Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 17:27, курсовая работа
Меншікті валютаның болмағандығы өз бетінше тәуелсіз ақша-кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік бермеді. Ұлттық Банк нақты өз бетінше ақша-кредит саясатын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге айналымға енгеннен бастап - 1993 жылдың 15 қарашасынан жүргізді. Ұлттық валюта енгізілгеннен бастап Ұлттық Банк ақша-кредит саласының, төлем жүйесінің жұмыс істеуін, банк қызметін реттеу жүйесін енгізуге толығымен жауап беріп келеді.
Кіріспе
1990 жылғы желтоқсанда
Меншікті валютаның
Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар. Жоғарғы деңгейде – Ұлтттық Банк, ал екінші деңгейде – қалған барлық басқа банктер. Ұлттық Банк орталық банктермен және басқа елдердің банктерімен, халықаралық банктермен және басқа қаржы-кредит ұйымдарына қатысты Қазақстан Республикасының мүддесін қорғайды.
Ұлттық Банк бағынудың сатылас жүйесі бар бірыңғай орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал Ұлттық Банктің оперативті басқарма органы – Директорлар кеңесі болып табылады.
Ұлттық Банктің құрылымына орталық аппарат, 16 аумақтық филиал, Алматы қаласындағы 2 филиал (Банкнот фабрикасы және Кассалық операция және құндылықтарды сақтау орталығы), Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы Өкілдігі, 4 есеп беретін мекемеі («Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы», «Банктік сервис бюросы», «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Автобазасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорындары) енеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратында 9 департамент, дербес 11 басқарма және дербес 1 бөлім жұмыс жасайды.
Ұлттық Банк елдің орталық
банкі ретінде еліміздің
Ұлттық Банк ылғи да ақша-кредит саясатының көрсеткіштері бойынша белгіленген бағдарды ұстанғанын еске салып кетуімізге болады. Мысалы, 2001 жылдың соңындағы жағдай бойынша инфляция деңгейі 6-8% шамасында анықталған, оның үстіне нақты инфляция 6,4% деңгейінде болды. 2002 жылға арналған орташа жылдық көрсеткіште инфляция 5-7% шамасында көрінген, ал оның нақты деңгейі 5,9%-ті құрады.
Қазіргі таңда Ұлттық Банк
елдің қаржы секторын реттеуде шешуші
роль атқарады. 2001 жылдың тамызында
Ұлттық Банкіге бағалы қағаздар жөніндегі
Ұлттық комиссияның қызметі мен
өкілеттігі және 2002 жылдың мамырында
Қазақстан Республикасының
Осылайша, ақша-кредит саясатын
жүргізу бойынша орталық
Ұлттық Банктен тиісті
міндеттерді беру арқылы қаржы рыногындағы
барлық қатысушыларды қадағалау
үшін жеке реттеу органын құру қаржы
рыногын реттеуді дамытудың алғашқы
қадам болып табылады. Реттеудің
осындай схемасы қаржы
I Қазақстан Респубикасы Ұлттық Банкі туралы жалпы түсінік
1.1 Қазақстан Респубикасы Ұлттық Банкі пайыздық саясаты
Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
Ұлттық Банктің міндеттері, қызметінің
қағидаттары, құқықтық мәртебесі және
өкілеттігі «Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан
Республикасының Заңында
Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде банк қызметінің жекелеген мәселелері бойынша реттеуді және қадағалауды жүзеге асырады және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс істеуі үшін жалпы жағдайлар жасауға мүмкіндік туғызады.
Ұлттық Банктің банктер мен
банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға
қатысты реттеу және қадағалау функциялары
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде
басқа елдердің орталық банктерімен
және банктерімен қарым-
Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.
Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.
Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.
Ұлттық Банктің негізгі
- мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
- төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды:
– Қазақстан Республикасында
– Қазақстан Республикасының
– банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады;
– Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады;
– төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;
– Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
– Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады;
– қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және басқасын жүзеге асырады.
Ұлттық Банк мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзу мақсатында:
- ақша нарығының жалпы жай-күйіне, заемдар бойынша сұраныстар мен ұсыныстарға, инфляция деңгейіне және инфляциялық күтулерге байланысты ресми қайта қаржыландыру ставкасын белгілейді;
- жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберінде қаржы нарығындағы нарықтық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейін белгілейді;
- ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілейді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- инфляциялық процестердi ақша-кредиттiк реттеудiң жанама әдiстерiмен тоқтату мүмкiн болмаған ерекше жағдайларда, Ұлттық Банк жекелеген салаларды ынталандыру және олардың дамуын ұстап тұру мақсатында кредиттеудің лимиттерін белгілеу, олар бойынша сыйақы ставкаларын тоқтатып қою, операциялардың жекелеген түрлері мен мәмілелер бойынша ең жоғарғы ставкаларды белгілеу және кредиттің нақты түрлерін тікелей реттеу арқылы операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тiкелей сандық шектеу қоюға құқылы;
- ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердің Ұлттық Банктен қарыз алуының жалпы көлемін реттейді, сондай-ақ банктерге берілген заемдарды тартудың және өтеудің тәртібін, талаптарын, мерзімдері мен лимиттерін айқындайды;
- депозиттерді қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ Ұлттық Банкте депозиттер берудің және өтеудің тәртібін, талаптарын, тартудың түрлерін, мерзімдері мен лимиттерін айқындайды;
- валюта нарығындағы басымдықты, сондай-ақ ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс пен ұсыныстың көздерін бағалауды және талдауы жүзеге асырады;
- мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын, меншікті бағалы қағаздар – Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын шығаруды жүзеге асырады, сондай-ақ қысқа мерзімді ноталарды шығарудың, орналастырудың, айналысының және өтеудің тәртібін, талаптарын айқындайды;
- жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберінде мемлекеттік және басқа бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
- ресми қайта қаржыландыру ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта есепке алуды жүргізеді, сондай-ақ коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу тәртібін және коммерциялық вексельдерді Ұлттық Банктің қайта есепке алуы үшін ұсынылатын талаптарды белгілейді.
Ұлттық Банк 2002 жылдан бастап ақша-кредит
саясатының бағдарларын жыл сайын
нақтылай отырып үш жыл бұрын айқындайды,
бұл экономикадағы және қаржы
нарықтарындағы ахуалды ескере отырып
неғұрлым ұзақ кезеңге арналған болжамдарды
және стратегиялық бағыттарды жүзеге
асыруға мүмкіндік беретін, елдегі
салыстырмалы макроэкономикалық тұрақтылыққа
қол жеткізуге байланысты. Мақсаттық
көрсеткіштер тұтыну бағаларының индексін
пайдаланумен белгіленеді. Олармен
қатар ішкі талдау үшін 2004 жылдан бастап
«базалық инфляция» индексі
2006 жылғы наурыз айында Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің 2006-2008
жылдарға арналған Ақша-кредит
саясатының негізгі бағыттары
қабылданды. Ұлттық Банк баға
тұрақтылығын қамтамасыз етуге
бағытталған ақша-кредит
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
2006 жылы іске асыру белгіленген шараларды
нақтылаумен үш жылға (2006-2008) ұсынылған,
бұл осы құжаттың орта мерзімдік
бағытын атап көрсетеді. Кейінгі
жылдардың көрсеткіштері
Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:
· 11 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 10 жеке басқармадан және 1 жеке бөлімнен тұратын орталық аппарат
· 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы бір филиал - Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы
Ақша мемлекет пайда болмастан көп бүрын қодданысқа енді және ол тауардың әр түрлі болатындығын білдірді. Бұл айырбас қатынастарының дамуының нәтижесі еді. Сөйтіп, ақша өзінің тауар ретіндегі сапасын біртіндеп жоғалтып, оның құнының баламасына көшті. Мемлекет өзінің каржы қызметі саласында өзіне дейінгі қолданылған акшаны пайдаланды. Қазақстан Республикасы өзінің төл теңгесін шығарғанға дейін кеңесетік (кейін ресейлік) сомдарды қодданды. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы 1993 жылғы 12 карашадағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен енгізілді. Жарлықта ұлттық валютаны 1993 жылдың 15 карашасынан бастап енгізу көзделді.
Қазақстан Республикасының ақша бірлігі (ұлттық, валютасы) теңге болып табылады. Тенге 100 тиыннан тұрады.
Информация о работе Қазақстан Респубикасы Ұлттық Банкі туралы жалпы түсінік