Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 18:31, реферат

Описание работы

1997 жылдың 5 наурызында «Бағалы кағаздар нарығы туралы» және «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу туралы» қабылданған екі заң негізінде қазіргі Қазақстан бағалы қағаздар нарығының базалық инфрақұрылымы түгелінен құрылды. Қазақстан Үкіметі осы заңдарға сүйене отырып, 1997 жылдың жазында бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті атқаруды және лицензиялауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің - брокерлік-дилерлік, кастодиандық, Орталық депозитарий, бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестрін жүргізу бойынша пакетін бекітті.

Содержание

Ӏ КІРІСПЕ

ӀӀ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы.
Бағалы қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негіздері.
Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың заңнамалық негіздері.
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының пайда болуы.
Бағалы қағаздар нарығын реттеу.
Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы.

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

срсп .1.docx

— 59.13 Кб (Скачать)

Әлемдік нарык тарихында  бағалы қағаздар нарығының негізгі үш үлгісі (моделі) бар. Олар:

I. Банктік үлгі - онда бағалы қағаздар нарығының механизмі арқылы банктер қаржы қорларын бөледі (ол Германияда, Австрияда, Белгияда көп тараған). Бұл үлгі бойынша экономиканы инвестициялау мен мемлекеттік бюджет кемшілігін жоюды банктер өз міндетіне алады.

II. Банктік емес үлгі  немесе нарықтық үлгі - онда бағалы қағаздар нарығының механизмі арқылы елдің қаржы қорын бөлумен банк емес мекемелер шұғылданады (мысалы, АҚШ-та, Ұлыбританияда, Малайзияда, Пәкістанда, Сингапурда). Бұл үлгі бойынша бағалы қағаздар нарығы демократиялық жолмен өркендейді. Қаржының негізгі бөлігі жеке тұлғалардың ақшасы. Ол - банктен алған ақшаға қарағанда - «арзан» ақша.

III. Аралас үлгі - онда бағалы қағаздар нарығының механизмі аркылы қаржы қорын бөлумен банктер де, банк емес мекемелер де шұғылданады (мысалы, Жапонияда).

Қазақстан Республикасындағы  бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі-мүлікті кіші және жалпы жекеменшіктендіру механизмі арқылы меншік қатынастарын өзгертуге жеке инвесторлар ретінде өз мемлекетіміздің әрбір азаматын қатыстыру. Соның нәтижесінде жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатынасқан жоқ. Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдегендей банктер бағалы қағаздар нарығында жеке үстемдік (монополизация) роль атқарады. Дәл осы жағдай көпшілік мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісінен бас тартуына әкеп соқтырды. Сондықтан біздің елдегі экономикалық өзгеріс әлеуметтік бейімделген бағалы қағаздар нарығын құруға негізделгені дұрыс. Отандық бағалы қағаздар нарығының құрылуына әрбір азаматтың қатысуына мүмкіндік берген жөн. Дәл осы мүмкіндіктерді бағалы қағаздар нарығының банктік емес үлгісі, яғни нарықтық үлгісі асыра алады деген пікірлер молшылық.

Бағалы қағаздар нарығының  нарықтық үлгісінің банктік үлгіден айырмашылықтары мыналар:

1. Нарықта акционерлік капитал үлесінің көптігі;

2. Үлестік бағалы қағаздардың  қарыз қағаздарынан көптігі;

3. Өндірісті қаржыландырудағы  тура банктік несиенің аздығы;

4. Нарықтағы банк емес  мекемелердің көптігі.

Бұлардан басқа Қазақстан  бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісін таңдап алуға себепші  болған үш фактор бар. Олар:

1. Өндірісті өркендету  үшін шығарылып сатылатын акциядан  түсетін ақша-«арзан» ақша. Өнеркәсіп өндірісін акционерлік қоғам етіп қайта құру - өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Себебі акционерлердін де, онда қызмет істеп жүргендердің де мүддесі шешіледі.

2. Әлі көп уақытқа дейін  Қазақстан нарығында өндіріс  саласын өз активтерімен (қаржысымен) инвестициялайтын отандық ұйымдар  болмайды деген болжамдар көп.  Сондықтан мемлекеттік меншікті  жалпы жекеменшіктендіру аркылы халықты кәсіпорын басқаруға тарту жақын арада бұл механизмді пайдалануға мүмкіндік туғызады.

3. Саясат факторы - дүниежүзіндегі  сияқты Қазақстанда да бос  ақша көздерінің негізгі иесі - халық. Мемлекеттік мүлікті жекеменшіктендіру  купондары арқылы әрбір адамды  акционерлік қоғамның меншік  иесі болу құқығын жүзеге асыру  (халықтың социалистік менталитетін  есептегенде) - бүгінгі кездегі ең  өзекті саясат.

Қорыта айтқанда, Қазақстан  Республикасында калыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығының үлгісіне нақты бірыңғай көзқарас жоқ. Сондықтан  бағалы қағаздар нарығына уақыт талабына сай әлі де біраз өзгерістер енгізілуі қажет.

Қазақстан өз қаржы жүйесін  дамытпай, экономиканың нақты секторында табыска жетуі мүмкін емес. Бұл ретте 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасынның Заңына сәйкес кұрылған Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау Агенттігі қаржы жүйесін жетілдіру жөнінде бірсыпыра жұмыстар атқарғанын айтқан жөн. Солардың кейбіріне тоқталар болсақ, банк секторында банк топтарын кадағалауды және реттеуді одан әрі дамыту мақсатында Агенттіктің Шоғырландырылған қадағалау тұжырымдамасы бекітілді. 

Операциялық және несиелік тәуекелдерді ескере отырып, төлем  қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары капиталының  жеткілікті нормативі қайта қаралды.

Қазақстанда ұжымдық инвестициялау  нышандарының дамуын жетілдіру және ынталандыру, жеке инвесторлардың қаражатын  жұмылдыратын инвестициялық қорлардың  пайда болуы үшін «Инвестициялық қорлар туралы» заң қабылданды. Сондай-ақ бағалы қағаздар нарығы қызметінің стандарттарын  белгілеу, корпоративтік басқаруды  жақсартуға арналған ынталандыру шараларын  пайдалану және тәуекелге барынша  бейім қаржы нарығының сегменттерінде қадағалау ресурстарын шоғырландыру үшін өзгертілген және толықтырылған  «Бағалы кағаздар нарығы туралы»  Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданып, оның негізінде Агенттік Бағалы қағаздар нарығын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын  бекітті.

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта айтқанда, Қазақстан  Республикасында калыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығының үлгісіне нақты бірыңғай көзқарас жоқ. Сондықтан  бағалы қағаздар нарығына уақыт талабына сай әлі де біраз өзгерістер енгізілуі қажет.

Қазақстан өз қаржы жүйесін  дамытпай, экономиканың нақты секторында табыска жетуі мүмкін емес. Бұл ретте 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасынның Заңына сәйкес кұрылған Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау Агенттігі қаржы жүйесін жетілдіру жөнінде бірсыпыра жұмыстар атқарғанын айтқан жөн. Солардың кейбіріне тоқталар болсақ, банк секторында банк топтарын кадағалауды және реттеуді одан әрі дамыту мақсатында Агенттіктің Шоғырландырылған қадағалау тұжырымдамасы бекітілді. 

Бағалы қағаздар нарығы құқықтық қамтамасыз ету деген мемлекеттік органдардың бағалы қағаздар айналасы тиімді және мағыналы болуы үшін белгілі-бір жағдай жасайтын заңдар шығару.

Бағалы қағаздар нарығын  дамыту барысында алғашқы даулар да (оның ішінде сотқа талап қою) кездесе бастады.

Алайда, бұл кезде бағалы қағаздар туралы шыққан заңдар жетілген және бағалы кағаздар нарығының құкықтық негіздерін қалыптастыру процесі аяқталды деуге болмайтын еді. Нарықтық инфрақұрылымы да қалыптасу шағында болатын. Дегенмен айтылған заңдарды пайдаланудың нәтижесінде республикада пайда болған бағалы кағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз етудің жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіншілік туындады.

Бұдан кейінгі жылдары  нарықтың инфрақұрылымын жетілдіруге, нарық субъектілерінің қызметін реттеуге бағытталған жаңа заңнамалар кабылданып, бұрынғыларға бірнеше дүркін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Миркин Я.М. Ценные бумаги и фондовый рынок - М.: Перспектива, 1997.
  2. Мусатов В.Т. Фондовый рынок: Инструменты и механизмы - Москва: Международные отношения, 1991. - 192 с.
  3. Поляков В.П., Москвина Л.А. Денежное обращение и кредитная система. Москва. 1997.
  4. Пятов М.Л. Вексель: вопросы учета, анализа и налогооблажения. - Москва: Финансы и статитика, 1997. - 208с.
  5. Рынок ценных бумаг и его финансовые инструменты: Учебное пособие / Под. Ред. В.С. Торкановского/ - СПб "АО Комплект", 1994. - 421 с. 
  6. Рынок ценных бумаг: Учебник. / Под ред. В.А. Галанова, А.И. Басова. 2-е изд., перераб. и доп. - М: Финансы и статистика, 2002. - 448с.
  7. Рынок ценных бумаг: Учебник. / Под ред. Е.Ф.Жукова - М: ЮНИТИ -ДАНА, 2005. - 339с. 
  8. Рынок ценных бумаг. Круглый стол в сенате парламента РК./ Аргументы и факты Казахстан. № 6 (713) от 7 февраля 2007г. 
  9. Русско-казахский толковый экономический словарь предпринимателя. - Алматы: МЧП. 1993.- 320с. 
  10. Сборник нормативно-законодательных актов по ценным бумагам в Республике Казахстан - Алматы, 1996.

Информация о работе Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы