Ақша-несие саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 09:32, реферат

Описание работы

Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.
Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.

Содержание

І.Кіріспе бөлім


1. Төлем айналымы түсінігі

2. Төлем айналымы әрекет етуі бойынша қатынастарды реттеу


ІІ.Негізгі бөлім


1.Ақша төлемі және аударымды жүзеге асыру тәсілдері
2. Ақша-несие саясатын жүргізудегі аспектілер

3. Валюталық саясат және оның төлем балансындағы маңызы


ІІІ.Қорытынды бөлім


1. Халықаралық ақша-несие саясатының қоғамда алатын орны.

2. Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының қазіргі даму ерекшеліктері.


IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Ақша-несие саясаты.doc

— 115.50 Кб (Скачать)

   Инфляциялық процестердің ұлғаюы барысында ақша-несие саясатының маңызы арта түсуеді. Сондықтан валюта бағамының динамикасы, қарыз алушылардың несие мерзімін таңдауы нарықты тауарда маңызды роль ойнайды. 
  Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды рөл атқарады.

   Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктермен сипатталады. 
  ҚР Ұлттық банкі түрлі күрделі операцияларды орындайтын және ақша айналымын реттейтін, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамассыз ететін негізгі буын болғандықтан бірінші деңгейлі банк болып есептеледі. 
  Ұлттық банктің үкіметтен белгілі бір тәуелсіздігі - оның ақша-несиелік және валюталық тұрақтылықты сақтаудағы іс әрекеттеріндегі тиімділігіне қажетті жағдай. Ұлттық банктің мұндай тәуелсіздігі еліміздің экономикалық тұрақтылығы үшін маңызды.

   Дегенмен Ұлттық банктің Үкіметтен тәуелсіз қызмет істеуі мүмкін емес. Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі элементі - ақша-несие және қаржы саясатын мүлтіксіз орындау Ұлттық банк қызметінің түйіні. Сондықтан Үкіметтің макроэкономикалық бағыты Ұлттық банктің ұзақ мерзімдегі саясатын анықтайды. Сайып келгенде кез келген Ұлттық банкте әрі банктің, әрі мемлекеттік органның белгілері тоғысады.   
  Кез келген Ұлттық банктің міндеті - ұлттық ақша өлшемінің төлем қабілеттілігі мен валюталық курсының тұрлаулылығын қамтамасыз ету, банк жүйесінің өтімділігі мен тұрақтылығын, төлем жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету. Осы міндеттерді атқару үшін Ұлттық банк негізінен мынадай қызметтерді орындайды:   
• банкноталарды монополиялы түрде эмиссиялау;

• ақша-несиелік қатынастарды реттеу;

• сыртқы экономикалық қатынастарды жүргізу;

• банктердің банкісі болу;

• үкімет банкісі болу.

Осы аталған  қызметтер Ұлттық банктің балансында көрініс табады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Қорытынды

Ақша-несиелік саясат жүргізу үшін Ұлттық банктің  заңды бекітілген құралдары мен операциялары бар, олар: қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемелері, банкілерге қойылатын резервтік талаптар нормативі, қысқа мерзімді ноталардың шығарылымы, ашық нарық операциясын жүргізу, кредиттік және депозиттік операциялар, вексельдерді қайта есепке алу және т.б. 
  Оларды пайдаланудың тиімділігін республикада 2001-2004 жж. қалыптасқан инфляция деңгейімен (6,4-6,8%) шамалауға болады.   
  Сонымен қатар болашақта артық өтімділікті «депозиттерге тарту» Ұлттық банктің басты құралы болатын жоспары бар. Алайда инфляциялық қысым көзі сырттан (сыртқы валюталық түсімдер) болса, артық өтімділікті шексіз азайту бұл операцияның тиімділігін төмендетуі мүмкін. Мұндай жағдайда сыртқы түсімдерді реттеу бағытында шаралар қолдану қажет. 
  Институционалдық жағынан қарасақ несие жүйесі валюта қаржы мекемелерінің кешені, оны мемлекет экономиканы реттеп атқару үшін белсенді пайдаланады. Ақша-несие жүйесі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық механизмін қамтып, өндірістің шоғырлануы мен капиталдың орталықтануын күшейтіп, бос ақша қаржыларын елдің экономикасына қолдануға септігін тигізеді.

    Мемлекеттік бюджет тапшылығы оны жабуға бос қаржы ресурстарын тарту қажеттігін туғызады. Бұл ресурстар мемлекет ішінде (үкімет, қаржы-несие ұйымдары) және халықаралық қаржы несие институттарында шоғырланады. Қаражаттарды тартудың басты тәсілі болып мемлекеттік несие табылады. 
  Мемлекеттік несие жалпы мемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және несие қатынастарының жиынтығы.

   Ақша-несие жүйесінде мемлекет мынадай рольдер атқара алады: несие беруші, қарыз алушы және кепіл.

   Мемлекеттік несие ақша-несие қаражаттарын қайтару шарты негізінде қайта бөлу қызметін атқарады. Бұл халықтың жеке шаруашылық субъектілерінің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл қызметте мемлекеттік несие жинақтарды ұйымдастырудың бір нысаны болып табылады.

   Мемлекеттік несие бос ақша қаражаттарын мемлекеттік билік органдарының қарамағына жұмылдыру және оны мемлекеттік шығындарды қаржыландыру барысында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында туындайтын қатынастар. Несие көмегімен орташа жинақтар мемлекетте жинақталады және оның қажеттіліктерін өтеуге бағытталады.  
 

                                 Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Экономическая  теория под ред. В.Д. Камаева. М.: 1999

2. Общая  теория денег и кредита: Учебник  / Под ред. Б.Ф Жукова. - М: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1995

Информация о работе Ақша-несие саясаты