Қазақстан республикасындағы инвестицияның дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 15:47, реферат

Описание работы

Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан республикасындағы инвестицияның дамуы.docx

— 54.85 Кб (Скачать)

                   Қазақстан  республикасындағы  инвестицияның дамуы

Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.

Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады. Негізгі капиталға салынған инвестиция Қазақстанда 2000 жылы бейқаржылық активтерге салынған инвестиция көлемінің 79,1%-ы болды. Бейқаржылық инвестицияның қалған 20,9%-ы материалдық айналым құралдарының қорларын толықтыруға, құндылықтар мен бейөндірістік активтерді (жер, жер қойнауы телімдерін, патенттер, лицензиялар, т.б) сатып алуға жұмсалды. Негізгі капиталға салынатын инвестиция елдің экон. өрлеуінің негізгі факторы болып табылады. Шетелдік инвестиция – шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция Әлемдік экономикалық жүйені жаїандандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция (яғни қаражатты кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды.

 

ТМД елдерінің арасында Қазақстан экономикаға тартылған шетелдік инвестицияның көлемі бойынша көш бастап келеді. Күрделі құрылысқа салынған инвестицияның жалпы көлеміндегі шетелдік инвестицияның үлесі 1995 ж. 1,5%-дан 2000 ж. 38,6%-ға артты. 2000 ж. 2751 млн. долл. шет ел қаражаты тартылды, мұның өзі 1999 жылғымен салыстырғанда 48,6% жоғары. Тек 1993 – 99 ж. тартылған тікелей шетелдік инвестицияның көлемі 9700 млн. долл. болды, бұл ретте оның жалпы көлемінің 54,4%-ы мұнай-газ секторына, 20,1%-ы түсті металлургияға, 3,8%-ы қара металлургияға, 3,7%-ы энергет. кешенге, 3,4%-ы тамақ өнеркәсібіне салынды. Осы кезеңде тартылған тікелей шетелдік инвестицияның ең көп көлемі АҚШ-тың үлесіне тиеді – жалпы көлемінің 33%-ы, Оңтүстік Кореяның үлесі – 15,4%, Ұлыбританияның үлесі – 12,5%,Түркияның үлесі – 4,9%, Қытайдың үлесі – 4,7%. Қазақстан шет ел капиталын несие мен қарыз нысанында да тартты. Қазақстанға Австрияның, АҚШ-тың, Қытайдың, Түркияның, Еуропалық Одақтың және басқа елдердің несие желілері ашылды, осы желілердің шеңберінде 90-нан астам келісімге қол қойылды. Қазақстанның сыртқы қарызы шекті өркениетті шеңберден шыққан жоқ, яғни тікелей мемл. және Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілдік берген сыртқы борыш оның жалпы көлемінің 25,5%-ы ғана болды. Борышқа қызмет көрсету нормасы сыртқы борыштар бойынша төлемдердің экспорт көлеміне қатынасы ретінде 2000 ж. 32,6% болды. 2000 ж. Қазақстан ТМД елдерінің арасында сыртқы борыш бойынша міндеттемелерін мерзімінен бұрын төлеген жалғыз ел болды, мұның өзі еліміздің халықаралық инвестициялық беделін көтерді. Қоржындық инвестиция – ұзақ мерзімді борышқорлық міндеттемелер мен бағалы қағаздарға салынған қаражат; капиталға қатысуды және салынған капиталға шаққанда табыс алуды қамтамасыз етеді. Әлемдік практикада капитал қорланымы мен халықтың жинақ ақшасының көп бөлігі бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдары арқылы жанама түрде өндірісті инвестициялауға қатысады. Мысалы, әлемдік инвестициялық байлықтың жалпы көлеміндегі қаржы байлығының үлесі көп – 57,7%. Халықтың ақшалай қаражатының қорланымына келетін болсақ, мысалы, АҚШ-та бағалы қағаздарға (негізінен, акцияларға) салынған инвестицияның жалпы көлемдегі үлесі 50%-дан асады. Қазақстанда халықтың акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар сатып алуға жұмсаған шығыны олардың жалпы көлемінің 3%-ынан аспайды. Мұндай жағдайдың себебі қор рыногі мен қаржы құралдарының дамымағандығында. Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногі (МБҚР) бағалы қағаздар рыногінің неғұрлым серпінді түрде дамып келе жатқан буыны болып табылады. Мұндай қағаздардың ең маңыздылары: мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер (МҚМ), олардың айналыс мерзімдері 3, 6, 12, 24 айдан 10 жылға дейін, Мемл. қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер (МЕККАМ), Мемлекеттік индекстелетін қазынашылық міндеттемелер (МЕИКАМ), Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер (МЕОКАМ), Мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттемелер (МЕАКАМ), Арнаулы валюталық мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер (АВМЕАКАМ), Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелер (МЕКАВМ); ұлттық жинақ облигациялары (ҰЖО), Ұлттық банктің ноталары, муниципалдық құнды қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Инвестицияның мәні, қызметі


Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады. Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс) өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады. Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады. Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:

а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;

ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;

Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады. Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы. Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді: - жеке инвесторлар (жеке адамдар). - инстиуттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық қорлар , зейнетақы қорлары , тағы басқалары). Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс. Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді. Ал , капитал дегеніміз - тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді. Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар :

1. Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;

2. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы;

3. Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;

4. Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы;

5. Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал;

Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі:

    • өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына тікелей инвестициялар ;
    • портфельдік инвестициялар (шетелдік облигацияларды, акцияларды және басқа да құды қағаздарға алу үшін);

Ішкі инвестициялық ресурстар  өте тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыруға , реформаларды тереңдету және құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру шетел капиталын тартпайынша мүмкін емес. Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары , шетел мемлекеттері , халықаралық ұйымдар , шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар Қазақстан Республикасының азаматтары , егер олар шаруашылық қызметін жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде тіркелген жағдайда. Шетелдік инвестиция дегеніміз-қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді. Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан эксимбанкі, сырттан қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал ққалыптасты. Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай – химия салалары , электр энергетикасы , металлургия , коммуникация және де Қазақстан дәнді дақылдапр , жүн , мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті, ароөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ өндіріп , экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады. 1995 жылдың шетелдік инвестициялардың көлемі 235 млрд. $-ға артып, 2.6 трлн $ деңгейін жетті. Шетелдік инвестицияларды тартудың маңызды көзі- потрфель инвестициялары . Олар ірі корпорациялардың , мемлекеттік және жекеменшік банктердің облигациялық қарыздарын қаржыландырады. Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялар мынадай элементтерді: негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды , материалдық айналым қаражаты қорын толтыруға жұмсалған инвестицияларды , өндірілмеген және материалдық емес активтерге жұмсалған инвестицияларды , басқа да қаржы емес активтерге жұмсалған инвестицияларды өзіне қосады. 2004 жылғы қаңтарда қаржы емес активтерге инвестициялардың бағалау көлемі (материалдық айналым қаражатының қорларын толтыратын инвестицияларсыз ) 57.6 млрд. Теңгені құрады, оның 56.9 млрд теңгесі (98.7%) негізгі капиталға инвестицияларға келеді. 2004 жылғы қаңтарда негізгі капиталға инвестициялар 56.9 млрд. теңге болды, бұл 2003 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 17.2%көп. 2004 жылғы қаңтарда инвестицияның өсуі республиканың 12 өңірінде байқалды. Ең көп өсу Жамбыл (4.8 есе), Павлодар (2.2 есе), Оңтүстік Қазақстан(1.6 есе), Қостанай , Атырау, Қарағанды (1.4 есе) облыстары мен Астана қаласында да (1.9есе ) байқалды. Өсім сондай-ақ Шығыс Қазақстан , Ақмола, Қызылорда, Алматы облыстарында мен Алматы қаласында да (4-13%) байқалды. Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда инвестиция көлемінің төмендеуі Ақтөбе (45%), Батыс Қазақстан (44%), Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау (6%)облыстары байқалды. Мұнай өндіру және табиғи газ (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінен (61%) , жылжымайтын мүлікпен операция (12%), өңдеу өнеркәсібі (8%), көлік және байланыс (4%)) басым салалар болып табылады. Шетел инвестицияларының жалпы республикалық көлемінің ең көп үлесі Атырау (46%) және Батыс Қазақстан (33%) облыстарында игерілді. Инвестициялық қызмет дегеніміз – шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар – сатып алуға, құруға , негізгі құралдарды қайта өндіруге және күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жиынтығы болып табылады. 2002 жылы Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің нәтижесі- қаржы емес активтерге жұмсалған 1307.2 млрд. теңге инвестицияны игеру болды, мұның 1100 млрд. теңге инвестициясы негізгі капиталға жұмсалған. Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84.2% құрады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2001 жылғымен салыстырғанда 10.6 %-ға (2001 жылы-44.7%-ға; 2000 жылы – 48.5%-ға ; 1999 жылы – 33.0%ға ) өсті. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындар дың үлесі – 47.0%, орташаларынікі -27.9%, шағындарынікі – 23.9% , халық үлесі – 1.2% құрады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45.0% құрады, бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 9.6пайыздық пунктке артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0.6 пайыздық пунктке өсіп, 4.8% құрады. Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек- жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1.6 пайыздық пунктке төмендеді. Негізгі капиталға жұмасалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады, оның 89.1% геологиялық барлауға жұмсалған. Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44.4%тиеді. Көлік және байланыста негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42.3%) әуе көлігіне (15.4%) және электр байланысқа (19.8%) келеді. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл шаруашы- лығында бұрынғысынша мардымсыз (1.3%). Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі де табиғат қорғау шараларына мардымсыз болды. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде үйлер мен ғимараттарды күрделі жөндеуге кеткен шығындар үлесі 13.3%құрады,бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 4.2 пайыздық пунктке артық. Күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жалпы көлемінен үйлер мен ғимараттарға – 52.3%, машиналар мен жабдықтарға кеткен шығындар 47.7% құрады.

 

 

 

 

 

 

 

Экономиканы мемлекеттік  реттеудегі негізгі инвестициялық  бағыттар


Республиканың әлеуметтік – экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды. Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның ішінде, “Шетел инвестициялары туралы ”Заң (1991ж.); “Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже” (1993ж.) ;”Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы ” ҚР Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж.); “Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі ” ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996ж.); “ Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы ”ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж.) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды. Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады; жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту , елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциалын дамытудың өсу қарқыны мен әртараптандыру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін , олардың функциялары мен міндеттерін анықтады. 2000 жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы бойынша отандық пен шетел инвесторларының жеке капиталын салудың басым бағыттарына төмендегілерді жатқызу мақсатқа сай болады: жеңіл өнеркәсіптің , агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларының , машина жасаудың , құрылыс материалдары өнеркәсібі мен мұнай , химия өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын салу мен реформалар жүргізу. Орталықтандырылған капитал салымдары есебінен әлеуметтік сала объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңберінде жүзеге асыру қарастырылады. Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:

1. Жоспарлау;

2. Бағдарламалау;

3. Бюджетті дайындау;

4. Орындау;

Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік – экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ ,әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл кзеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды тандау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады. Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды қаржылық- экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет, жуықтағы бірнеше жылға арналған инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы керек. Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат- жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту бюджеттік процеске арналатын таңданудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет. Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынандай факторларды ескеруі қажет: - бюджет орындалатын , макроэкономикалық жағдай; - инвестициялар бойынша ұсыныстардың нақты аспектілері , соның ішінде экономикалық аспектілер. Егер инвестициялық жобаларды (кеңес беру мен сатып алуда талдау) жүзеге асыру бюджеттік мекемелерінің міндеті болып табылса, инвестициялық жобаларды қауіпке жиі қойса, әсіресе қаражатты артық жұмсауда, мәселелерден аулақ болу үшін сақтықтың қосымша шараларын қабылдау қажет. Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік инвестицияларды тиісті инстиутуционалдық жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың (жоспарлау, бағдарламалау, бюджетті дайындау және оны орындау) ұйымдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау. Қазақстанда “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заң (28 ақпан 1997 ж.)қабылданған. Онда инвестицияның қызметі- инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен келесілерден тұрады:

Информация о работе Қазақстан республикасындағы инвестицияның дамуы