Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 20:22, реферат
Несие формасы — бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Ол несие қатынасының мәнi мен ұйымдастырылуын синтездейдi Несие қатынасының формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағнан бiртұтас болады. Несие қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуi керек.
1. І.Несиенің мәні, қызметі.
2. Несие формалары мен түрлері
Жоспар:
1. І.Несиенің мәні, қызметі.
2. Несие формалары мен түрлері.
1.Несиенің мәні, қызметі.
Несиенiң мәнiн анықтаған кезде бiрқатар әдiстемелiк принциптердi ұстану керек, несиелердiң барша түрi формалардан тәуелсiз оның мәнiн көрсетуi керек:
- несие мәмiлесi тұтасымен алғанда несиенiң мәнiн ашуы керек. Егер бiр мәмiледе несие қайтарылмаса, онда өзiнiң қайтарылатын қасиетiн жоғалтатыны бiлдiреді.
- несиенiң мәнiн талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын, несиенiң негiзiн қарастырған жөн.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйiт - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бiрiмен өзара әрекетке тусетiн бiрнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелiк қатынастың барлық субьектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субьектілерге несие берушi мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бiрге қарасты жағдайда ғана несиенiң мәнiн анықтауға болады.
Несие берушi — несиелiк мәмiленiң қарыз ұсынатын жағы. Мұны iске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгiлi бiр қоры болуы керек. Ол ақша өзiнiкi болуы немесе басқа бiреуден қарызға алған болуы да мумкiн.
Қазiргi уақытта қарызга ақша ұсынатын негiзгi несие беруші - банк болып табылады.Ол кәсiпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақыша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызга алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрiнде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиенi тек қарызга алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесiне тартылған ресурстарды қайтаруға мiндеттi. Бұл арада банк бiр жагдайга несие берушi болса, екiншi жағдайда— қарыз алушы болып көрiнедi.
Қарызга алушы — несиелiк қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндеттi жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар карызға ақша алушылар болып табылады. Қазiргi заман талабына сай қарызга алушылар — кәсiпорындар, кәсiпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мумкiн. Алайда, қарызга алушы карызға алынган қаражаттың меншiк иесi болып табылмайды, өндiрiс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жагдайда ол алынган ақшадан гөрi, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейiн оны iске асырып, пайдаланганы ушiн өтемақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейдi.
Несиелiк мәмiледе қарызга алушы несие берушiге тәуелдi, оған несие берушi өз талаптарын қояды. Алайда, карызга алушы мен несие берушi несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндеттi турде қатысуы керек және бұл жагдайда олар орындарын ауыстыруы мумкiн. Несие берушi —қарызгер болуы мумкiн. Несие берушi мен қарызга алушы өзара іс әрекеттерiнде қарама-қайшылықтың бiрлiгi сипатын көрсетедi. Несиелiк мәмiленiң қатысушылары ретiнде олар оны қарама-қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделерi де бөлек, несие берушi неғурлым жоғары пайыздық несие бергiсi келеді, қарыз алушыға мүмкiндiгiнше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу муддесi болады.
Несиенiң экономикадағы орны мен рөлi, оның атқаратын қызметтерiмен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретiнде мынадай қызметтердi атқарады:
- қайта бөлу;
- айналыс шығындарын үнемдеу;
- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- капиталдың шоғырлануын жеделдету;
- ғылымы-техникалық прогрестi желелдету.
Несиенiң қайта бөлу қызметi кез келген елдiң ұлттың экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесi несиенiң бұл қызметiнiң көмегiмен экономикалық жүйенiң бiр саласынан екiншi бiр саласына капитал ағымы болады.
Несиенiң айналыс шығындарын үнемдеу қызметiнің iс жүзіне асуы несиенiң экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашлық субъектiлерiндегi ақшалай қаражаттардың түсүсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарга деген қажеттiлiктi туындатады.
Ал келесі, қызметi, яғни несиенiң айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазiргi несиелік шаруашылықты мұндай орнын алмастыруга толық мумкiндiк бар.
Капиталдық шоғыалану процесi қызметi экономиканың турақты дамуына жағдай жасау үшiн маңызды болып табылады. Мұндай мiндеттердi шешуде несиенiң бұл қызметi өндiрiстiң ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуга мумкiндiк бередi.
2.Несие формалары мен түрлері.
Несие формасы — бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Ол несие қатынасының мәнi мен ұйымдастырылуын синтездейдi Несие қатынасының формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағнан бiртұтас болады. Несие қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуi керек.
Таңдап алынған жiктеу өлшемiне қарай несиенiң мынадай ең маңызды формаларын бөлiп көрсетуге болады (9.1. сурет)
- қызмет ету саласына қарай — ұлттық және халықаралық несие;
- несие мәмілесінің объектiсiне қарай — ақшалай және тауарлық несие;
- несие қатынасының субъектiсiне қарай — банктiк, коммерциялық, халыкаралық тұтынушылық несиелер.
9.1.сурет. Несиенің негізгі формалары.
Жорғарыда қарастырылган несие формаларының көптеген түрлерi болады. Несие түрлерi — бұл оның несиелердi жiктеу үшiн пайдаланатын, экономикалық-ұйымдастырушылық белгілерi бойыша ең детальданған сипаттамасы, ягни, несиенiң iс-тәжiрибедегі нақты қосымшасы.
а) Қазақстанда несие турлерi былайша жiктеледi: несиелеу объектiнiң экономикалық белгiлерi бойынша:
— айналым қаражатын қалыптастыруга берiлетiн несие;
— негiзi құрал-жабдықты калыптастыруга берiлетi несие;
— ТМҚ аясында шұгыл қажеттiлiкке, сондай-ақ, нормативтен тыс
— өндiрiстiң маусымдық шыгыны аясында берiлетiн несие;
— жол үстiндегi (жолдагы) есеп айырысу құжаттары аясында берiлетн несие, аккредитивтер;
— төлем несиелерi.
ә) қамтамасыз етiлуi бойынша:
— жылжымалы және жылжымайтын мулікпен, ТМК-пен, кепілдiлiкпен, сактандыру келiсiмшарттымен толық қамтамсыз етiлген;
— iшiнара қамтамасыз етiлген;
— қамтамасыз етiлуi болмайтын банкiлiк (сенiмдiлiк).
б) қайтарылу мерзiмi бойынша:
— қысқа мерзiмдi;
— орта мерзiмдi;
— ұзақ мерзiмдi.
в) өтелу тәртiбi бойынша:
— бөлiп-бөліп төлеу (мерзiмін ұзарту);
— бір жолғы өтеу;
кезең сайын (бір қалыпты емес) өтеу.
г) Тәуекелдi деңгейi бойынша:
— субстандартты;
— стандартты
— күмәндi;
— сенiмдi;
— сенiмсiз;
— ұзартпалы.
ғ) арқылылығы бойынша:
— қалыпты пайыздық мөлшерлемесi;
жоғары пайыздың мөлшерлемесi;
төмен пайыздың мөлшерлемесi;
— пайызсыз.
д) салалық бағыты бойынша:
— сауда-саттық несиесi;
— өнеркәсiп несиесi;
— ауылшаруашылық несиесi;
—құрылыс несиесі;
ж) ашылатын шот турлерi бойынша:
— жай ссудалық шот бойынша несие;
— арнайы ссуда шоты бойынша несие;
— контокорренттiк шот бойынша несие;
— овердрафт бойынша несие;
— несие желiсi бойынша несие.
Несиенiң айрықша түрiне жылдам сатылатын мулiкпен немесе құқықпен қамтамасыз етiлген, қысқа мерзім ссуда мөлшерi бойынша тiркелетiн ломбардтық несие жатады.
Ломбардтық несиенi негiзгi әр алуан турлерiне кұнды қағаз кепiлдiгiмен, тауар кепiлiдiгiмен, талап кепiлдiгiмен берiлетін несиелер жатады. Қарыз алушы ломбардтық несиен өз қалауынша шектеусiз пайдалана алады.
Жаңартпалы несие (ағл. Revolve- айналыста болу, кезең сайын ауыстырып отыру) - ссуда капиталының ұлттық және әлемдiк нарықтарында жаңгыртпалы несие. Ол белгiленген берешек лимитi шегiнде және өтеу мерзiмi шегінде несие келiсiмiне қатысушы елдер арасында қосымша келiсімөзсiз автоматты түрде берiледi.
Несие желiсi қарыз алушының алдындагы несие уйымының оған несие келiсiмшартының белгiленген әрекет етуі кезеңi iшіндебелгілі бір мақсатқа және келісілген мөлшерде несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан рәсімделген міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы несие беруші мен қарыз алушының ұзақ уақытқа созылатын тығыз ынтымақтастығын білдіреді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1) Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша Несие Банктер»: Оқулық. – Алматы: «Экономика», 2005.
2) Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие»: -Алматы: «ИздатМаркет», 2004.