Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 18:05, лекция
Атырау облысының экономикасы отын – энергетикалық, өндірістік, ауылшаруашылығы және балық өндірісі, құрылыс материалдарын өндіруге бағытталған. Өндіріс саласының басымы шикі мұнай мен ілеспе газ өндірісі, мұнай айдау, электр энергиясын өндіру мен тарату. Облыс территориясында мұнай – газ және газ конденсат шикізатының кен орындары белгіленген. Ірісі – Теңіз кен орны [2]. Мұнда 2,5 – 3 млрд тонна мұнай қоры мен 1800 млрд куб метрден жоғары ілеспе газ қоры барланған.
Атырау облысының экологиялық проблемасы
Атырау облысының экономикасы отын – энергетикалық, өндірістік, ауылшаруашылығы және балық өндірісі, құрылыс материалдарын өндіруге бағытталған. Өндіріс саласының басымы шикі мұнай мен ілеспе газ өндірісі, мұнай айдау, электр энергиясын өндіру мен тарату. Облыс территориясында мұнай – газ және газ конденсат шикізатының кен орындары белгіленген. Ірісі – Теңіз кен орны [2]. Мұнда 2,5 – 3 млрд тонна мұнай қоры мен 1800 млрд куб метрден жоғары ілеспе газ қоры барланған. Мұнай өндіру көлемін ұлғайтудың негізгі келешегі Каспий теңізінің қазақстандық секторын – Құрманғазы кен орны, Нұрсұлтан, Ұлытау, Ракушечное геологиялық құрылымын және Құрманғазыдан шығысқа қарай – Дархан кен орындарын игерумен байланысты. 2015 жылға қарай теңіз кен орындарынан жыл сайын 100 млн тоннаға дейін мұнай өндіру қарастырылды. Құрманғазы кен орнында тереңдігі 2000 және 1300 метрлік 2 барлау скважындарын бұрғылау көзделген, бұл қоршаған табиғи орта жағдайының бұзылуына әкеп соғады.Бұл өңірдегі тұрақты даму тұжырымдамасын өңдеу жергілікті техникалық және танкерлік флоттың инфрақұрылымын дамуын, жаңа жұмыс орындарының болуын, маман даярлау, заттарды тасымалдауда, тауарлар мен қызмет көрсетуге жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту, отандық ғылыми потенциалды пайдалану, салық жинауды ұлғайту, қоршаған ортаны қорғау мәселесін шешу, жер өңдеу жағдайын жақсарту, балық қорларын өндіруді көбейту, Каспийге Еділ және Жайық өзендері суының толық құйылуын қамстамасыз ету сияқты мақсаттарды іске асырады.Атырау өңірі Қазақстандағы шетел инвестициясын тартуда алдыңғы орында. Бұл аймақта тартылған шетел капиталының жалпы көлемінің үштен бірі орналасқан. Аумақ дүние жүзіндегі 45 елмен қызметтес жұмыс істейді және 243 мекеме шетелдіктердің қатысуымен құрылған және оңтайлы жұмыс істеуде.Инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарының бірі отандық және шетел капиталдарын өндірісте қайта өңдеу және өңдеу мен құрылыс нысандарына, коммуналдық шаруашылыққа тарту болып табылады. Инвестиция нысандарының ішінде полиэтиленді құбырлар зауыты, АМӨЗ – ның құрылысы, ірі жүкті әуе кемелерін қабылдауды іске асыратын Атырау аэропортын дамыту, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және т.б бар. Атырау қаласының грунт суларының деңгейін төмендету үшін жасалған дренаждық жүйе құрылысы, тұрғын халықтардан келетін тұрмыстық қалдықтарды жою жоспары іске асырылуда. Облыстық 37 елді мекенде қалдықтарды қайта өңдейтін және су тазалау құрылғыларының құрылысын іске асыру жоспарланып отыр.Атырау өңірінің экологиялық ахуалы – табиғи және антропогендік факторлардың әсерімен түсіндіріледі, олардың ішіндегі маңыздылары Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуі және мұнай – газ кешенінің қарқынды дамуы және т.б. Бұл өңірде топырақтың техногендік бүлінуі басым. Бұл автокөлік қозғалысының ұқыпсыздығы, мұнай – газ кен орындарын барлау мен игеру, байланыс сызығы мен электр энергиясын беру құрылысы, түрлі құрылыстық – монтаждық жұмыстар, өндірістік және тұрмыстық қалдықтар мен карьерлерге жер учаскелерінің бөлінуі және т.б байланысты.Топырақтың ауыр металдармен ластануы табиғат ресурстарын тиімсіз пайдалану салдарынан болып отыр. Биосфераның ластануының негізгі көздері – мұнай және газ скважындарын салу; мұнайды тасымалдау, жинау; мұнайды өңдеуге дайындау; мұнай өнімдерін өңдеу мен сақтау және т.б.Каспий теңізінің биоалуантүрлілігін сақтау осы өңірдегі тұрақты дамудың бірден – бір басты міндеті, ол үшін теңіз жағалауы елдері келтірген залалдарын нақты есепке ала отырып, өз жауапкершіліктерін сезініп, осы аймақтағы экологиялық қауіпті оқыс геодинамикалық белсенділік жағдайын алдын алу мақсатындағы іс шараларды қабылдау қажет.Жағалаулық елдердің табиғат пайдаланушылары үшін бір – біріне қайшы келмейтін тұрақтандырудың экономикалық құқықтық механизмін жасау қажеттілігі туындап отыр [3].