Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 06:25, реферат
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүрізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшаларымен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады.
Ақшалай қаражаттардың есебі.
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүрізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшаларымен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдар да ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:
Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр.
Ақша баламалары (эквиваленті)- бұл ақшаларға ұқсас , бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдар ,коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Түрлі ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды. Сондықтан да оларды кассадағы ақшалар шотында есептемейді.
Овердрафт дегеніміз кәсіпорынның иелігіндегі , яғни активті шоттың қалдыындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық. Бұл сома қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады және кредиторлық борыш ретінде есептелінеді.
Овердрафт кәсіпорындар мен ұйымдардың банк мекемесі арқылы бақаларға төленген қаржысы есеп айырысу шотындағы қалдық сомадан артық болған уақытта ғана пайда болады.