Атырау облысының экономикалық жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 22:27, реферат

Описание работы

Облыс экономикасы қарқынды дамып, негізгі көрсеткіштер тұрақты өсті. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жаңа кәсіпорындарды іске қосу, мұнай-газ өндіру көлемін арттыру, құрылыс индустриясы мен өңдеу өнеркәсібін дамыту, транспорт, әлеуметтік салалар бойынша ауқымды істер атқарылды.
Облыстың жалпы өңірлік өнімі 2011 жылы 3 трлн. 110 млрд.теңгені құрап, 2007 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артты .

Содержание

Негізгі бөлім
1. Қазақстанның экономикалық проблемалары
2. Атырау экономикасы үшін мұнай өнеркәсіптерінің тигізетін әсері
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Атырау облысының экономикалық жағдайы.docx

— 21.51 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

       «Экономика және менеджмент» кафедрасы

 

 

 

Реферат

 

«Атырау облысының  экономикалық мәселесі»

              

                             

              

 

 

                                             

                                                                   Орындаған

 

                                                     Тексерген:

 

 

 

 

 

 

 

 

Атырау, 2013

 

 

 

Жоспар

 

Кіріспе

 

Негізгі бөлім

 

1. Қазақстанның экономикалық проблемалары

2. Атырау экономикасы үшін мұнай өнеркәсіптерінің тигізетін әсері

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Облыс экономикасы қарқынды дамып, негізгі көрсеткіштер тұрақты өсті. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жаңа кәсіпорындарды іске қосу, мұнай-газ өндіру көлемін арттыру, құрылыс индустриясы мен өңдеу  өнеркәсібін дамыту, транспорт, әлеуметтік салалар бойынша ауқымды істер  атқарылды.

Облыстың жалпы өңірлік өнімі 2011 жылы 3 трлн. 110 млрд.теңгені құрап, 2007 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артты .

Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі Атыраудың үлесі  13 пайызға дейін ұлғайса, халықтың жан басына шаққандағы өңірлік өнім көлемі 39 мың долларға жетіп, 2007 жылмен салыстырғанда 2 есе өсті. Бұл көрсеткіш бойынша біз республикада 1-ші орындамыз.

Өнеркәсiп өнiмiнің көлемi  5 жылда 3 есе өсіп, 2011 жылы 4 трлн. 243 млрд. теңгені құрады (диаграммада көрсетілген).

Облыста 30,2 млн. тонна мұнай және 13,6 млрд. текше метрден астам газ  өндiріліп, 2007 жылға қарағанда тиісінше 55 және 92 пайызға артты.

Облыс экономикасына 1 трлн. 61 млрд. теңге  инвестиция тартылып, 2007 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артты (диаграммада көрсетілген). Осы санатта да біз республикада көш басындамыз.  Бұл – тұтас елімізге, облысқа деген көрсетілген биік сенім!

Өңіріміздің серпінді дамуының арқасында  мемлекеттік және жергілікті бюджеттерге  салық және басқа да міндетті төлемдердің  түсімі тұрақты ұлғайып келеді. 2011 жылы мемлекеттік бюджет пен ұлттық қорға 2 трлн. теңге салықтар мен  төлемдер түсіп, 2010 жылмен салыстырғанда 51 пайызға артты (диаграммада көрсетілген). Бұл республикалық бюджеттің 40 пайызын  құрайды. Бұл – облыс тұрғындарының  әлеуеті артқанының дәлелі.

Өлкенің басты байлығы, экономиканың негізгі  тірегі — мұнай мен газ. Сонымен қатар, экономиканы әртараптандыру қажеттігі басқа да салаларды жүйелі  дамытуды талап етеді.

Сервистік қызметтерді, инфрақұрылымды мұнай-газ өндіру, өңдеу өндірісінің  төңірегіне шоғырландыру шараларын  алудамыз.  Мақсат – жаңа жұмыс орындарын құру, озық технологияларды енгізу, білікті, кәсіби кадрларды дайындау, түптеп келгенде, жергілікті халықтың күн-көрісін, әлеуметтік хал-ахуалын жақсарту.

 

 

 

 

1. Қазақстанның  экономикалық проблемалары

 

      Негізгі проблемалар – экономикалық проблемалар. Инфляция былтыр 18,8 пайызға көтерілді, бұл өте үлкен өсім. Алдыңғы жылы 8-ге, одан бұрынғы жылы 7 пайызға жақын болған, ал былтыр содан екі еседен астам көтерілді. Инфляцияның бұлайша өсуі халықтың күнделікті тұрмыс деңгейін төмендетеді. Президентіміз халықтың тұрмыс деңгейін жылда көтеріп отыру керек деп айтты. Әлемдегі алдыңғы қатарлы елу елдің қатарына кіреміз деп жатыр. Әрине, ол жақсы. Бірақ ол ең алдымен халықтың тұрмыс деңгейіне байланысты. Егер елдің тұрмыс деңгейі көтерілсе ғана елу мемлекеттің қатарына кіре аламыз.  
     Сондықтан қазір мына тамақ өнімдері рыногы аса маңызды боп тұр. Астық былтыр елімізде жақсы өсті. Бірақ, бір ғана астықтан ешнәрсе өзгермейді. Ал тамақ өнімдері 1-2 пайызға ғана өсіп жатыр, ол аздық етеді. Халықтың әл-ауқаты жақсаруы үшін, әрине, ет-сүт, қант-май, көкөніс, жеміс-жидек дегендер жылда өсуі керек және олардың бағасы да елдің қалтасы көтеретіндей шамада болуы тиіс. 
     Ал бізде қазір азық-түліктің бағасы барған сайын қымбаттап жатыр. Мысалы, жалақы 20-30 пайызға өсті деп айтып жатыр үкімет, бірақ оның бәрін инфляция жеп қойып жатыр ғой, себебі баға да үнемі көтеріліп отыр. Былтыр нан, сұйық май, т.т. азық-түлік қымбаттады, кейбірінің бағалары 60-70 пайызға дейін өсті. Ал жалақы деңгейі болса соны сатып алуға жетер-жетпес күйде. 
     Бұрынғы заманда жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өнімдері жалпы алғанда 86 пайызға жететін. Ал қазір ол көрсеткіш 1,6 пайыз ғана болып қалды. Құдайға шүкір, президентіміз енді мұнайдан түскен долларды жақсылап алып жатыр, ақша көп. Ал енді сол ақшаны тиімді жұмсау керек қой. Негізі тамақтың натуралды түрін көбейту керек – ет, сүттен бастап барлығы керек. Сондықтан, жақын бір-екі жылда мемлекеттің алдында тұрған ең бірінші, басымды міндет – елде тамақ өнімдерін өндіруді көбейту болуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

2. Атырау экономикасы үшін мұнай өнеркәсіптерінің тигізетін әсері

 

      Атырау экономикасы үшін мұнай өнеркәсіптерінің тигізетін әсері. 
Облыс экономикасында тарихи тұрғыдан басымдық орынды мұнай газ өндіру саласы алады, бұл қолда бар елеулі көмірсутек шикізатының қорына байланысты. Бұл салада басқа өнеркәсіп салаларына қарағанда көтеріңкі инвестициялық тартымдылық бар, ол қалыптасқан жағдайларда өңдеу және қайта салаларын дамыту үшін тежеуші фактордың болып табылады. 
Оның үстіне, осы салада шетел капиталының (трансұлттық компаниялар) елеулі үлесінің болуы озық технологияларды игеру және қазіргі заманғы жабдықтарды енгізу үшін жеткілікті ресурстары болмастан, инвесторлар қызметтерді Еуропаның, АҚШ пен Азия, дамыған елдерінен импорттайын ірі халықаралық сервистік компаниялармен бәсекеге түсуге мәжбүр жергілікті сервистік компаниялардың дамуын белгілі шамада тежейді. 
Атырау облысы аумағында көмiрсутек шикiзатының бірегей кен орындары ашылған, олардың өнеркәсіптiк геологиялық қорлары Қазақстандағы қорлардың жартысынан асады. Тарихи қалыптасқан нәрсе – облыс экономикасының құрылымында мұнай-газ кешенi басымдықты орын алады. 
Атырау облысында 15 кәсiпорын мұнай өндiрумен айналысады. Шикi мұнай өндiруде ең үлкен үлес салмағын «Теңiзшевройл» ЖШС және «Ембiмұнайгаз» ӨФ алады. 
       «Теңiзшевройл» ЖШС – Каспий теңiзiнiң солтүстiк-шығыс жағалауында орналасқан Теңiз алып кен орнында және көршi Королевское кен орнында шикі мұнайды өңдеу және сату жұмысын жүргізеді. 2007 жылы 13,9 млн. тонна мұнай өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкесті кезеңінен 1,1 есеге артық, 7247,7 млн. текше метр ілеспе мұнай газы өндірілді (104,9%). 
Теңіз және Королевское кен орындарын өңдеуші «Теңізшевройл» ЖШС Екінші Буын және қабатқа шикі газ айдау зауытын (ЕБЗ/ШГЗ) пайдалануға енгізді. ШГЗ жобасы қабатқа ілеспе газды қайта айдауға мүмкіндік береді. Бұл мұнай қабаттарының қайтарымын елеулі түрде арттырып, күкірт түзілуін азайтады және алауларда газ жағуды ең төменгі деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді. 
       Берілген жобалар Теңіз Кен орнынан жылына тұрақты шикі мұнайды өндіру деңгейін 12-ден 24 тоннаға дейін арттыруға және газдың бір бөлігін қайтадан коллекторға айдауға мүмкнідік береді. 
Облыстың жалпы қоғамдық өндірісінде өнеркәсіптің үлес салмағы-44,1%,құрылыс-22,0%,сауда,материалдық жабдықтау және дайындау-4,6%,көлік қатынасы және байланыс – 4,0%, ауыл шаруашылығы 3,9%-ды құрайды (1998ж). Тұтастай республикалық өндіріс көлеміне шаққанда, облыстың үлес салмағы мұнайдан (газ конденсатын қоса есептегенде)-58,8%, табиғи газдан-10,6%, балық аулаумен басқада теңіз өнімдерін өндіру мен құты жасаудан-65,5%. Электр қуатын өндіру бойынша- 3,4%. Мұнай және газ кешені облыс экономикасының тарихи қалыптасуында да сондайақ оның бүгіні мен келешегінде де жетекші рөл атқарады.1999 ж облыста мұнай өндіру деңгейі 12,3 млн тоннаға жетті, яғни 1998 жылғы өндірілген өнімнен 1,2 млн тонна,1995 жылғыдан 7,1млн тонна артық болды. Облыс аумағында өте сирек кездесетін мұнай –газ кен орындары мен газ конденсатының шикізат көздері табылды. Мұнайдың негізгі қоры Теңіз кен орны мен Каспий теңізі қайраңының үлесіне тиеді, бұл казір Қазақстан бойынша анықталған қорлар мен ресурстардың 80%-ын құрайды.Облыс аумағында екі ірі мұнай кәсіп орны «Қазақойл-Ембі»ААҚ , «Теңізшевройл»БК жұмыс істейді және 8 жеке бірлескен мұнай компаниялары бар. Олардың бюджеттік төлемдермен салықтар аудары-лымы жалпы республикалық үлестің 9% тең.[1.78] 
1999 жылы Бірлескен және отандық кәсіп орындардың негізгі капиталына инвестициялық құйылымның жандану үрдісі байқалды. Отандық инвесторлар қаржыларын банкрот шегінде тұрған кәсіпорындарды сауықтыруға және дамытуға сала бастады. «Қазақойл-Ембі» ААҚ Қызылқоға ауданының Қондыбай, Уәз кенорындарын барлау, бұрғылау жұмыстарын қаржыландыруда.Каспий теңізі акваториясы Каспий ойпатындағы тұз асты кешеніндегі мұнай мен газдың сандық бағасы,яғни көмірсутегі шикізатының геологиялық ресурсы 23млрд тоннадан артық екенін, өндірілетіні 12 млрд тоннаға бағаланатынын, газдың 4,3 трлн м3 –ден жоғары екенін көрсетеді. Өндіріске әзір және жұмыс істеп тұрған кен орнындарындағы өнеркәсіп санаттарының мұнай қоры 876 млн тонна, оның негізгі бөлігі Теңіз кенорнының үлесіне тиеді. Осы ретте Қазақстан Республикасы мен Шеврон американ корпорациясы құрған «ТеңізШевройл» бірлескен кәсіпорны табысты еңбек етуде. Бұл жоба Теңіз кәсіпшілігінде мұнай өндіруді және 6-9млрд баррелдей мұнайды тұрақты валютамен экспортқа шығаруды қарастырады. «Шевронның » Атырау жеріне келуі біздің облысымызға көптеген батыс инвесторларының бет бұруына жол ашты.Облыс 50-ден астам таяу және алыс шетелдермен қарым қатынас жасайды (Ресей,Ұлыбритания,АҚШ,Франция т.б),аймақта шет елдердің қатысуымен 55 бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. 
       Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардың күшімен игерілген күрделі қаржының көлемі Қазақстан бойынша барлық инвестицияның 4\1 құрайды (2000ж). Каспий тұрба құбырының консорциумы құрылды, ол Қара теңізден ресейлік терминалдар арқылы мұнайды экспортқа шығару көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Желінің бастапқы жобалау көлемі жылына 28,2млн тонна құрайды және үнемі жетілдіру барысында 4 рет жүйелі кезеңмен өрістетудің арқасында көлемі жылына 67 млн тоннаға жетеді.Атырау-Самара құбырының мұнай өнімін өткізу қабілетін жылына 12-15 млн тоннаға ұлғайту жоспарлануда. Каспийдің солтүстігінде құрамына бірнеше шетел компаниялары кіретін Қашаған құрылымы негізінде бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Коммерциялық өндірістің басталуына дейінгі жобаға бөлінген инвестиция 3 млрд АҚШ долларына жуық. 
Мұнай-газ саласы экономиканың басқа салаларының дамуына мүмкіндік бере отырып, мультипликативті нәтижені қамтиды: өндіру, өңдеу және көп мөлшердегі мұнай мен газ тасымалдау, отандық мұнай-газ,энергетика, көлік қатынасы, машина құрылысы, телекомуникация, автожол құрылысын және сервистік инфрақұрылымын дамытудың алғышарттарын құрайды. Бұл осы салалардағы ғылым және жоғары технологияның дамуына күш береді. Кейінгі жылдары бензинге, мазутқа, дизелге және пешке жағатын отынның 50%-ға жуығы, реактивті отынға ішкі мұқтаждықтың 80%-ын өз өндірісі есебінен қамтамасыз етіп отыр. 
       Атырау облысы инвестиция тартуда республика бойынша көш басында келеді. Сонау 1991 жылы инвестиция 24 млрд. теңгені құраса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 1 трлн. 105 млрд. теңгеге жетіп, бүкіл республиканың инвестицияларкөлемінің 28%-ын құрап отыр. 
Мұнай саласындағы көрсеткіш те таңдай қақтырарлық. 2010 жылы 30 млн. тонна мұнай, 13,6 млрд. текше метр ілеспе газ өндірілді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей араласуымен құрылған «Теңізшевройл» кәсіпорны Атырау облысының ғана емес, күллі Қазақстан экономикасының флагманына айналып, бүгінде ел игілігіне қызмет етіп отыр. Компания құрылысы биыл басталатын үшінші буын зауытын салуды да жоспарлап отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Атырау облысының экономикалық жағдайы