Қазақстан Республикасында көлік қызметтері нарығының қазіргі таңдағы жай-күйі

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 11:15, доклад

Описание работы

Көлік қызметтерінің нарығында негізгі тауар көлік өнімі болып табылады. Көлік өнімінің мәні жүктердің орын алмасуы, яғни, бұл – өз кезегінде қызметтердің өндіріс процесі. Көлік өнімінің сипаттамалық белгісі – ол өндірістен жеке тіршілік етпейді, оны жинақтауға, қоймаға жиыстыруға болмайды. Көлік өнімінің құрамында шикізат жоқ, оның құнында жалақы үлесі жоғары (өнеркәсіпке қарағанда 1,5-2 есе жоғары). Көлікте айналым қаражаттарының өнеркәсіппен және ауыл шаруашылығымен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылығы бар, себебі жаңа зат ретінде тауар емес, оның қызметінің нәтижесі – орын алмасуы іске асырылады. Сонымен қатар, көлік өнімі кеңістікте өзара алмаспайды, яғни бір орында көлік инфрақұрылымының салаларын шоғырландыру барысында олардың кемшіліктерін өзге жолмен толықтыруға болмайды

Работа содержит 1 файл

сарсекеева диплом.docx

— 53.82 Кб (Скачать)

1. Негізгі қызмет:

- жүктерді және жолаушыларды  тасымалдау бойынша коммерциялық  және жүк операциялары;

- вагон ағымдарын ұйымдастыру  және пойыздарды қалыптастыру;

- жылжымалы құрамды басқару  және күтіп ұстау;

- пойыздардың қозғалысын  және ептілік жұмыстарды диспетчерлік  басқару;

- бағыттарды, жасанды құрамдарды, сигнализация мен байланыс жабдықтарын   және  электрмен  қамтамасыз  ету   объектілерін,  оның    іске 

қосылуына технологиялық  қажетті өзге объектілерді қоса алғанда  ХТЖЖ басқару және күтіп ұстау.

2. Қамтамасыз етуші қызметтер:

- локомотивтердің деполық  жөнделуі;

- вагондардың деполық  жөнделуі;

- вагондар мен локомотивтерді  күрделі жөндеу;

- бағыттардың күрделі  және орташа жөнделуі;

- жүктерді және объектілерді  күзету;

- сумен, жылумен қамтамасыз  ету.

Негізгі қызметтер жиынтығында  қызметтердің түрлері жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастырудың, жоспарлаудың және жүзеге асырудың негізгі  технологиялық барысымен бірігеді.

2008 жылы Қазақстанның  темір жолдары 16 млн-нан астам  жолаушыларды тасымалдады, ал  жолаушылар айналымы 14,3 млрд. жолаушы-  км асып түсті (1-сурет).

 

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1-2, 2010

 


Жакешова А.П.  Қазақстан Республикасында көлік қызметтері нарығының қазіргі таңдағы...

 


 

Бастапқы қор көзі: Статистика жөніндегі Қазақстан Республикасының  Агенттігі 

 

сурет1. Қазақстанда темір жол көлігіндегі жолаушылар айналымының динамикасы

Қазіргі таңда республикада облысаралық бағыттарға темір жолмен жолаушыларды тасымалдау жәрдем қаражатын  бөлу арқылы, конкурстық негізде, мемлекеттік  әлеуметтік тапсырыс бойынша мемлекеттік  және жекеменшік компаниялар жүзеге асырады. 2009 жылы республикада темір  жол арқылы жолаушыларды тасымалдау жұмысын 11 компания жүзеге асырады (сурет), оның ішінде екеуі «ҚТЖ» «ҰҚ» АҚ компаниясының тобына кіреді, («Жолаушылар  тасымалы» АҚ, «Қаламаңдық тасымалдаулар» АҚ) және жеті бағыт бойынша облысаралық  бағытта және бес қаламаңдық бағытта  жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ететін тоғыз қазақстандық жекеменшік тасымалдаушылар. 2005 ж. бастап 2008 ж. аралығы  мерзімде ҚР темірдың жолаушылар көлігімен 67,1 млн. жолаушы тасымалданды. Жолаушылар айналымы осы мерзімде 54 млрд. жолаушы-км құрады[3]. 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Көлігі. Статистикалық жинақ. – Алматы: ҚР статистика жөніндегі Агенттігі, 1999. – 52 б.
  2. Қазақстан 1991-2002 жылдар Ақпараттық талдау жиынтығы.
  3. Статистика жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігі.

 


Информация о работе Қазақстан Республикасында көлік қызметтері нарығының қазіргі таңдағы жай-күйі