Ақша-несие жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 16:26, курсовая работа

Описание работы

Үшінші тарауда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының қалыптасу кезеңдері, Қазақстан Ұлттық Банкінің қазіргі ақша-несие саясатының құралдары көрсетіледі. Осы бөлімде Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатына талдау жасалып, негізгі көрсеткіштеріне баға беріледі, экономиканы ақша-несиелік реттеудің кейбір аспектілері қарастырылады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3

1-тарау. Ақша-несие саясатының мәні .................................................................5
1. 1. Ақша-несие саясатының мазмұны................................................................5
1. 2. Ақша-несие саясатының мақсаты.................................................................7
1. 3. Ақша-несие саясатының түрлері мен құралдары........................................8

2-тарау. Ақша-несие саясатының негізгі құралдары.........................................11
2. 1. Пайыз саясаты. Міндетті резервтер. Несиелік операциялар. Ашық нарықтағы операциялар........................................................................................11
2. 2. Ақша – несие саясатының табыстау механизмі және оның салық- бюджет, валюта саясаттарымен байланысы.......................................................15

3-тарау. ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты.............................................18
3. 1. ҚР ҰБ ақша-несие саясатының қалыптасу кезеңдері...............................18
3. 2. Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты......................................23
3. 3. Экономиканы ақша-несиелік реттеудің кейбір аспектілері......................27

Қорытынды............................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................34

Работа содержит 1 файл

Ақша-несие.doc

— 204.00 Кб (Скачать)

          Қазақстан Ұлттық Банкі тікелей  сандық шектеуді ақша-несиемен  реттеудің жанама әдістерімен инфляциялық үрдістерді тоқтату мүмкін болмаған жағдайда қолдануға құқылы.

          Ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі мынадай операция түрлерін жүзеге асырады:

1) қарыздар беру;

2) депозиттер қабылдау;

3) валюталық интервенциялар;

4) Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару;

5) мемлекеттік және басқа да бағалы кағаздарды сатып алу және сату;

6) коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу;

7) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша басқа да операциялар.

          Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие  саясатының қабылданған бағдарларына  сәйкес банктердің қарыз алуының жалпы көлемін реттейді.

          Банктерге берілетін қарыздарды беру мен өтеу тәртібін, талаптарын, түрлерін, мерзімдерін және лимиттерін Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайды.

          Депозиттерді тарту мен өтеу  тәртібін, талаптарын, мерзімдерін және тарту лимиттерін Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайды. Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де депозиттер тартуға құқылы.

          Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие  саясаты мақсатында қысқа мерзімді  ноталарды ұлттық та, шетелдік те валюталарда шығаруға құқылы.

          Қысқа мерзімді ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу тәртібі мен талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайды. Қазақстан Ұлттық банкінің қысқа мерзімді ноталары - Қазақстан Ұлттық Банкі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар.

          Қазақстан Ұлттық Банкі коммерциялық  вексельдерді қайта есепке алу  тәртібін және Қазақстан Ұлттық  Банкінің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алуға қабылдауы үшін қойылатын талаптарды белгілейді.

          Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық  интервенциясы жалпы ақша-несие шеңберінде жүргізіледі. Валюталық нарықта интервенцияны Қазақстан Ұлттық Банкі кез келген банктер мен валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелерді пайдаланумен дербес жүзеге асырады.

          Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлттық  валютаның тұрақтылығын қамтамасыз  ету мақсатында банктерге несие беру тәрізді ақша-несие саясатының құралын да пайдалануға құқылы.

 

 

3. 3. Экономиканы ақша-несиелік реттеудің кейбір аспектілері

 

Ақша-несие саясаты  елден макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасауға  бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады. Ақша-несие  саясаты - бұл ақша айналысын реттеу мақсаты мен мемлекеттіК ақша-несие саласында пайдаланылатын өзара байланысты шаралар жиынтығы.

Қазіргі жағдайдағы қазақстандық экономикада ақша-несиелік реттеу сұрақтарының өзектілігі белгілі бір деңгейде ақша-несие саясатын жасау кезінде талдау және болжау әдістерін, сонымен бірге оны іске асыру механизмдерін жетілдіру қажеттіліктерімен анықталады.

Ұлттық банктің пайыздық саясаты нарықта сапалы параметрді белгілеу жолымен ақша айналысын реттеудің маңызды құралы қызметін атқарады. Банктік несиелер құнын реттеу арқылы ақша айналымына тез және адекваттық әсер етуге қол жеткізуге болады. Ұлттық банктің несие құнына әсер ету мүмкіндігі оның соңғы сатыдағы кредитор қызметін қамтамасыз етеді.

Несие бойынша сыйақы ставкалары ақша-несие саясатын бір құралы ретінде нарықтық сыйақы ставкаларына әсер ету үшін пайдаланылады. Осы құрал Қазақстанның Ұлттық банкісінің белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкаларынан және оның іске асыратын операциялары бойынша тағы басқа сыйақы ставкаларынан тұрады. Ресми сыйақы ставкалары несие бойынша сұраныс пен ұсыныстан құралатын нарықтың жалпы жағдайына, инфляция деңгейіне тәуелді. Қазіргі кезде ресми сыйақы ставкаларының төмендеу тенденциясы байқалуда.

Позитивті пайыздық ставканы Қазақстанның экономикасын және қаржысын сауықтырудың кепілі деп жиі айтылатынын атап еткен жөн. Шынында да позитивті пайыздық ставка инфляцияға қарсы қызметті орындауға қабілетті, себебі ол жинақтарды ынталандыру нәтижесінде пайда болатын сұранысты тежейді және несиені қымбаттату арқылы инвестициялық салымдарды шектейді.

ҚР-дағы экономикалық реформалар жылдарында қайта қаржыландыру ставкасын пайдалану қолайсыз болды. Тек 1994 жылдың екінші жартысынан бастап қана Ұлттық банк жанжақты сынға қарамастан позитивті ставканы белгілеуге көшті. Қайта қаржыландыру ставкасын 270 % -тен 300 %-ке дейін жоғарылату есебінен сұраныс инфляциясы төмендетілді, содан кейін бір айдан соң 340%-ке жоғарлатылды. Ставкалардың нақты мәні және оның нарықтық ставкамен сәйкестілігі несиелік ресурстар аукционында анықталды. Осындай өзгерістердің нәтижесінде валюталык операциялар бойынша табыстылық пен салыстырғанда несиелік операциялар бойынша табыстылықтың жоғарылауы байқалды. Соның нәтижесінде шетел валюталарына деген сұраныс пен валюта бағамының тұрақтылығы байқала бастады. Қайта қаржыландырудың жоғарғы ставкасын ұзақ мерзімге ұстап отыру тиімді болып табылды және қайта қаржыландыру ставкасын 340% деп белгілеген кезден соң бір айдан кейін, яғни қыркүйек айынан бастап Ұлттық банк жылдың соңына дейін оның мөлшерін 230% ке дейін төмендетті. Осындай шараны инфляция деңгейінің төмендеуі және айырбас бағамының тұрақтануы байқалғаннан кейін іске асыру мүмкіндігі туды.

1995 жылы қайта қаржыландыру ставкасын одан әрі қарай 45% ке дейін төмендету осы жылдың қараша айында оның деңгейін 52,5% ке дейін жоғарлатуға өтті, соның нәтижесінде инфляция деңгейі 2,4%-тен 4,4%-ке дейін өсті.

Мемлекеттік қазыналық  міндеттемелері, Ұлттық банктің ноталарының  және банкаралық несиелер бойынша пайыздық ставкалардың мөлшері олардың нарықтық мөлшерімен сәйкес келіп отырды. 1994-1995 жылдары аралығында нақты нарықтық пайыздық ставкалар оң нәтиже, ал валюталық спекулятивті операциялар бойынша табыстылық теріс нәтиже берді.

1996 жылы ҚҰБ позитивті пайыздық ставканы белгілеуді жалғастырды. Тек қана 1996 жылдың ішінде қайта қаржыландыру ставкасы он рет өзгерді және жылдың басымен салыстырғанда 24 пунктке, ломбарттық несиелер бойынша пайыздық ставка 31 пунктке төмендеді.

Енді пайыздық ставкалардың пөзитивтілігін анықтайық. Дәстүрлі анықтамаға сәйкес ол инфляция деңгейін ескеретін нарықтық пайыздық ставканы білдіреді.

Яғни, мұндағы, позитивті пайыздық ставка

- бұрын болған пайыздық ставка

- инфляция қарқыны.

Инфляция кезінде несие бағасынан және кредитордың табыс мөлшерінен басқа.пайыздық став-кара несиенің капиталдану құнын сақтау қызметі де кіреді.

Несиенің капиталдану құнын құнсызданудан сақтаудың пайыздық схемасының альтернативті әдістемесі болатынын атап еткен жөн. Бұл жағдайда берілген ссудалардан түсетін табысты көбейту міндеті екіге бөлінеді. Біріншісі — капиталдану құнын сақтау, екіншісі — табыс алу. Осындай әдістеме пайыздық схема кезіндегі кездесетін мәселелерден аулақ болуға мүмкіндік беруі мүмкін. Сонымен бірге, схема бойынша пайыздарды алу индекс есебін көрсететін индекстеуге қарағанда техникалык, жағынан қолайлы. Сонымен қатар, индекстеу кезектілік тәртіппен іске асырылады және соған байланысты біле тұра уақыттық интервалдың пайда болуына әкеледі. Бұл кезде нақтылық жоғарылайды, бірақ интервалдың әсерінен схема тиімділігі төмендейді, яғни төлеу уақыты басталғанша, инфляция оған тиісті құнның бір бөлігін жоюға үлгереді.

Инфляциялық күтілімдерді ескере отырып ставканы анықтауға негізделген пайыздық схема кезінде нақтылық төмен болады. Бұл жағдайда   болашақтағы   инфляция деңгейін жеткілікті мөлшерде бағаламау арқылы кредитор немесе оны артық бағалау арқылы қарыз алушы үтылады. Индекстік әдіс арқылы мәселелерді жартылай шешу уақыттық интервалды төмендетуі мүмкін. Біздің ойымызша, жоғары инфляция жағдайында экономикалық саясаттың бір міндеті оптималды пайыздық ставканы іздестіру болуы мүмкін. Яғни бұл жағдайда тиімсіз инвестицияны істен алуға және бір уақытта ставкалардың кері әсер етуінен  экономиканы   қорғауға мүмкіндік беретін деңгей деп түсіну қажет. Осы құралдың іске асырылуын қайта қаржыландыру ставкаларының мөлшерінің өзгеруін мысалға ала отырып қарастырайық. Егер Ор-талық банктің мақсаты несиелік институттардың несиелік патенциалын азайту болса, онда ол қайта қаржыландыру ставкасын жоғарлатады. Ұлттық банк алға қойылған мақсатына қол жеткізу үшін ақша нарығына тағы басқа әдістер мен де әсер етуі қажет (ең төменгі резерв бойынша ставканы жоғарлату жолымен және т.б.). Қайта қаржыландыру ставкасын жоғарлатқан кезде коммерциялық банктер үшін қайта қаржыландыру қымбаттайды, яғни бұл жағдай елдегі несие қүнының өсуіне әкеледі. Бірақ кейбір ірі коммерциялық банктердің орталық банктің пайыздық ставкаларды жоғарлатуына қарамастан өздеріне неғүрлым көп клиенттер тарту үшін өздерінің пайыздық маржаларын төмендетуге мүмкіндіктері болады. Коммерциялық банктерді қаржыландырудың альтернативті әдісі орталық банкте вексельдерді қайта есепке алу болып табылады. Осы форманың тиімділігі бұл операция кезінде кепіл талап етілмейді, ал гарант ретінде вексель беруші болады.

Сонымен бірге, вексельдерді қайта есепке алу экономиканың нақты  секторына қаржылық қолдау көрсету  құралы ретінде де көрінетінің атап өткен жөн. Бірақ, ҚРҰБ-де барлық вексельдер қайта есепке алына бермейді, тек вексельдік несиелерді алуға құқығы бар бірінші сыныпты эмитенттер тізіміне енгізілген кәсіпорындардың ғана вексельдері қайта есепке алынады. Мысалы, соңғы екі жылда Қазақстанда тек екі кәсіпорын ғана "Казатомпром" және "Қазақстан Темір Жолы" вексельді қайта қаржыландыру жүйесі бойынша несиелер алған. Осыған байланысты, ҚРҰБ-ң есептік ставкасы ақша-несие саясатының оперативті құралы және ақша-несие саясатының индикаторы ретіндеті езінің қызметтерін толық орындамай отыр.

Сонымен қатар, вексельдік қайта қаржыландыру жүйесінің дамымауы ҚРҰБ-ң 2002-2004 жылдар аралығындағы өзінің дамуында приоритет ретінде анықталған инфляциялық реттеу саясатына өту кезінде қиыншылықтар тудыруда. Соның әсерінен ақша-несиелік трансмиссияның адекватты механизмі жоқ болуда.

Өнеркәсіптің қайта  өңдеу салаларындағы ірі және орта кәсіпорындарда қайта қаржыландыру қаражаттарының ерекше тапшылығы байқалуда. Бұл ҚРҰБ-де осындай кәсіпорындардың  қаржылық тұрақтылығы және несиелік қабілеттілігі туралы ақпараттардың  жоқтылығымен байланысты.

 Біздің көзқарасымыз бойынша, қайта қаржыландыру жүйесінің жақсы дамуының кепілі Орталық банк жүйесінде экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындар мониторингін тиімді ұйымдастыру болып табылады. Себебі, бұл тәжірибе басқа елдердің Орталык, банктерінің қызметтерінің негізгі бағыттарының бірі болып танылған. ҚРҰБ-де нақты сектордағы кәсіпорындардың қаржылық жағдайының мониторинг жүйесін жасау кезінде Франция Банкісінің және Ресей Орталық Банкісінің тәжірибелері ескерілді.

          Орталық банктің есептік ставкаларының өзгеруі ақша нарығындағы жағдайларды ғана өзгертіп қоймай, сонымен қатар құнды қағаздар нарығына да әсер етеді. Орталық банктің есептік ставкасының өсуі ақша нарығындағы несиелер мен депозиттер бойынша ставкалардың жоғарылауына негізделеді.

Бұл құнды қағаздарға деген сұранысты азайтады және олардың  ұсынысын көбгайтеді. Құнды қағаздарға деген сұраныс банктер жағынан да азаяды, себебі олар үшін депозиттер неғұрлым тиімді болып саналады.

Сөйтіп, Орталық банктің  есептік және қайта қаржыландыру ставкаларының өсуі құнды қағаздардың нарықтық құнын төмендетеді. Ал Орталық банктің есептік ставкаларының төмендеуі, керісінше, несиелер мен депозиттер құнының арзандауына әкеледі. Яғни, бұрын қарастырылған жағдайларға кері процестерді тудырады. Құнды қағаздарға сұраныс әседі, ұсыныс азаяды, соған байланысты олардың нарықтық құны жоғарлайды.

 

 

Қорытынды

 

          Қорытындылай келе, курстық жұмыстың тақырыбын ашуда қарастырылған сұрақтардың негізінде қысқаша қорытындыламалар жасайтын болсақ:

          1. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

          2.       Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі түрі болады: 1) рестрикциялық ақша-несие саясаты; 2) экспансиялық ақша-несие саясаты.

          3.     Ақша-несие саясатының негізгі құралдарын мынадай етіп топтастыруға болады:

  • несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;
  • міндетті резервтер нормасының өзгеруі;
  • есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі; 
  • ашық нарықтағы операциялар.

          4. Монетарлық саясат өте күрделі табыстау механизмінен тұрады. Ақша-несие саясатының 4 түрлі табыстау механизмін қарастыруға болады:

1) Орталық банк саясатының салдарынан нақты ақша ұсынысының мәнінің өзгеруі;

2) Ақша нарығындағы пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі;

3) Пайыз мөлшерлемесінің динамикасына байланысты жиынтық шығындардың (әсіресе инвестициялық шығындардың) реакциясы;

4) Жиынтық  сұраныстың   өзгеруіне   байланысты өнім көлемінің өзгерісі.

Ақша-несие саясаты  салық-бюджет және сыртқы экономикалық саясатпен тығыз байланысты.

          5. ҚҰБ ақша-несие саясатының қалыптасу уақытын 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады:

         1) 1993 жылғы қараша – 1995 жыл – гиперинфляцияны ауыздықтау кезеңі.

         2) 1996 жыл – 1999 жыл –  макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу кезеңі.

         3) 2000 жыл – 2007 жыл – қаржылық тұрақтылық және экономиканың жаппай даму кезеңі.

        6. Ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі мынадай операция түрлерін жүзеге асырады:

1) қарыздар беру;

2) депозиттер қабылдау;

3) валюталық интервенциялар;

4) Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару;

Информация о работе Ақша-несие жүйесі