Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2012 в 06:27, реферат
Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс.
Сөйтіп, шетел инвестициялары - дамыған тауарлық қатынастарға ұлттық шаруашылық субъектілердің бейімделу деңгейін ірі коммерциялық инвестициялау негізінде көтеруге қабілетті, әлемдік ғылыми - технологиялық жетістіктерді енгізудің маңызды жолы. Бұл мәселе Қазақстан үшін ішкі тауар -ақша өлшемдерін деформациялау жағдайында маңызды. Республикада жаңа өндірістік қуаттарды жедел құру үшін тікелей өндірістік капиталдың импорты қажет.