Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 15:05, научная работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы халықаралық сауда саласында және ел ішіндегі макроэкономикалық жағдайға бейімделумен халықаралық экономикалық айырбас барысында өзгерістер мәселелеріне жиі кезігеді. Қазақстан экономикасын әлемдік экономикамен байланыстыратын негізгі буын – валюта саясаты мен ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамындағы өзгерісі. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат ең маңызды орынды алатыны белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттарының бірі деп, ақша-несие саясаты, сондай-ақ қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығына, инфляция деңгейіне аса назар аударуы осының айғағы.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу мәселелері.docx

— 17.43 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасындағы  валюталық реттеу мәселелері

 

Қазақстан Республикасындағы  валюталық реттеу мәселелері

 Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы халықаралық сауда саласында және ел ішіндегі макроэкономикалық жағдайға бейімделумен халықаралық экономикалық айырбас барысында өзгерістер мәселелеріне жиі кезігеді. Қазақстан экономикасын әлемдік экономикамен байланыстыратын негізгі буын – валюта саясаты мен ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамындағы өзгерісі. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат ең маңызды орынды алатыны белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттарының бірі деп, ақша-несие саясаты, сондай-ақ қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығына, инфляция деңгейіне аса назар аударуы осының айғағы.

 Қазақстандағы нарықтық  реформалардың ерекшелігі болып валюталық саясат мәселесі, негізінен валюталық қатынастарға тәуелділік, яғни ұлттық валюта бағамын қалыптастыру және оның әлемдік валюталық нарықта тұрақты қызмет атқаруы басты мәселе. Еліміздің валюталық саясатты жүзеге асыру механизмі жан-жақты және толық зерттелмегендіктен, сонымен қатар оның қазіргі негізгі талаптарға сай келмеуі, автормен таңдалған тақырыптың өзектілігін айқындайды.

 Валюта саясаты мәселесі, ұлттық валютаның айырбас бағамын қалыптастыру және әлемдік валюта нарығында оның тұрақты жұмыс істеу проблемалары тәрізді валюталық қатынастарға Қазақстандағы нарық реформаларының байланыстылығы оның ерекшелігі болып саналады.

 Валюталық бағамның  өзгеру перспективасы бойынша мәселеге ғалымдар және көптеген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында қызу пікірталастар ұдайы жалғасуда. Осы көзқарастан валюталық саясат және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандару мәселесін зерттеудің өте өзекті екені айқын. Бұл тұрғыдан осы мәселенің тиімділігін зерттеу және оның мүмкіндігінше тұрақты экономикалық өсуі стратегиясын жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Осыған орай, елдегі қазіргі валюта саясатын жетілдіру және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыру мәселелерін аталған ретте зерттеу мен оған ғылыми негізделген ұсыныстар жасау айырықша көкейтестілікке ие болып, осы зерттеу тақырыбының өзектілігін толық растайды.

 Зерттеудің мақсаты  және міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты: Валюталық реттеуді, ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудағы, қолданылатын әдістердің және осы процеске пайдаланылатын валюта-қаржы құралдарының тиімділігін анықтау арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін жүргізілетін валюта саясатын жетілдіруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу болып табылады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, диплом жұмысының мазмұнын және қисынды дәйектілігін анықтаған келесі міндеттерді шешу қажет:

- ұлттық валютаның айырбас бағамының қалыптасуына және оның тұрақтануына ықпал ететін факторлар әсерін анықтау;

- сыртқы тепе-теңдікті  сақтауда валюталық саясаттың,  басқа да экономикалық салалармен тығыз байланыстылығына теориялық негізді сипаттама беру;

- ұлттық валютаның жұмыс  істеу тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін экономикалық шараларды айқындау;

- валюта бағамын реттеуде және тұрақтандыруда макроэкономикалық көрсеткіштерге ықпал ететін валюталық саясаттың басым бағыттарын бағалауға сараптама жасау;

- валюталық тәртіптемені  ырықтандыруға Қазақстандағы қаржы нарығының ықпал ету мүмкіндіктерін айқындау;

- экономикалық көрсеткіштерді  теңдестіру мақсатында валюталық  саясат механизмін жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстар жасау.

 Зерттеу объектісі ұлттық валюта нарығы дамуының тереңдеуі жағдайында ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыруға бағытталған Қазақстанның валюталық реттеу.

 Зерттеу пәні ұлттық экономиканы валюталық реттеу процесінде туындайтын валюта қатынастарының жиынтығы.

 Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізін валюта нарығының жұмыс істеуі және даму заңдылығы, халықаралық капиталдың толық немесе жартылай жұмылдырылуы жағдайында ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыру бойынша мемлекеттің ақша-несие, валюта саясатының сыртқы және ішкі қалыптасу заңдылықтарын ашып көрсететін шетелдік және отандық экономист ғалымдардың ғылыми еңбектері, аталмыш мәселеге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен қаулылары, нормативтік-құқықтық құжаттары қолданылды.

 Диплом жұмысының жұмыстың  ақпараттық негізі ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР Ұлттық Банкісінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қаржы нарығын бақылау және реттеу бойынша Агенттігінің, Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі Агенттігінің нормативтік актілері мен статистикалық мәліметтері, валюта саясаты және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыру проблемалары бойынша министрліктер мен ведомостволардың статистикалық көрсеткіштері жұмыс барысында пайдаланылды.

 Зерттелетін проблемалардың әдістемелік мәселелерін негіздеуде және шешуде қазіргі экономикалық теорияның іргелі қағидаларына сүйеніп, зерттеу жүйелі талдауға негізделінген және нақты проблемаларға саралау мен топтау әдістерін қолданып, салыстыру арқылы статистикалық, кестелік мәліметтерді талдаудың көмегімен шешімін тапқан.

 Зерттеудің ғылыми  жаңалығы ретінде Қазақстанның валюта саясатын қалыптастыру мен реттеу, валюта нарығының жұмыс істеу заңдылығы және оны дамыту стратегиясы, ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыруға бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар жасалған:

- валюталық қатынастарды  нарықтық және мемлекеттік реттеуді үйлестірудің қазіргі заманғы валюталық реттеу принциптеріне сүйенген теориялық негіздері нақтыланған;

- заңнама-құқықтық факторлардың әсерін ескеретін Қазақстанның ұлттық валюта жүйесі қалыптасуының және дамуының кезеңдері айқындалған;

- макроэкономикалық көрсеткіштерге  және валюталық бағамның тұрақтылығына  әсер ететін факторлардың ықпалын анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық шараларға сараптама жасалынған;

- отандық экономикаға валюта нарығының тигізетін кері әсерлерін азайтуға бағытталған және валюта бағамының икемділігін арттыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік реттеу тетіктері ұсынылған;

- ұлттық қаржы нарығының  дамуын ескере отырып валюталық тәртіптемені ырықтандыруды жүзеге асыру арқылы Қазақстанның валюта саясатын жетілдіру жолдары ұсынылған.

 Зерттеу жұмысы нәтижесінің практикалық маңыздылығы алынған теориялық, әдістемелік, практикалық қорытындылардың валюта саясатын жүргізу мәселесі бойынша нақты ұсыныстардың нәтижелерін ақырына дейін жеткізуден көрінеді. Бұл ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыруға, экономикада ішкі және сыртқы тепе-теңдік жетістігін реттеу кезінде қаржы құралдарын пайдалануды және одан әрі дамытуға, мемлекеттің валюта саясатын жүзеге асыру жолдарын негіздеуде жүргізілген зерттеудің нәтижелерін пайдалану мүмкіндігінен тұрады.

 Диплом жұмысының құрылымы  және көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.


Информация о работе Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу мәселелері