болып есептелді Жергілікті Кеңестер өкілетті билік органдары болып табылды және өз жандарынан атқарушы органдар кұрды Жергілікті мемлекеттік органдардың мүндай жүйесі халық депутаттары Кеңестерінің билікті толық иелену принципшен туындады

     Қазақстан Республикасының Конституциясы  жергілікті басқару органдары деген  жалпы атаумен жергілікті өкілетті органдар мен жергілікті атқарушы органдарды біріктірді Осыған байланысты жергілікті мемлекеттік органдардың кейбір ерек-шеліктерін атап көрсетейік

     Бірінші ерекшелік — жергілікті өкілетті органдар жергілікті мемлекеттік басқару  органдары болып есептеледі Жергілікті өкілетті органдар қызметішң баскарушылық сипаты осымен танылады

     Екінші  ерекшелік — жергілікті мемлекеттік  органдарды тікелей халық құрса да, ол мемлекеттік басқару органдары болып есептеледі

     Екеуі де жергілікті басқару органдарына  жатқанымен, жергілікті өкілетті органдар ұйымдық жағынан жергілікті атқарушы билік органдарымен байланысты емес, ол — үшінші ерекшелік

     Төртінші  ерекшелік — жергілікті мемлекеттік баскару органдары ұйымдық-кұқықтық қатынаста тікелей халық арқылы жүзеге асырылатын жергілікті өзі-өзі баскарумен байланысты емес

    Жергілікті  басқаруды жетілдіруде басты  мәселе қаржымен байланысты. Жергілікті бюджеттердің табыс көздерін анықтау, оларды жұмсау, басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді бөлу мен олардың қаржылық мәселелерін шешу барысында бюджетаралық қатынастар мәселесі  туындайды. Елімізде бюджетаралық қатынастарды заңды түрде реттеу "Бюджет жүйесі туралы" алғаш қабылданған Заңнан басталды. Бұл заң жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелсіз екендігін анықтап, төменгі деңгей бюджеттерінің қалыптасу процесіне жоғары органдардың араласуына тыйым салды, сондай-ақ жергілікті бюджеттерде қалған артық қаржыларды республикалық бюджетке алуды заңсыз деп жариялады.

    Елімізде  мемлекеттік басқару жүйесіне көптеген жаңа механизмдер енгізілу үстінде. Бұл құбылыстың негізгі ағымдарын  анықтап, белгілі қорытындылар жасауға  мүмкіндігіміз бар екендігі талас тудырмайды. Дәл қазір жергілікті басқару жүйесі қалыптасып бітті деуге де негіз бар. Жергілікті басқару мәселесі  күн тәртібіне нық қойылып, оны жетілдіру жолдары жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылдануда.

    Жергілікті  мемлекеттік басқаруды жетілдіру  барысында көптеген мәселелер оң жолға қойылып келеді. Жергілікті басқарудың басты объектісі жергілікті шаруашьшық ауыл шаруашылығына негізделген. Оны мемлекет тарапынан реттеу әкімшілік әдістермен де жүзеге асып келеді. Оған «Қазақстан Республикасының агроөнеркэсіп кешенін және ауылдық аумақ-тарды мемлекеттік реттеу» туралы Заңы нақты дәлел бола алады. Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақгарды мемлекеттік реттеудің мақсаты - ауылдық Аумақтық әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымдарын дамыту, мемлекеттік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық және әлеуметтік тұрақты дамуын қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және оны өңдеуде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға экономикалық жағдай жасау болып табылады. Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаларының бірі — мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді ажырату. 

 

     Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 
    
  1. Танкиева  А.Қ. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері А. 2008
  2. Есімов А. Ауылдык аумактарды дамыту багдарламасы ауылдың тіршілігі мен тұрмысын үйлестіріп, дамуына жол ашады // Егемен Қазакстан, 23.07. 2003.
  3. Пірназар С. Жергілікті биліктің жауапкершілігі // Егемен Қазакстан, 19.04.2006 ж.
  4. Сәдіркызы Г. «Жергілікгі өзін-өзі баскару...» // Егемен Қазакстан, 21.10.2005 ж.
  5. Баскаруды жетілдірудің бастаулары // Егемен Қазақстан, 7.06.2006 ж.
  6. Дәулетбаева Б. Жергілікті өзін-өзі баскару // Дала мен қала, 2.06.2006 ж.
  7. Есали А. Жергілікті өзін-өзі баскару ірі қалаларда калай шешіледі? // Егемен Қазакстан, 3.06.2006 ж.
  8. Келімбетов Қ. Өкілеттіктерді айқын ажырату - бүгінгі күннін басты мәселесі  // Егемен Қазакстан. - 2.07.2002.
  9. Жоламан. Децентрализация государственной финансовой системы РК как источник экономического роста. Фонд Сорос - Қазақстан. №3,2001.
  10. Нүкенов А. Жергілікті баскаруды жетілдіру мәселелері // Саясат. -2003. №7.
  11. Рудебек К. Финансы местного самоуправления: Шведский опыт // Финансы. - 1998. №4. 618.
  12. Байсалбаева Т. Малые города: характеристика развития социальных индикаторов в период 1960-1990 гг. // Поиск. - 2003. №1. 20-бет.
  13. Региональная политика Республики Казахстан: экономический механизм реализации / Отв. ред. М.Б. Кенжегузин. Алматы: Институт экономики Мн-АН РК. - 1998.41-42 с.
  14. Есенугелов А. Долгосрочная стратегия развития экономики и размещения производительных сил в Казахстане // АльПари. - 2000. №6.4-5 с.
  15. Н. Искаков, В. Марков, К. Берентаев. Методические подходы к прогнозированию развития и размещения производительных сил Республики Казахстан // АльПари. - 2000. №3-4.
  16. Бурлаков И.Н. Модернизация системы регионального и местного самоуправления в Казахстане. Институт экономики МОН РК. Астана, 2006 г.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы