Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 15:54, реферат
Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді.Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған.Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған.
Кiрiспе
1. Салықтың мәнi, функциясы
1.1 Салық түсiнiгi, түрлерi
1.2 Салықтың элементтерi, қызметi
2. Экономиканы реттеу құралы
2.1 Салық – экономиканы реттеу құралы
3. Қазақстандағы салық реформалары
3.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесi және реформасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
ЖОСПАР
Кiрiспе
1. Салықтың мәнi, функциясы
1.1 Салық түсiнiгi, түрлерi
1.2 Салықтың элементтерi, қызметi
2. Экономиканы реттеу құралы
2.1 Салық – экономиканы реттеу құралы
3. Қазақстандағы салық реформалары
3.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесi және реформасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қазiргi заманда кез – келген экономикалық жүйенiң қалыпты жағдайы да жұмыс iстеуiне жағдай жасауда мемлекеттiң маңызы зор. Мемлекет құралғаннан бергi тарихы барысында тәртiптi, заңды сақтау, ұлттық қауiпсiздiктi ұйымдастыру мiндеттерiмен қатар, нарыққа өту жағдайында экономикалық салықтық реформалардың негiзгi мақсаты елiмiзде тиiмдi салық жүйесiн құру. Елiмiз тәуелсiздiк алғаннан берi мемлекетiмiз әртүрлi реформаларды басынан өткердi. Салық жүйесiнде айналып өткен жоқпыз. Өз салық жүйемiздi қазiргi кезде ретке келтiрiп, аяғынан тiк тұрғыздық, бiрақ әлiде көптеген кемшiлiктерi бар.
Салықтар нарықты экономиканы реттеудiң ең тиiмдi нысаны болып табылады. Салық негiзiнде құрылатын мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне қарай, мемлекеттiң кәсiпкерлiкпен айналысуының және әлеуметтiк – кепiлдiк қызметiнiң мүмкiндiгi белгiлi болады. Салық мөлшерiмен заңды құқығы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсiпкерлiк белсендiлiгi, төлем қабiлетi бар сұраныс көлемi реттеледi.
Салық саясаты аса нәзiк және күрделi аспап, ол жеңiлдiктер мен жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметтiң барлық жақтарына нысаналы түрде әсер етедi. Нарықтың экономикасы дамыған елдерде салықтардың тiзiмi бiрнеше бетке сыйып кете алады, ал жеңiлдiктер мен жазалау шаралары, оларды пайдалануға түсiнiктемелер тұтас томдарды алып жатады.
Нарық қатынастары дамыған елдерде салық мемлекет қазынасын толтыруға қызмет ете түседi. Экономикалық мазмұны жағынан салықтар – бұл заңды белгiленген ретпен тұрғындардан, кәсiпорындар мен мекемелерден алынатын мiндеттi төлемдер жүйесi.
Салықтың мәнiн түсiну үшiн олардың болу мағынасы және салық төлемдерiнiң негiзгi түйiнiн бiлу қажет. Салықтардың пайда болуының саяси және әлеументтiк – экономикалық себептерiн қарастырған кезде олар мемлекет тарапынан туындағанын байқау қиын емес. Олардың негiзгi мақсаты: мемлекетке қажеттi қаражатты алу. Олар өз кезiнде осы мемлекеттiң өмiр сүруiнiң және қызмет етуiнiң материалдық негiзi болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, салық төлемдерiнiң қойылған негiзгi мақсаты – мемлекеттiң табыстар құрылуындағы өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру. Салықтың пайда болуының үш кезеңi бар :
1. 1991-1995 жж. Бұл аралықта салық реформасы және негiзгi салық заңын құрылды. Олар: жер салығы туралы заң 1991 жылы қаңтардың 17, бағалы қағаздар салығы туралы заң 1991 қаңтардың 24, Қазақстан республикасының салық жүйесi туралы заң 1991 жылы қаңтардың 25, кәсiпорынға салық салудағы кәрәстер мен шығыстер туралы заң 1994 жылдың 12 ақпанында салық жүйесiнiн құрылуында маңызды атқарды;
2. Қазақстан Республикасының Президентiнiң қаулы бойынша, бюджетке төленетiн салық және басқа да мiндеттi төлемдер 24.04.95;
3. Қазақстан Республикасының Кодексiнде бюджетке төленетiн салық және т.б мiндеттi төлемдер 26.06.01.
Салықтың қаржылық мақсатына келетiн болсақ, ол негiзiнен мемлекеттiң шығындарын жабу үшiн арналған – бұл оның қаржылық мақсаты, сонымен қатар салықтың басқа да мақсаттары болуы мүмкiн, мысалы: экономикалық және әлеуметтiк. Салық – бұл төлем, яғни бiр адамның екiншi адамға қаражаттың қозғалысы. Салықтың бұл қасиетi төлем кезiнде мемлекетпен қойылған мақсата жеткiзуге әсерiн тигiзедi. Дәлiрек айтқанда, ұлттық табыстың динамикалық турде қалыптастырады. Бұл нәтижесiнде мемлекет қосалқы ақша ресурстардың иесi болады.
1. Салық – бұл ақшамен байланысты белгiлi бiр iс - әрекет. Ол әр – қашанда анықталған болу қажет. Яғни төлем сомасы мен салық мiндеттiлiгiнiң көлемi ертеден-ақ белгiлi және тұрақты болуының маңызы зор.
2. Салық – бұл тең құқылы төлем. Салықты төлеу мiндетi конституцияда белгiленген, бұл оның айыппұлдан айырмашылығы. Қазақстан Республикасында салықты төлеу мiндетi конституциялық түрде жарияланған. Қазақстан Республикасы конституциясының 35-шi бабының бекiтуi бойынша заңмен белгiленген салық төлемдерi елдегi әр азаматтың мiндетi болып табылады.
3. Салық – бұл анықталған төлем. Салықты төлейтiн адамға төлеу сомасын есептеп, оны салық заңдарындағы методикасы бойынша анықтауға құқық берiледi. Салық төлемдерiнiң анықталуы адамның жеке басын мемлекеттен немесе оның бөлек органдардан негiзделмеген айыптардан қорғайтын құқықтық гарантиясы болып саналады.
4. Салық – бұл мiндеттi төлем. Бұл салық төлемдер мемлекетке төленетiн еркiн төлемдер арасындағы айырмашылығы болады. Ел азаматтарымен төленетiн салық мiндеттiлiгi мемлекеттiк бюджетке ақша ресурстардың бiрқалыпты және тұрақты әкелiнуiн қамтамасыз етедi.
5. Салық – бұл қайта оралмайтын төлем. Яғни салықты төлейтiн адам, ақшаның қайта берiлмейтiнiн ескере отырып төлеуi керек. Бұл адам салықты ақша ретiнде төлегенде, ақшасы ешқашан қайта берiлмейдi және бұл ақшаны мемлекеттен қайта қажет етуi болмайды. Салық толықтырмалы төлем болып есептелiнедi. Яғни адамның салықты төлегенi үшiн бұған ешқандай көмек немесе орнына тауар, әр түрлi қызметтер қолданылмайды. Салық үнемi әкелiнетiн ақша ресурстарды қажет етедi. Сондақтан мемлекет салықты үнемi бiрқалыпты төлейтiн объектiлерге көз салады. Салық мемлекеттiң табысын тудырады. Салық түрiндегi төлем, мемлекеттiк бюджеттi арқашанда толықтырады. Салықтар – бұл орнатылған төлем. Олар әрқашанда тек құқықтық формада болады және жоғары заң күшiнiң нормативтiк актiлерiмен орнатылады.
Салық салудың мынандай негiзгi принциптерi бар:
а) азаматтар салықты мемлекеттен алатын игiлiктерге пропорционалдi төлеу керек,
б) салықтар табыстың мөлшерiнен, салық төлеушiлердiң тұрмыс халiнiң дәрежесiнен тәуелдi болуы керек. Салық төлеу кезiнде, меншiктiң формасы мемлекеттiк болып өзгередi.
Салықтың аталған барлық қасиеттерi оны төлегендегi мемлекетпен қойылған барлық мақсаттарына жетуге зор мүмкiндiк бередi.
Салықтардың қазiргi теориясында олардың көп түрлерi кездеседi. Салық салу жүйесiнде формасы және өндiрiп алу көздерiне қарай ерекшеленетiн әр түрлi салық түрлерi пайдаланылады. Олар, әдетте үдемелi (прогрессивтi), пропорциональдi және регрессивтi (керi үдемелi) болып бөлiнедi. Үдемелi салықта, табыстың көбею шамасына қарай оның орташа нарығы да өседi. Пропорционалды салықта, оның орташа нарығы өзгерiссiз қалады, яғни табыстың шамасына қарамастан салық салудың берiлген бiр мөлшерi (бiрыңғай нарығы) пайдаланылады. Керi үдемелi салықта, табыс өсе түскен сайын салықтың орташа нарығы азаяды. әдетте бұндай салықтар табыс көбейе түскен сайын, оның бiрте – бiрте азая түскен бөлiгiн талап етедi.
Қазақстан Республикасында қабылданған салық жүйесi туралы заңға сәйкес салықтың мынандай түрлерi қолданылады:
а) жалпы мемлекеттiк салықтар;
б) жалпыға бiрдей мiндеттi жергiлiктi салықтар мен алымдар;
в) жергiлiктi салықтар мен алымдар.
Республиканың салық жүйесi бүгiнгi таңда 11 жалпы мемлекеттiк, 10 жалпыға бiрдей жергiлiктi салықтар мен алымдар және 17 жергiлiктi салықтар мен алымдардан тұрады. Жалпы мемлекеттiк салықтарға мыналар жатады: қосылған құнға салынатын салық, пайдаға салынатын салық, акциздер, бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынатын салық, экспорт пен импортқа салынатын салық, кеден тарифi мен баж салығы, пайдалы қазбаларды геологиялық барлау және геологиялық iздестiру жұмыстарына байланысты шығындарды өтеуге жұмсалатын алым, тiркелген (ренталық) төлемдер, транспорт құралдарына салынатын салық, Қазақстан Республикасы азаматтарынан, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығы, мемлекеттiк баж салығы, табиғат ресурстарына салынатын салық, еңбекшiлердiң еңбегiне ақы төлеу қорына салынатын салық. Жалпыға бiрдей мiндеттi жергiлiктi салықтар мен алымдарға: жер салығы, жеке адамдардың мүлкiне салынатын салық, орман табысы, су үшiн төленетiн ақы, табысқа салынатын салық, кәсiпкерлiк қызметтiң субъектiлерi ретiндi тiркелмеген азаматтардан алынатын алым, заңды ұйымдарды мемлекеттiк тiркеуден өткiзгенi үшiн алынатын алым, елтаңбалық алым, мұрагерлiк және сыйға тарту тәртiбiмен ауысқан мүлiкке салынатын салық жатады. Жергiлiктi салықтар мен алымдарға мыналар жатады: курорттық аймақта өндiрiстiк мақсаттағы объектiлер құрылысына салынатын салық, курорттық алым, азамттардан алынатын мақсатты алым, жарнамаға салынатын салық, авто көлiк құралдары, есептеу техникасы және компьютерлердi қайта сатуға салынатын салық, жергiлiктi симаоликаны пайдалану заңы үшiн алым, тауар биржаларында және валютаны сату және сатып алу кезiнде жасалған мәмлелерден алынатын алым, жергiлiктi аукциондар өткiзу және лотереялар ойнату заңы үшiн алынатын лицензиялық алым. Жалпы мемлекеттiк салықтар республика заңдарының негiзiнде орталық өкiметпен мемлекеттiк бюджетке аударылды. Жергiлiктi салықтар тиiстi территорияның жергiлiктi басқару органдарымен алынып, жергiлiктi бюджетке түседi. Халықаралық статистикада салықтарды тiкелей және жанама деп бөледi. Тiкелей салықтар табысқа және мүлiкке салынады. Мысалы, ондай салықтарға табыс салығы, пайдаға салынатын салық және т.б. жатады. Тауардың бағасына енгiзiлетiн немесе тарифке қосылатын және сатып алушы төлейтiн салықты жанама салық деп атайды. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кедендiк баж салықтары жатады. Жанама салықтар бүгiнде үш түрде көрiнедi: акциздер, фискальды, монопольдi салықтар және кеден салығы. Бұлардың iшiнде ең бастысы акциздер. Олар тауар бағаларына немесе қызмет көрсету тарифтерiне қосылады. әрбiр елдiң ерекшелiктерiне қарай акциздер халық тұтынатын тауарларға, көлiк, байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету түрлерiне салынады. Қазiргi кезде акциздiң бiр түрi қосымша құнға салық салу кеңiнңн дамуда. Бұл жағдайда салық тауарды өткiзгеннен тускен барлық түсiмге салынбай, тек осы кезеңдегi өндiрiстiк қызметтiк нәтижесiнде қосылған құнға салынады.
Тiкелей және жанама салықтардың бұрынғы КСРО-ның ұлттық табысындағы үлесiнiң мөлшерi 40 пайызын құрады. Салыну көздерiне қарай салықтар еңбекпен табылған және еңбексiз табылған табыс болып бөлiнедi. Еңбекпен табылған табысқа еңбек ақы (жалақы), қалам ақы, жеке кәсiпорындардың табысы жатады. Еңбексiз, бiрақ жария табысқа дивидендтер, ақша салымы бойынша пайыздар, қозғалмайтын мүлiктердiң және бағалы қағаздардың құнының өсiмi, жер рентасы және т.б. жатады. Шет елдердiң заңдары, кәсiпкерлiк жолмен алынған пайданы, еңбек ақымен қатар еңбекпен табылған табысқа жатқызады. Ендi салықтың негiзгi түрлерiн тереңiрек қарастырайық.
Пайдаға салынатын салық. Салықтардың iшiнде пайдаға салынатын салық ерекше орын алады. Пайдаға салық салу арқылы манипуляция жасап, мемлекет капиталдың қорлану процесiне айтарлықтай әсер етедi. Оның мысалы ретiнде жеделдетiлген амортизация деп аталатын салық механизмiн келтiруге болады. Нәтижесiнде пайданың салық алынатын мөлшерi едәуiр кемiп, төленген салықтық көлемi де азаяды. Бұл салық түрiн барлық кәсiпорындар төлейдi. Бiздiң республикамыздағы қабылданған салық жүйесi туралы заңдар және оларға енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар бойынша өндiрiспен айналысатын кәсiпорындарға пайдаға салық 25 пайыз мөлшерiне салынады. Бұндай нарық табыстылық (рентабелдiк) мөлшерi 40 пайыздан аспаған жағдайда белгiленедi. Табыстылық шектi мөлшерден артып кетуi бағаны көтеру монополиялық пайда сомасы тең үлеспен мемлекеттiк бюджетке түседi. Қор және тауар-шикiзат биржалары, сондай-ақ брокер кеңселерi мен фирмаларына салынатын салық нарқы 55 пайыз, меншiк формаларына қарамастан, делдалдық және коммерциялық қызметтен алған пайдасы бойынша кәсiпорындар үшiн де – 55 пайыз. Коммерциялық банкiлер соның iшiнде кооперативтiк банктер, жинақ банктерi, сақтандыру ұйымдары үшi салық нарқы 45 пайыз болып белгiленген. Бұндай жоғары салық нарқы инфляцияға қарсы саясат шараларынан, айналымға қосымша ақша қаражаттары түсудi шектеу мақсатынан туындайды, бiрақ ол банктердiң инвестиция жасау мүмкiндiгiн шектейдi. Бiрлескен кәсiпорындар үшiн, егер шетелдiк серiктестiк жарғылық қордағы үлесi 30 пайыздан артық болса, онда салықтың нарығы 30 пайызды құрайды. Пайдаға салынатын салық шет елдерде де кеңiнiн қолданылады, оның барынша нарығы 30-дан 60 пайызға дейiн болып отыр. Көптеген елдерде кiшi кәсiпорындарға, олардың iс-қимылын ынталандыруға бағытталған салықтық жеңiлдiктер қарастырылған. Қазақстанда ауыл-шаруашылық өнiмдер өндiретiн және өздейтiн, халық тұтынатын тауарлар шығаратын, құрылыс, жөндеу-құрылыс кiшi кәсiпорындары үшiн алғашқы екi жыл бойына бұл салықты белгiленген салық нарқын 50 пайыз мөлшерiне төлеу көзделген. Басқа кәсiп түрлерiменайналысатын кiшi кәсiпорындар, бiрiншi жылы пайдаға салынатын салықты, салық нарқының 25 пайызы, ал екiншi жылы 50 пайыз мөлшерiне төлейдi. Осылармен бiрге, “ Қазақстан Республикасының салық жүйесi туралы “ Заңының 18 бабына сәйкес жергiлiктi Кеңестерге жергiлiктi салықтар мен алымдар бойынша салық нарқын белгiлеу, жеңiлдiктер жасау заңы берiлген.
Қосымша құнға салынатын салық (ҚҚС). Аса маңызды салық түрлерiнiң бiрi – қосымша құнға салынатын салық (ҚҚС) болып табылады. Экономикалық мазмұны жағынан, ол тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндiру iсiнiң барлық кезеңiнде жасалатын құн өсiмiнiң бiр бөлiгiн бюджетке алу формасы болып табылады, және солардың жүзеге асырылуы бойынша бюджетке енгiзiледi. ҚҚС өнiмнiң бағасына кiргiзiлмейдi, ол бағадан тыс қойылады, сондақтан өндiрiс шығындары мен кәсiпорынның табыстылығына (рентабельдiгiне) әсер етпейдi. Бұл салық тауарлар мен қызметтердi түпкi тұтынушылардың сатып алу барысында, сонымен бiрге тауарларды өндiру мен өткiзудiң әртүрлi кезеңдерiнде төленедi. Салық салу объектiсi - өндiрiстiң барлық кезеңiнде бiрыңғай нарық бойынша жаңадан жасалған құннан алынатын барлық өнiм болып табылады. ҚҚС-ның құрамына амортизация, еңбекақы, ағымдары шығындар және пайда кiредi. ҚҚС-ның ерекшелiгi, оның инфляциялық тұрақтылығы, яғни бюджеттiң тұрақты қаржы көзi қызметiн атқарады, өндiрiстiк шығындарды азайту, өткiзуге жеделжетудi көтермелейдi. Қосылған құнға салынатын салықты өндiру, төлеу және есептеу тәртiбi Қазақстан Республикасының “Қосылған құнға салынатын салық туралы” Заңында жарияланған болатын.
Акциздi салық. Акциздер – тауар басына енгiзiлетiн және сатып алушы төлейтiн жанама салықтың ежелгi формаларының бiрi болып табылады. Ресми түрде акциздер бұрынғы КСРО-да 30-шы жалдарға дейiн болды. 30-шы жылдардан бастап акциздер, басқа салық түрлерi сияқты айналым салығына бiрiктiрiлген болатын. Акциз қалыптасқан қағида бойынша, тұрғындарға арналған және мемлекеттiң монополиясы болып табылатын тапшы, жоғары рентабельдi тауарлар мен өнiмдерге салынады. Мемлекет акциз салығы сұраныс пен ұсынысты реттеге, сонымен бiрге мемлекеттiк бюджеттi толықтыру үшiн пайдаланады. Акциз салығы, салыстырмалы түрде азғантай тауар түрлерiне салынады. Осы тауарлар бойынша акциз нарқын Қазақстан Республикасының министрлер Кабинетi бекiтедi, олар республиканың бүкiл территориясында бiрыңғай болады және календарлық жыл бойы өзгертуге жатпайды. Акциздi қамтитын еркiн жiберiлген баға бойынша өткiзiлетiн акциздеушi тауарлардың құны салыну объектiсi болып табылады. Бұлардан басқа да салықтардың түрлерi бар, бiрақ олар теорияда көп қолданылмайды. Мемлекеттiк бюджетпен салық ставкасының арасындағы тәуелдiлiк графикалық бейнесi. “лаффердiк қисық сызығы” деп аталады. Лаффердiң қисық сызығының тиiмдiлiгi тек еркiн нарық механизмiнiң қалыпты жағдайында ғана мүмкiн болады. Бұл теорияға сын тұрғысынан терең талдау жасамай, мынаны ғана атап өтемiз. Салық ставкаларын жоғарлату немесе төмендету күрделi қаржы динамикасын тежейдi, өндiрiстi ынталандыруға әсер етедi. Жалпы нарық экономика жағдайында инвестицияға салық ставкасынан басқада факторлар ықпал етедi. Олардың iшiндегi ең бастылары циклдық ерекшелiктер және компания тауарларына сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы, олардың пайдаларының өсуi.