Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 14:07, реферат

Описание работы

Қазақстандағы сақтандыру нарығы 1921 жылы жаңа экономикалық саясаттың басталуымен қалыптасты. Ол кезде елдің шаруашылық өміріне және экономикасына нарықтық қатынастың элементтердің енуі белсенді түрде жүргізілген. Нарықтық экономиканың заңдары өндірісті дамыту мақсатында шаруашылық тәуекелдіктерді минимумға жеткізу кепілдігін талап етті, бұл сақтандыруды қалыптастырды.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуы.docx

— 23.28 Кб (Скачать)

         Қазақстан Республикасындағы  сақтандыру нарығының  қалыптасуы мен  дамуы

      Қазақстандағы сақтандыру нарығы 1921 жылы жаңа экономикалық саясаттың басталуымен қалыптасты. Ол кезде елдің шаруашылық өміріне және экономикасына нарықтық қатынастың элементтердің енуі белсенді түрде жүргізілген. Нарықтық экономиканың заңдары өндірісті дамыту мақсатында шаруашылық тәуекелдіктерді минимумға жеткізу кепілдігін талап етті, бұл сақтандыруды қалыптастырды.

      Қазақстан териториясындағы сақтандыру ісін ұйымдастыру тәртібі 1921 жылы 14 желтоқсандағы КССР-дың Кеңестік Халық Комиссариатымен бекітілген мемлекеттік мүлікті сақтандыру туралы жарлығымен белгіленген болатын.

      Алғашқы қадамдарында-ақ Қазақстандағы мемлекеттік сақтандыру мемлекеттегі ауыр экономикалық жағдаймен, халықтың төлем қабілетінің төмендігімен және сақтандыру ісіндегі маман кадрлардың жетіспеушілігімен байланысты қиыншылықтарға тап болды.

      Сақтандандыруды дамытудың қанағаттандырылмаған нәтижелері 1931 жылы Мемсақтандыру органдарының қызметінің қиындауына әкелді. ‘’Мүліктік сақтандырудағы өзгерістер туралы’’ 1931 жылдың 3 ақпанынан бастап ЦИК және СНК ССР қаулысымен мүліктік сақтандыру жөніндегі барлық жұмыс Халық қаржы Комитетіне және оның жергілікті органдарына, ал жеке басты сақтандыру жөніндегі жұмыс Мемжинақ касссаларға берілді.

      Қазіргі жағдайдағы сақтандыру ісін ұйымдастыру қағидаттары бір жағынан нарықтық экономиканың жұмыс істеуінің жалпы экономикалық заңдарымен, екінші жағынан оған Қазақстан Республикасының өтуімен ерекшеленеді.

Нарықтық экономиканың кәсіпкерліктің еркіндігімен, оның формаларының әртүрлігімен және максималды пайда алу мақсатында тұтынушыға қызмет көрсетумен сипатталатыны белгілі. Мемлекет нарықтық экономика жағдайында тауар өндірісі мен айналысы процесіне, өндіруші мен 
 

      тұтынушы арақатынасына араласпайды, бірақ сонымен бірге қаржылық, салықтық, құқықтық және басқа нормативтердің заңды белгіленген жүйесіне қатысты нарықтық шаруашылықтың жұмыс істеуінің маңызды ережелерін анықтайды.

      Осылайша, дамыған нарықтық экономика-реттеуге икемді жүйе. Бұл реттеудің элементінің бірі болып сақтандыру алынады. Сақтандыру нарығы әлсіз дамыған, өйткені бұған социалистік экономиканың дамуының объективті шарттары әсер етті.

      Қазіргі кездегі сақтандыру нарығының жеткіліксіз дамуы - қаржылық сектордың және мемлекеттің экономикасының дамуына кедергі болып табылады. Сақтандыру нарығының сандық көрсеткіштерінің өсуінің динамикасына қарамастан, бұл өзгерістер нарықтың талаптарына толық жауап бермейді.

      Біздің  мемлекетіміздің экономикасының дамуының қазіргі этапының ерекшелігінің  ретінде өндірістің құлдырауын тоқтатуға және экономикаға әсер етудің қаржылық әдістерін қолдану арқылы тұрақты экономикалық өсуге қажетті базамен қалыптастыруға бағытталған нарықтық өзгертулерге өтуді қарастыруға болады. Бұлар Қазақстанның ұзақ мерзімді басты мақсатында даму стратегиясында көрініс табады.

      Экономикалық  өсудің тұрақты, ұлғаюшы деңгейіне  жету оған сәйкес ақша-несие механизмінің қаржылық сферасының жұмыс істеуінсі мүмкін емес. Бұл жерде сақтандыруға да маңызды орын беріледі.

Нарықтық шаруашылықтағы дамыған мемлекеттерге сақтандыру экономиканың стратегиялық секторының бірі болып табылады. Сақтандыру меншік иелеріне табыстарын немесе мүлкін жоғалтқанда залалдың орнын толтыру кепілдігін бергендіктен, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар адамның барлық жағдайындағы қорғанысына жағдай туғызады. Сақтандыру ұйымының сақтандыру резервтері өндірістік және өндірістік емес сфераларының

перспективалы салаларына ірі көлемде инвестициялар тартудың көзі болып табылады.

      Заңды және жеке тұлғалар мен олардың мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында жасалынатын сақтандырудың нақты келісімдері микроэкономикалық деңгейдегі ролін анықтайды. Үлкен территорияларды қамтитын ірі табиғи және техногенді апаттар кезінде көптеген кәсіпорынның өндірісі бұзылған, мыңдаған адамдардың өміріне қауіп төнген кезде, ондай зияндардың орнын сақтандыру арқылы толтырудың макроэкономикалық салдары бар. Сақтандыру төлемдері түріндегі сақтандырушының бос ақша қаражаттарын тарту арқылы қалыптасқан сақтандыру ұйымының үлкен инвестициялық ресурстары дамыған, алдыңғы қатарлы елдердің дамуының макроэкономикалық пропорцияларын анықтап берді.

      Сақтандыру Қазақстан Республикасындағы келесідей мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады:

    • оның барлық тұрлерінің дамуы;
    • оның барлық стадиясындағы тәуекелдікті басқару механизмін жетілдіру;
    • өткізудің міндетті және ерікті тұрлерін оптималды үйлестіру;
    • ұзақ мерзімдік негізде өмірді сақтандырумен байланысты халықпен өзара қатынас орнату;
    • сақтандырудың барлық шарттарын, оптималды сақтандыру сомалары мен тарифінен бастап уақтылы және толық зиянының орнын толтыруға дейін жетілдіру;
    • сақтандыру ұйымының сақтанушы алдындағы міндеттемелерін орындауға құқықтық және қаржылық кепілдігін қамтамасыз ету. 

Қазақстанда сақтандыру қолайсыз жағдайлар кезінде заңды және жеке

тұлғалардың мүліктік  мүдделерін қорғау және  олардың  дамуы сақтандырудың жеке түрлерінің шарттарымен анықталған қатынастар жүйесін білдіреді. Республикада бүгінгі сақтандырудың екі саласы мүліктік және жеке жүйесі қалыптасқан. Әрбір сала өз ережелері, шарттары және

сақтандыру тарифтері бар жеке сақтандыру нарығы болып табылады. Сәйкесінше сақтандыру нарығы сақтанушының мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталған сақтандыру қызметінің жүйесін білдіреді.

      Қазақстан Республикасында сақтандыру нарығы динамикалық дамуда. Бұл сақтандырушының санының өсуімен сақтандыру қызметінің жаңа қажеттіліктерінің пайда болуына байланысты операциялар көлемінің ұлғаюымен, бәсекенің шетел сақтандырушыларының Қазақстан сақтандыру бизнесіне назарының күшеюімен ерекшеленеді. Егерде 1994 жылы сақтандыру ісін реттеу қажеттігі туралы шешім қабылданған кезде іс жүргізу құқығына 22 компания ие болса, 1998 соңына қарай жалпы жарғылық қоры 2213 млн. теңге болатын 71 сақтандыру ұйымының лицензиясы болды.

      Сақтандыру  ұйымының қаржылық жағдайы олардың  жарғылық қорының өсуін білдіреді, сонымен қатар, сол кездегі сақтандыру резервтерінің бұрынғымен салыстырғанда өскендігін білдіреді.

      Сақтандыру  ісінің сапалық өзгеруін Қазақстан  Республикасы 1994-1998 жылдардағы негізгі көрсеткіштер көрсетеді:

    • сақтандыру компанияларының санының өсуі;
    • қаржылық қызметіндегі өзгерістер;
    • сақтандыру төлемінің түсуі т.б.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасында  сақтандыру нарығын қалыптастыру кезінде  сақтандыру ұйымының табысының негізгі  көзі болып табылады. Сақтандырудың міндетті түрлері негізгі үлеске ие болғанын айтып кеткен жөн.

      Сақтандырудың даму перспективалары жайлы айтқанда мыналарды атап өту керек:

    • Сақтандыру қызметінің нарығын кеңейту;
    • Сақтандыру компанияларының басқа қаржы институттарымен байланысы;
    • Сақтандыру қызметіне сұранысты зерттеудегі маркетингтік зерттеулер;
    • Шетел сақтандыру компанияларымен байланысты нығайту;
    • Халықаралық сақтандыру нарығының тәжірибесін енгізу;
    • Банктік сақтандыруды дамыту.

Сонымен бірге, сақтандыруды дамытудағы мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі (сақтандыру компанияларының қызметтін ынталандыру, сақтандыру қызметіне салықтық жүктеуді азайту, тұрақты жұмыс істеу үшін мықты заңдық кепілдіктер жасау).

      Сақтандыру  нарығын дамытуға сонымен қатар, кадрларды дайындау және информациялық-аналитикалық жұмысты ұйымдастыру, сақтандыру нарығының инфрақұрылымын құқықтық реттеуді жатқызуға болады.

      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы  сақтандыру нарығында шетелдердің  қатысуымен құрылған сақтандыру ұйымының саны өсуде.  Бұл тек қаржылық жағдайды нығайтуға ғана емес, халықаралық тәжірибені, жаңа технологияларды енгізуге, отандық сақтандырушылардың әлемдік нарыққа шығуына жол ашады. Ірі сақтандырушылардың қызметі уақыт өте келе шетел және жергілікті Қазақстан инвестицияларының және халықаралық деңгейде кепілдігі бола алады. Бұл бюджет тапшылығын төмендетуге, республиканың экономикасына жергілікті және халықаралық капиталының түсуін ынталандыруға мүмкіндік береді.   


Информация о работе Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуы