Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 18:13, курсовая работа

Описание работы

Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен әлеуметтік – экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мєселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады.

Содержание

Кіріспе 2
1. Инфляция ұғымы және мәні 4

1.1Инфляция көп факторлы құбылыс

1.2Инфляцияның түрлерін жіктеу 5

1.3Инфляция себептері 9

2.Инфляцияның экономикалық-әлеуметтік салдарлары және 12 антиинфляциялық саясат

2.1 Инфляция мәні мен салдары

3.Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшеліктері 23

3.1Өтпелі экономикалы кезеңде Қазақстан Республикасының жағадайы

Қорытынды 27

Қолданған әдебиеттер 29

Работа содержит 1 файл

Инфляция.doc

— 190.00 Кб (Скачать)

      1)  өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы арасындағы алшақтық;

      2)  ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп  арасындағы сәйкессіздік;

      3)  шикізат өндірісі мен дайын  (түпкі) өнімдер өндірісінің арасындағы диспропорция;

      4)  әскери   өндіріс   пен  азаматтық  өндіріс   арасындағы сәйкессіздік;

      5)  материалдық  өндіріс  пен  материалдық емес  өндіріс арасындағы диспропорция т.б.

      Бұл диспропорциялар Кеңес экономикасының өзінде бағалардың инфляциялық өсуін тұрақты түрде қалыптастырып келді. Кеңес шаруашылық  жүйесінде әрбір 10-15 жылда бір рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау шаралары осы инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған.

      Қазақстанда қалыптасқан өндіріс аралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция. Тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның экономикасы негізінен Кенес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда өндірілетін шикізат өнімдерінін 90-95% шетелдерге жіберіліп отырған, ал өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90%, тұтыну товарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда тауар тапшылығы қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін алынған несие көлемі бір жарым млрд. доллардан артып кеткен болатын. 1993-1996 жылдары Қазақстандағы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000%-тен 20%-ке дейін төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық валютаны (теңгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның макроэкономикалық деңгейдегі айтарлықтай жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс теңгенің тегін келген жоқ, оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт кұлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау көлемі 90%-ке, ауыл шаруашылық пен азық-түлік өндірісі - 50-60%-ке қысқарды.

      Қазақстанда жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшу терең экономикалық дағдарысты жеңумен қоса  жүргізілді.   Өндірістің  құлдырауы  экономиканың барлық салаларында жүріп жатты.

      Реформаның  барлық кезеңінде кейде әсіре инфляцияға арналған өршімелі инфляция экономикалық дағдарыстың дәлелді сипатыты болып табылады. Тұтыну бағалары 1992 ж. 3006 %-ды, 1993 ж. 2266 %-ды құрады. Инфляцияның айлық қарқыны көбіне 30 % мөлшерінен асты, ал 1993 ж. қараша айында ол 55 %-ға жетті. Бұл жағдай стагфляция деп аталады. 1994 ж. сегіз ай мерзімінде инфляция деңгейі 1993 ж. осы мерзіммен салыстырғанда 608 %-дан 759 %-ға көтерілді.

      ҚР  Ұлттық банкісі жүргізген қатаң  монетарлық саясат арқасында жағдай өзгеріп, инфляция айына 18-19 % деңгейінде тұрақтанды. Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 1997 ж. - 11,2 %; 1998 ж. - 1,9; 1999 ж. - 17,8; 2000 ж. - 9,8; 2001* ж. -6,4 %-ды құрады.

      Қазақстан   Республикасындағы   өтпелі   кезеңдегі   инфляция себептеріне  мыналарды жатқызуға болады:

      -ұлттық  экономикада өндірістің терең  құлдырауынан болған тауар тапшылығы;

      -өндірілген  өнімдерге энергетикалық, материалдардың, еңбектің жоғары мөлшерде жұмсалуы;

      -өз  тауарлары мен қызметтеріне бағаны  негізсіз көтеруге мүмкіндік  берген жеке тауар өндірушілер  монополизмі;

      -мемлекеттік  бюджеттің тапшылығы, оны бүркемелеу  үшін мемлекет қағаз ақша шығарады;

      -мемлекеттің  өнімсіз шығындарының жоғары деңгейі;

      -басқа  мемлекеттердегі экономикалық дағдарыстардың  ықпалы.

     Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат ақша» саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие беру процентін және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілген монетарлық (ақша-қаржы) саясаттың нәтижесінде инфляция ауыздықталды, сонымен бірге ішкі өндіріс пен нарық екі-үш есе қысқарды, ұлттық өндіріс орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық күрт өсті. Негізінен сыртқа өнім шығаратын шикізат өндіру салалары жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа көшу жылдары Қазақстанда бұрыннан калыптасқан   өндіріс аралық   диспропорциялар   қысқарғанның   орнына арта түсті.

      Инфляцияны тез ауыздықтау Казақстанда жүргізіліп жатқан нарықтық реформаны құқық бойынша ресімдеудің шараларын белгілеумен байланысты болды.  Республикамыз  ТМД  аумағында  алғашқылардың  бірі болып мынадай маңызды экономикалық зандарды қабылдады: "Шетелдік инвестициялар туралы" заң, "Салықтар жәнс бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" жаңа заң, "Бюджеттік жүйе және басқалар туралы" заң.

        Үкімет  "Стратегия-2030"  сәйкес  инфляция  қарқынының жыл ішінде 5-6% шамасында болуына ұмтылып отыр. Мұндай нәтижеге жету үшін Үкімет:

      -   ақшалай-несиелік және бюджеттік саясатты  қаталдандырады;

      -  ішкі инвестициялық мүмкіндіктерді өрістетуге көмектесетін қаржылық механизмді дамытады;

       -жинақтаушы зейнетақы қорларға  ақшалай қаржылардың айтарлықтай бөлігін қауіпсіз инвестициялауды қамтамасыз етуге ұмтылады;

          - бюджеттік жетіспеушілікті қаржыландыруға құнсызданбайтын көздерді пайдаланады;

           - мемлекеттік құнды кағаздардың айналым мерзімін ұзартады және т.б.

      Жалпы алғанда, инфляцияға қарсы саясаттың ұзақ мерзімдік  стратегиялық  жєне  күнделікті  жүргізіліп  отыратын ағымдық,  тоқтаусыз  тактикалық  түрі  болды.   Монетарлық саясат негізінен күнделікті жүргізіліп отыратын, айналымдағы  ақша көлемін кадағалап реттейтін тактикалық саясат түріне жатады. Әрине, белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция кезінде, бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне айналуы занды. Бірақ, жалпы алғанда, дамыған Батыс елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, күнделікті тактикалық, ақша-несие арқылы экономиканың дамуын реттеу саясаты үзақ мерзімдік стратегиялық даму саясатының шеңберінде жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда 2001-2003 жж. арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған. Осы жылы Қазақстандағы Аграрлық саясаттың бағдарламасы жасалуда. Жақында Қазақстан Үкіметі 2001-2005 жж. арналған қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекітті. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық әкімшілік-экономикалық аймақтарының (облыстарының) экономикалық-әлеуметтік бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Осы бағдарламалардың барлығын стратегиялық саясаттың құралы ретінде қарастыруға болады. Енді Қазақстанда да монетарлық-қаржы саясаты ұзақ және орта мерзімдік реалды экономиканы қолдау және дамыту бағдарламаларының   шеңберінде жүргізілетін болады.

 

      Қорытынды.

        Информацияның жеке жағдайлары тарихта орын алғанына қарамастан инфляция жаңа экономикалық фактор болып табылады. Инфляция – бұл көп факторлы үрдіс, және монетаристердің көзқарасы бойынша инфляция – таза ақшалай құбылыс. Инфляция айтарлықтай дәрежеде сол немесе басқа елдің экономикалық дамуының нақты кезеңдерінің ерекшеліктерімен анықталады. Экономикасы әлсіз дамыған елерде инфляциялық үрдіс кірістерге бюджеттік шығыстардың күрт жоғарлауымен болатын артық ақшалай эмиссияның анықтаушы әсерінде тұрады. Дамыған елдерде айналымда жүрген ақшалай салмақ орталық банктердің қатаң бақылауыда болады. Сондықтан ақшалай салмақтың айналым арналарының ернеулеуі болмайды.

     Қазақстанда инфляцияның пайда болуына келесі себептер себепші болды: қоғамдық өндірістің терең деформациясы мен диспропорциясы; экономиканың құрылымдық ауытқуы; тауар өнімдерін өндірушілердің монополизмі; милитаризацияланған экономика; мемлекеттік бюджеттің ақшасын тиімсіз пайдалану. Қазақстандағы инфляциялық тетіктердің іс-қимылы мемлекеттік  қаржыландырылумен және жеңілдік несиелендірумен ынталандырылды. Бағаны либерализациялау және өндірісті қысқарту кезінде осыған ерген жалақыны көтеру сұраныс инфляциясының өндірістің шығындар инфляциясына қайта өсуіне әкелді. Ақшалай жүйенің бұзылуы және елде қаржы шиеленісуін құру; айырбас үрдістерінің табиғилануы; ұлттық өнімді бөлудегі нақты өзгерістер; халықтың мүліктік қабаттасуының күшеюі; инвестициялардың қысқаруы; тауарлар мен қызмет көрсетулерге бағалардың әркелкі өсуі инфляцияның салдарлары болып табылады.

     Экономикалық  өсімнің антиинфляциялық стратегиясы  инфляцияны реттеуге бағытталған кезең  – кезең бойынша шараларды  өткізуді талап етеді. Инфляцияның  негізгі факторларын ұстап тұру үшін «мақсат ағашын» салу қажет. Инвестициялық үрдісті жандандыру арқылы инвестиция дағдарысын жеңу бірінші кезектегі антиинфляциялық шаралар болып табылады. Әлемді тәжірибе нақты кепілдіктер мен инвестициялық қауіпті сақтандыру арқасында жеке сектордың капиталын барынша тарту мүмкіндігі туралы куәландырады. Барлық деңгейдегі бюджеттерді сауықтыру және Қазақстанда бюджеттік дағдарыстың көрінуінің өзіндік нысандарын меңгеру. Антиинфляциялық стратегияда маңызды орын алады, оның ішінде:  еркін көлемде қаржыландыру; бюджеттік қаражатты мақсатсыз пайдалану; мемлекеттік бюджеттің орындалуына әлсіз бақылау. Инфляцияны ұстау үшін бизнесті әлсіретпеуге тиіс ғылыми негізделген салық саясаты қажет «шағын» бизнесті қолдауға бағытталған шаралар керек. Тауарлық өндіріс жағдайларында барлық шаруашылық байланыстар ақшамен жүргізіледі. Сондықтан антиинфляциялық саясат ақша эмиссиясын және оның айналым жылдамдығын реттеуді көздейді. Қазақстанның банктік жүйесін  санациялау мен реструктуризациялау антиинфляциялық саясаттың және экономикалық өсу стратегиясының маңызды бағыты  болып табылады. Баға мен жалақыны реттеу – көпфакторлы антиинфляциялық стратегияның құрамалы бөлігі. Инфляциялық үрдісті реттеу үшін, сондай-ақ оның сыртқы факторларын бейтараптандыру қажет.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшеліктері