Қазақстан мен Германия арасындағы қарым қатынастар саласындағы түйіткілді мәселелер және оны шешу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 23:40, реферат

Описание работы

Саналы тарихтың сансыз бетке толы қойнауында Қазақ мемлекеттігі құрылып, оның басқа мемлекеттермен достық негізге баланған қарым-қатынасы нақтыланған кезеңі алтын әріптермен әспеттелген. Дәл осы алғашқы Қазақ мемлекеті – Қазақ хандығының гүлденген кезіңінде шартарапқа атағы шығып, даңқы көкке өрлеп, көрші мемлекеттер тұрмақ сонау тәкаппар Еуропаға дейін мәшүр болған, айдарынан жел есетін алып мемлекетке айналған кезеңмен тұспа-тұс.

Работа содержит 1 файл

казахстан.doc

— 55.50 Кб (Скачать)

Кіріспе

Саналы тарихтың сансыз бетке толы қойнауында Қазақ мемлекеттігі құрылып, оның басқа мемлекеттермен достық негізге баланған қарым-қатынасы нақтыланған кезеңі алтын әріптермен әспеттелген. Дәл осы алғашқы Қазақ мемлекеті – Қазақ хандығының гүлденген кезіңінде шартарапқа атағы шығып, даңқы көкке өрлеп, көрші мемлекеттер тұрмақ сонау тәкаппар Еуропаға дейін мәшүр болған, айдарынан жел есетін алып мемлекетке айналған кезеңмен тұспа-тұс. Басқа мемлекеттерге достық пен ізеттіліктің символын паш еткен, парасаттылық пен келісімпаздықтың, даңқтылық пен ымырластықтың кең айдынында жүзген мемлекет тарих сахнасынан жойылып кеткен кездің өзінде тарихтағы өз орнын алатындармен апталған күйдегі ұлттық держава ретінде қалаған болатын.

Кейіннен осы ұлы мемлекеттің  негізгі тамырын өрбіткен, тәуелсіздік алып алдыңғының ізбасары болған Қазақстан Республикасы да бабалар дәстүрінен тарихи сабақ алып, сырт мемлекеттермен  ымырластық күйде қарым қатынас орнатып, достық негізде байланыс өрбітті. Осы саяси парасаттылықтың арқасында төрткүл дүниенің сансыз мемлекеттерімен достық қарым-қатынас пен дипломатиялық негіз орнады. Атап айтсақ  Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болғалы бері оны 137 мемлекет мойындап оның 117-сімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылған. Оның ішінде көбісі қазіргі кезеңде дамыған мемлекеттер санатындағы елдер. Қазіргі кезеңде дамыған елдермен біздің елдің қатынас орнатуы, біз үшін өте тиімді болғандықтан осындай саяси бағыт таңдалған. Бұл жұмысымызда сол дамыған елдердің Қазақстанмен қарым-қатынасының негізгі бағыттарын, перспективаларын қарастырып; сол елдің Қазақстанға үлгі аларлықтай дамыған салаларын және оның біздің елге тартылуын бағамдап, анықтайтын боламыз.

Бұған арнайы түрде біз  Германияны таңдап алдық. Өйткені Германия қазіргі кезеңде әлемде сындарлы саясаты мен дамыған экономикасының арқасында дамыған ірі алпауыттардың қатарында. Германиямен қарым-қатынас жүйесін бұл жұмысымызда төмендегі аспектілер бойынша қарастырсақ дейміз:

  1. Қазіргі кезде қарым-қатынас кең арнаға қойылып, бірлесіп интеграциялау жүріп жатқан салалардағы, қос мемлекеттің алатын орны тұрғысынан;
  2. Германияның қазіргі уақытта экономиканың негізін құрып, қарқынды дамуына себеп болып отырған жоғарғы технологияларды: электроқұралдар, есептеуіш машиналар, нано-технологиялар, автомобиль құрылғыларын Қазақстан өнеркәсібіне тарту, яғни өзімізге тиімді жағын қарастыру тұрғысынан;
  3. Сыртқы және ішкі саяси жүйесіндегі Қазақстанға тиімді және тиімсіз жақтары тұрғысынан қарстырамыз.

 

 

 

 

 

 

І. Қазақстан  мен Германия: бірлесіп дамуы жолындағы  байланыс.

 

Қос мемлекеттің  достастық негіздегі саяси қарым-қатынастары  Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері дамуы жолына қойылған. Бұл байланыстарда  біз қос мемлекеттің өзара  дамыту жоспары негізінде жан-жақты  байланыстырып жатқан желі ретінде  қарастырсақ.

Бірінші саяси желіде дамуы бағыты  Қазақстан мен Германияның саяси қатынастары жоғарғы дәрежедегі тендік пен қос тараптың жақын идеялары негізінде серіктестік рухымен дамып келеді. 2010 жылдың ақпанында қабылдаған «Германияның Қазақстандағы жылы», Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылы Германияға іс-сапары кезінде салтанатты түрде қабылданған «Қазақстанның Германиядағы жылы», Алматыдағы Қазақстан – Германия Университеті жөніндегі, «Болашақ жолындағы кәсіпкерлік» заңнамасы, Инвестициялық және инновациялық серіктестік, сонымен қоса 6 кәсіпкерлік қаулының қабылдануы айғақ бола алды.

Екінші желі экономикалық байланыс тұрғысынан қарасақ  Германия-Қазақстанның сауда көлеміне қарай 6 орын алатын серіктес мемлекеті.

2011 жылы қос  мемлекет арасындағы тауар айналымы 6,2 млрд. еуро көлеміне жетті.

Оның ішінде Қазақстанның шығаратын тауарлары  мұнай, темір (темір шикізаттары), химия  өнеркәсібінің тауарларын қамтып, 4.46 млрд. еуроға дейін жетті. Ал Неміс  жағының тауарлары көбіне көліктер, есептеуіш құралдары мен электроқұралдар, сонымен қоса автобөлшектер мен фармацевтикалық дәрілерді қамтып, 1.73 млрд. сомаға дейін жеткен болатын.

Арнайы келісімшарттар негізінде Алматы қаласындағы Қазақстан-Германия  Университеті жанынан «Неміс Экономикасы  Өкілдік Органы» аталатын мекеме жасақталды. Бұл ірі мекеме қазіргі кезеңде Қазақстанда орналасқан Неміс кәсіпорындары мен Қазақстандық компаниялардың дамуына, өсіп-өркендеуіне қолдау көрсетіп келеді.

Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық қатынастардың дамуына  тың серпін әкелген тағы бір жаңалық 1995 жылы Инвестиция қорғау және 1998 жылы Салық салу жөніндегі келісімшарттардың қабылдануы болатын. Аталған Инвестиция қорғау туралы келісімшарттың негізінде Германиядан арнайы инвесторлар тартылып, 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін 367 бірлескен компанияларға инвестициялық Займ беріліп, оның 200-ден астам қазіргі кезеңге дейін негізін жоймаған. Сонымен қоса Қазақстан кәсіпорындарының қызметкерлерінің Германияға барып кәсіпкерлік оқуларын жалғап, үстемделуіне мүмкіндік берді. Қазақстан компанияларының өнімдері Германиядағы ауылшаруашылығы, экономика, электроника тауарларының көрмесіне жыл сайын қатысып тұруына мүмкіндік алады.

Үшінші байланыс желісі мәдениет  пен білім саласында қарстырылады. Қазақстан мен Германияның мәдени байланыстары 1994 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған «Мәдениет тұлғасынан достастық пен бірлестік» жөніндегі нормалдық-құқықтық актінің қабылдануымен, 1996 жылдың 31 мамырында мақұлданған «немістердің Қазақстандағы, қазақтардың Германиядағы мәдени қолдауына басымдық беретін» қаулының қабылдануымен анықталады.

Мәдени байланыстың тағы бір артықшылықтарын жүзеге асыратын мәдени ұйымдар қос тараптан да қолдау тауып, қос мемлекетте де құрылуда. Оның алғашқылары Қазақстанда 1992 жылы «шет аймақтағы мектептердің орталық  басқармасы», 1994 жылы Гете атындағы Институт, Академиялық білім алмасу ұйымы деген атауларымен ірі неміс мемлекетінің ұйымдары құрылды. Бұл ұйымдардың жұмыс жасау Қазақстан жастарын неміс тілін толықтай меңгерген күйде мектептерді бітіріп, одан әрмен ғылыми базасы жоғарғы дәрежеде жасақталған Германия Университетінде жоғарғы білім алуына көп септігін тигізуде. Мысалы Академиялық білім алмасу ұйымы 2006/2007 жылдар кезеңіндегі оқу жылдарда 100 қазақстандық студенттің, «Болашақ» жобасмен бірлесе отырып 76 студенттің Германияда жоғарғы білім мекемелеіне түсуіне көмек көрсеткен болатын. Сонымен қоса Қазақстандық және Германиялық университеттер қазіргі кезеңде серіктестік орнатып, дарынды да талапты студенттермен өзара білім алмасып тұрады. Мысалы Алматы мен Астанадағы Аграрлы Университеттер Германияның Ваенштафен Университетімен серіктестік орнатқан. Қазақстандағы жоғарғы білімді реформалау негізінде Қазақстандық және Германиялық Университеттер TEMPUS/TACIS аталатын Еуропалық Одақ жобасы арқауымен қызметтік жүргізеді.

Білім мен Мәдениеттің  достастыққа негіз болғандығының  айғақтаы дәлелі ретінде 1999 жылы Алматыда Қазақ – Неміс Университетінің  ашылуын айтсақ болады. Бұл Университет  екі елдің мәдени қарым-қатынасының  символы ретінде қабылданған  болатын. Осылайша қос мемлекеттің мәдени серіктестігі қос тарапқа да берері мол екендігін дәлелдемей-ақ көрсетіп тұр.

Жоғарыда үш желілік байланыста айтылған ойды қорытындылап кететін болсақ Қазақстан мен  Германияның желілік саладағы байланысы  біздің елге де, неміс еліне де тиімді екендігін айтамыз. Алайда жоғарыда аталған экономика саясатында Германия үкіметінің Қазақстанда ашқан экономиканы жеделдету ұйымдары көбіне өз мүдделері үшін жұмыс жасайды, яғни Қазақстанда орналасқан компаниялардың мүддесін қорғап, солардың дамуына қызмет етеді. Одан бөлек Германия біздің елге аз сомадағы және халықты толық қамтуға мүмкіндік бермейтін тауарларды экспортттауда. Ал өздері біздің елден қымбатқа бағаланса да, одан түсетін пайдасы бастапқы құнынан бірнеше есе жоғары болатын шикізат өнімдерін алуда. Одан кейінгі мәдени салада да өздеріне оқытуға Қазақстанның дарынды деген жастарын тартып, одан кейін оларды өз елінің дамуына үлес қосатын кадрларды даярлауда. Яғни біздің елден  алып, оны өздері қызығып көруде. Бұл және жоғарыда аталған мысалдар біздің жылдам арада бағдарлама қабылдап, қарым-қатынас пайдасын өзімізге көруге де мүмкіндік жасау.

Бұл бағдарлама менің ойымша төмендегідей жасалуы  қажет.

– Қымбат сомаға бағаланған мұнай немесе тағы да басқа  шикізаттарды бере отырып, оларға дәл  сол сомада бізге есептеуіш машиналарды, автомобильдерді электроника құралдарын, нано-технологиялар негізінде жасалған құралдары бізге экспорттауды талап ету;

– Біздің оларға мұнай экспорттауымыз үшін, яғни экспорттауды одан әрі дамыту үшін бізге мұнай  өңдейтін зауыттар салуымызға көмектесуді талап ету;

– Аталған электроника  және өндіріс саласында біздің Германияда оқып жатырған жастарымыздың білікті  маман болып елге оралуын қамтамасыз ететін қаулы қабылдау, ал біздер ол үшін жылдық мөлшерде мемлекет бюджетінен бұл жастардың оқытылуына қаржы бөлетінімізді алға тарту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Ғылыми және экономикалық бағыттағы Германия басымдылығы. Қазақстанның «үлгі алып, дамыту» саясаты.

 

Қазіргі кезеңде  жасыратыны жоқ Германия Еуропадағы, тіпті әлемдегі алдыңғы қатарлы дамыған елдердің бірі. Германияның бұл дамуы ғылыми жаналықтар мен жаңа заманғы инновацияның негізінде жүзеге асрылуда. Ал Германия мемлекетінің мұндай ғылыми және инновациялық дамуы әрине ғылыми білімнің дамуымен жүзеге асырылуда. Енді осы неміс ғылыми білімінің дамуы туралы сөз өрбітелік.

Германияда  жүргізілетін ғылым мен ғылыми ізденістердің, зерттеулердің өзіндік ерекшелігі қалыптасқан. Бұл ерекшелік оның керемет инфрақұрылымы мен ғылыми мекемесінің жасақталғандығымен, жоғарғы  квалификациялығымен анықталады. Өйткені Германияда ғылымның дамуына арнайы жағдайлар жасалған. 350-ден астам ғылыми-мамандандырылған жоғарғы оқу орындары, 750-дей ғылыми-зерттеу бірлестіктерінің жасақталуы  ғылымның кең өрісте дамуына негіз болған. Сонымен қоса Федерация Үкіметі  жыл сайын үздік жоғарғы оқу орны мен ғылыми-зерттеу бірлестіктерін анықтап, арнайы сыйақылар тағайындалды бұл игі шара ғылыми дамуы бәсекелестік денгейіне жетелеп, қарқынды дамытатыны ақиқат.

Жаңа заманғы  технологиялардың дамытылуына, экономиканың инфрақұрылымның сапасының ілгерілеуіне, инновациялық қарқынды қадымдауына осы ғылыми салаларының дамуы себеп болад. Сонымен қоса бұл салалардың барлығына Мемлекеттін кең көлемде қолдау көрсетуі қарқынды дамуы үстемелі түсті. Бұл қолдаулардың бірқатарын атап өтелік.

2010 жылдың 14 шілдесінде  Федералды үкімет «Жоғарғы технологиялар  жөніндегі Стратегияны» қабылдады.  Бұл стратегия 2020 жылға дейін  даму бағытын айқынайтын жоба  болып табылады. Стратегия мақсаты-алдыңғы  қатарлы нарық қалыптастыру, ғылым мен экономикалық қатынастарын тереңдету, инновациялық даму рамкасын кеңіту.

Одан кейін  Германияны толықтай табиғи қорғалатын мемлекетке айналдыру стратегиясы  да кезеңнің кезек күттірмес жаңалығы болып табылады.

Жоғарыда аталған  ғылыми даму, ал ғылыми білімді экономика саласына тиімді қолдана білу, сонымен қоса бұл процесстердің барлығы да мемлекет бақылауымен, қолдауымен жүзеге асырылуы Германияны қазіргі кездегі экономикасы ірі деңгейде қалыптасқан мемлекетке айналуы себеп болады. Ғылыми дамудағы артықшылықтары оның Ішкі Жалпы Өнімнің әлемде 4 орын алуына, және 3,577 млрд.еуроны құрауына, экспорттау көлемі 803 млрд.еуроны құрауына, Сатып Алушы Өнімнің 2,815 млдр.еуроны құрап әлемнің экономикалық алпауыт державасына айналуына елеулі үлес қосты.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Бұл тұжырымдамалардан  шығатын негізгі қорытындыларға келетін болсақ Германия ғылым мен  біліміне көңіл бөлуі арқылы әлеуметтік әлеуеті мен экономикалық жағдайының көтерілуіне себеп болды. Ал осы  дамыту саласын Қазақстанға орнатар  болсақ қалай болар еді, соны талдап өтелік.

Қазіргі кезде  Қазақстанда ғылым мен экономиканы  байланыстыру дұрыс жолға қойылмаған. Оны жолға қойып елді дамытудың  концепцияларын атап өтіп қортындылайық.

– Қазақстандағы  білім салалры мен ғылым орындарын  реформалауды дұрыс жолға қою;

– Қазақстан  ғылым салаларын экономика құрылымдарымен сабақтастыру;

– Арнайы заңамалар  қабылдау арқылы Германияны моделінен  үлгі алып электронды технологиялар  мен жаңа заманғы құрылғыларын дамыту;

– Германиямен  достық келісімшарт негізінде Ноу-хаудың Қазақстанда  таралуын қамтамасыз етуі;

– Қазақстан  жастарының Германиядан ғылыми білім  меңгеріп, біздің елге таруын бағамдық үйлестірілу;

– Заңнаманың негізде  елдің ғылыми-зерттеу орталықтарын арттырып, экономикамен байланыстырып, Қазақстанды дамыту.

Бұл жұмысымызда елімізді дамыту концепцияларын басқа мемлекеттің ғылыми және экономикалық салалрымен салыстыра отырып қарастырдық. Мұндағы негізгі мақсат туған еліміздің дамуына қазіргі кездің өзінде алғашқы концепциясын қалыптастыра бастасақ, кейінгі кезеңдерде оның арнайы түрде заңамаға айналып, еліміздің өркендеуіне себеп болуына тырысу біз үшін парыз болып табылады. Бұл парыз әлеуеті түзу әр қазақтың негізгі міндеті болып табылады. Сол парызды ойдағыдай жүзеге асырып, Джон Кеннедидің «маған мемлекет не беретінін ойламай, менің мемлектке не беретінімді ойлауым маңыздырақ» дегендегідей, өз мемлекетіміздің дамуына үлес қосуды осы бастан ойлап, концепциясын қалыптастыруды алға тартқанымыз жөн. Сонда ғана өз туған еліміз экономикасы мен саяси жағдайы, әл-ауқаты алдыңғы қатарға өтіп, менменшіген тәкаппар ірі державаларымен терезесі тең дәрежеге жетіп, иық тіресетіндей шамаға жететіні ақиқат!

Информация о работе Қазақстан мен Германия арасындағы қарым қатынастар саласындағы түйіткілді мәселелер және оны шешу жолдары