Қазақстан Ұлттық банкі монетарлы саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 20:34, лекция

Описание работы

Қазақстан Ұлттық банкі монетарлы саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.Ақша дегеніміз — тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша — тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс "жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады.

Содержание

Кіріспе
І.Ақша нарығының теориялық негіздері
1.1Ақша туралы түсінік
1.2 Қ.Р. ақшаға сұраныс және ерекшеліктері
ІІ.Қазақстан Республикасының монетарлы саясаты
2.1Ақша – несие саясатының түрлері, құралы, мақсаты
2.2Несие операциялары. Ақша нарығының операциялары
2.3Ақша – несие саясатының механизмі
2.4 Қ.Р-ғы ақша-несие саясаты
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

диля.docx

— 53.25 Кб (Скачать)

Бірақ басты фактор табыс болып саналады, сондықтан

M d/t =(f*Y/+)

Бұл жерде M d/t — ақшаға трансакциялық сұраныс;

  Ү — жиынтық  табыс.

Сұраныстың 2-мотиві сақтық мотиві бойынша сұраныс деген  атқа ие болды. Ол адамдарда көзделмеген төлемдерге кез болғанда пайда болады. Бұл үшін оларда белгілі бір ақша қоры болуы керек. Оның көлемі көзделмеген шығындар көлеміне байланысты болып, ал оның өзі ұлттық табысқа тура пропорционалды болуы керек:

M d/i =(f*Y/+)

M d/i — сақтық мотиві  бойынша ақша сұранысы. Бұл 2 сұраныс пайыз мөлшерлемесіне тәуелсіз.Дж. Кейнс ақша сақтаудағы үшінші мотивті - жалдаптық мотивті бөліп көрсетті. Бұл жағдайда ақша қорының дивиденд әкелмеген кезі қарастырылады.Жалдаптық сұраныс кезінде ақша қаржы активтерін сату және қайта сату арқылы табыс әкеледі. Классикалық және кейнстік тұжырым ақша сұранысында келесі факторларды бөліп шығарады:

- табыс көлемі Ү

- пайыз мөлшерлемесі і

Md=f(Y/+,i)

Классикалық теория ақша сұранысын табыспен, ал кейнстік керісінше пайыз мөлшерлемесімен байланыстырады.

Инфляция факторын жою үшін ақшаға нақты сұраныс көрсеткішін пайдаланады

(М/Р)d=f(Yi)

Мұқтаждықты қанағаттандыратын  ақша басқаға да пайдасын тигізеді. Адамдардың алыпсатарлық жасауы үшін бірқатар қаражаты болғанымен, олар кездейсоқ мұқтаждықтарға, яғни сақтауға жұмсалуы мүмкін. Жоғарыда айтылған үш дәлелдің әрқайсысы, егер басқа активтерге пайыз мөлшерлемесі артса, онда ақша сұранысы төмендейді.Ақша басқа активтерге қарағанда аз пайыз түсіреді: доллар пайызының түсуі көп болған сайын жеке адам аз ақша ұстайды. Ақшаның пайыз мөлшерлемесі артқан сайын ақша сұранысы да артады, ал балама активтерге пайыз жоғары болған кезде ол азаяды. Іс жүзінде біз ақша құнын ақшаға аламыз және де басқа активтерге, мысалы, сақтау мекемелеріндегі депозит немесе бірлестіктердің депозит куәлігі немесе коммерциялық іс қағаздарға төленген пайыз арқылы да өлшеп аламыз. Ақшаның пайыз мөлшерлемесі — дербес пайыз мөлшерлемесіне жатады.

 Бұл тұстағы ақша құны басқа активтерден түскен табыс пен дербес пайыз мөлшерлемесі аралығындағы айырмашылыққа тең болады.

Келісімдер жөніндегі  сұраныс. Келісімдер жөніндегі сұраныс  қашанда ақшаның тауар және қызметке төленуі барысында пайда болады.

Келісімдер жөніндегі  сұранысты қарастыра отырып, біз  пайыз мөлшерлемесінің сомасы мен ақшаны аз ұстаудағы қолайсыздықтар арасындағы айырмашылыққа кезігеміз. Бұл түсінікті болу үшін мынадай мысал келтірейік. Әлдекім ай сайын, салық төлегеннен кейін, 1800 долл. алады делік. Ал бір күнде ол ай сайын алатын 1800 доллардан 60 долларды жұмсайды немесе бір күнде 60 долл. жұмсап, қалған 1,740 долларды үнемдеуіне болады. Бірақ оның кұн сайын банктен 60 долл. алып тұруына тура келеді. Салымшы ай сайын сақтық кассасында қалып отыратын ақшасына пайыз алады.Мұны ақшадан түскен табыс дейміз. Келісім арқылы қанша ақша ұстауды білу үшін жеке адам қолдағы ақшасының құнын білуі тиіс. Жеке адамның ай сайынғы атаулы табысы Үn делік. Сол Үn кассадағы есепке ай сайын төленеді; оны жұмсау үшін ол кассадан валюта немесе чек түрінде қаражат алады. Кассада қалған депозиттен әр ай сайын і пайыз мөлшерлемесі пайда ретінде түседі. Ал қолдағы ақшадан ондай пайда түспейді. Жеке адамның қолындағы және сақтық кассасындағы есебі арасындағы басқа келісім құны (іс). Ол қүн жеке адам уақыты немесе басқа адам аударымының қүны болуы мүмкін. Шекті табыс — МВ — аз мөлшердегі ақша балансының пайыздық сомасы. Шекті табыс шығын саны көбейген сайын азая береді. Е нүктесінде ақша құны азайған Е нүктесіне сәйкес n* шығын санын үнемдеу есебінен ақшаға айналады. Ол МС қисық сызығын жоғары қозғалтып, шығындар санын азайтады, сондықтан n ақшаны арттырады. Екіншіден, пайыз мөлшерлемесінің өсуі МВ қисық сызығын қозғалтады. Сондықтан артқан n ақшаны азайтады: пайыз мөлшерлемесі жоғары болған кезде жеке адам жоғары пайыз мөлшерлемесін алу үшін банкке жиі баратын болады. Сол себепті ақша сұранысы пайыз мөлшерлемесіне қатысты екенін көрсетеді.Табыстың өсуімен алғанда, көрініп тұрғандай пайдасы аз. Табыстың өсуі МВ қисық сызығын жылжытып, келісімдер санын арттырады.Ақша сұранысының икемділігі. Тендеуде табыстың өсуіне қарай ақша сұранысы пропорционалды артатыны көрсетілген. Басқаша айтқанда, табыстың ақшаға коэффициенті - Үn/М табыс деңгейіне қарай артады. Табысы жоғары адам шамамен ақшаны аз мөлшерде ұстайды. Бұл жерде кассаны басқаруда экономика деңгейі орын алады. Яғни ақша сұранысының икемділігі 1-ден аз [ол тендеуде 1/2-ге тең].Табыс икемділігі ақша сұранысының пайыздық өзгеруін өлшейді. Ондағы өзгеріс табыстағы бір пайыздық өзгерісте болуы тиіс. Сонымен, тендеу ақша аударымының икемділігі делдалдыққа 1/2 екенін және пайыз мөлшерлемісіне де 1/2 екенін көрсетеді.Табыс артқан кезде адам қолдағы бір долларын жұмсаған тұста қандай жағдай туындайды? Табыс жоғарылағанда кассаны басқару нәтижелі болады. Өйткені келісімнің әрбір долларының қүны жоғары келісімдерге қарағанда төмендеу. Табыстың сұранысқа икемділігі:

Δ(М / Р) / ΔҮ     Бұдан пайыздық      Δ (М / Р) . Δі

М/Р      Ү         икемділік:        М /Р    іБұл ез кезегінде келісімдердің төменгі құны - делдалдық келісімінің нәтижесі болып отыр. 10 долл. аударымның құны 10 млн. долл. аударыммен шамалас, яғни бұл аударылған әр доллардың құны көп мөлшердегі аударымдар кезінде төмен болады."Делдалдық кұны" (tс - кассадан алу құны) уақытқа байланысты. Табыс артқанда tс Ү^-мен бірге артады. Ол кезде табыстың өсуі акдіа сұранысының артуын көрсетеді де, ол 1/2-ден көп болады. Өйткені tс Ү^ -пен қатар жүреді.  
 
 
 

II ҚР-ның монетарлы  саясаты

2.1 Ақша – несие саясатының түрлері, құралы, мақсаты

 Нарық жағдайында  банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып-сатумен де айналысады.

Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді.

Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға әсер ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк опера-цияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.

Қазақстан Ұлттық банкі  мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган  болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

  Ақша-несие саясаты.  Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік  ақша-несие саясатын анықтайтын  және жүзеге асыратын орган  болып табылады. Қазақстан Ұлттық  банкі ақша-несие саясатының басты  мақсаты: ұлттық валютаның тұрақ-тылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

Ақша-несие — бұл  айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

Ақша-несие саясатының түрлері. Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

1) рекстрикциялық ақша-несие саясаты;

2) экспанциялық ақша-несие саясаты.

Рекстрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциялық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Ақша-несие саясатының мақсаты және құралдары. Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады.

Ақырғы мақсат:

а) экономиканың өсуі;

ә) толық жұмысбастылық;

б) бағаны тұрақтандыру;

в) төлем балансын тұрақтандыру.

Аралық мақсат:

а) ақша жиыны;

ә) пайыз мөлшерлемесі;

б) айырбас курсы.

Құралдары:

а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;

 ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;

б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;

в) ашық нарықтағы операциялар.

Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.

Соңғы мақсаттар  жалпы экономикалық саясаттың, сонымен  қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды  ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.

Аралық мақсаттар  нарықтық жағдайда тікелей орталық  банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.

Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

- қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;

- ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;

- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу жәнесату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;

- банктерге және үкіметке несие беру;

- валюталық нарықтағы басқыншылық;

- кейбір  жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер еңгізу;

- ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.

2.2 Несиелік операциялары. Ақша нырығындағы операциялар

Міндетті резервтер. Коммерциялық банктер Орталық банкке пайыз мөлшерлемесі есептелмейтін  салым ретінде ақшаны сақтайды. Бұл депозиттегі ақшаларының белгілі бір бөлігі, мұны міндетті резервтер деп атайды.Әр мемлекетте ақшаны сақтау формалары әр түрлі болады.

Міндетті резервтердің нормасы депозиттің көлемімен белгілі  бір пайыз мөлшерлемесі арқылы тағайындалады. Олар салымның түрлеріне байланысты бөлінеді. Мысалы, жедел салым талап етілген салымнан төменболады.

Банктер артық резервтерді  сақтайды — бұл міндетті резервтердің артық сомасы өтімді құралдарға сұраныс есетін төтенше жағдайларда пайдаланылады.

Резервтік талаптар. Ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несие көлемін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.

Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдісін реттеу қызметтерін атқарады.

Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы  1 қаңтарда еңгізілген «ҚР коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес, міңдетгі резерв нормативі 18—20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытга ол төмендеп, 10,5%-ды құрайды. Банктер резервтерінің артық болуы яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің баламалы тәртібіне етуге, яғни бұл банктердің нормативтерін орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінен төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.

Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы  ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.

АҚШ пен Германияда міндетті резервтік нормалар біршама жоғары деңгейде бекітілген. АҚШ-та міндетті резервтер банктер санатына, депозиттердің шамасы мен түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті резервтер федералдық резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталады және резервтердің артық мөлшері федералды резервтік банктердің АҚШ ақша нарығында маңызды үрдістерге байланысты операциялардың басты бір көзін құрайды. Заңмен бекітілген резервтер коммерциялық банктердің несиелеу қабілеті әсер ететін федералды резервтік банктік жүйенің басқарукеңесінің басты құралы болып табылады. Резервтердің басты мақсаты банк несиесінің артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады. Дәл осылай, жанама жолмен коммерциялық банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы және экономиканы түрақтандыру барысында бұл резервтер салым иелерінің мүдделерін қорғау құралы болып табылады.

Федералды резервтік  жүйе экономикалық құлдырау кезеңінде  міндетті резервтердің іскерлік белсенділігін  арттыру және ынталандыру үшін міндетті резервтің деңгейін жиі қысқартып  отырған. Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге келесідей екі тәсілді қолданады:

1) міндетті резервтер;

2) резервтеудің баламалы тәртібі.

Орталық банк неғұрлым міндетті резервтердің нормасын жоғары тағайындаған сайын, коммерциялық банктердің операцияларды жүзеге асыруға пайдаланатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының өсуі (rr) ақша мультипликаторын төмендетіп, ақша жиынының азаюына алып келеді. Сонымен Орталық банк міндетті резерв нормасын өзгерте отырып, ақша ұсынысының динамикасына әсер етеді.

Информация о работе Қазақстан Ұлттық банкі монетарлы саясаты