Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 13:33, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Мұнда ақшаның 5 түрі қызметі көрсетіледі, сонымен ақша түрлері де берілді.
Ал екінші бөлімде қарастырылып отыған ақшаның айналысына бет бұрдық. Сонымен қатар металл ақша айналысымен қағаз ақша айналысына үлкен мән берілген. Ақша көрсеткішінің негізгі сандық көрсеткіштерінің бірі ақша мпссасы мен ақша базасы туралы жазылған.

Содержание

Кіріспе
I. Ақшаның мәні мен қызметтері
Ақшаның пайда болуы мен қажеттілігі
Ақша түрлері
Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы
II. Ақша айналысы
2.1. Ақша айналысы мен заңы
2.2. Ақшаның метеалдық теориясы және металл ақша айналысы
2.3. Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақша айналысы
2.4. Ақшаның базасы мен ақша массасы
III. Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі
3.1. Ақша жүйесі жөнінде түсінік
3.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: қызметтері мен операциялары
3.4. Инфляция туралы түсінік
3.5. Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта

Работа содержит 1 файл

Ақша айналысы.doc

— 260.00 Кб (Скачать)
align="justify">  Қазақстан Ұлттық банкінің (ҚҰБ)  жоғары басқару  органдары Басқарма болып табылады және басқармаға қысқаша мынадай  негізгі қызметтер жүктеледі:

  мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;

  банк  қызметіне қатысы бар ҚҰБ-тің нормативтік құқықтық актілерін бекіту;

  Ұлттық  банктің банктермен операциялары бойынша  ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін  белгілеу;

  алтын валюта активтерін басқарудың негізгі  қағидаларын анықтау;

  ҚР  валютасының айырбас бағамын  анықтау тәртібін бекіту.

  Сонымен қатар ҚҰБ құрылымына мынадай  дарбес бөлімшелер кіреді:

  Мемлекеттік сақтау қоймасы;

  Ресей Федерациясындағы Ұлттық бакнтің өкілеттілігі;

  Банкноттық  фабрика;

  Монета  сарайы;

  Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО);

  Қазақстан ипотекалық компаниясы;

  Банктік сервистік бюро.

  Ақша  жүйесіне байланысты Ұлттық банк мынадай  негізгі қызметтерді атқарады:

  айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен  республикада мемлекеттік ақша-несие  саясатын жүргізеді және монетарлық монополиялық элементі болып табылады, бағалы қағаздарды эмиссиялайды;

  банктердің  қызметін бақылау мен қадағалауды  жүзеге асырады және пруденциалдық  нормативтер белгілейді;

  ҚР-да несиелер бойыеша сыйақы (мүдделендіру)пайыз  мөлшерлемесін реттеуді жүзеге асырады;

  Ұлттық банк мынадай операцияларды жүргізеді:

  мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

  қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

  қажет кезінде банктерде және қаржы  ұйымдарында шоттар ашады;

  чектер  жазып, вексельдерді береді;

  жарғыға сай келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін басқа да банктік операцияларды жүзеге асырады.

    Ұлттық банк – заңды төлем  құралын, яғни банкноталарды шығаруға  эмиссиондық құқығы бар жалғыз  мемлекеттік орган. Олар Ұлттық  банккінің эмиссиялануында шығарылады  және банктерге сатып, қолма-қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады.

  Ұлттық  банк банкноталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың  жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою, және қолма-қол ақшаның инкассацмялау тәртібін орнатады.

  Ұлттық  банк  Қазақстан Республыкасының  валютасын шет ел мемлекеттерінің  ақша бірліктеріне айырбастау бағамын  анықтау тәртібін белгілейді.

  Қолма-қол  ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.

  ҚР-да ақша банкноталарын өндіру және коммерциялық банктерге инкасскациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумен  байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда  өзгерді.

  Эмиссия – бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін.

  Қолма-қол  ақша түріндегі эмиссия – айналысқа  банкноталар мен монеталардың қосымша  шығарылуын сипаттайды.

  Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі себептерінің бірі – кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп айырысуларының біртіндеп қолма-қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады. Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма-қол ақшалардың эмиссиялаудың үлес салмағы банк кассасында берілуі қысқарды.

  Ақша  базасы – бұл Ұлттық банк шығаратын  ақшалар. Оған айналымдағы қолма-қол  ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер – бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бәлігі.

  Артық резервтер дегеніміз юанктердің Ұлттық банкідегі корреспанденттік шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі корреспанденттік шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.

  Ол  ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдары ақша базасының  кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.

  Ақша  мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер  мен несие ресурстарының көзі болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қолма-қол ақшаның үлессалмағына байланысты болады.

  Бұл – айналымдағы қолма-қол ақшалардың банктерден тыс орналасқанда мультипликациясының  интенсивтілігі олардың экономикадағы  айналу жылдамдығына әсер етеді, мультипликацияның  коэффициенттік жылдамдығы азаяды.

  Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы Ұлттық ьанк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақшалардың айналыс жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана, жалпы экономиканың тұрақлылығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана мүмкін. Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген сенімнің көрсеткіші болып, ақша массасындағы қолма-қол ақша үлесінің өсуіменен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағымен, шаруашылық субъекттерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударуменен бірге жүреді.

  Ақша  айналысының жылдамдығы экономикалық монетаризация деңгейіне байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады. 

  3.3. Инфляция туралы түсінік

  Инфляция (латының  «inflatio», аудармасы –  «қабыну», «ісіну») – бұл бағаның  өсуінен, тауарлар тапшылығынан, тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.

  Инфляция  – бұл кез-келген экономикалық даму үлгісіне тән объективтік құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс  және өндіріс саласында орын алады.

  Қазіргі инфляция мынадай фактоларға байланысты:

  1) Ақша айналысының факторларына:бюджет  тапшылығын жабуға пайдаланылған,  шексіз көп ақшаның эмиссиялануы  есебінен айналыс аясының артық  ақша массасына толып кетуі;

  2) Ақшалай емес факторларға: қоғамдық  өндірістегі теңсіздікке, шаруашылықтың шығындық механизміне, мемлекеттің экономиаклық саясаты, оның ішінде, салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.

  Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның екі типі болады: сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы.

  Сұраныс инфляциясы мынадай фокторлардың әсерінен туындайды:

  әскери  шығыстардың өсуі, яғни әскери техикалардың азаматтық салаларда пайдалану  қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс ақша үшін артық болып  қалады;

  мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың  өсуі, яғни мемлекеттің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу, нәтижесінде  мемлекеттің ішкі қарызы артады;

  несиелік  экспансиялау, яғни елдің орталық  банкінің комерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;

  импортталған  инфляция, яғни шетел валюталарын  сатып алу барысында тауар  айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютаның эмиссиялануы;

  ауыр  өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау.

  Шағын (ұсыныс) инфляциясы – бұл баға белгілеу процесіне әсер ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады:

  еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы;

  көрсетілген қызметтің маңызының артуы;

  бір өнім бірлігіне жұмасалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе жалақының өсуі;

  энергетикалық дағдарыс.

  Инфляция  жағдайында қағаз ақшалар мыналарға  қатысты құнсызданады:

  алтынға;

  тауар;

  шетел валютасына.

  Бірінші жағдайда қағаз ақшамен берілетін  алтынның нарықтық құны артады. Екінші жағдайда тауарлар бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетел валбтасына қатысты ұлттық валюта бағамы төмендейді.

  Инфляцияны  мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады.

  Инфляциялық процестің сипатына қарай:

  ашық  инфляция, яғни бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі байқалады;

  жабық инфляция, яғни тауао тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатаң бағалау жасап  отырады;

  инфляциялық шок, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді.

  Таралу  орнына қарай:

  Локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;

  Дүнижүзілік инфляция; яғни кейбірелдер топтарын немесе барлық ғаламдық экономиканы  түгелдей дерлік қамтиды.

  Бағаның өсу қарқынына қарай:

  баяу  инфляциясы – баға баяу қарқынмен  біртіндеп жылына 10%-ға өседі;

  орташа  инфляция – баға тез қарқында жылына 20-дан 200%-ға дейін өседі, мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға шалдықтырады;

  ұшқыр инфляция – баға жылына 500-ден 1000%-ға дейін және одан жоғары қарқынмен  өседі. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінің  құлдырауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.

    Өнеркәсібі дамыған елдер үшін  бірінші түрі тән болса, ал  дамушы елдер үшін екінші және  үшінші түрлері тән.

  Қазақстан Республикасында бағаның өсуіне қарай қазіргі кезде көрініс  табады. Мысалы, 2002 жылдың соңында статистикалық мәліметтер бойынша инфляция мөлшері – 5,9% -ды құрады. Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 2002 – 2004 жылдарғаарналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттарында бекітілген болжамға сай болып келеді.

  Инфляция  қарқыны статистикалық көрсеткіш  – тұтыну бағаларының индексі  көмегімен анықталады.

  Тұтыну  бағаларының индексі тауарлар мен  қызметтердің түрлерін қамтитын тұтыну қоржыны негізінде анықталады.

  Тұтыну  бағаларының индексі тауарлар мен  қызметтердің түрлерін қамтитын тұтыну қоржыны негізінде анықталады.

  Тұтыну  бағаларының индексін (ТБИ)  есептеуде  мынадай формула қолданылады:

  Ағымдағы  жылдағы тұтыну қоржының бағасы

   ТБИ =                                                                                                           x 100

  Базалық жылдағы тұтыну қөожының бағасы

  Тұтыну  бағаларының индексінің үш сандық мәні болуы мүмкін :

  баға  индексі 100%-ға тең болады, яғни баға өзгермеген болып табылады;

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі