Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 12:36, лекция
Тарих құрылуының ұзақ мерзімді уақытында ақшаның пайда болуы және мәні туралы біркелкі шешімін тапқан емес. Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны- белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі деп қараған. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны- мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.
Ақшаның пайда болуы мен дамуы кезеңдері.
Тарих құрылуының ұзақ мерзімді уақытында
ақшаның пайда болуы және мәні туралы
біркелкі шешімін тапқан емес. Аристотель
ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны-
белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы
келісім нәтижесі деп қараған. Басқа бағыттағы
мектептің өкілдері ақшаны- мемлекет бекіткен
тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде
қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің
табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын
айтқан.
Ақшаның пайда болуын түсіндіру үшін,
« тауар құны қатынасында қорытындылатын,
құнның даму көрінісіне көз салып, оның
қарапайым терең байқалатын бейнесін,
көзді алатын ақшалай түріне дейін қарау
керек. Сонда ғана оның жұмбақтығы да жойылады».
Тауардың айырбасталу кезеңінде құнның
көрінісі төмендегідей түрге ие болады:
алғашқысы жай немесе кездейсоқ, ол алғашқы
қауымдық қоғамда бірінші ең ірі еңбек
бөлінісінен соң, жалпы алғашқы қауым
тайпасынан малшылар тайпасының бөлінуі
арқылы пайда болды.Бір тайпалар малмен
айналысса, ал екіншілері- жермен айналысты,
сөйтіп өнімді айырбастау үшін экономикалық
негіз пайда бола бастады.
Экономикалық санат ретінде ақша натуралдық
шаруашылықтан, тауарлы шаруашылыққа
ауысу кезеңінде пайда болды. Шығарылған
өнімнің түгелімен өндірушінің жеке басының
керегіне жаратылған кезең натуралды
шаруашылық болып есептелетіні белгілі
. Бара-бара өндіріс құралдарының жетілуіне
байланысты, ал кейде табиғаттың өзі туғызған
жағдайына байланысты (мысалы, бір жерде
егін салу пайдалы болса, екінші жерде
мао өсіру пайдалы, ал басқа жерде, балық
аулау пайдалы) адамдардың шығарған өнімдерінің
саны (көлемі) олардың жеке басының керегіне,
жарататын саннан (көлемнен) артық болатын
жағдай туды. Сөйтіп, адамдар өндірілген
өнімді, өздеріне керек, басқа өнімге айырбастап
алуына мүмкіншілік алды. Осының нәтижесінде
«айырбастау» деп аталатын процесс шықты.
Айырбастау үшін өндірілген өнімнің «
тауар» деп аталатын болған соң, натуралдық
өндірістің орнына тауарлы өндіріс пайда
болды.
Осымен байланысты жоғарыда көрсетілген
қозғаушы күштердің (факторлары) салдарынан
өнім өндірушілер өздерін бір түрлі (болмаса
бірнеше түрлі) өнім шығаруға бейімдейтін
болды. Ал, өздеріне керек басқа өнімдерді
өздері шығарған өнімнің артығына ауыстырып
алатын болды.
Сонымен ақшаның пайда болуына алдын ала
екі экономикалық жағдай туғызылды:
- натуралдық шаруашылықтың орнына тауарлық
шаруашылық келді. Осыған байланысты айырбастау
операциясы өріс алды.
- Өнім өндірушілердің арасында бір жағынан
мүліктік жекеленушілік пайда болды, екінші
жағынан белгілі, бір түрлі тауар өндіруге
мамандандырушылық туды.
Сонымен қатар бір тауарды, екінші тауарға
тікелей ауыстырудың бірқатар қиыншылықтары
болды. Олар:
- Бір тауарды екінші тауарға ауыстыру
үшін, қолында осы өндірушінің іздеп жүрген
тауары бар өндіруші табылуы керек. Және,
сол екінші өндірушіге, бірінші өндірушінің
қолындағы тауар керек болуы шарт. Мысалы,
егін егуші адам өзінің өндірген бидайын,
теріге ауыстырғысы келсе, қолында терісі
бар адамға, бидай керек болуы қажет. Басқаша
айтқанда, тауар ауыстыру екі жақтың да
қолында өзара керекті тауарлар болғанда
ғана мүмкін. Мұнсыз тауар ауыстырылмайды.
Ал, мұндай сәйкестік, өмірде кездесе бермейді.
- Бір тауарды екінші тауарға ауыстыру
процесінде олардың құнын ескеру керек.
Басқаша айтқанда, ауыстырылатын екі тауардың
өзіндік құны баламалы болуы шарт. Мысалы,
бір өгізді бір қап бидайға ауыстыруға
болмайды. Өйткені, өгіздің құны бір қап
бидайдан әлде қайда артық. Сондықтан
бір қап бидайға, оның құнына баламалы
тауар іздеу керек. Бұда оңай іс емес.
Міне, сондықтан да, бара-бара тауар өндіру
молайған сайын, соған байланысты, баламалық
негізінде, айырбастау операциясының
да дамуы, көптеген түрлі- түрлі тауардың
ішінен бір тауарды бөліп ( таңдап) алуды
керек етті. Мұндай тауар өзінің ішкі және
сыртқы мазмұнымен, ішкі және сыртқы саудаға
өте керекті тауар болуы тиіс. Басқа тауарлардың
құнын осы тауардың құнымен баламалап
айырбастайтын болған. Мысалы: бір балтаның
құны екі кило бидай болса, бір өгіздің
құны-бес қап бидай т с с. Бұл мысалда, ақшаның
міндетін бидай атқарады.
Жалпы ақша ежелгі заманда пайда болды.
Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-
бір шарт және өнім болып табылады. Тауар-
бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған
еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат),оны
өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын
тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды.
Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда
болуындағы обьективті алғышарттарды
құрайды. Бірақ кез- келген зат тауар бола
алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген)
тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса
немесе қоғам тарапынан мойындалмаса,
онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә
болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға
ие емес, өйткені оның қоғамға қажетті
шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті
тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің
өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас
құны ретінде көрінеді