Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2011 в 10:30, курсовая работа
Ақша мемлекет пайда болмастан көп бүрын қодданысқа енді және ол тауардың әр түрлі болатындығын білдірді. Бұл айырбас қатынастарының дамуының нәтижесі еді. Сөйтіп, ақша өзінің тауар ретіндегі сапасын біртіндеп жоғалтып, оның құнының баламасына көшті. Мемлекет өзінің каржы қызметі саласында өзіне дейінгі қолданылған акшаны пайдаланды. Қазақстан Республикасы өзінің төл теңгесін шығарғанға дейін кеңесетік (кейін ресейлік) сомдарды қодданды. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы 1993 жылғы 12 карашадағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен енгізілді. Жарлықта ұлттық валютаны 1993 жылдың 15 карашасынан бастап енгізу көзделді.
Қазақстан Ұлттық Банкі айырықша жағдайларда міндеттемелердің есуіне резервтік талаптар енгізуге құқылы. Ең төменгі резервтік талаптардыц нормативтерін әзгерту осындай шешім қабылданған күннен бастап бір айдан ерте колданысқа енгізілмейді.
Ең
төменгі резервтік талаптардың
нормативтері бұзылған кезде Қазақстан
Республикасының заң
Қазақстан Ұлттық Банкі банк кызметін тоқтатқан кезде бір апта мерзім ішінде банкке Қазақстан Ұлттық Банкінде резервтелген қаражатты қайтарып береді.
Қазақстан Ұлттық Банкі тікелей сандық шектеуді айырықша жағдайларда ғана белгілейді. Қазақстан Ұлттық Банкінің тіке сандык шектеулері дегеніміз операциялар мен мәмілелердің жекелеген түрлері бойынша ставкалардың ең жоғарғы деңгейі, несиелендіруді тікелей шектеу, сыйақының (мүлденің) ставкасын ұстап тұру, жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе тежеу максатында несиенін накты түрлерін реттеу болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі тікелей сандық шектеуді ақша-несиемен реттеудің жанама әдістерімен инфляциялык процестерді тоқтату мүмкін болмаған жағдайда қолдануға құқылы.
Ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі мынадай операция түрлерін жүзеге асырады:
1) қарыздар беру;
2) депозиттер қабылдау;
3) валюталықинтервенциялар;
4) Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару;
5) Мемлекеттік және басқа да бағалы кағаздарды сатып алу және сату, оның ішінде кері сатып алу құқығымен;
6) коммерциялык вексельдерді қайта есепке алу;
7) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасынын шешімі бойынша басқа да операциялар.
Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердін карыз алуының жалпы көлемін реттейді.
Банктерге берілетін карыздарды беру мен өтеу тәртібін, талаптарын, түрлерін, мерзімдерін және лимиттерін Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкі қарыздарды өтімділігі жоғары және кауіпсіз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз ете отырып та, қамтамасыз етпей де бір жылдан аспайтын мерзімге береді. Бұл мерзімді Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы ұзартуы мүмкін. Бұл орайда Қазақстан Ұлттық Банкі соңғы инстанциядағы қарыз беруші ретінде банктерге қарыздарды Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттарда және мерзімдерде беруге құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік қүқыктык актілерінде көзделген мүлік Қазақстан Ұлттық Банкінің қарыздары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепіл заты бола алады.
Депозиттерді тарту мен өтеу тәртібін, талаптарын, мерзімдерін және тарту лимиттерін Қазақстан Ұлттық Банкі айкын-дайды. Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де депөзиттер тартуға құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясаты мақсатында қысқа мерзімді ноталарды ұлттық та, шетелдік те валюталарда шығаруға құқылы.
Қысқа мерзімді ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және отеу тәртібі мен талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкі айкындайды. Қазақстан Ұлттық банкінің қысқа мерзімді нотасы - Қазақстан Ұлтық Банкі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар.
Мемлекеттік және өзге де бағалы қағаздарды сатып алу және сатуды Қазақстан Ұлттық Банкі жалпы ақша-несие саясаты шеңберінде жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкі коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу тәртібін және Қазақстан Ұлттық Банкінің коммерциялык вексельдерді қайта есепке алуға қабылдауы үшін койы-латын талаптарды белгілейді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталык интервенциясы жалпы ақша-несие шеңберінде жүргізіледі. Валюталық нарықта интервенцияны Қазақстан Ұлттық Банкі кез келген банктер мен валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелерді пайдаланумен дербес жүзеге асырады.
Валюталық
реттеу саласындағы Қазақстан
Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында банктерге несие беру тәрізді ақша-несие саясатының құралын да пайдалануға құқылы.
Банктерге
несие берудің тәртібін, шартын, түрін,
мерзімі мен лимитін Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі айкындайды. Қазақстан банкі
несие берудің соңғы сатысының несие берушісі
ретіңде банктерге несиені ұлттық және
шетелдік валюталармен, Қазақстан Ұлттық
Банктің Ережесімен белгіленген тәртіпте
және мерзімде, қамтамасыз етіп те, қамтамасыз
етпей де ұсынады.
2.2 Ақша
– несие саясатының табыстау
механизімі және оның салық-
бюджет, валюта саясаттарымен
байланысы
Монетарлық саясат өте күрделі табыстау механизмінен тұрады. Жалпы саясаттың тиімділігі әр бөліктің сапалы жұмысына тәуелді. Ақша-несие саясатының төрт түрлі табыстау механизмін қарастыруға болады:
1) Орталық банк саясатының салдарынан нақты ақша ұсынысының [9,23](1) мәнінің өзгеруі;
2) Ақша нарығыңцағы пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі;
3) Пайыз мөлшерлемесінің динамикасына байланысты жиынтық шығындардың (әсіресе инвестициялық шығындардың) реакциясы;
4) Жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты өнім көлемінің өзгерісі.
Ақша ұсынысының өзгерісі мен жиынтық ұсыныс реакциясының арасыңца тағы екі аралық баспалдақ жатыр, осы жағдайлар соңғы нәтижеге көп ықпал етеді.
Нарықтық пайыз мөлшерлемесінің өзгерісі экономикалық агенттердің қоржын активтерінің құрылымының өзгеруіне байланысты болады, ал бұл өзгерістер Орталық банктің ақша саясатын кеңейтуінің салдары. Мұндай саясаттың салдары ретінде активтің басқа түрлерін сатып алу, несиесінің арзандауы, нәтижесінде пайыз мелшерлемесінің төмендеуі байқалады.
Ақша нарығының реакциясы қисығының тікшелеу болуынан ақшаға сұраныстың сипатына, түріне тәуелді болады.
Ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сезімтал болса, онда ақша жиынының өсуіне, пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгеруі әсер етеді. Және керісінше, ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне әлсіз әсер етсе, онда ақша ұсынысының өсуі пайыз мөлшерлемесінің едәуір төмендеуіне алып келеді.
Келесі қадам, пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне байланысты жиынтық сұранысты түзету болады. Әдетте пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық шығындар әсер етеді деп есептеледі. Егерде ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің едәуір өзгерісі болды деп жорамалдасақ, онда пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық сұраныстың сезімталдығы байқалады. Басқа жағдайлар тұрақты болса, онда осы шарттан жиынтық табыстың мультипликаторлык мәнінің кеңейуі пайда болады.
Табыстау механизмі қадамдарының бұзылуына байланысты ақша саясатының төмендеуі немесе мүлдем нәтижесіз болуы мүмкін.
Мысалы, ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгерісі немесе пайыз мөлшерлемесіне жиынтық сұраныс реакциясының болмауы, онім көлемі мен ақша жиынының арасындағы байланысты үзеді. Мүңдай құбылыс нарықтық экономикаға көшіп жатқан мемлекеттерде байқалады. Ақша саясатын жүргізуде табыстау механизмінің сапалы жұмысынан басқа да қиындықтар кездеседі. Орталық банктің пайыз мөлшерлемесін өзгертуі экономикаға өр уақытта дүрыс әсер ете бермейді, сондықтан да Орталық банк пайыз мелшерлемесін бір тұрақты деңгейде ұстап тұру арқылы инвестицияны тұрақтандырады, демек мультипликатор арқылы өнім көлеміне әсер етеді. Егер экономикада өрлеу болса және жалпы Ұлттық өнім өссе, оңда ақшаға трансакциялық сұраныс өседі. Нақты ЖҮӨ ақшаға сұраныстың бір параметрі:
Ақша ұсынысының тұрақты жағдайында пайыз мөлшерлемесі өседі, демек ақша ұсынысын бұрынғы қалыпты жағдайда ұстау үшін, Орталық банк ақша ұсынысын өсіруі қажет. Мұндай жағдай ЖҮӨ өсуін қосымша ынталандырады және инфляцияның пайда болуына әкеледі.
Экономикадағы құлдырау және ақшаға сұраныстың азаюы жағдайында Орталық банк пайыз мөлшерлемесінің төмендеуін болдырмау үшін, ақша ұсынысын азайтуы қажет. Бірақ мүндай жағдай жиынтық сұранысты төмендетіп, экономикадағы құлдырауды шиеленістіре түседі.
Ақша-несие саясатының жанама әсерлерін де ескерген жөн. Мысалы, егерде Орталық банк ақша ұсынысын өсіру қажет деп есептесе, онда ол құнды қағаздар нарығынан облигация сатып алу арқылы ақша базасын кеңейте алады. Бірақ ақша ұсынысының өсуімен қатар пайыз мөлшерлемесі төмендей бастайды. Бұл жағдай екі коэффициентке әсер етуі мүмкін (сг және гг.). Халық депөзиттегі қаржыларының бір бөлігін нақты ақшаға айналдыра алады, онда [3,43] (3) өседі, банктер артық резервтерщ осіреді, ол [4,112] (4)мөнін өсіреді.
Мұндай шаралардан кейін ақша мультипликаторы төмендейді, бұл жағдай ақша жиынын кеңейту тенденциясының төмендеуіне әсер етеді.
Ақша-несие саясаты келемді сыртқы кешеуілдеуге ие бола алады (шешім қабылданғаннан бастап, нәтижеге дейін), өйткені экономикадағы инвестициялық белсенділік өзгерісіне байланысты пайыз мөлшерлемесі тербелістері ЖҮӨ көлеміне әсер етеді, мұндай құбылыстар ұзаққа созылады.
Ақша-несие саясатының қазіргі кезеңдегі тиімділігі Орталық банктің саясатына деген сенімділікпен тығыз байланысты.
Ақша-несие саясаты салық-бюджет және сыртқы экономикалық саясатпен тығыз байланысты.
Егерде Орталық банк тұрақты айналым курсын ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тәуелсіз ішкі ақша саясаты болуы мүмкін емес, өйткені айнымалы курсты ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталық резервтердің көбеюі және азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруіне әкеледі. (Мысалы валюта сатып алғанда экономикадағы ақша ұсынысы әседі.) Салық-бюджет және ақша саясаттарын бір-біріне сәйкес келтіру белгілі қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы мемлекеттік шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай іс-әрекеттердің нәтижесі ақша саясатымен байланысты болады.
Қазыналық
саясаттың нәтижесінде бюджетте
тапшылық болса, онда мұндай жағдайда
тиімді, тұрақты монетарлық саясат болмайды.
2.3
2004 – 2006 жылдардағы Қазақстандағы
пайыздық саясатты талдау
Ұлттың банк ақша-несие саясатының бағыттарын бір жылға анықтап келсе, 2002 жылдан бастап, алдағы үш жылға алдын ала анықтау тәжірибесіне көшті және әр жыл өткен сайын өзгерістерді ескеріп, оған Ұлттық банк пен ҚР Үкіметі біріге түзетулер енгізеді. Мүндағы негізгі мақсат біртіндеп инфляциялың таргеттеу принципіне өту, яғни ақша базасы мен алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты керсеткіштерге көшу.
Осындай ақша-несие саясаты қана Ұлттық, банктің инфляцияны төмендету максатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар жүргізілетін ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етеді. Басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей, инфляцияның мақсатты көрсеткіштерін енгізуге мынадай факторлар негіз бола алады: бюджеттің тұрақты жағдайы, макроэкономикалың тұрактылықты кепілдендіру, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Орталық, банктің тәуелсіздігі, Орталың банктің құралдары мен инфляция арасындағы өзара байланысты түсіну, ақпараттың ашықтығы.
Ақша-несие
саясаты қаржы нарығының
2004 - 2006 жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы 2-кестеде беріледі (Қосымша А).
2-кестеден көріп отырғанымыздай, 2004 — 2006 жылға ар-налған ақша-несие саясатының басты мақсаты — 2004 — 2005 жылдары орта жылдық инфляцияны 4—6% және 2006 жылы 3—5% шегінде ұстау.
Инфляциялың таргеттеу тұсындағы ақша-несие саясатының негізгі құралдарының біріне «ашық нарықтағы операция», оның ішінде РЕПО операциясы және вексельдерді қайта есепке алу операциялары жатады. 2004 жылы Ұлттық банк өзінің ресми мөлшерлемелерінің (онық ішінде, РЕПО және вексельді есепке алу мелшерлемелері бойынша) рөлін нығайту үшін шаралар қолданбақ. Бұл өз кезегінде 2005 — 2006 жылдары ақша-несие саясатының инфляциялық таргеттеуге өтуіне дайындық үшін қызмет етеді.
2004 жылы Қазақстан Республикасында валюталың режимді либерализациялау, бірінші кезекте капиталдың сыртқа шығуы мен ішке келуіне жасалатын валюталық, бақылау мен реттеу шараларын жұмсарту, яғни кейбір капитал қозғалысымен байланысты операциялар үшін лицензиялауды алып тастауды көздейтін сияқты шаралар жалғасын табуда. Жалпы алғанда, валюталық. режимді либерализациялау үш кезеңде өтеді. 2 кезең бағдарламасын 2005 жылы бастау көзделуде. Либерализациялау бағдарламасы толығымен 01.01.2008 жылы аяқталады деп күтілуде.
Информация о работе Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша – несие саясаты